"Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 40/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде N 3322 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 13/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне (2013 жылғы 18 қаңтарда № 2080 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Парыз" газетінде және 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Новатор" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмек көрсетудің қағидасының 1 тармағы 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
ХХХХ сессиясының төрағасы
Е.Кузичева
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақынауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
басшысының м.а.
2015 жылғы 13 шілде
С.Е.Андреев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 13 шілде
Л. М.Мұхамеджанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады