Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 34-353/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 10 500 (он мың бес жүз) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 24-247/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек мөлшері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.04.2014 N 24-251/V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Дуйсембаев |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Бітімбаев |