"Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы N 22/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қарашада N 2402 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 13/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Респрубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне (2013 жылғы 18 қаңтарда № 2080 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Парыз" газетінде және 2013 жылғы 1 ақпандағы аудандық "Новатор" газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      1. Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмек көрсетудің қағидасының (одан әрі – Қағида) 1-тармағы 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес тармақша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады;

      2. Қағиданың 1-тармағының екінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес бөлік 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады);

      3. Қағиданың 1-тармағының төртінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес бөлік 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады);

      4. Қағиданың 5-тармағы 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес тармақша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданады).

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
мәслихатының
      ХХІІ сессиясының төрағасы Д. Жарқынбаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының
жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Т. Оразалин
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е. Андреева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады