Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 272 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 4293 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 1, 2-тармақтарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Иманслям

  Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 03 тамыздағы № 272 қаулысына қосымша

Тайынша ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 56 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 1 ақпандағы № 13-11-225 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 ақпандағы № 8 "Тайынша Таңы", 2012 жылғы 10 ақпандағы № 8 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).

      2. "Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы N 71 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 наурыздағы N 2609 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурыздағы № 12 "Тайынша Таңы", 2014 жылғы 28 наурыздағы № 12 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).

      3. "Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 51 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3159 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 14 "Тайынша Таңы", 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 14 "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады