"Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 70 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8354 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 05.05.2015 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 тіркелген және 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 144-146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:
      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғалар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманы ұсынады.».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады