Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 18.07.2014 N 21/185-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 2-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін, жеке тұлғалардың санаттары айқындалсын:
1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа санаттардағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусым 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай ҰОС жылдарында тылда жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар;
5) барлық санаттағы мүгедектер, мүгедек-балалар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеуші отбасылар;
6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
7) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер;
8) жасы бойынша зейнеткерлер;
9) оралмандар;
10) көп балалы отбасылар;
11) толық емес отбасылар;
12) саяси қуғын-сүргін құрбандар;
13) өмірлік қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (жұмыссыздық, жанұя мүшелерінің біреуінің өлімі, апаттар, өрт, бақытсыз жағдайлар, төтенше жағдайлар, бас бостандығына айыру орындарынан босату).
2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат,
балаларға көмек көрсету үшін өтініш беруші – ата-анасының біреуі немесе заңды өкілімен (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) баланың туу туралы куәлiгiн ұсынуымен;
3) алынып тасталды - Жарма аудандық мәслихатының 16.10.2013 N 15/132-V шешімімен;
4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;
5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
7) материалдық – тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;
8) емделуге нақты қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, түбіртек) немесе денсаулық сақтау органдарының өмірлік көрсеткіштері бойынша емделу жолдамасы;
9) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтарға - ауруды растайтын анықтама;
10) өмірлік қиын (төтенше) жағдайдың болғанын растайтын акті немесе өзге құжат.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жарма аудандық мәслихатының 16.10.2013 N 15/132-V(алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен .
3. Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/15-V "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмегін тағайындау және көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 маусымнан бастап, туындаған құқық қатынастарына тарайды.
Сессия төрағасы |
Қ. Нұртазин |
Жарма аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Н. Есполов |