Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 84 "Ауданда мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-182 тіркелген, 2011 жылы 23 маусымда аудандық "Нарын-таңы" газетінің № 26 (3510) жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы";
2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ осы қаулының интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Исатай ауданының әкімі | Т. Сұлтанбеков |