Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 11-8-V шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
3. «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 22-7-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 5-8-101 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 (04) санында жарияланған), «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 17-9-IV шешімнің 6)-тармақшасы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 22-23 (6284-6285) санында жарияланған) шығарылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Әпенов
Аудандық мәслихаттың хатшысы У. Майжанов
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 6-3-V шешіміне
1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін біржолғы талондардың құны
Қызмет түрі |
Бір жолғы талондардың құны |
Газеттер мен журналдар сату |
50 |
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (көшеттер, шыбықтар) сату |
50 |
Бақша дақылдарын сату |
162 |
Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
50 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай телімдерінің өнімдерін сату |
33 |
Жануарлар мен құстардың жемдерін, бал, балық сату |
162 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, саңырауқұлақ сату |
50 |
Үй жануарларын асырау |
0.30 |
Жер телімдерін өңдеу бойынша иеленушілердің жеке тракторларының қызметі |
243 |
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 13 шілдедегі
№ 6-3-V шешіміне
2 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Тауар түрі |
Сауда алаңы |
Бір жолғы талондардың құны |
Азық-түліктік |
Бір сату орны |
162 |
Өнеркәсіптік |
Бір сату орны |
162 |