Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 71 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
       Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 71 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі

      1. "Ауданда мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 84 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-182 тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымда "Нарын таңы" газетінде жарияланған);
      2. "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 84 "Ауданда мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 182 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2628 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазанда "Нарын таңы" газетінде жарияланған);
      3. "Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 84 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 236 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3402 тіркелген, 2016 жылғы 07 қаңтарда "Нарын таңы" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады