РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшалары негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада № 5-8-118 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2010 жылғы 13 қарашада № 66, "Аудан тынысы" газетінде 2010 жылғы 19 қарашада № 65 сандарында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін барлық меншік нысандарының кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының жеті пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Акулов |