Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына, 36 бабының 4-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне ұсынылған қосымшаға сәйкес келесі өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Бергенев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Аргумбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 17-9-IV шешіміне қосымша
Бородулиха аудандық мәслихатының шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 13-2-ІV «Тамақ өнімдеріне арналған бағаның қымбаттағанына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішінен шыққан жанұяларға әлеуметтік көмек көрсетудің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылдың 3 желтоқсанында № 5-8-70 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылғы 5 желтоқсанында № 52 (6259) санында жарияланған) шешіміне:
шешімнің атауында және одан әрі мәтінде «Ереже» сөзі «Нұсқаулық» сөзіне ауыстырылсын;
Ереженің «Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі» атты 2 бөлімінде «тәртібі» сөзі алынып тасталсын.
Ескерту. Қосымшаның 1-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.08.11 N 19-4-IV шешімімен.
2) 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 14-10-IV «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылдың 30 желтоқсанында № 5-8-71 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 2 (6264) санында жарияланған) шешіміне:
бүкіл мәтін бойынша «тәртібі» сөзі алынып тасталсын;
3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».
3) 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-10-IV «Бородулиха ауданы халқының әлеуметтік қорғалатын тобына сатып алған көмірге шыққан шығындарын өтеу және тұрғын үй – коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 10 ақпанында № 5-8-74 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпанындағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне:
1 бөлімінің 5 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 8 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді».
2 бөлімінің 13 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Тұрғын үй көмегін алатындар тоқсан сайын жанұяларының кіріс табысын және алдыңғы тоқсандарға төленген түбіртектерін қосымша ұсынып отырулары керек. Егер коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді бөліп немесе мүлдем төлемесе тұрғын үй көмегі берілмейді».
3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».
Ескерту. Қосымшаның 3-тармақшасының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.03.17 N 25-3-IV шешімімен.
4) 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 10 ақпанында № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпанындағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне:
Нұсқаулықтың атауында «жүзеге асыру тәртібі туралы» сөздер «көрсету бойынша» деген жаңа редакцияда мазмұндалсын;
бүкіл мәтін бойынша «тәртібі» сөзі алынып тасталсын.
Ескерту. 4-тармақшаның күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
5) 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-11-IV «Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 10 ақпанында № 5-8-76 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 13 ақпанындағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне:
бүкіл мәтін бойынша «тәртібі» сөзі алынып тасталсын;
Нұсқаулықтың 5 бөлімнің 10 тармақшасында «тәртібі», «шарттары» сөздері алынып тасталсын.
2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».
Ескерту. 5-тармақшаның күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
6) 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 16-3 «Бір жолғы талон құнын қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2002 жылдың 31 қаңтардағы № 668 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 7 (5898) санында жарияланған)) шешіміне:
2 бөлімнің 3 тармағы «жеңіл автокөлікпен жолаушылар тасымалдау (лицензияландырылған тасымалдаудан басқа) – 51 теңге» алынып тасталсын.
Ескерту. 6-тармақшаның күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-3-V (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен