Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 34-353/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №9-78/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2816 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2013 жылдың 31 қаңтарында 11 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 9300 (тоғыз мың үш жүз) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берілсін;";
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек мөлшері Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген".
2. Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| ||
|
| ||
|
|