Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013.02.07 № 10-12 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың І сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы бойынша 2012 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 24-4 "Жылыой ауданы бойынша 2011 жылға тіркелген салық ставкалары туралы" шешімінің (мемлекеттік тіркеу саны № 4-2-149, 2011 жылғы 31 наурызда № 14 "Кең Жылой" газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың І
сессиясының төрағасы: Ү. Жақашев
Аудандық мәслихат хатшысы: М. Кенғанов
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
30 қаңтардағы № 1-8 "Жылыой ауданы
бойынша 2012 жылға тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"
шешіміне қосымша
2012 жылға тіркелген салық ставкалары
Рет № |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі және ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Тіркелген салықтың базалық ставкалары 2012 жыл үшін (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1-12 |
5 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1-18 |
8 |
3. |
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1-4 |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5-83 |
15 |
5. |
Карт |
2-12 |
7 |
6. |
Бильярд үстелі |
3-25 |
5 |
Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес белгіленеді.