Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 20.04.2018 № 20/185-VI шешімімен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тіркелген салықтың ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 15/8-ІV шешімнің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 17 қарашада № 5-10-89 тіркелген, "Қалба тынысы" газетінде 2009 жылғы 20 қарашадағы № 47 санында, 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/17-V "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы" шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Нұртазин |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |
Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 3/32-V шешіміне қосымша |
Жарма ауданы бойынша тіркелген салықтың ставкалары
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |