"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8475 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 247-248 (26646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________ Б. Жұмағұлов

      2013 жылғы 02 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2013 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 302 бұйрығына       
қосымша          

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 29 сәуірдегі  
№ 186 бұйрығымен      
бекітілді          

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже «Құқық қорғау қызметі туралы»«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.
      3. ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі қабылдауды ұйымдастыруды, талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді, ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдауды құрайды.
      4. ІІМ жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      5. ІІМ жоғары оқу орындары осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
      6. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД) кадр жұмысы басқармаларына өтініш (еркін нысанда) береді.
      Өтінішке:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталған);
      2) фотосуреттер (бас киімсіз, көлемі 3,5х4,5 см. алты фотосурет, көлемі 10х12 см. бір фотосурет);
      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян (түпнұсқа);
      4) білімі туралы аттестаты немесе дипломының көшірмесі (өткен жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін нотариалды расталған);
      5) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (оқуға түсетін жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін түпнұсқа) қоса беріледі.
      7. ІІМ Кадр жұмысы департаменті оқуға түсер алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін ІІМ-нің аумақтық бөліністері үшін ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға үміткерлерді жіберу бойынша жоспар әзірлейді, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      8. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІМ бөліністері:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми Интернет-ресурста ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдау шарттары туралы хабарландыру орналастыру ұйымдастырады;
      2) кәсіби бағдар беру, тұрғылықты жері бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу және тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.
      9. Оқуға үміткерлер қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық куәландырудан, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
      10. Аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД кадр аппараттары талапкерлердің қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсу жылының 1 маусымына дейін ІІМ-нің жоғары оқу орындарына жолдайды.
      11. ІІМ Кадр жұмысы департаменті ІІД, КІІД, ҚАЖД бөліністерінің кадр аппараттары арқылы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі туралы талапкерлерге хабарлайды.
      12. ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері қабылданады.
      ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға түсетін қызметкерлерге кадр аппараттары оқу ісін жолдайды, ол:
      1) қызметкердің баянатын;
      2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағын;
      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездемені;
      4) жеке куәлігінің көшірмесін (нотариалды расталған);
      5) білімі туралы құжаттың көшірмесін (нотариалды расталған);
      6) көлемі 3х4 см. алты фотосуретті;
      7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтаманы қамтиды.
      13. ІІМ жоғары оқу орындары білім алушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

2. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру

      14. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды ІІМ-нің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Қабылдау комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      ІІМ қабылдау комиссиясының құрамы басшы құрамдағы адамдар, сондай-ақ ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД және ІІМ жоғары оқу орындарының өзге де қызметкерлері қатарынан құралады.
      ІІМ-нің қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның кемінде он мүшесі құрамында құралады.
      15. ІІМ-нің қабылдау комиссиясы осы Ережелерді басшылыққа ала отырып, ІІМ жоғары оқу орындарын тыңдаушылармен сапалы жасақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
      ІІМ-нің қабылдау комиссиясы:
      1) талапкерлердің жеке істерін қарауды жүзеге асырады;
      2) соңғы медициналық куәландыруды жүргізеді, талапкерлердің дене шынықтыру даярлығын тексереді;
      3) оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдар мен өтініштерді қарайды;
      4) конкурстық тізімдерді және талапкерлерді тыңдаушылар қатарына қабылдау туралы комиссия хаттамасын әзірлейді;
      5) талапкерлермен әңгімелесу жүргізеді;
      6) талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша және бірыңғай ұлттық тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификаттар балдарына сәйкес талапкерлерді тыңдаушылар қатарына қабылдау туралы шешім қабылдайды;
      7) талапкерлерді қабылдау қорытындыларына талдау және осы жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар әзірлеуді жүргізеді.
      16. ІІМ қабылдау комиссиясының қызметіне басшылықты төраға жүзеге асырады.
      ІІМ қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ-нің басшы құрамы қатарынан тағайындалады.
      ІІМ қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссиясының жұмыс жоспарын бекітеді.
      ІІМ қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасарлары ІІМ жоғары оқу орындарының бастықтары, ІІМ құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, ол қабылдау комиссиясы мүшелерінің қызметін ұйымдастырады.
      ІІМ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ІІМ құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.
      17. ІІМ қабылдау комиссияларының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілігіне қарай қабылдау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде екі/үш дауысы болған жағдайда көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      18. Кешенді тестілеу өткен жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу тестілеу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
      19. Талапкерлерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін ІІМ-нің қабылдау комиссиясының төрағасының бұйрығымен:
      1) штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;
      2) талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;
      3) апелляциялық комиссия;
      4) техникалық топ құрылады.
      Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 тіркелген) оқуға түсу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында талапкерлерге медициналық куәландыру өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен ІІМ жоғары оқу орнының медициналық бөлімі бастығының төрағалық етуімен құрылады.
      Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына ІІМ, аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
      Апелляциялық комиссия талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және тестілеу қорытындылары бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.
      Техникалық топ талапкерлердің жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
      20. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері ІІМ жоғары оқу орындарының интернет-ресурстарында орналастырылады және талапкерлерге уақтылы жеткізіледі.
      ІІМ жоғары оқу орындарында қабылдау кезінде қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді өткізу мерзімі, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат талапкерлерге уақтылы таныстыру үшін ақпараттық стендке орналастырылады.

3. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу

      21. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтер) сәйкес жүргізіледі.
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған талапкерлер дене бітімі бойынша іріктеуден босатылады.
      22. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер талапкерлердің мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
      100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);
      1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);
      3000 (кросс) метрге жүгіру (ұлдар);
      биік салмадан тартылу (ұлдар);
      кешенді күш жаттығулары (қыздар).
      23. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:
      100, 1000 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі.
      Биік салмадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі салмадан асатын болса, әрбір кезде қозғалмайтын тұрғыдан, тартылған қалпы қолдары түзу, жұлқынбай және аяқтарының қозғалысымен серпілмесе, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундттан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.
      кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде орындалады: алғашқы 30 секундта арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, аяқтарды қосып (аяқтарды сәл бүгуге болады), кеуде тізеге тигенше барынша еңкеюді орындайды, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынды жерге тигізу керек; содан кейін қалған 30 секунд ішінде жатқан қалыпта қолдарды созу, бүгу жаттығуын жасауды орындайды (денені тік ұстап, қолдарды кеудесі жерге тигенше бүгу).
      24. Дене шынықтыру нормативтерінің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкердің назарына дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу басталғанға дейін 24 сағат ішінде кешіктірілмей жеткізіледі.
      25. Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру алдында талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері талапкерлерді техникалық қауіпсіздік техникасы ережелерін қол қойғыза отырып, таныстырады.
      26. Дене шынықтыру нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс (1000 және 3000 метрге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
      27. Салмадан тартылу, кешенді күш жаттығулары, 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру нормативтерін орындау үшін бір уақытта кемінде 3 талапкер қатыса алады. 1000 және 3000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адам қатыса алады.
      28. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.
      29. Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және талапкердің назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Белгіленгеннен кейін жаттығуларды орындауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      30. Жеке спорт жаттығуларын тапсыру бойынша ведомостердегі деректері негізінде дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы толтырылады, ол ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Жиынтық хаттамада талапкердің дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер талапкердің назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
      31. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген талапкер апелляцияға шағым бере алады.
      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      32. Талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нәтижелерді хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00–ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
      33. Өтінішті қараудың нәтижесі бойынша талапкердің қалауымен бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыру құқығы беріледі.
      34. Апелляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша талапкерге апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.

4. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау

      35. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
      36. ҰБТ-дан өту немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесімен белгіленеді.
      37. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;
      3) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ олар өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
      38. Оқуға түсетіндерге белгіленген талаптар бойынша өту деңгейі бойынша балл алған қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары ІІМ жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
      39. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары балдарына сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдау көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер олар жоғары білімді алғаш рет алатын болса басым құқыққа ие болып табылады.
      Баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.
      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
      Осы қабылдау ережелерiне сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.
      40. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
      41. Тыңдаушылар және курсанттар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдары қызметкерлері және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері қатарынан талапкерлер ішкі істер органдарының қарамағына жіберіледі, олардың жеке істері оқуға қабылданбау себептері көрсетiле отырып, қайтарылады.
      42. ІІМ-нің жоғары оқу орындары ақпаратты Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментiне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу туралы қорытынды есепті, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрықтарының көшiрмесiн он күн мерзімінде жiберу үшiн ұсынады.
      43. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешеді.

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу  
бағдарламаларын іске асыратын   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің білім беру     
ұйымдарына оқуға қабылдау     
ережелеріне 1-қосымша       

Мамандықтар тізбесі

Бакалавриат мамандығы

Пәндер тізбесі

Оқыту мерзімі

Бейінді пән

5В030300
«Құқық қорғау қызметі»

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – бүкіләлемдік тарих.

4 жыл

Бүкіләлемдік тарих

5В010300
«Педагогика және психология»

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) маметатика;
4) таңдау бойынша пән – биология.

4 жыл

Биология

5В090500
«Әлеуметтік жұмыс»

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – география.

4 жыл

География

5В070300
«Ақпараттық жүйелер»

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика.

4 жыл

Математика

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу  
бағдарламаларын іске асыратын   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің білім беру     
ұйымдарына оқуға қабылдау     
ережелеріне 2-қосымша       

ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілер үшін
дене шынықтыру бойынша нормативтер

Жігіттер үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,30

13,0

14,0

3.

Тартылу (тартылу саны)

13

11

9

Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4,40

5,0

5,2

3.

Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны)

34

30

26

      Ескертпе: Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға алса, дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалға: Тартылу «жақсы», 100-метрге жүгіру - «жақсы», 3000-метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылды.
      Тартылу «өте жақсы», 100-метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000-метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылған жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады