Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы С. Сарсенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушысының
2013 жылғы «29» қарашадағы
№ 961 бұйрығымен
бекітілген
«Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін
ұйымдастыру» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Қалааралық жолаушылар теміржол көлігі» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5.КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 49.1 «Қалааралық жолаушылар теміржол көлігі»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Аға билет кассирі»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4211 «Кассирлер, билет кассирін қоса алғанда»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: аға билет кассирі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - есеп беру статистикаларының барлық формасын құруды қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдау ережелерінің өзгертулерімен билет кассирлерін таныстыру, ақшалай көмектесуді инкассалауын бақылау және толығымен қайыруды жүзеге асыру, билет кассирлеріне жұмыспен басшылық ету, «ақшалай қаражаттардың қимылы бойымен жүргізу барысында, есепке алу және есеп-қисап туралы және қатал есеп берудің бланктері» нұсқаулықтарын орындалуын бақылау;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аға билет кассирінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Билет кассирі»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі:ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4211 «Кассирлер, билет кассирін қоса алғанда»
3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары:билет кассирі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолкіре және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу және сату, азаматтардың жол жүруден бас тартқан жағдайда құжаттарын қайта рәсімдеу және ақшасын қайтарып беру, ақшалай қаржыларды алу, сақтау және қайтарып беру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Билет кассирінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Жүк бөлімінің меңгерушісі»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі:ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары: жүк бөлімінің меңгерушісі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк және жолжүктерді беру және өз уақытында жіберу, жүк және жолжүктерін жүк, жолжүктерді, қабылдау, сақтау, беру және жіберу жұмыстарын басқару, қоймада жүктерді орынды орналастыруды бақылау. Жүкті арту және түсіру жұмысын басқару, жүктердің сақтауда және артып, түсіруде амандығын қамтамасыз ету, жүк және жолжүктерді қабылдау және беру тәртібін қадағалау, тасымал құжаттарын дұрыс толтырылғандығын тексеру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк бөлімінің меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Жол жүк кассирі»
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі:ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 4211 «Кассирлер, билет кассирін қоса алғанда»;
3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары: жол жүк кассирі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүктерді қабылдау, арту, беру, сонымен қатар оларды жаңа мекен жайға жіберу бойынша құжаттарды тексеру және рәсімдеу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол жүк кассирінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.
5-параграф «Поезда жүк және жолжүкті қабылдап-тапсырушы»
10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі:ҰБШ бойынша – 3-4, СБШ бойынша – 3-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 9332 «Тарту күшінде көлік құралдарын басқару бойынша жұмысшылар және басқа да көлікте қызмет ететін біліксіз жұмысшылар»;
3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары: поезда жүк және жолжүкті қабылдап-тапсырушы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолкіре және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу және сату, азаматтардың жол жүруден бас тартқан жағдайда құжаттарын қайта рәсімдеу және ақшасын қайтарып беру, ақшалай қаржыларды алу, сақтау және қайтарып беру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезда жүк және жолжүкті қабылдап-тапсырушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.
6-параграф «Жолаушылар поездының басшысы»
11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі:ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1222 «Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) өндірістегі басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) мүмкін атаулары: жолаушылар поездының басшысы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүріс жолында жолаушылар поезының қозғалысының қауіпсіздікті, жолаушылар поезының және олардың құрылғыларын апатсыз және сенімді жұмысына және күтіп ұстауына кепілдікті қамтамасыз етеді;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар поездының басшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
14. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
16. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
17. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Темір жол көлігі жолаушыларының
сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері
№ |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы |
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы |
СБШ біліктілік деңгейлері |
БТБА бойынша разряды |
1 |
Есеп беру статистикаларының барлық формасын құруды қамтамасыз етеді, жолаушылар тасымалдау ережелеріның өзгертулерімен билет касссирлерін таныстырады, ақшалай көмектесуді инкассалауын бақылау және толығымен қайыруды жүзеге асыру, билет кассирлеріне жұмыспен басышлық етеді. «Ақшалай қаражаттардың қимылы бойымен жүргiзу барысында, есепке алу және есеп-қисап туралы және қатал есеп берудiң бланктерi» нұсқаулықтарын орындалуын бақылау |
Аға билет кассирі |
Кассир (билет) |
5 |
- |
2 |
Жолкіре және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу және сату, азаматтардың жол жүруден бас тартқан жағдайда құжаттарын қайта рәсімдеу және ақшасын қайтарып беру; ақшалай қаржыларды алу, сақтау және қайтарып беру |
Билет кассирі |
Кассирі (билет) |
4 |
2-3 |
3 |
Жүк және жолжүктерді беру және өз уақытында жіберу, жүк және жолжүктерін жүк, жолжүктерді, қабылдау, сақтау, беру және жіберу жұмыстарын басқарады. Қоймада жүктерді орынды орналастыруды бақылау. Жүкті арту және түсіру жұмысын басқарады. Жүктердің сақтауда және артып, түсіруде амандығын қамтамасыз етеді. Жүк және жолжүктерді қабылдау және беру тәртібін қадағалайды, тасымал құжаттарын дұрыс толтырылғандығын тексеру |
Жүк бөлімінің меңгерушісі |
Сақтау камерасы (қол жүк) меңгерушісі |
5 |
- |
4 |
Жүктерді қабылдау, арту, беру, сонымен қатар оларды жаңа мекен жайға жіберу бойынша құжаттарды тексеру және рәсімдеу. |
Жол жүк кассирі |
Жүк, тауар кассирі |
4 |
- |
5 |
Поездың жүріс жолында жүк және жолжүкті қабылдау, арту, топтау және станцияда қабылдау және түсіру |
Поезда жүк және жолжүкті қабылдап-тапсырушы |
Поезда жүк және жолжүкті қабылдап, тапсыру |
3-4 |
2-4 |
6 |
Жүріс жолында Жолаушылар поездының қозғалысының қауіпсіздікті, жолаушылар поездының және олардың құрылғыларын апатсыз және сенімді жұмысына және күтіп ұстауына кепілдікті қамтамасыз ету |
Жолаушылар поездының басшысы |
Поезд (қалпына келтіру, жолаушылар, рефрижераторлы және т.б.) басшысы |
5 |
- |
Ескерту: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 1-шығарылым, -52-шығарылым, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.
«Темір жол көлігі жолаушыларының
сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аға билет кассирі
еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) |
Теміржол станцияларындағы билет кассалары |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе |
Кемінде 2 жыл |
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Билет кассирі еңбек
жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар) |
Өнеркәсіп, цех, участке |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейі, жұмыс аймағыныдағы ауаның жоғары тозаңдылығы мен газдылығы |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша. Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалық, жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқамалық, сонымен қатар өртке қарсы нұсқамалықтан соң |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 |
Қосымша кәсіптік дайындық, техникалық және кәсіптік білім |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
Жоғары білім |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды |
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүк бөлімінің
меңгерушісі еңбек жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар) |
Темір жол станциялары |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе. |
Кемінде 2 жыл. |
Жоғары білім. |
Кемінде 1 жыл |
4-кесте
4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жол жүк кассирінің
еңбек жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар) |
Темір жол станциясындағы жол жүк бөлімшелері |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша. Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалық, жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқамалық, сонымен қатар өтке ұарсы нұсқамалықтан соң |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Жол жүк кассирі II Қосымша кәсіптік дайындық-ты техникалық және кәсіптік білім, практикалық тәжірибе |
Кемінде 1 жыл |
Жол жүк кассирі I Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе |
Кемінде 2 жыл |
5-кесте
5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезда жүк және
жолжүкті қабылдап-тапсырушының еңбек жағдайына, білім және
жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар) |
Темір жол станциялары |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
4 |
Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар) |
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды. |
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім |
3 деңгейде 2 жыл |
6-кесте
6. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушылар поездының
басшысының еңбек жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне
қойылатын талаптар
Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар) |
Темір жол стациясы |
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін |
|
СБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
5 |
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе |
Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл |
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім |
Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл |
«Темір жол көлігі жолаушыларының
сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Аға билет кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Билет кассирлері жұмысын ұйымдасытру, құжаттарды рәсімдеуді бақылау, жұмыс орнын күтіп ұстау |
2 Ф |
Ақшалай қаражатты қабылдау, есепке алу, беру және сақтау бойынша операцияларды қамтамасыз етеді және бағалы қағаздарды міндетті ережені сақтап, сақталуын қамтамасыз ету |
2-кесте
2. «Билет кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Билеттерді, отырғызу талондарын, жүкке төлегені бойынша квитанцияларды сату және рәсімдеу және әр түрлі қызметтер |
2 Ф |
Қолданылатын жабдықтармен құрылғыларды майда ақаулықтарына қызмет көрсету, реттеу, жөндеу және жою |
3 Ф |
Ақшалай қаражаттарды және қатаң есептілік бланктеін орнатылған тәртіпте қабылдау, сақтау және тапсыру |
3-кесте
3. «Жүк бөлімінің меңгерушісі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жол жүгі мен жүкті тасымалдау, сақтау процестерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету |
2 Ф |
Жүк бөлімі жұмыстарына жетекшілік |
4-кесте
4. «Жол жүк кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жинақтарды есептеу және айыппұл төлемдерін, клиентке қызмет көрсету үшін есептеулерді жүргізу. |
2 Ф |
Ақшалай қаражат және қатаң есептілік банктерін сақтау, тіркеу және қабылдау бойынша операцияларды орындау, жүктерді сақтандыруға рәсімдеу. |
5-кесте
5. «Поезда жүк және жолжүкті қабылдап-тапсырушы» еңбек
қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Станцияда жүк және жолжүкті арту да және түсіруде еңбекті қорғау талатары және техникалық талаптарды орындау |
2 Ф |
Жүктердің сақталуын және қозғалысқа қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық шарттармен сәйкес жүктерді бекіту және дұрыс орналастыру қамтамасыз ету |
3 Ф |
Жолдама құжаттарды рәсімдеу |
6-кесте
6. «Жолаушылар поездының басшысы» еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрі
Шифр |
Еңбек функциясының (кәсіптік стандарттың бірлігінің) атауы |
1 Ф |
Жолаушылар поездында жабдықтарды және вагондарды дұрыс жағдайында ұстауды қамтамасыз ету |
2 Ф |
Поездта жолаушылардың жол жүруінде жолкіре құжаттары бойынша дұрыс орналастырылғанына бақылау жүргізу, сонымен қатар жол жүктері үшін де |
3 Ф |
Жолаушылар үшін шекаралық кедендік құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
Ескертпе: Ф – Функция.
«Темір жол көлігі жолаушыларының
сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
1. «Аға билет кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Билет кассалары, терминалды жабдық |
Жолкіре және тасымалдау құжаттары, билет кассасы және терминал жабдығының кілті |
1-1 М Билет кассирлерін күнделікті жұмысқа шыққанда тексеру және табельдік есепке алу |
Билет кассирлерінің жұмыс шартын құру және шешім қабылдау дағдысы, жұмыс графигін ұстану бойынша бағынышты әрекетті түзету және қадағалау. Табельдік есепті жүргізгенде жағдайды талдау дағдысы. |
Жұмыс процесін ұйымдастыруда жоспарлау және жүйелі талдау әдіснамалары, жабдықтарға қызмет көрсету бойынша шара қабылдау, командамен жұмыс туралы басқарушылық шешімдер қабылдау әдісі туралы білім.; ішкі еңбек тәртібі; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғаныс; еңбек тәртібі және еңбек нормасы, билет кассирлері және билет-кассалық аппаратурасы (терминал) «Экспресс» жүйесі операторлары жұмысына нұсқаулық; есептеу техникасының пайдалану; еңбекті ұйымдастыру негізі туралы білім. Жолаушылар, теміржол көлігі жүк және жолжүк тасымалы, поездар қозғалысы графигі; кассалық операциялар жүргізу бойынша қағида, нұсқаулық, басқарушылық материалдар және басқа нормативтік құжаттар, құжаттарды қайта рәсімдеу ережесі; кіріс және шығыс құжаттарын рәсімдеу; кассалық есептілікті құру тәртібі туралы білім. «Ақша тауарларының және қатаң есептілік бланктарының қозғалысы бойынша есеп және есеп беру жүргізу туралы тәртібі туралы» нұсқаулық. |
1-2 М Билет кассирлерін кассалық кабиналар бойынша орналастыру, билет кассаларының және терминалды жабдықтың (қол қою арқылы) кілтін беру |
Жұмыс процессін ұйымдастыруда өзі талдау дағдысы, кассирлер әрекетін түзету және қадағалау, басқарушылық және атқарушылық кәсіпқорлықты арттыру. |
||||
1-3 М Кассада орналасқан анықтамалық материалдар және жабдықтардың дұрыс күтімін, және билет кассирі жұмыс орнын күтіп ұстауын бақылау |
Билет кассаларының жабдықтарын дұрыс түрде күтіп ұстау шарттарын құру және шешім қабылдау, өз уақытында жөндеуге шара қабылдау. Басқарушылық және атқарушылық кәсіпқорлықты арттыру. |
||||
1-4 М Тасымалдау ережесіне қосымша және өзгерістері, поездар қозғалысының өзгерісі туралы билет кассирлеріне нұсқаулық өткізу |
Поездар қозғалысының графигі өзгеруі және тасымалдау ережесіне басқа да өзгертулер туралы билет кассирлеріне нұсқаулық өткізу, олардың орындалуына шарттар құру және шешімдер қабылдау, билет кассирлер әрекетін түзету және қадағалау. |
||||
1-5 М Жолкіре құжаттарын дұрыс рәсімделуін бақылау және дұрыс емес рәсімделу жағдайларын жою бойынша шара қабылдау |
Жолкіре құжаттарын дұрыс емес толтырылған жағдайда қайта рәсімдеуді орындауда шарттар құру және шешім қабылдау, басқарушылық және атқарушылық кәсіпқорлықты арттыру. |
||||
1-6 М Технологиялық ақауларды тіркеу және билет-кассасы аппаратурасында жұмыстың жаңылуында акт құру |
Технологиялық ақаулар табылған жағдайында сәйкес құжаттарды құру әрекетінде түзету және қадағалау. Аппаратура жұмысы жаңылу актін құруда талдау дағдысы. |
||||
2 Ф |
Қатаң есептілік бланкасы, терминалды жабдық |
Билет кассасы және терминал жабдығының кілті |
2-1 М Қатаң есептілік бланкының кассалық қорына жүйелі түрде тексерістер өткізу және коммерциялы есептілікті жүргізу |
Коммерциялы есептілікті жүргізу, қатаң есептілік бланкының кассалық қорына жүйелі түрде тексерістер өткізуде талдау дағдысы, басқарушылық және атқарушылық кәсіпқорлықты арттыру. |
|
2-2 М Билет кассасы және терминал жабдықтарының кілттерін қабылдау |
Билет кассирлерінің әрекетін түзету және бақылау, басқарушылық және атқарушылық кәсіпқорлықты арттыру. Қол астындағы жұмысшыға кезекшілікті тапсыру шартын құру |
2-кесте
2. «Билет кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Билет кассалары |
Жолкіре және тасымалдау құжаттары, терминал жабдығы |
1-1 М Жолаушының жеке куәлігі және арнайы зоналарға шығуына рұқсат беретін құқығы құжаттарын тексеру |
Жолаушылар құжаттарын тексеруде өзі нормалау дағдысы. Тексеру соңы бойынша нәтижені бағалау, нақтылау |
Жүктермен жолаушыларды тасымалдау, жолкіре және тасымалдау құжаттарын өндіру технологиясы; келісілген орнатылған норма бойынша құжаттарды толтыру тәртібі, көліктің бір түрінен басқа түріне өзгерту технологиясы тәртібінде жолкіре құнын қайта есептеу әдісі, принципі және ыңғайы туралы білім. Жолкіре құжаттарын формасы; этика және психологиялық көңіл бөлу туралы клиенттермен өзара әрекеті. Экономика, нормалау негізі білімі; терминалдарды техникалық пайдалу, еңбекті ынталандыру және мотивациялау әдісі. Кассалық және банкілік операцияларды жүргізу |
1-2 М БАЖ «Экспресс» жүйесі арқылы жолкіре және тасымал құжаттарын сату және рәсімдеу. |
Жолкіре және тасымал құжаттарын сату және рәсімдеу нәтижесін бағалау, нақтылау |
||||
1-3 М Жол жүруден бас тартқан жолаушылардың жолкіре құжаттарын және берілген тәртіпте олардың ақшаларын қабылдау |
Жолаушылардың жол жүруден бас тартқан жағдайда жолкіре құжаттарын қабылдау нәтижесін бағалау, нақтылау. Жолкіре құжаттарының құнын қайта есептеуде өзік нормалау және анықтау дағдысы |
||||
1-4 М Жолаушыларға жолкіре билеттерін сатуда келсідегідей ақпараттарды беру: жөнелтілу және келу уақыты және датасы, поезд номері, вокзалдағы станциясы |
Жолаушыларға ақпараттар ұсынылғанда өзі нормалау, әрекет нәтижесін бағалау дағдысы |
||||
2 Ф |
Билет кассасының жабдығы |
Терминалдар, компост |
2-1 М Билет кассасын жабдықтарын дұрыс күтіп ұстауын және жабдықтарды өз уақытында жөндеу өткізу үшін шара қабылдаумен қамтамасыз ету |
Байланыс жабдығы және жұмыс инвентарын жағдайын нәтижесін бағалай және нақтылау. Терминал жабдықтарымен жұмыс істегенде өзі нормалау және өзі анықтау дағдысы |
|
3 Ф |
Билет кассалары |
Қатаң тапсырыс беру бланктері, кассалық есеп, ақшалай қаржы |
3-1 М Қатаң есептілік бланктерін алу және тапсырыс беру |
Қатаң есептілік бланкасын толтырғанда өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы |
|
3-2 М Кассалық есеп және билеттер және қатаң есептілік бланкасын сату бойынша есеп берілген сәйкесінше мерзімде құру |
Билеттерді сату бойынша есеп және кассалық есептерді құруды нақтылау, нәтижесін бағалау. Қатаң есептілік бланкасын қозғалысын өзіндік анықтау дағдысы. |
||||
3-3 М Берілген тәртіпте ақшалай қаражаттарды қайтару және ақшалай қаражаттарды, қатаң есептілік бланктерін, басқада құжаттармен бағалы материалдар сақтауды қамтамасыз ету |
Ақшалай қаражаттар, құжаттар және басқа құнды материалдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді қадағалау және түзету. Ақшалай қаражаттарды қайтарғанда өзі талдау дағдысы. |
3-кесте
3. «Жүк бөлімінің меңгеруші» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифрі |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Билет кассалары, терминалды жабдық |
Жолкіре және тасымалдау құжаттары, билет кассасы және терминал жабдығының кілті |
1-1 М Билет кассирлерін күнделікті жұмысқа шыққанда тексеру және табельдік есепке алу |
Санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес жол жүк вагондарын паркін пайдалануда күтіп ұстау бойынша жағдайды талдау, олардың орындалуына жағдай жасау және шешімдер қабылдау дағдысы |
Жол жүк бөлімінің реттемелеуші өндірістік әрекеттері, құжаттарды сақтау, толтыру және рәсімдеу тәртібі, орнатылған есеп берулерді құру тәртібі және әдісі, экономика негіздері, өндірістік процесстерді ұйымдастыруды білу. Жол жүк бөлімінің жұмысшыларымен жұмыс жасауда басқарушылық шешімдерді қабылдау әдісі, сонымен қатар оларды мотивациялау принципі және методы туралы білім |
1-2 М Билет кассирлерін кассалық кабиналар бойынша орналастыру, билет кассаларының және терминалды жабдықтың (қол қою арқылы) кілтін беру |
Жүк және жол жүктерді тасымалдауға қызмет көрсету орындалуына жағдай жасау, шешім қабылдау және өзі талдау |
||||
2 Ф |
Қатаң есептілік бланкасы, терминалды жабдық |
Билет кассасы және терминал жабдығының кілті |
2-1 М Қатаң есептілік бланкасының кассалық қорына жүйелі түрде тексерістер өткізу және коммерциялы есептілікті жүргізу |
Жол жүк кассирлері, жол жүк бөлімінің қабылдап тапсырушысы, поездарда қабылдап тапсырушы жұмыстарына жағдай жасау және шешімдер қабылдау дағдысы. Жұмысшылардың әрекеттерін тексеру және түзету, кәсіптік басқарушылық және атқарушылық дағдысы |
|
2-2 М Билет кассасы және терминал жабдықтарының кілттерін қабылдау |
Ақшалай қаражаттарды және қатаң есептілік бланкаларын сақтауды қамтамасыз етуде, жағдайды талдау және шешім қабылдау, жол жүк кассирлері орындайтын жұмыстарды өзі талдау дағдысы |
4-кесте
4. «Жол жүк кассирі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Жүк және жол жүк |
Жүк және жол жүкті қабылдау, арту және беру бойынша құжаттар, жинақтаушы тізімдеме, кассалық кітап, есептеу машинасы |
1-1 М Жүк және жол жүктерді қабылдау, арту және беру бойынша құжаттарды тексеру және рәсімдеу |
Жүк және жол жүкті тасымалдау операцияларының құжаттарын рәсімдеуде нәтижені бағалау және нақтылау |
Жүк және қаржылық құжаттар, тасымалдау құжаттары формасын жүргізу, ыңғайы, принципі және әдісі туралы білім; жүк тасымалдау ережесі; жүк және жол жүкті тасымалдау бойынша нұсқаулық, тәртіп және басқа нормативтік құжаттар туралы білім |
1-2 М Клиенттермен жүк және жол жүкті тасымалдағаны және қызмет көрсеткені (арту-түсіру жұмыстары, сақтау және тағы басқа) үшін есептесуді жүргізу, артуды есепке алуды жүргізу |
Жүк, жол жүкті сақтау, жүкті тасымалдау үшін есептесуді жүргізуде өзі нормалау дағдысы. Артуды тіркеуде нәтижені бағалау, берілген есепті орнатуды нақтылау |
||||
1-3 М Кассалық кітапты жүргізу және есептілікті құру, жинақтаушы тізімдемені жүргізу. Тасымалдау орындалмаған жағдай үшін қайта есептесуді өткізу |
Кассалық кітап, жинақтаушы тізімдеме жүргізу, тасымалдаулар орындалмағаны үшін қай есептеуді бақылау және түзету, есеп беру жұмыстарын өзіндік нормалау дағдысы |
Жүк және жол жүктерді тасымалдау бойынша тәртіп, нұсқаулық және басқа да нормативтік құжаттар, жүк және қаржы құжаттарын формасы туралы білім; қатаң есептілік құжаттарын сақтау және кассалық есептілікті құру тәртібі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік, өндірістік санитарлы және өрт қауіпсіздігі туралы білім. Тасымалдау құжаттары формасын білу; жол жүк бөлімшесінің жұмыс технологиясы; ДК айналысу туралы білім. Кәсіптік жағдайларды жоспарлау және жүйелік талдау әдіснамасы туралы білім |
|||
2 Ф |
Жүк, ақшалай қаражат, жүкқұжат, арыз, бланка |
ДК, шот-есептеу мащинасы, автоматтандырылған БАЖ Экспресс-2 жүйесі |
2-1 М Міндетті ережелерді сақтай отырып, ақшалай қаражат және қатаң есептілік бланктерін қабылау, тіркеу және сақтау бойынша операциялар орындау, олардың сақталуын қамтамасыз ету. Жүктерді сақтандыру бойынша операциялар орындау |
Ақшалай қаражат және қатаң есептілік бланкасын қабылдау және сақтау бойынша операцияларды өткізу тапсырмаларын нақтылау, мәселелер қою, нәтижені бағалау. Ережені ұстануда, жүктердің сақталуын, сақтандыруды қамтамасыз ететін қадағалауды өзіндік нормалау дағдысы және кәсіптілік атқарушылық және басқарушылық дағдысы |
Жүк және жол жүктерді тасымалдау бойынша тәртіп, нұсқаулық және басқа да нормативтік құжаттар, жүк және қаржы құжаттарын формасы туралы білім; қатаң есептілік құжаттарын сақтау және кассалық есептілікті құру тәртібі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік, өндірістік санитарлы және өрт қауіпсіздігі туралы білім. Тасымалдау құжаттары формасын білу; жол жүк бөлімшесінің жұмыс технологиясы; ДК айналысу туралы білім. Кәсіптік жағдайларды жоспарлау және жүйелік талдау әдіснамасы туралы білім |
2-2 М Жүктерді қайта адресстеу және орындалуын қадағалау бойынша олардың сақталуын қамтамасыз ететін, орнатылған тәртіпте жүкқұжат және арыздар қабылдау |
Жүктерді қайта адресске жіберуде сақталуын қамтамасыз етуде, жүктерді қайта адресседе жолқұжат және арыздарды қабылдау жұмыстарын өзіндік нормалау дағдысы |
5-кесте
5. СБШ 3-деңгейіндегі «Поезда жүк және жолжүкті
қабылдап-тапсырушы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Жүк, жолжүк |
Оңтайлы жүктеу сызбасы, жолдама құжаттар, поездардың қозғалыс кестесі |
1-1 М Поезд жол жүрісінде жолжүкті қабылдау, арту, орналастыру |
Поездардың жол жүрісінде жолжүктерді қабылдау, тиеу, орналастыруды орындау әдісін өзі анықтау |
Поездардың жол жүрісінде жолжүктерді қабылдау, тиеу, орналастыруды орындау әдісін өзі анықтау |
1-2 М Станцияда жүк және жолжүкті түсіру және тапсыру |
Станцияда жүк және жолжүкті тапсыру және түсіруде өзі ұйымдастыру дағдысы |
Станцияда жүк және жолжүкті тапсыру және түсіруде өзі ұйымдастыру дағдысы |
|||
1-3 М Тасымалдауда қабылданған және берілген жүк және жолжүкті тіркеу |
Жүктер және жолжүктерді қабылдау және беруін тіркеуде өзі анықтау және өзі ұйымдасытру дағдысы |
Жүктер және жолжүктерді қабылдау және беруін тіркеуде өзі анықтау және өзі ұйымдасытру дағдысы |
|||
2 Ф |
Жүк, жолжүк |
Поездардың қозғалыс кестесі, жолжүктерді тасымалдауын құрастыру жоспары |
2-1 М Станцияда поезд тұрағы уақытында тиеу-түсіру жұмыстары |
Станцияда поезд тұрағы уақытында тиеу-түсіруді қамтамасыз етуде нұсқаулық негізінде жұмыстар әдісін таңдау |
Станцияда поезд тұрағы уақытында тиеу-түсіруді қамтамасыз етуде нұсқаулық негізінде жұмыстар әдісін таңдау |
6-кесте
6. СБШ 4-деңгейіндегі «Поезда жүк және жолжүкті
қабылдап-тапсырушы» еңбек қызметі (кәсіп) түрлері
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
2 Ф |
Жүк, жолжүк |
Поездардың қозғалыс кестесі, жолжүктерді тасымалдауын құрастыру жоспары |
2-2 М Жол жүрісінде вагондар-дың техникалық жағдайын бақылау |
Вагондардың жол жүрісінде техникалық жағдайын сақтану бойынша тапсырманы нақтылау, тапсырманы орнату және нәтижені бағалау |
Жүк және жолжүктерді тасымалдау; жүк және жолжүкті тіркеу және жолдама құжаттарын рәсімдеу тәртібі ыңғайы, принципі және әдісі туралы білім. Ішкі және халықаралық қатынастағы поездарда жүк және багажды тасымалдауды есепке алу және құжаттарды ресімдеу тәртібі, багаж вагонының құрылымы және қызмет көрсетілетін жүйе тәртібі ыңғайы, принципі және әдісі туралы білім. теміржол тәсімдері, поезд қозғалысы кестелері және станцияларда тұру уақыты – қызмет көрсетілетін учаске шегінде, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы шаралар норма негізінде, экономика негізінде, этика және психоогиялық қатынастар туралы білім |
2-3 М Желілік жоспарды құрумен сәйкес вагондарда жүк және жолжүкті оңтайлы орналастыру, жол жүрісінде жүк және жолжүктің сақталуын қамтамасыз ету |
Жүктерді және жолжүктерді вагонға орнықты орналастыру нәтижесін бағалау, жүк және жолжүктердің жол жүрісінде сақталуын қамтамасыз ету бойынша өзі нормалау дағдысы |
||||
Ф 3 |
Жүк, жолжүк |
Жолдама құжаттар |
3-1 М Жүк және жолжүкті тасымалдауға қабылдауда жолдама құжаттарын рәсімдеу. |
Жүк және жожүктерді тасымалдауға қабылдауда жолдама құжаттарын рәсімдеуде өзі анқтау, өзі нормалау және нәтижені бағалау дағдысы |
7-кесте
7. «Жолаушылар поездының басшысы» еңбек қызметінің (кәсіптің)
түрі
Шифр |
Еңбек заттары |
Еңбек құралдары |
Міндеттер |
Шеберлік және дағдылар |
Білім |
1 Ф |
Жолаушылар поезды вагондары |
Өрт сөндіруші құрал, медициналық көмек көрсету үшін құрал, төсек-орын тысы, шәй, сату үшін азық-түлік, шешілмелі инвентарь және вагондардың жол жүрісінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтар, техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғаныс бойынша нұсқаулық |
1-1 М Жолаушылар поезды вагондарын дұрыс күтіп ұстау және техникалық бақылау және оның жабдықтарын жолаушылар поездінің жол жүрісінде қозғалыс қауіпсіздігін кепілдейтін, және оның апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
Вагондарын дұрыс күтіп ұстау және техникалық бақылаумен қамтамасыз етуде талдау және шешім қабылдау дағдысы. Поезд бригадасының әрекетін бақылау және түзету дағдысы |
Тасымалдауда қызмет көрсету, жолаушыларға қызмет көрсетуде жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, поезд бригадалары және жолаушылармен жұмыс істегенде басқарушылық шешімдерді қабылдау әдісі туралы білім. Жолаушылар поездының қызмет көрсету нормативтерін; жолаушылар вагонын пайдалануда құрылғылары және жабдықтары туралы білім. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша, сигнализация бойынша; Жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты қаулы, жарғы, бұйрық және басқа да нормативті-әдіснамалық материалдар туралы білім. Стандартты емес жағдайларда поезд бригадаларының әрекетіне сәйкес хабарландыру тәртібі бойынша басқарушылық, шешімдер қабылдау әдісі туралы білім |
1-2 М Вагондарды қабылдауды ұйымдастыру |
Вагондарды қабылдауда талдау, бақылау және түзету дағдысы. Поезд бригадасының әрекетін бақылау және түзету дағдысы |
||||
1-3 М Вагондарды, сонымен қатар жолаушылар поезды құрамын орнатылған сызбада құрастырылған құрамға сәйкес жабдықтау және жөндеу өткізгеннен соң сапасын тексеру, поездың жол жүрісінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті шешілмелі инвентарьмен және жабдықтарының, электр жабдығы және жылыту жүйесінің дұрыстығын, вагондарды отынмен және сумен қамдау, өрт сөндіру және медициналық көмек көрсету құралдары бар екендігін, төсек-орын тысымен, шәймен, сатылатын азық-түлікпен, маусымдық мөрмен қамтамасыз етілгенін тексеру |
Жолаушылар поездін сапарға жіберуде дайындық сапасын тексеруде бақылау және түзету |
||||
1-4 М Айналу пунктында құрамның сапалы және өз уақытында дайындығын қамтамасыз ету. Лауазымдық міндеттерін орындау және еңбек шартын сақтап, поезд бригадасымен жұмыс істегенде бақылауды жүзеге асыру. Техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғаныс бойынша нұсқаулықтар өткізу. Поезд радиопунктінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету |
Мүгедектерге, ауруларға, қарт кісілерге және балалы жолаушыларға жолда жақсы жағдай жасау дағдысы. Поезд бригадасының әрекетін бақылау және түзету дағдысы |
||||
2 Ф |
Жолаушылар вагоны, қол жүк және қол жолжүк |
Жолаушыларды, жүкті және жолжүкті тасымалдау ережесі, жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты нормативті-әдіснама материалдары |
2-1 М Жолаушыларды өз уақытында отырғызылуын және түсірілуін қамтамасыз ету. Жолаушыларды жолкіре құжаттары бойынша поезда дұрыс орналасқандықтарын бақылау, сонымен қатар жолаушылардың қол қалауы және қол жолжүктерін тасымалдауда |
Вагондарда қоғамдық тәртіппен қамтамасыз ету, оны бұзғандарға шара қолдану жағдайында талдау |
|
2-2 М Мүгедектерге, ауруларға, қарт кісілерге және балалы жолаушыларға жолда жақсы жағдай жасауда көмек бер |
Апатта жағдайды талдау, оларды жұмысшылар бригадасын нәтижесін бағалауына рұқсат беру бойынша бақылау және түзету |
||||
2-3 М Вагондарда қоғамдық тәртіппен қамтамасыз ету, оны бұзғандарға шара қолдану |
Жолаушылардаң шекаралы-кедендік құжаттарын рәсімдеуді жүргізуде шешімді талдау және қабылдау дағдысы |
||||
2-4 М Апатты жағдайда ұйымдастыру жұмыстары бойынша жәбір көргендерді ажырату және алғашқы көмек көрсету |
Айналу пунктында құрамды дайындауда поезд бригадаларының әрекетін бақылау және түзет дағдысы. Поезд радиопунктінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдау |
||||
3 Ф |
Нормативті құжаттар |
Ұйымдастыру жарғысы, қаулы, бұйрық, ереже |
3-1 М Жолаушылардаң шекаралы-кедендік құжаттарын рәсімдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру |
Поезда жолаушылардың отырғызылуын және түсірілуін ұйымдастыруда жағдайды талдау, шешім қабылдау және жағдай жасау дағдысы |
|
3-2 М Шекаралық ауданда поездар жүрісінде жолаушылардың ережелерді ұстануын бақылау |
Шекаралық ауданда поездар жүрісінде жолаушылардың ережелерді ұстануында шешім қабылдау және жағдай жасау дағдысы |
Ескертпе: М – мақсат;
АБЖ – автоматтандырылғын басқару жүйесі.
«Темір жол көлігі жолаушыларының
сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы |
Келісу күні |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС _______________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________