Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8414 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен. 

      Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаcын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым):
      1) әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін мынадай қаржы құралдарына:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
      қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша енгізілген, жай акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар шығарған акцияларға, сондай-ақ базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарға;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
      акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
      Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық шкала бойынша бірнеше рейтингілік баға болған кезде есепке уәкілетті орган мойындайтын рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық шкала бойынша ең жоғарғы рейтингілік бағасы алынады;
      акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздарына;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде отыз алты айдан аспайтын мерзімге салынған салымдарға;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азия даму банкі;
      Африка даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Ислам даму банкі;
      Еуропа инвестициялық банкі;
      Еуразия даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
      халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында сатып алынатын бағалы қағаздарға:
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мынадай:
      DAX (Deutscher Aktienindex)
      CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
      NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
      TOPIX (Tokyo Price Index)
      HSI (Hang Seng Index)
      ENXT 100 (Euronext 100)
      DJIA (Dow Jones Industrial Average)
      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
      MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
      RTSI (Russian Trade System Index)
      NASDAQ-100 есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акцияларына;
      базалық активі осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының жиырма үшінші абзацында аталған акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарға;
      халықаралық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда сатып алынатын тазартылған алтынға орналастырады;
      2) зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған мынадай қаржы құралдарын:
      егер мәміле бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы әріптес болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;
      қор биржасының ресми тізіміне № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша енгізілген, жай акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар шығарған акцияларды, сондай-ақ базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды;
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
      акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
      акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздарды;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарды;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азия даму банкі;
      Африка даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Ислам даму банкі;
      Еуропа инвестициялық банкі;
      Еуразия даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздарды;
      халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында сатып алынатын бағалы қағаздарды:
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің мынадай:
      DAX (Deutscher Aktienindex)
      CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
      NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
      TOPIX (Tokyo Price Index)
      HSI (Hang Seng Index)
      ENXT 100 (Euronext 100)
      DJIA (Dow Jones Industrial Average)
      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
      MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
      RTSI (Russian Trade System Index)
      NASDAQ-100 есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акцияларын;
      базалық активі осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма екінші абзацында аталған акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды;
      халықаралық ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда сатып алынатын тазартылған алтынды сату жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырады деп айқындалсын.
      2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды олар бастапқы орналастырылған кезде сатып алу жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, зейнетақы және меншікті активтердің қатысуымен қор биржасында жүргізілген мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.
      Зейнетақы және меншікті активтер есебінен жүргізілетін «кері репо» мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары зейнетақы және меншікті активтердің қатысуымен Ұйым (Қор) жүргізетін «кері репо» операцияларының мәні болып табылады.
      3. Алушыларға зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету мақсатында Ұйым Қордың консервативтік инвестициялық портфелінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын осы Қордың қалыпты инвестициялық портфелінің активтерін құрайтын ақшаның есебінен осындай иемдену күні Қордың консервативтік инвестициялық портфелінде қалыптасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны бойынша ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында иемденуді жүзеге асырады.
      4. Жинақтағанда кастодиан-банктегі инвестициялық шоттардағы; кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарындағы; кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы – халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушыларындағы шоттарындағы ақшаны қоса алғанда, зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған ақша қалдығының ең көп мөлшерінің лимиті және оларды инвестициялау мерзімдері белгіленбейді.
      5. Ұйым:
      бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылуына жататын мәмілелерді қоспағанда, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарын сатып алу кезінде Қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) белгіленген нарықтық бағадан аспайтын баға бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша апта сайын, сату кезінде Әдістемеде белгіленген нарықтық бағадан төмен емес баға бойынша;
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында айналысқа түсетін қаржы құралдарын ең жақсы (ең жоғары немесе ең төмен) баға бойынша не Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша сатып алуға немесе сатуға баға белгілеудің орташа мәні бойынша;
      «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Бағалы қағаздардың индекстері мен бағасы жөніндегі комитеті белгілеген жеті жүз елу теңгеден сегіз жүз елу теңгеге дейінгі баға дәлізі шеңберіндегі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының (ҰСН KZ1C29950017) акциялары бойынша сатып алу-сату мәмілелерін жасайды.
      6. Ұйым осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және оныншы абзацтарында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген қаржы құралдарын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Бағалы қағаздардың индекстері мен бағасы жөніндегі комитеті белгілеген баға дәлізі шеңберінде Ұйым анықтаған бағалар бойынша сатып алу-сату мәмілелерін жасайды.
      7. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін немесе кейін сатып алынған, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды «өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатына жатқызу қаржы құралдарының жиынтық ағымдағы құнының пайыздарымен шектелмейді.
      8. Номиналдық кіріс коэффициентінің ең аз мәні:
      консервативтік инвестициялық портфель үшін тиісті кезеңдегі номиналдық кірістің түзетілген орташа алынған коэффициенті мәнінің жетпіс пайызын;
      қалыпты инвестициялық портфель үшін тиісті кезеңдегі номиналдық кірістің түзетілген орташа алынған коэффициенті мәнінің елу пайызын құрайды.
      9. Осы тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының мынадай қаулылары осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады:
      1) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген);
      2) «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген);
      3) «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген);
      4) «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген);
      5) «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген).
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және:
      2013 жылғы 25 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 5-тармақтың төртінші абзацын;
      2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармақтың бірінші бөлігін, 3, 4 және 7-тармақтарын;
      2013 жылғы 25 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 2) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын;
      2013 жылғы 11 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын;
      осы қаулы күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізілетін 5-тармақтың екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 24 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады;
      және 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
      Осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және 2013 жылғы 18 ақпанға дейін қолданылады.
      Осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және 2013 жылғы 11 наурызға дейін қолданылады.
      Осы қаулының 6-тармағы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады және осы қаулы күшіне енгенге дейін қолданылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                           Г. Марченко 

Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов, и установлении норм, обеспечивающих финансовую устойчивость накопительных пенсионных фондов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2013 года № 70. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2013 года № 8414. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 128

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 17.07.2015 № 128.

      В целях исполнения поручения Главы государства по совершенствованию пенсионной системы Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить, что с даты введения в действие настоящего постановления организации, осуществляющие инвестиционное управление пенсионными активами, (далее - Организация):
      1) размещают находящиеся в инвестиционном управлении пенсионные активы каждого отдельного накопительного пенсионного фонда (далее - Фонд) в следующие финансовые инструменты:
      государственные ценные бумаги Республики Казахстан, выпущенные Министерством финансов Республики Казахстан и Национальным Банком Республики Казахстан;
      акции, выпущенные организациями, более пятидесяти процентов простых акций которых принадлежат Правительству Республики Казахстан, национальному холдингу, национальному управляющему холдингу либо национальной компании, включенные в официальный список фондовой биржи по первой (наивысшей) категории сектора «акции», предусмотренного постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 мая 2008 года № 77 «О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи» (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5251) (далее - постановление № 77), а также депозитарные расписки, базовым активом которых являются данные акции;
      долговые ценные бумаги, выпущенные акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»;
      долговые ценные бумаги, выпущенные организациями, более пятидесяти процентов акций которых принадлежат Правительству Республики Казахстан, национальному холдингу, национальному управляющему холдингу либо национальной компании, имеющие рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня агентств Moody's Investors Service и Fitch, и их дочерних рейтинговых организаций (далее - другие рейтинговые агентства);
      При наличии у эмитента и (или) финансового инструмента нескольких рейтинговых оценок по международной шкале в расчет принимается наивысшая рейтинговая оценка по международной шкале одного из рейтинговых агентств, признаваемых уполномоченным органом;
      долговые ценные бумаги, выпущенные организацией, сто процентов акций которой принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан;
      ценные бумаги, имеющие статус государственных, выпущенные центральными правительствами иностранных государств, имеющими суверенный рейтинг не ниже «ВВВ» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      негосударственные долговые ценные бумаги, выпущенные иностранными организациями, имеющие рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      долговые ценные бумаги, выпущенные банками второго уровня, имеющие рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      долговые ценные бумаги, выпущенные банками второго уровня, имеющими рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств, вклады в банках второго уровня Республики Казахстан, имеющих рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств на срок не более тридцати шести месяцев;
      долговые ценные бумаги, выпущенные следующими международными финансовыми организациями, имеющие рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства «Standard & Poor's» или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств:
      Международным банком реконструкции и развития;
      Европейским банком реконструкции и развития;
      Межамериканским банком развития;
      Банком международных расчетов;
      Азиатским банком развития;
      Африканским банком развития;
      Международной финансовой корпорацией;
      Исламским банком развития;
      Европейским инвестиционным банком;
      Евразийским банком развития;
      ценные бумаги, приобретаемые на международных (иностранных) рынках ценных бумаг:
      акции иностранных эмитентов, имеющих рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств, входящие в состав следующих расчетных показателей (индексов):
      DAX (Deutscher Aktienindex)
      CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
      NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
      TOPIX (Tokyo Price Index)
      HSI (Hang Seng Index)
      ENXT 100 (Euronext 100)
      DJIA (Dow Jones Industrial Average)
      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
      MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
      RTSI (Russian Trade System Index)
      NASDAQ-100;
      депозитарные расписки, базовым активом которых являются акции, указанные в абзаце двадцать третьем подпункта 1) пункта 1 настоящего постановления;
      аффинированное золото, приобретаемое на международных организованных и неорганизованных рынках;
      2) осуществляют сделки по продаже следующих финансовых инструментов, приобретенных за счет пенсионных активов:
      государственных ценных бумаг Республики Казахстан, выпущенных Министерством финансов Республики Казахстан и Национальным Банком Республики Казахстан, в случае, если контрпартнером по сделке является Национальный Банк Республики Казахстан;
      государственных ценных бумаг Республики Казахстан, выпущенных Министерством финансов Республики Казахстан и Национальным Банком Республики Казахстан;
      акций, выпущенных организациями, более пятидесяти процентов простых акций которых принадлежат Правительству Республики Казахстан, национальному холдингу, национальному управляющему холдингу либо национальной компании, включенных в официальный список фондовой биржи по первой (наивысшей) категории сектора «акции», предусмотренного постановлением № 77, а также депозитарных расписок, базовым активом которых являются данные акции;
      долговых ценных бумаг, выпущенных акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»;
      долговых ценных бумаг, выпущенных организациями, более пятидесяти процентов акций которых принадлежат Правительству Республики Казахстан, национальному холдингу, национальному управляющему холдингу либо национальной компании, имеющих рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня других рейтинговых организаций;
      долговых ценных бумаг, выпущенных организацией, сто процентов акций которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан;
      ценных бумаг, имеющих статус государственных, выпущенных центральными правительствами иностранных государств, имеющими суверенный рейтинг не ниже «ВВВ» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      негосударственных долговых ценных бумаг, выпущенных иностранными организациями, имеющих рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      долговых ценных бумаг, выпущенных банками второго уровня, имеющими рейтинговую оценку не ниже «В-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств;
      долговых ценных бумаг, выпущенных следующими международными финансовыми организациями, имеющих рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства «Standard & Poor's» или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств:
      Международным банком реконструкции и развития;
      Европейским банком реконструкции и развития;
      Межамериканским банком развития;
      Банком международных расчетов;
      Азиатским банком развития;
      Африканским банком развития;
      Международной финансовой корпорацией;
      Исламским банком развития;
      Европейским инвестиционным банком;
      Евразийским банком развития;
      ценных бумаг, приобретаемых на международных (иностранных) рынках ценных бумаг:
      акций иностранных эмитентов, имеющих рейтинговую оценку не ниже «ВВВ-» по международной шкале агентства Standard & Poor's или рейтинговую оценку аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств, входящие в состав следующих расчетных показателей (индексов):
      DAX (Deutscher Aktienindex)
      CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
      NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
      TOPIX (Tokyo Price Index)
      HSI (Hang Seng Index)
      ENXT 100 (Euronext 100)
      DJIA (Dow Jones Industrial Average)
      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
      MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
      RTSI (Russian Trade System Index)
      NASDAQ-100;
      депозитарных расписок, базовым активом которых являются акции, указанные в абзаце двадцать втором подпункта 2) пункта 1 настоящего постановления;
      аффинированного золота, приобретаемого на международных организованных и неорганизованных рынках.
      2. Сделки купли-продажи государственных и негосударственных ценных бумаг, совершенные на фондовой бирже с участием пенсионных и собственных активов, заключаются методом открытых торгов, за исключением сделок по покупке государственных и негосударственных ценных бумаг при их первичном размещении.
      Сделки «обратного репо», совершаемые за счет пенсионных и собственных активов, заключаются на срок не более тридцати календарных дней.
      Предметом операций «обратного репо», совершаемых Организацией (Фондом) с участием пенсионных и собственных активов, являются государственные ценные бумаги Республики Казахстан.
      3. В целях обеспечения пенсионных выплат получателям, Организация осуществляет приобретение государственных ценных бумаг Республики Казахстан из консервативного инвестиционного портфеля Фонда за счет денег, составляющих активы умеренного инвестиционного портфеля данного Фонда, на организованном или неорганизованном рынках ценных бумаг по текущей стоимости государственных ценных бумаг Республики Казахстан, сформировавшейся в консервативном инвестиционном портфеле Фонда на дату такого приобретения.
      4. Лимит максимального размера остатка денег, предназначенных для инвестирования пенсионных активов, включая в совокупности деньги: на инвестиционных счетах в банке-кастодиане; на корреспондентских счетах банка-кастодиана в международных (иностранных) банках - кастодианах; на счетах банка - кастодиана в международных (иностранных) организациях - участниках международных (иностранных) депозитарно-расчетных систем, и сроки их инвестирования не устанавливается.
      5. Организация заключает сделки купли - продажи:
      финансовых инструментов, указанных в пункте 1 настоящего постановления, включенных в официальный список фондовой биржи, за исключением сделок, относящихся к первичному размещению ценных бумаг, по цене, не превышающей при покупке рыночную цену, установленную Методикой оценки ценных бумаг фондовой биржи (далее - Методика) еженедельно по состоянию на конец первого рабочего дня недели, при продаже - по цене, не ниже рыночной цены, установленной Методикой;
      финансовых инструментов, указанных в пункте 1 настоящего постановления, обращающихся на международных (иностранных) рынках ценных бумаг, по наилучшей (максимальной или минимальной) цене либо по среднему значению котировок на покупку или продажу по данным информационно- аналитических систем Bloomberg или Reuters;
      по акциям акционерного общества «КазТрансОйл» (НИН KZ1C29950017) в рамках ценового коридора от семисот пятидесяти тенге до восьмисот пятидесяти тенге, установленного Комитетом по индексам и оценке ценных бумаг АО «Казахстанская фондовая биржа».
      6. Организация заключает сделки купли – продажи финансовых инструментов, указанных в абзацах втором, третьем, четвертом, пятом, седьмом и десятом подпункта 1), абзацах втором, третьем, четвертом, пятом и шестом подпункта 2) пункта 1 настоящего Постановления, по ценам, определенным Организацией в рамках ценового коридора, установленного Комитетом по индексам и оценке ценных бумаг АО «Казахстанская фондовая биржа».
      7. Отнесение долговых ценных бумаг, указанных в пункте 1 настоящего постановления, приобретенных до или после введения в действие настоящего постановления, в категорию «финансовые инструменты, удерживаемые до погашения» не ограничивается в процентах от совокупной текущей стоимости финансовых инструментов.
      8. Минимальное значение коэффициента номинального дохода составляет:
      для консервативного инвестиционного портфеля семьдесят процентов от значения скорректированного средневзвешенного коэффициента номинального дохода за соответствующий период;
      для умеренного инвестиционного портфеля пятьдесят процентов от значения скорректированного средневзвешенного коэффициента номинального дохода за соответствующий период.
      9. Действие следующих постановлений Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, указанных в настоящем пункте, применяется в части, не противоречащей настоящему постановлению:
      1) от 26 марта 2005 года № 109 «Об утверждении Правил оценки финансовых инструментов, находящихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3603);
      2) от 5 августа 2009 года № 180 «Об утверждении Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для накопительных пенсионных фондов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5789);
      3) от 5 августа 2009 года № 181 «Об утверждении Инструкции о нормативных значениях пруденциальных нормативов, методике их расчетов для организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5793);
      4) от 5 августа 2009 года № 189 «Об утверждении Правил осуществления деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, и накопительных пенсионных фондов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5794);
      5) от 26 сентября 2009 года № 215 «Об утверждении Правил расчета пруденциальных нормативов для организаций, совмещающих виды профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5810).
      10. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 24 января 2013 года, за исключением:
      абзаца четвертого пункта 5, который распространяется на правоотношения, возникшие с 25 января 2013 года;
      абзацев третьего, четвертого, пятого, шестого и седьмого подпункта 1), абзацев третьего, четвертого, пятого, шестого и седьмого подпункта 2) пункта 1, части первой пункта 2пунктов 34 и 7, которые распространяются на правоотношения, возникшие с 1 февраля 2013 года;
      абзацев восьмого, девятого, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего, тридцать четвертого, тридцать пятого, тридцать шестого, тридцать седьмого и тридцать восьмого подпункта 1), абзацев восьмого, девятого, двадцать второго, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего, тридцать четвертого, тридцать пятого, тридцать шестого и тридцать седьмого подпункта 2) пункта 1, которые распространяются на правоотношения, возникшие с 25 февраля 2013 года;
      абзацев одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать первого и двадцать второго подпункта 1), абзацев десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого и двадцать первого подпункта 2) пункта 1, которые распространяются на правоотношения, возникшие с 11 марта 2013 года;
      абзацев второго и третьего пункта 5, которые вводятся в действие после вступления в силу настоящего постановления;
      и действует до 1 июля 2014 года.
      Действие абзаца второго подпункта 2) пункта 1 настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 1 февраля 2013 года, и действует до 18 февраля 2013 года.
      Действие абзаца десятого подпункта 1) пункта 1 настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 1 февраля 2013 года, и действует до 11 марта 2013 года.
      Действие пункта 6 настоящего постановления распространяется на правоотношения, возникшие с 1 февраля 2013 года, и действует до вступления в силу настоящего постановления.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 25.12.2013 № 290 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Председатель
      Национального Банка                         Г. Марченко