Жылой ауданы бойынша 2012 жылғы тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 1-8 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 ақпанда № 4-2-166 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 ақпандағы № 10-12 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2013.02.07 № 10-12 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың І сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданы бойынша 2012 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 24-4 "Жылыой ауданы бойынша 2011 жылға тіркелген салық ставкалары туралы" шешімінің (мемлекеттік тіркеу саны № 4-2-149, 2011 жылғы 31 наурызда № 14 "Кең Жылой" газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың І
      сессиясының төрағасы:                      Ү. Жақашев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 М. Кенғанов

Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
30 қаңтардағы № 1-8 "Жылыой ауданы
бойынша 2012 жылға тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы"   
шешіміне қосымша       

2012 жылға тіркелген салық ставкалары

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі және ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкалары 2012 жыл үшін (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1-12

5

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1-18

8

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1-4

1

4.

Ойын жолы

5-83

15

5.

Карт

2-12

7

6.

Бильярд үстелі

3-25

5

      Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады