Ескерту. Күші жойылды - Жылыой аудандық мәслихатының 2012.01.30 № 1-8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабын басшылыққа алып, аудандық мәслихаттың кезекті ХХІV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы бойынша 2011 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың
ХХІV сессиясының төрағасы: Ы. Шақпақ
Аудандық мәслихат хатшысы: М. Кенғанов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 24-4
шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 1 тармағына сәйкес 2011 жылға тіркелген салық ставкалары
Салық салынатын объектілердің атауы |
Жиынтық салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
Тіркелген жиынтық салық ставкалары бір айға (айлық есептік көрсеткіш) 2011 жыл |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1-12 |
5 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1-18 |
8 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1-4 |
1 |
Ойын жолы (боулинг) |
5-83 |
15 |
Карт |
2-12 |
7 |
Бильярд үстелі |
3-25 |
5 |
Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-ІV "2011-2013 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес бекітіледі.