Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңы бір шаршы метрге 43,5 теңге мөлшерінде төлем мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | И. Турков |