Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 11/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2080 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 13/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 04.07.2013 N 17/4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 04.07.2013 N 17/4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын аудандық
мәслихатының ХІ сессиясының
төрағасы
С. Тасмағанбетов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын аудан
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жылғы 20 желтоқсан
Т. Оразалин
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2012 жылғы 20 желтоқсан
Е. Андреева

  Шал ақын аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешімімен бекітілген

Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 04.07.2013 N 17/4 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шал ақын ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес тармақша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес бөлік 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады).
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес бөлік 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады).
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне Шал ақын ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 13.07.2015 N 40/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
      3. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үй (пәтерi, үй) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлік нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтініш жазады және мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес тармақша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады).
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшiрмелердi құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткiзгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      Ескерту. 9-тармақшасы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013.10.29 N 22/4 Шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді).
       6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тартқандығы туралы шешiм қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      7. Коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiнiң тарифтерiн және нормаларын қызмет берушiлер ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      8. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (№ 7412 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Қаржыландыру және төлеу

      9. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      10. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченныи семьям (гражданам), проживающим в районе Шал акына

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2012 года N 11/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 18 января 2013 года N 2080. Утратило силу решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 12 мая 2017 года № 13/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 12.05.2017 № 13/4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, постановлением Правительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 30 декабря 2009 года, маслихат района Шал акына Северо-Казахстаской области РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе Шал акына.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХI сессии
маслихата район Шал акына
Северо-Казахстанской области
С. Тасмаганбетов
      Секретарь
маслихата район Шал акына
Северо-Казахстанской области
Н. Дятлов
      "СОГЛАСОВАНО"
Начальник
государственного учреждения
"Отдел занятости и социальных
программ района Шал акына
Северо-Казахстанской области"
20 декабря 2012 года
Т. Оразалин
      Начальник
государственного учреждения
"Отдел экономики и
бюджетного планирования
района Шал акына
Северо-Казахстанской области"
20 декабря 2012 года
Е. Андреева

  Утверждены
решением маслихата района Шал акына от 20 декабря 2012 года № 11/6

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в районе Шал акына
1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме (подпункт действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности. Размер и порядок оказания жилищной помощи определяются местными представительными органами города республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения (часть действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      "Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление
      коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за
      пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в
      частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической
      энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и
      контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом
      доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи
      (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами (часть действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".
      Доля предельно-допустимых расходов является отношение предельно–допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) для жителей района Шал акына устанавливается в размере 10 процентов.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 13.07.2015 N 40/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Уполномоченным органам по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Шал акына Северо-Казахстанской области".
      3. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения или транспортные средства в наем (аренду), утрачивают право на получение жилищной помощи.
      4. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере 18 квадратных метров на человека, для одиноко проживающих граждан не более 30 квадратных метров.

2. Порядок оказания жилищной помощи

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      9) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме (подпункт действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках. Ответственное лицо в момент приема документов сверяет предоставленные копии с подлинниками документов и возвращает подлинники сразу же после проведения сверки.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 29.10.2013 N 22/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов выносит решение о назначении или отказе в жилищной помощи, о чем письменно извещает заявителя.
      7. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг.

3. Исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи

      8. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании приказа Председателя Агенства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно–коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7412).

4. Финансирование и выплата

      9. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      10. Выплата жилищной помощи осуществляется через отделения банков второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей.