Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 29-тармақтан қараңыз.
"Бағалы қағаздар рыногы" туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатыны белгіленсін:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің осы қаулымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қор биржасының тізімі;
10) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
11) маркет-мейкер – қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
12) ресми тізім секторы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;
13) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;
14) сауда алаңы – қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1-1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) эмитенттердің қаржылық есептілігіне аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдар «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген).
Осы тармақтың талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп беру;
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың бірі жасаған аудиторлық есепті ұсыну.
Ескерту. 1-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы айналысына шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздарына және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (рұқсат берілген) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына рұқсат беріледі.
Қор биржасының ресми тізімі келесі секторлардан тұрады:
1) акциялар;
2) борыштық бағалы қағаздар;
3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;
4) депозитарлық қолхаттар;
5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
6) мемлекеттік бағалы қағаздар;
7) туынды бағалы қағаздар;
8) исламдық бағалы қағаздар.
Қор биржасының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.
Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларынан басқа, қосымша секторлардың қызмет етуі қарастырылуы мүмкін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.
3. "Акциялар" секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.
4. Қор биржасының ресми тізімінің бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - айлық есептiк көрсеткiштiң) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес сома болуы тиіс.
Осы тармақшаның үшінші бөлігінің талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
6) әрбір соңғы үш жыл ішіндегі акциялар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2013.01.01 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (3-тармақты қараңыз) Қаулысымен. Акциялар ресми тiзiмнiң осы санатында болған кезде, әрбір жылға баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептiк күнгi қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы үш жылдың екi жылында акциялар эмитентiнiң таза пайдасының болуына жол берiледi.
Эмитент осы тармақшаның бiрiншi абзацында белгiленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгiзiледi;
7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде он пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он бес пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді. Бұл талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – Халықтық ІРО бағдарламасы) іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын құрайды.
Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне екі жылдан аз талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
5) эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес сома болуы тиіс.
Осы тармақшаның үшінші бөлігінің талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
6) соңғы екі жылдың біреуіндегі акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң он бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
6. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;
2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;
3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.
Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда:
соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп;
жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;
4) эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есеп беру күніндегi қаржылық есептiлiкке сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) елу бiр мың еселi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен кем болмайтын баламалы соманы құрайды;
5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;
6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6-1. Осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасының, 5-тармағының 3) тармақшасының және 6-тармағының 2) тармақшасының талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп беру;
2) қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің акциялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсыну.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы үш санатқа бөлінеді:
1) рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат);
2) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:
бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санат);
екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санатынан кейінгі);
3) буферлік санат.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) рейтингтік бағалары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен танылатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленсе, осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
3) эмитент қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес әзірлейді;
4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;
5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған:
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылына;
егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылына эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;
7) ресми тізімнің осы санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;
8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
9. Қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)" санатына арнайы қаржы компаниясымен немесе арнаулы кәсіпорынмен шығарылған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;
2) эмитент және оның рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қор биржасының ресми тізімін және олардың онда болуын қоспағанда, бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
6) соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;
9) ресми тізімнің осы шағын санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы;
10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы қаулының 10-тармағының 2), 8) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санаттан кейінгі)» шағын санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;
3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;
4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;
егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
5) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;
6) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;
8) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;
9) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.
Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді:
исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29. N 40 Қаулысымен.
11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
3) рейтингтік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингтік баға берілді.
Оригинаторда «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3» төмен емес («Moody's Investors Service» рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) не «Standard & Poor's», «Fitch» және (немесе) «Moody's Investors Service» рейтингтік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингтік бағасы бар.
Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС сәйкес жасайды;
5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың қаржылық есептілігін ұсынады:
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.
Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.
Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың біреуі жүргізеді;
6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес айлық есептік көрсеткіштің жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы екі жылдың біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;
8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;
9) оригинатордың левередж мөлшері аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
10) рұқсат беру бастамашысы (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) эмитенттің соңғы есептілік күніне ҚЕХС сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебімен расталған қаржылық есептілігін береді;
11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төлейді;
12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс;
16) акционерлік қоғамдарға қатысты эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
17) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
Ескерту. 11-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
1) осы қаулының 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 16) және 17) тармақшаларында көзделген талаптар;
2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.
Ескерту. 11-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызына иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялары қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Ескерту. 11-4-тармақпен толықтырылсын - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Инфрақұрылымдық облигациялар қор биржасы ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына" (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.
Қор биржасының ресми тізіміне инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы қаулының 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет.
12-1. Осы қаулының 8-тармағының 4) тармақшасындағы, 10-тармағының 3) тармақшасындағы және 11-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қор биржасымен ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
2) қор биржасымен ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің облигациялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылсын - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Қор биржасының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, осы эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.
13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;
3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.03.29. N 40 Қаулыларымен.
13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-3. Осы Қаулының 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
Ескерту. 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
Ескерту. 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
13-5. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көзделген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Іс-шаралар жоспарында:
эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;
эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;
қаржылық жағдайды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;
іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;
эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;
іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.
Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
Қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банкті және оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің бірінше басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 13-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.03.29. N 40 Қаулыларымен.
13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс.
Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы қаулының 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.
Ескерту. 13-7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 262 Қаулысымен.
13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады.
Ескерту. 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-9. Қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
Ескерту. 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұратуы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
Ескерту. 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
Ескерту. 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-12. Осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, листингтік комиссияның шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
Ескерту. 13-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
13-13. Осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
Ескерту. 13-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
Ескерту. 13-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
Ескерту. 13-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент мәжбүрлеп тарату процесінде бөлу нәтижесінде тоқтатылғанда ;
2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
4) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
6) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
7) осы қаулының 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
8) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 13-14-тармақтарын ескеріп, осы қаулының 10-тармағының 1) - 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы қаулының 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.
Ескерту. 13-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 136 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 262 Қаулыларымен.
14. Қор биржасының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, осы бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;
2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;
3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;
4) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.
Рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, оларда мыналар бар болған жағдайда:
соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;
5) инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және соңғы есептілік күнде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;
6) инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдарының бірімен жүргізіледі;
7) инвестициялық қордың оның басқарушы компаниясы немесе инвестициялық қорда болуының барлық мерзімі ішінде оның бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары жоқ;
8) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;
9) соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.
Егер қор биржасының ресми тізіміне енгізу күнге осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;
10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес құрауы тиіс;
11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады;
12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;
13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;
14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі.
Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;
15) қызмет етуінің әр жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілігіне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) таза кірістің бар болуы;
16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
14-1. Жылжымайтын мүлік қорының акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мына талаптарға сәйкес келеді:
1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделгендерге;
2) шығарылған бағалы қағаздар және (немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан кем емесін жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
4) жылжымайтын мүлік қорының активін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;
5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған және сенімгерлік басқаруға берілмеген;
6) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру шартында белгіленген жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрайды;
7) жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.
Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалға беру шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын, жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейін жасалған жалға беру шарттарының көшірмесін береді.
Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27. N 26, өзгерту енгізілді - 2010.03.29 N 40 Қаулыларымен.
14-2. Осы қаулының 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар қор биржасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша айқындаған рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуінің рейтингтік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына таралмайды.
Ескерту. 14-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген;
2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар қор биржасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша танылатын, биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілгенде.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15-1. Осы қаулының 14-тармағының 6) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
1) бағалы қағаздары қор биржасымен ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қоры халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
2) қор биржасымен ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес басқарушы компаниямен құрылған және (немесе) басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қорының бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. "Депозитарлық қолхаттар" секторындағы айналымға базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарлық қолхаттар жіберіледі.
Депозитарлық қолхаттарды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге қойылатын талаптар осы қаулының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және базалық актив болып табылатын акцияларға және олардың эмитентіне қатысты қолданылады.
17. «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторындағы айналысқа халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:
1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;
2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
18. "Мемлекеттік бағалы қағаздар"секторындағы айналымға Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:
1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылады;
2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
Қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымға "В-" (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "В3" (Moody's рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар мемлекеттер шығарған шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі.
19. Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізу және онда қалдыру үшін аталған облигациялар мен олардың эмитенті осы қаулының 18-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
20. Қор биржасының ресми тізімінің «Туынды бағалы қағаздар» секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және олардың сонда болуы үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
21. Қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу және олардың сонда болуы үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) бағалы қағаздары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен танылатын, биржалар тізбесіне кіретін қор биржалардың ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілген;
2) эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылуы;
3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы;
4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
22. Бағалы қағаздарды секторлардың жекелеген санатына (шағын санатына) ықшамдалған рәсім бойынша жатқызу қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
23. Қор биржасының ережелерінде осы қаулыда айтылған талаптардан өзге рұқсат беру бастамашыларына және листингтік компанияларға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы өтінішті қарастыру тәртібі мен мерзімдері бекітіледі.
25. Қор биржасындағы жария компанияның жай акцияларымен сауда-саттық жасау көлемі соңғы он күнтізбелік ай ішінде ай сайын айлық есептік көрсеткіштің жүз мың есе мөлшерінен кем болмауы тиіс.
26. Осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген бағалы қағаздар осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап үш ай ішінде бағалы қағаздардың тиісті санатына аударуға жатады.
Осы қаулының 8, 9, 10, 11 және 12- тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші шағын санатына аударылады.
27. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қор биржасының ресми тізіміне осы қаулының 8, 9 және 12-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана енгізіледі.
2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресми тізімге енгізілген рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар осы қаулының 10, 11-тармақтарына сәйкес өтеу күніне дейін ресми тізімнің тиісті санатында қалдырылады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 40 Қаулысымен.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Эмитенттерге және қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4664 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 1 маусымдағы N 82 (1285) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
29. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
30. Қор биржасы 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
31. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
32. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
33. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова