Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 16.04.2014 N 26/9-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 5, 6, 7, 8, 9 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жеке тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;
3) жасы бойынша зейнеткерлер;
4) 1 және 2 топтың мүгедектері; 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, 1 және 11 дәрежелердегі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
7) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санынан шыққан жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері; балалар үйінің түлектері;
8) онкологиялық аурулары бар, АИВ жұқтырған және туберкулездің түрлі формаларымен ауыратын азаматтар;
9) қымбат тұратын жедел емдеу жасауға мұқтаж болу салдарынан шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін (шығындары отбасының айлық табысының үш есе мөлшерінен асатын), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша, қасақана өртеуден басқа өрттен, су тасқынынан, табиғи апаттан, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтар;
10) саяси құғын-сүргін құрбандары, саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;
11) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
12) оралмандар;
13) балалар: жетім; ата-анасының қамқорынсыз қалған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 19.03.2013 № 13/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізімі белгіленсін:
1) әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрақты тұрғын орны бойынша тіркеуді растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай анықтамасы);
4) онкологиялық аурумен ауыратын және туберкулездiң түрлi түрлерiмен ауыратын тұлғалардан басқа отбасының табысы туралы мәлiметтер;
5) өтiнiш берушiнiң мәртебесiн растайтын құжат;
6) осы шешімнің 1 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін – тиісті өкілді органмен берілген, ауыр өмірлік (төтенше) жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе басқа да құжат;
7) оперативтік емделуге кеткен нақты қаржылық шығындарды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе денсаулық сақтау органдарының өмірлік көрсеткіштер бойынша оперативтік емделуге жолдамасы;
8) туберкулезбен ауыратындарға – өтініш берген күннен бастап туберкулезге қарсы диспансердің тізімдері;
9) осы шешімнің 1 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттары үшін оқу құнын және өтініш берушінің оқу фактісін растайтын жоғарғы оқу орындарының құжаттары.
Құжаттар түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып береді.
3. Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі 32/8-IV «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 19 мамырдағы № 20 «Мой город Риддер» газетінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 16 мамырда № 5-4-148 тіркелді).
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессия төрағасы Н. Замятин
Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко