Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы N 84 қаулысы. Атырау облысының Исатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 15 маусымда N 4-4-182 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 71 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.11.2012 № 182 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.12.2015 № 236 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.11.2012 № 182 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Аудан әкімінің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 38 "Ауданда 2008 жылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-98 болып тіркеліп, 2008 жылдың 25 сәуірінде № 17 (3345) аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке тапсырылсын.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады