Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17515 болып тіркелді.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны бекітілсін.

      2. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 273 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8632 болып тіркелген, 2013 жылы 2 қарашасында "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1453 бұйрығымен
бекітілді
  Нысан

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім

      _______________________                        "__" ___________ 20 ___ ж.

      жасаған жері

      ________________________________________________________________________________

      (әділет департаментінің атауы)

      әділет департаменті бюджеттік қаражат есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін

      алуға құқығы бар азаматтардың мүдделеріне орай іс-әрекет етуші, бір жағынан бұдан әрі

      "Әкімші" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (әділет органының басшысы немесе осы келісімге қол қоюға уәкілетті өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      арқылы, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының

      2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабының 5-тармағын

      басшылыққа ала отырып, және Адвокат

      _______________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________________________________,

      (адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны)

      адвокаттық қызметпен айналысуға ______________________ лицензиясы бар,

      (лицензияның нөмірі және берілген күні)

      ________________________________________________________________________________

      (адвокаттар алқасының атауы)

      адвокаттар алқасына мүше болып табылатын, адвокаттар алқасының төралқасы

      бекіткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысушы адвокаттардың

      тізіміне енгізілген, екінші жағынан бұдан әрі "адвокат" деп аталатын, төмендегілер туралы

      осы Келісімді жасады:

      1. Адвокат құқықтық консультация беру түріндей мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:

      1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

      2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

      3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

      7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 744 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Адвокат соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. Нысан 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 01.09.2022 № 744 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін адвокат келесілерді жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іс жүргізу өкілеттіктерін қолданады;

      2) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге

      бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша Қазақстан Республикасының

      заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетті орындауды;

      3) өзiнiң кәсiби қызметінде адвокатураның ұйымдастыру мен қызметі қағидаттарын басшылыққа алады.

      3. Адвокат құжаттарды, материалдарды, өзге де мәліметтерді қоса алғанда, азаматтарға

      толық білікті заң көмегін көрсетуге қажетті ақпаратты табыс етпеуден немесе жасырудан осы

      Келісім шарттарының орындалмауына, сондай-ақ азаматтардың шындыққа сай келмейтін

      (оның ішінде құжатталған) ақпаратты табыс етуіне байланысты салдарларға жауапты

      болмайды.

      4. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден мынадай шарттардың бірі

      болған кезде бас тартады:

      1) арыз беруші Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепілдік берген

      заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаған жағдайда;

      2) арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаған жағдайда;

      3) арыз берушінің Заңның 27-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды

      орындамаған жағдайда;

      4) арыз беруші бұдан бұрын осы мәселе бойынша құқықтық көмек алған жағдайда.

      5. Әкімші адвокаттың заң көмегін көрсеткені үшін төленуге тиіс және қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеуге тиісті бюджеттік қаражатты адвокаттың банктік шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде аударады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 10.02.2021 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Келісім Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қалыптасады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 10.02.2021 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады