Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 3/32-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданының аумағында тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Төлеутаев
Мәслихат хатшысы Д. Садықов
Жарма аудандық мәслихатының
2009 жылғы 20 қазандағы
№ 15/8-ІV шешіміне қосымша
Жарма ауданы аумағындағы тіркелген салықтың базалық
ставкаларының мөлшері:
Реттік |
Салық салу объектісінің |
Тіркелген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге |
1 |
2 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын |
1 |
3 |
Бильярд үстелі |
3 |
* тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір айға белгіленсін.