Бір реттік талондардың құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 22-7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 5-8-101 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-3-V (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызметтері эпизоттық түрдегі (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтерді есептемегенде) жеке тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қосымша беріледі).
      2. Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет көрсету (базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) сатуды есептемегенде) бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір реттік талондар құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қосымша беріледі).
      3. 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 16-2 «Бір реттік талондардың құнын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 31 қантардағы № 668 санымен тіркелген) шешімін, 2006 жылғы 14 ақпандағы № 19-10 «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 ақпандағы № 5-8-17 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2006 жылғы 10 наурыздағы № 11 (6112) санында жарияланған) шешімін күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                   С. Быков
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                         Б. Аргумбаев

      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 25 желтоқсандағы
      № 22-7-IV шешіміне 1 қосымша

      Қызметтері эпизоттық түрдегі (стационарлық үй-жайларда
      жүзеге асырылатын қызметтерді есептемегенде) жеке
      тұлғалар үшін бір реттік талондардың құны

Қызмет түрі

Бір реттік талондар құны (теңгемен)

Газеттер мен журналдар сату

33

Тұқымдар, сондай-ақ екпе материалдарын (көшеттер, шыбықтар) сату

33

Ақша дақылдарын сату

33

Саяжайларда және үй маңындағы телімдерде өсірілген тірі гүлдерді сату

33

Қосалқы ауыл шаруашылық, бау, бақша және саяжай телімдері өнімдерін сату

33

Жануарлар мен құстар үшін азықтар, гүл шоқтарын, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақ пен балық сату

33

Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері

33

Үй жануарларын (әр басына) және
құстарды (әр он басына) жаю

0,16
0,16


      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 25 желтоқсандағы
      № 22-7-IV шешіміне 2 қосымша

      Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, базарларда қызмет
      көрсету (базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық
      үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) сатуды есептемегенде)
      бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке
      кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір реттік талондар құны 

Тауар түрі

Сауда алаңы

Бір реттік талондар құны
(теңгемен)

Азық-түліктік

Бір сауда орны

150

Өнеркәсіптік

Бір сауда орны

140

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады