2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V "Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы N 13/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде № 2931 болып тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі N 26/9-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 16.04.2014  N 26/9-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/9-V «Мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізімін белгілеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2824 нөмірімен тіркелген, № 5 «Лениногорская правда» газетінде 2013 жылғы 01 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      бірінші тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «1. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жеке тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары;
      3) жасы бойынша зейнеткерлер;
      4) 1 және 2 топтың мүгедектері; 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
      5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, 1 және 11 дәрежелердегі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
      6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      7) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санынан шыққан жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері; балалар үйінің түлектері;
      8) онкологиялық аурулары бар, АИВ жұқтырған және туберкулездің түрлі формаларымен ауыратын азаматтар;
      9) қымбат тұратын жедел емдеу жасауға мұқтаж болу салдарынан шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін (шығындары отбасының айлық табысының үш есе мөлшерінен асатын), сондай-ақ өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша, қасақана өртеуден басқа өрттен, су тасқынынан, табиғи апаттан, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      10) саяси құғын-сүргін құрбандары, саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;
      11) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
      12) оралмандар;
      13) балалар: жетім; ата-анасының қамқорынсыз қалған.».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезекті сессия төрағасы                    К. Ларионов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады