Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.09.2018 № 1453 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімнің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 273 бұйрығымен бекітілді |
Нысан
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім
_______________________ "__" ___________ 20 ___ж.
жасаған жері
Адвокат ______________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________,
(адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны)
адвокаттық қызметпен айналысуға
_____________________________________________________ лицензиясы бар,
(лицензияның нөмірі және берілген күні)
_________________________________________________________ адвокаттар
(адвокаттар алқасының атауы)
алқасына мүше болып табылатын, адвокаттар алқасының президиумы бекіткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысушы адвокаттардың тізіміне енгізілген, бір жағынан бұдан әрі "адвокат", деп аталатын және
____________________________________________________________________
аумақтық әділет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бюджеттік қаражат есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтардың мүдделеріне орай іс-әрекет етуші, екінші жағынан бұдан әрі "Әкімші" деп аталатын,
_____________________________________________________________________
(әділет органының осы келісімге қол қоюға уәкілетті өкілінің тегі,
аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
арқылы, "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы осы Келісімді жасады:
1. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегінің мына түрлерін көрсетуді:
1) "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағында тізбеленген адамдарға ауызша және жазбаша құқықтық консультация беруді;
2) "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағында тізбеленген адамдарға өтініштер, шағымдар, қолдаухаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазып беруді;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық істер бойынша тергеу, анықтау органдарында және соттарда азаматтардың мүдделерін қорғауды және білдіруді;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен соттарда және әкімшілік құқық бұзушылықты қарауға уәкілетті органдарда (лауазымды адамдарда) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен азаматтық істер бойынша соттарда азаматтардың мүдделерін білдіруді міндеттеріне алады. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі азаматқа тегін көрсетіледі.
Адвокаттың көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
2. Білікті заң көмегін көрсету үшін адвокат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іс жүргізу өкілеттіктерін пайдалануға;
2) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға;
3) өзiнiң кәсiбін мiндеттерiн орындаған кезде адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстануға.
3. Адвокат құжаттарды, материалдарды, өзге де мәліметтерді қоса алғанда, азаматтарға толық білікті заң көмегін көрсетуге қажетті ақпаратты табыс етпеуден немесе жасырудан осы Келісім шарттарының орындалмауына, сондай-ақ азаматтардың шындыққа сай келмейтін (оның ішінде құжатталған) ақпаратты табыс етуіне байланысты салдарларға жауапты болмайды.
4. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрімен мынадай шарттардың бірі болған:
1) арыз беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпайтын болған;
2) арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаған жағдайда, құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартуға құқылы.
5. Әкімші Адвокаттың заң көмегін көрсетуіне ақы төлеуге және қорғау мен өкілдік етуіне байланысты шығыстарды өтеуге адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының есебіне бюджеттік қаражатын уақытылы аударуға міндеттенеді.
6. Осы Келісім екі данада жасалды (әрбір Тараптар үшін), қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және келесі жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылады.
Осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін Әкімші адвокат мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының төралқасына мәлімет үшін жібереді.
Әкімші: Адвокат:
___________(________________) ___________(________________)
(қолы, тегі аты-жөні) (қолы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
Мекенжайы, пошталық индексі адвокаттар алқасының атауы,
_____________________________ __________________________________
Әкімшінің банктік деректемелері Адвокаттар алқасының банктік
деректемелері