"Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 11/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі N 17/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 тамызда N 2345 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 12.05.2017 № 13/4 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының № 11/6 шешімінің (2013 жылғы 18 қаңтардағы № 2080 нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпандағы "Новатор" және 2013 жылғы 1 ақпандағы "Парыз" газеттерінде жарияланған) мемлекеттік тілдегі мәтініне келесі өзгертулер енгізілсін:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешімінің мемлекеттік тілдегі тақырыбы келесі басылымда баяндалсын: "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы";

      2) мемлекеттік тілдегі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешімінің 1-тармағы келесі басылымда баяндалсын: "Қоса берілген Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы бекітілсін";

      3) мемлекеттік тілдегі қосымша атауы келесі басылымда баяндалсын: "Шал ақын ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы";

      2. Орыс тіліндегі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/6 шешімінің тақырыбы, мәтіні, қосымшасы өзгеріссіз қалсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
мәслихатының
      ХVІІ сессиясының төрағасы С. Руткаускас
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Т. Оразалин
      2013 жылғы 4 шілде
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е. Андреева
      2013 жылғы 4 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады