Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 56 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 ақпанда N 13-11-225 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңы бір шаршы метрге 43,5 теңге мөлшерінде төлем мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады