Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 03 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 қазанда № 8770 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 201 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.06.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (52-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (К.Ө. Санабаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 426-ө-м бұйрығымен
бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы
(52-шығарылым)
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі - БТБА) 52-шығарылымы: "Теміржол көлігі және метрополитен", "Автомобиль және қалалық электр көлігі", "Теңіз және өзен көлігі" бөлімдерінен тұрады.

      2. БТБА-ның осы шығарылымына берілген жұмыс түрлеріне тән жұмысшы кәсіптері енгізілді.

      3. Тарифтік-біліктілік сипаттама сегіз разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

      4. Өндірістің жағдайына немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай жекелеген кәсіптердің төмендеу разрядтарының жұмыс сипаттамасында жекелеген жұмыстарды орындау анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп көрсетілген. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.

      5. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдап алу және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындауға, жұмыс орнын, жабдықтарды, аспаптарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытылы дайындау және тиісті тәртіпте ұстап отыруға, бекітілген техникалық құжаттаманы жүргізуге, сондай-ақ ақау түрлерін, себептері мен олардың алдын алу тәсілдерін білуге тиіс.

      6. БТБА-ның осы шығарылымы ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

      7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      8. Қандай да бір өндіріс немесе жұмыс түрі үшін ерекше болып табылмайтын жұмысшылар кәсіптері БТБА-ның "Жұмысшылардың экономиканың барлық салаларына ортақ кәсіптері" 01 шығарылымында жазылған.

      9. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды қолдану, жұмысшыларға разрядтарды беру және жоғарылату тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының "Экономика салаларының барлығына ортақ жұмысшы кәсіптері" 01-шығарылымындағы жалпы ережелерінде көрсетілген.

      10. Пайдалану қолайлығы мақсатында, БТБА жұмысшылар кәсібі атауы, разрядтар ауқымы және беттер нөмірлерінен тұратын алфавиттік көрсеткішті (1-қосымша) қарастырады.

      11. Қолданыста болған БТБА-ның 2010 жылғы басылымдағы 52-ші шығарылымында "Теміржол көлігі және метрополитен", "Автомобиль және қалалық электр көлігі", "Теңіз және өзен көлігі" тарауларында қарастырылған жұмысшылардың кәсіптері атауларының тізбесі БТБА-ның (52-шығарылым) 2, 3, 4-қосымшаларда көрсетілген.

2-тарау. Теміржол көлігі және метрополитен

      1. Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының бригадирі

      12. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.

      Қызмет көрсетілетін учаске шеңберінде осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларды басқару.

      Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жағдайда жолдар мен жасанды құрылыстарды ұстау.

      Жолдар мен жасанды құрылыстарды белгіленген мерзімде тексеру.

      Жолдың беткі құрылымы элементтерінде, жер төсемінде, жасанды имараттарда пайда болатын ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жолдың беткі құрылымы қызметі мерзімін ұзарту жұмыстарын жүргізу.

      Қысқы жағдайларда жолды жұмысқа дайындау, қар мен құмнан тазарту, иірімдердегі жолды ұстау және жөндеу, жолдар мен жасанды құрылыстарды көктемгі және сел жаңбыр суларын өткізуге, табиғи құбылыстардан туындаған ақаулықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

      Жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде пойыздардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету.

      Жол монтерларына, аралап тексерушілерге, өтпелі жол кезекшілері және де басқа жұмысшыларға нұсқаулық жүргізу. Бригада қызметкерлеріне тікелей жұмыс орындарында жұмыс орындаудың оңтайлы жолдарын үйрету.

      Бастапқы есептеу және есептілікті жүргізу.

      Аспаптарды, механизмдерді, керек-жарақтарды, белгі бергіш материалдар мен оларды сақтау қоймаларын жарамдылықта ұстауды қамтамасыз ету.

      13. Білуге тиіс:

      теміржолдар мен жасанды құрылыстардың құрылымы;

      оларды күнделікті ұстап отыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы;

      жолдар мен жасанды құрылыстардың беткі құрылымы элементтерінің ақаулықтары;

      жылжымалы құрам мен құрылымдарды жақындату көлемі;

      жолдар мен жасанды құрылыстарды күнделікті ұстап отыру және жөндеуде қолданылатын аспаптар мен құралдар арқылы өлшеу ережесі;

      теміржолдар мен жасанды құрылыстарды ұстау, жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенде пойыздың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету нұсқаулықтары;

      теміржол және құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргізу және жарамды жағдайда ұстап отыруда еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережесі;

      жол гидравликалық және электр аспаптар мен механизмдердің құрылымы, электрленген желілердегі теміржол көлігі қызметкерлері үшін еңбекті қорғау ережесі;

      жол жұмыстарын өндіруде технологиялық-нормалау карталары;

      алғашқы есеп және есептілік.

      14. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      15. Ескерту.

      Жолдарды және жасанды құрылыстарды күнделікті ұстап отыру және жөндеу жөніндегі (босатылған) бригадир өзі басқаратын бригаданың жоғары біліктілігінен бір разряд жоғары, бірақ 5-разрядтан төмен емес тарифтеледі.

      2. Теміржол көлігі кәсіпорындарының (босатылған) бригадирі

      16. Жұмыс сипаттамасы.

      Өндірістік бөлімшелердің жұмысшыларын басқару.

      Белгіленген технологиялық процесс бойынша жұмысты орындау.

      Бригаданың бекітілген жұмыс жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

      Жұмысшыларды орналастыру, жұмыс орындарын материалдармен, аспаптармен және бөлшектермен қамтамасыз ету.

      Еңбекті қорғау және өртке қарсы ережесі бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

      Оңтайлы еңбек тәсілдері мен әдістерін қолдану жөнінде бригада жұмысшыларына нұсқаулық жүргізу және оқыту.

      Орындалатын жұмыстың сапасын қадағалау және бақылау.

      Жұмысты қабылдап алу және нысандарды шеберге тапсыру.

      Материалдың шығуын бақылау.

      Орындалған жұмыстың көлемін есептеу және олардың сапасын бағалау.

      Жабдықтар мен керек-жарақты жарамдылықта ұстап отыру.

      17. Білуге тиіс:

      жөнделетін тораптардың құрылымы мен өзара іс-әрекеті;

      орындалатын жұмыстардың технологиялық процесі;

      жұмыс өнімділігі ережесі;

      жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру;

      материалдың шығу нормасы;

      5 біліктілік разрядынан төмен емес жұмыстарды орындау тәртібі мен ережесі;

      қауіпсіздік техникасы ережесі;

      орындалатын жұмысты есептеу тәртібі.

      18. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      19. Ескерту.

      Жолдарды және жасанды құрылысты күнделікті ұстап отыру және жөндеу жөніндегі (босатылған) бригадир өзі басқаратын бригаданың жоғары біліктілігінен бір разряд жоғары, бірақ 5-разрядтан төмен емес тарифтеледі.

      3. Дрезина жүргізуші

      20. Жұмыс сипаттамасы.

      Темір жолда жүргенде дрезинаны басқару.

      Материал, жабдық, құрылымдарды жұмыс орындалатын жерге тасымалдау және жұмысшыларды алып келу.

      Станция шеңберінде маневрлік жұмыстарды орындау. жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындағанда кран құрылғыларын және басқа да арнайы механизмдер мен құрылғыларды басқару.

      Дрезинада қызмет көрсету және дрезинаны, оның жабдықтарын жарамды етіп ұстап отыру.

      Дрезинаның, көтергіш және басқа да арнайы жабдықтардың ақауын, жою.

      Жоспарлы алдын алу жөндеуге қатысу.

      21. Білуге тиіс:

      дрезинаның, оның механизмдері мен жабдықтарының құрылымы, оларды пайдалану ережесі;

      дрезина жұмысындағы және оның механизмдері мен жабдықтарының жұмысындағы ақаулықтардың себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

      жанар жағар материалдардың сипаттамасы мен қасиеті және оларға қойылатын талаптар;

      адамдарды және жүкті дрезинада тасымалдау ережесі;

      тиеу-түсіру және басқа да кран жабдықтары арқылы орындалатын жұмыстарды өндіру ережесі;

      дрезина тораптарының, дөңгелек жұптарының және кран жабдықтарын техникалық байқау, жөндеу және куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;

      электр техникасы, механика және гидравлика негіздері.

      Магистральды теміржол көлігінің теміржолында алмалы дрезинаны және өнеркәсіптік теміржол көлігі теміржолында алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсету - 3-разряд.

      Жүк тасымалдауға арналған прицеппен жабдықталған алмалы дрезинаны, немесе жүкті тасымалдауға арналған платформамен жабдықталған алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд.

      Жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға арналған мұнара, кран немесе басқа да арнайы механизмдермен жабдықталған карбюраторлы қозғалтқышты алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд.

      Дизель күшті құрылғылы, мұнарамен, кранмен немесе басқа да жөндеу, монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға арналған басқа да арнайы механизмдермен жабдықталған алынбайтын дрезинаны басқару және қызмет көрсетуде - 6-разряд.

      22. Ескерту.

      Дрезина жүргізушінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін жүргізушіден бір разряд төмен тарифтеледі.

      4. Көлік-жинау машинасының жүргізушісі, 3-разряд

      23. Көлік-жинау машинасының жүргізушісі.

      Вокзал маңы және станциялық аумақтардағы, перрондар мен жолаушы платформаларында, көшелердегі қоқыс жүгін тасымалдауда түрлі жүйедегі және жүк көтергішті көлік-жинау машинасын басқару.

      Оны тиеу және түсіруді қадағалау.

      Көлік жинау машинасын жарамды ахуалда ұстау және техникалық қызмет көрсету.

      24. Білуге тиіс:

      көлік жинау машинасының құрылымы, жұмыс істеуі мен қызмет көрсету ережесі;

      қолданылатын отын және майдың түрлері;

      аккумуляторлы батареяларды зарядтау қызметі, мерзімі мен тәсілдері;

      жол қозғалысы ережесі;

      қауіпсіз жүру негіздері.

      5. Локомотив және поезд бригадаларын шақырушы, 2-разряд

      25. Жұмыс сипаттамасы.

      Наряд бойынша, депо бойынша кезекшінің немесе нарядшының нұсқауына сәйкес локомотив және поезд бригадаларын уақытылы шақыру.

      26. Білуге тиіс:

      қала аудандары мен көшелерінің орналасуын;

      локомотив және поезд бригадалары қызметкерлерінің тұратын жерлеріне қалалық көлікпен тезірек бару немесе өту бағытын;

      станциялық және депо жолдарында болғанда қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері.

      6. Польстер қылқалам тоқушы

      1-параграф. Польстер қылқалам тоқушы, 2-разряд

      27. Жұмыс сипаттамасы.

      Польстер қылқалам, буксты жіп, кордты жіп және шпагатты жіптен иірілген біліктердің қапшықтарын қолмен тоқу.

      Жіпті орау және тарқату.

      Буксты жіпті және бауларды бұйым өндірудің техникалық шарттарына сәйкес сұрыптау және дайындау.

      28. Білуге тиіс:

      польстерлі қылқалам және басқа да бұйымдарды жасауда қолданылатын жіптің сұрыптары;

      техникалық шарттарға сәйкес жіптің қасиеті;

      жіпті орау және иіру жолдары;

      польстерлі қылқаламды орауда қолданылатын бауды иіру тәсілдері, даяр бұйымның мөлшері.

      2-параграф. Польстер қылқалам тоқушы, 3-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы.

      Польстер қылқалам, буксты жіп, кордты жіп және шпагатты жіптен иірілген біліктердің қапшықтарын тоқу машинасында тоқу.

      Машинаны іске қосу және тоқтату.

      Инелерін ауыстыру.

      Жіптің тығыздығы мен созылуын реттеу.

      Машинаны тазалау және майлау.

      Даяр бұйымдардың мөлшерін өлшеу.

      30. Білуге тиіс:

      машинаның негізгі бөлшектерінің құрылымы мен өзара іс-әрекеті;

      машинаны іске қосу және тоқтату жолдары;

      жіп нөмірлері;

      тоқу сапасына қойылатын талаптар.

      7. Көшу жөніндегі кезекші

      31. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездардың, автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының тораптағы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.

      Белгіленген тәртіпке сәйкес торап арқылы жүгі көп, көлемді емес, жай жүретін және басқа да машиналарды, механизмдерді жіберуді, мал айдауды ұйымдастыру және реттеу.

      Тораптағы автоматты құрылғылардың, бағдаршам және дабыл қаққышты, прожекторлық құрылғылардың, электр жарық беру, радио және телефон байланысы мен басқа да құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

      Кезекшінің (немесе кезекшілердің) күшімен жөндеуге болатын торап жабдықтарының жұмысындағы анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді жөндеу.

      Автоматты дабыл қағу, автоматты шлагбаумды басқару аспаптарының жарамсыз жағдайында, энергиямен жабдықтаудың бұзылғанда, автоматика және дабыл қағу құрылғыларына қызмет көрсету және реттеу жұмыстарын өндіруде поездар мен көлік құралдарының қауіпсіз жүруін ұйымдастыру.

      Көшті қоршау және белгіленген сигнал беру.

      Өтпелі поездардың жағдайын тексеру, қозғалыстың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жылжымалы құрамдағы ақаулықтар және жүк тиеуде кемшіліктер табылғанда поезды тоқтату шараларын қабылдау. Торап жабдықтарының, теміржолдың және тораптың барлық аумағы мен шлагбаум шеңберіндегі кіріс жолды күту, тазалықта ұстауды қамтамасыз ету.

      32. Білуге тиіс:

      Торап құрылымын және оны ұстау ережелері;

      торапта орналасқан жабдықтың қызметі принципі, жұмысынан ақау табу және жою;

      көлік құралының торап бойынша қозғалысын реттеу тәртібі;

      жол жұмыстары кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;

      тораптарды құру және күту бойынша нұсқаулық;

      сол торапты күту бойынша жергілікті нұсқаулық;

      торапта автоматика құрылғысын қолдану тәртібі туралы жергілікті нұсқаулық;

      тораптағы кезекші үшін қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария бойынша типтік нұсқаулық, теміржол торабы бойынша жол қозғалысы ережесі.

      Қиылыста орналасқан тораптарды күту кезінде:

      Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 поездға дейін теміржолдар, сонымен қатар қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды станциалық және кіріс жолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 3000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 17-100 поездға дейін теміржолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 1000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 101-200 поездға дейін теміржолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 200 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар - 2-разряд.

      Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 поездға дейін теміржолдар, сонымен қатар қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды станциялық және кіріс жолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 3001-7000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 17-100 поездға дейін теміржолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 1001-3000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 201-1000 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 200 поездға дейін теміржолдар - 3-разряд.

      Қозғалыс интенсивтілігі күніне 16 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 7000 поездға дейін теміржолдар;

      қозғалыс интенсивтілігі күніне 300 автокөлікке дейін автокөлік жолды қозғалыс интенсивтілігі күніне 100 поездға дейін теміржолдар - 4-разряд.

      8. Бұрма постының кезекшісі

      33. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездарды қабылдау, жіберу және маневрлау жұмыстары үшін бағдар жасауда орталық емес бұрмаларды бұру және бекіту.

      Поезды қабылдайтын жолдардың бостығын тексеру, поездардың толық құрамда келуін және жөнелтілуін бақылау.

      Құрамдар мен вагондарды тежегіш башпақтармен тежеу және бекіту.

      Жарық беретін бұрма көрсеткіштерін, аударма бұрмаларды, керек-жарақтарды және дабыл заттарын жарамдылықта және тазалықта ұстап отыру.

      Босаған болаттар мен шуруптардың техникалық жағдайын бақылау, бекіту, бұрма бөлшектерін майлау.

      34. Білуге тиіс:

      жол бұру постының аға кезекшісі мен кезекшісінің лауазымдық нұсқаулықтары;

      жүк тасымалдау ережесі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы ережесі мен нормалары;

      жұмысына қатысты станция жұмысының техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі;

      бұрмалардың құрылымы, поездарды қабылдау, жіберу және маневрлау жұмыстары үшін бағдар жасауда орталық емес бұрмаларды бұру және бекіту ережесі;

      бағдарлы-бақылау құрылғысның жұмыс жасау принципі және міндеті;

      бұрма көрсеткіштерін жарамдылықта ұстап отыру ережесі;

      бұрмаларды жарықтандыру тәртібі;

      бұзылған бұрмаларды қоршау ережесі;

      тежегіш башпақтардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі.

      өнеркәсіптік теміржол көлігі станцияларының маневрлік станция аудандарындағы бұру постыларына қызмет көрсетуде – 2-разряд;

      магистральді теміржол көлігі станцияларының маневрлік станция аудандарындағы және тракциялық кәсіпорын жолдарының бұру постыларында; өнеркәсіптік теміржол көлігі стацияларының кернеулі маневрлік аудандарында қызмет көрсетуде - 3-разряд;

      магистральді теміржол көлігі станцияларының кернеулі маневрлік аудандарындағы бұру постыларына қызмет көрсетуде – 4-разряд.

      35. Ескерту:

      Бұрма постының аға кезекшісі өзі басқаратын немесе тізбесін жол бөлімшелерінің басшысы бекітетін поездарды қабылдау, жіберу және өткізу жолдарындағы бұрма постыларына өз бетінше қызмет көрсететін бұрма постыларының кезекшілерінен бір разряд жоғары тарифтеледі.

      9. Тасымалдау құжаттарын жеткізуші, 2-разряд

      36. Жұмыс сипаттамасы.

      Тасымалдау құжаттарын теміржол станцияларының шеңберінде барлық нысандар мен поездарға жеткізу.

      Құжаттарды тіркеуде жүргізілген жазбаға сәйкес құжаттарды қабылдау, олардың санын тексеру.

      Құжаттарды қолхат арқылы тапсыру.

      37. Білуге тиіс:

      құжаттарды қабылдау және тапсыру ережесі,

      құжаттарды тапсыру және қабылдау орындарының орналасқан жерлері мен сол пункттерге өтудің қауіпсіз бағдарлары,

      станция жолдарында болған кездердегі қауіпсіздік техникасы ережесін білу.

      10. Сорғытушы

      1-параграф. Сорғытушы, 2-разряд

      38. Жұмыс сипаттамасы.

      Су тегеуріні шлангілерінің, қол аспаптарының және айлабұйымдардың көмегімен тоннель және станциялық сорғыларды, құдықтарды, кабельді және желдеткіш коллекторларды, станциялық платформаларды, қатты жол тұғырларын, жол жағалары мен метрополитен тоннельдерін шаю және тазарту.

      Су тегеурінді шлангілерді су тегеурінді желіге қосу және ажырату.

      39. Білуге тиіс:

      метрополитеннің қызмет көрсетілетін учаскесінің сорғыту жүйесін шаю тәртібі;

      су құбыр жабдықтарының орналасу орны мен пайдалану ережесі;

      станциялардан және тоннельдерден суды бетіне шығару тәсілдері;

      үшінші контактілі рельсте, бағдаршамдарда, релелік шкафтарда және басқа құрылғыларда кернеулік жағдайында жұмыс істеу ережесі, бекітілген учаске шеңберінде негізгі және транзиттік айдамалардың орналасуы және сорғыту құрылғыларының кескіні;

      су бөлімшелерінің шектері;

      сорғыту жұмыстарын орындауда қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдар.

      Параграф 2. Сорғытушы, 3-разряд

      40. Қолайсыз жерлердегі сорғыларды және станциялардағы, кіреберістегі, съезд камерасындағы және басқа да жерлердегі жабық сорғы жүйесінің күрделі сызба орындарындағы сорғыларды тазалау және шаю.

      41. Білуге тиіс:

      механизацияның қолданылатын құралдары құрылымы және пайдалану тәртібі;

      станция мен туннельдердегі сорғы жүйесі сызбасы және құрылымы;

      химиялық ерітінділер құрамы және дайындау әдістері;

      құрылғылар мен механизмдер жабдығы;

      жабық құбырларды қатты қалдықтардан және бөгде заттардан тазарту технологиясы;

      осы жұмыстарды орындауда қауіпсіздік шаралары - 3-разряд

      11. Жүк поездарының кондукторы

      42. Жұмыс сипаттамасы.

      Магистральды теміржол көлігі жолдарындағы жинақ, шығару, жіберу, шаруашылық поездарына қызмет көрсету.

      Вагондарға жіберу құжаттарын қабылдау және тапсыру, машинистті бағдар парағы бойынша жіберілетін поездың құрамымен таныстыру.

      Өнеркәсіптік кәсіпорын жолдарындағы поездар мен вагондарды қабылдау, тапсыру және қызмет көрсету.

      Ашық жылжымалы құрамдағы поездың дұрыс қалыптастырылуын және жүктердің дұрыс тиелуін тексеру.

      Вагондар мен контейнерлерде жіберілетін жүктің түгел болуын қамтамасыз ету.

      Поезды қоршау және тоқтағанда тежегіш башмақтар мен қол тежегіштерін бекіту.

      Аралық станциялардағы құрама, шығару және жіберу поездарында маневрлеуге қатысатын барлық қызметкерлердің маневрлік жұмыстарын басқару және маневрлік жұмыстарға қатысу.

      Ілеспе поездардың қауіпсіз жүруін және маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Кірме жолдардағы барлық үлгідегі думпкарларды, табольт, хоппер-мөлшерлегіштерді босату.

      43. Білуге тиіс:

      жүктерді тасымалдау ережесі;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесі және нормалары;

      жөнелту, жүру және келу жолдарында поездарды қабылдау, қызмет көрсету және тапсыру тәртібі;

      ашық жылжымалы құрамға жүк тиеу ережесі және вагондар мен контейнерлерді пломбалау;

      поезд құраушысы мен оның көмекшісінің лауазымдық қызмет нұсқаулығы;

      қызмет көрсетілетін станциялардың техникалық-иеленушілік акті және жұмысының технологиялық процесі;

      жүк құжаттарын ресімдеу тәртібі;

      вагон және контейнер құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

      тежегіш башмақтардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

      поездарды қалыптастыру жоспары;

      жергілікті өзін-өзі басқаруға берілген орталықтандырылмаған және орталықтандырылмаған бағыттамалы бұрмалар ережесі.

      Өнеркәсіптік кәсіпорынның кірме жолдарындағы барлық жүк поездарға қызмет көрсетуде - 2-разряд;

      шаруашылық поездардың темір жол желілеріне қызмет көрсетуде - 3-разряд;

      құрама, шығару және жіберу поездардың темір жол желілеріне маневрлік жұмыстармен қызмет көрсетуде - 4-разряд;

      құрама поездар желісі темір жолдарда қызмет көрсетуде - 5-разряд;

      жүк поездарының кондукторының жұмысы кезінде аралық станциялардағы маневрлік жұмыстарды орындай отырып шығару, жіберу және құрама поездардың теміржол желілеріне қызмет көрсетуде - 6-разряд.

      44.Ескерту:

      Жүк поездарының бас кондукторы тиісті қызмет көрсетілетін поездың кондукторы үшін көзделген разрядтан бір разряд жоғары тарифтеледі.

      12. Автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы

      45. Жұмыс сипаттамасы.

      Автоматты жіберу пункттеріне қызмет көрсету.

      Тиын қабылдағыш, жарық таблоларының, автоматты жіберу пунктінің саңылауларының жарамдылығын бақылау.

      Жолаушылардың метрополитенді пайдалану ережесін орындауын бақылау.

      Жіберу пункті арқылы өтетін жолаушылардың билетін және жүру құжаттарын тексеру.

      Жүк алып өтудің құнының толық төленуін және жолаушылардың үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

      Жинақтағыштардағы құралдардың ақаулықтарын жою үшін слесарь электрикті шақыру.

      Метрополитенмен бару бағдары туралы жолаушыларға түсіндіру беру.

      46. Білуге тиіс:

      автоматты жіберу пункттерін қолдану принципі және пайдалану, ақаулықтарды анықтау және жою ережесі;

      метрополитенмен жүру құқығын беретін жол жүру құжаттарының түрлері;

      метрополитенді пайдалану ережесі.

      Тәулігіне 25 мың адамға дейін жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде қызмет көрсету кезінде – 2-разряд;

      тәулігіне 40 мың адамнан көп жолаушыларға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

      тәулігіне 40 мың адамнан көп жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде немесе теміржол вокзалы мен станциясына жанасатын метрополитен станциясының автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.

      13. Теміржол қатынас жолы жағдайын бақылаушы

      47. Жұмыс сипаттамасы.

      Теміржол қатынас жолын, бағыттамалы бұрмаларды, жер төсемін белгіленген мерзімде сырттай бақылау.

      Теміржол қатынас жолын, бағыттамалы бұрмаларды белгіленген кесте бойынша жолды өлшеудің қол құралдарымен тексеру, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

      Теміржол қатынас жолының жоғарғы құрылысы мен жер төсемі элементтерінде көрінетін ақауларды анықтау.

      Ауыстыруды қажет ететін шпалдарды тексеру және таңбалау, рельстер мен бағыттамалы бұрмалардың металл бөліктерін тозуын өлшеу.

      Анықталған ақаулар бойынша белгіленген есепті жүргізу.

      Ақауларды жою және орындалған жұмыстардың сапасын бақылау.

      48. Білуге тиіс:

      Теміржол қатынас жолы мен жасанды құрылыс құрылғысы;

      ағымдағы жұмыстар мен теміржол қатынас жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесі мен технологиясы;

      теміржол қатынас жолының ағымдық құрылысы бойынша нұсқау;

      теміржол қатынас жолының жоғарғы құрылысы мен жасанды құрылысы элементтері ақаулары түрі;

      жылжымалы құрам мен құрылыстың жақындау габариті;

      ағымдық жұмыстар мен теміржол қатынас жолы, жасанды құрылыста қолданылатын құрал-саймандар көмегімен өлшемдер жүргізу ережесі.

      49. Орта кәсіптік білім қажет.

      Жүк кернеулігі 5 млн. тонна-километр брутто/км-ге дейінгі теміржол қатынас жолының жалпы қолданысқа арналмаған мен жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд.

      Жүк кернеулігі 5-25 млн. тонна-километр брутто/км теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 6-разряд.

      Жүк кернеулігі 25-50 млн. тонна-километр брутто/км теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде немесе сұрыптаудан басқа I класты және кластан тыс теміржол станцияларынан тұратын теміржол аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде - 7-разряд.

      Жүк кернеулігі 50 миллион (далее - млн.) тонна-километр брутто/км-ден жоғары теміржол қатынас жолының жалпы қолданыстағы аумақтарындағы жұмыстарды орындау кезінде немесе сұрыптау станциясынан тұратын теміржол аумақтарында;

      жылдам және өте жылдам қозғалысты аумақтардағы жұмыстарды орындау кезінде - 8-разряд.

      14. Депо паровоздарының кочегары, 3-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы.

      Деподағы ыстық паровоздарға және оған жолда қызмет көрсету.

      Желідегі жұмысқа оларды уақытылы даярлау.

      От жағу, қазандық, арматура, сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру.

      Қазандықтардағы будың талап етілетін қысымы мен судың қалыпты деңгейін ұстап отыру.

      Қазандық жұмысын реттеу.

      Суық паровоздарды отын және суға толтыру.

      51. Білуге тиіс:

      қазандықтардың, қызмет көрсетілетін паровоздардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы нұсқаулығы;

      өрт қауіпсіздігі ережесі, паровоздарды қатты және сұйық отынмен оңтайлы жылыту режимдері;

      сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс істеу принципі;

      қазандықтардың ақаулықтарының алдын алу және жою тәсілдері, слесарлық жұмыстардың қарапайым тәсілдері;

      депо жолдарының орналасуы.

      52. Ескерту:

      Депо паровоздарының аға кочегары өзі басқаратын депо паровоздарының кочегарларынан бір разряд жоғары тарифтеледі.

      15. Автомотриса машинисі

      53. Жұмыс сипаттамасы.

      Адамдарды тасымалдауға арналған автомотрисаны басқару, темір жолдарда пайдалану және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде контактілі желі құрылғыларын жөндеу және байқау жұмыстарын жүргізу.

      Автомотрисаға техникалық қызмет көрсету.

      Жабдық қозғалтқышын, электр және гидравликалық жабдықтардың, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, автомотрисаның жүрдек бөлшектерін және оның көтерме жабдықтарын жарамды қалыпта ұстап отыру.

      Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.

      Механизмдердің ысқылайтын бөліктерін майлау.

      Жоспарлы-алдын алу жөндеуіне қатысу.

      54. Білуге тиіс:

      автомотриса құрылымы, оны жабдықтау және жүргізу ережесі;

      автомотриса механизмдерінің ақаулық себептері және алдын алу, жою;

      қолданылатын отын және майлайтын материалдардың түрлері мен сапасы; олардың шығу нормасы;

      бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

      автомотриса тораптарын, дөңгелек жұптарын техникалық байқау түрлері, мерзімдері, жөндеу және куәландыру;

      адамдарды тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі;

      электр техникасы, радиотехника, гидравлика және механика негіздері.

      Бензин қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;

      қуаттылығы 220 кВт-қа дейінгі дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 6-разряд;

      қуаттылығы 220 кВт-тан асатын дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 7-разряд.

      55. Ескерту:

      Автомотриса машинисінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.

      16. Газ тұрбасын тасымалдау машинисі

      56. Жұмыс сипаттамасы.

      Газ тұрбасын тасымалдау басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен, поезд салмағынан тәуелді жүк поездын енгізу, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Отынның минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.

      Газ тұрбасын тасымалдауын қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, газдылықты бақылау жүйесін қарау және қызметтерін тексеру, өртті анықтау және сөндіру, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

      Газ тұрбасын тасымалдау жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Газ тұрбасын тасымалдауының құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.

      Газ тұрбасын тасымалдауының тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Газ тұрбасын тасымалдау машинисіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес газ турбовозына техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Газ тұрбасын тасымалдаушының механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаған кездегі жағдайын тексеру.

      Теміржол қатынас жолында маневрлік жұмыстарды орындау. Газ тұрбасын тасымалдаудағы немесе поезд құрамындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Газ тұрбасын тасымалдау машинисін, сонымен қатар, "газ тұрбасын тасымалдау машинисінің көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды газ тұрбасын тасымалдаушыны күту, қызмет көрсету және басқарудың ұтымды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      57. Білуге тиіс:

      Газ тұрбасын тасымалдаушы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      газ тұрбасын тасымалдаушыны пайдалану кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

      теміржол қатынас жолы сызбасы;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      газ тұрбасын тасымалдаушыны пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және темір жолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      темір жолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі;

      назды қолданатын құрылғыны қауіпсіз қолдану негіздері;

      электр техникасы негіздері.

      58. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      17. Дизель пойыз машинисі

      59. Жұмыс сипаттамасы.

      Дизель пойызды қозғалыс кестесін сақтай отырып, теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді бекітілген жылдамдықпен дизель пойызды басқару және енгізу.

      Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

      Дизель пойызды дизельдік отынды минимум шығындау кезінде енгізудің рационалды режимдерімен қамтамасыз ету.

      Дизель пойызды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, торап, электрлік, механикалық, тежегіш және қосымша жабдықтар, бақылау-өлшеу аспабы, радиобайланыс және дөңгелек жұп астына топырақ төсеу құрылғысын қарау және қызметін тексеру.

      Дизель поезды жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинист көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес дизель пойызына техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Жолаушылардан дизель пойызы қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

      Дизель пойыздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде дизель пойызын тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Дизель пойызы машинистін, сонымен қатар, "дизель пойызы машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды дизель пойызына қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      60. Білуге тиіс:

      Дизель пойызы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      дизель пойызын пайдалану кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      дизель пойызына ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелерінің негізгі тәртібі;

      отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары міндеті және орнатылуы;

      тораптар мен дөңгелек жұптарын техникалық тексеру, жөндеу, куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;

      электр техникасы, радиобайланыс негізі;

      гидро хабар жұмысы принципі және негізгі функциялары;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және темір жолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      темір жолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі.

      61. Кәсіптік дайындық пен дизель пойызын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      18. Теміржол - құрылыс машиналарының (жол) машинисі

      62. Жұмыс сипаттамасы.

      Теміржолдардың, жасанды имараттардың, жер төсемдерінің және балласт призмалардың беткі құрылымын салу, жөндеу және ағымдағы ұстап отырудың технологиялық процесіне сәйкес түрлі үлгідегі және қызметтегі машиналарды, күш құрылғыларын және жекелеген жұмыс тораптары мен механизмдерін басқару.

      Машиналарға техникалық қызмет көрсету.

      Машиналардың жұмыс процесінде кемшіліктерді анықтау және жою.

      Жабдықтарды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

      Жанар және жағар май материалдарын құю.

      63. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызметі, құрылымы, пайдалану ережесі және орындалатын жұмыстардың технологиясы;

      ақаулықтардың пайда болу себептері мен олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      электр, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережесі және орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережесі және нормалары,

      жол жұмыстарын жасауда поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары,

      теміржолдардағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыстардың нұсқаулықтары,

      теміржолдарда белгі беру нұсқаулықтары,

      теміржолды техникалық пайдалану ережесі (сәйкес көлемде);

      жағар, жанар май материалдары мен электр энергиясының шығу нормалары.

      Рельс плетьтерді тасымалдауға арналған машиналар мен арнайы құрамды басқаруда - 4-разряд;

      түзету-қағу-өңдеу машинасын (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен дизель-генератор құрылғылар), думпкарларды, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), плуг қар тазалағыштарды, құрастырмалы әмбебап машинаны, жол жоңғысын, жол көтергіштерді, жол жөндегіштерді, тар жол салғыштарды, кең жол салғыштарды (жүк көтергіштер мен жентек қалау немесе жүктеу кранын), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, хоппер-мөлшерлегіш, қиыршық құмнан тазалайтын машинаны (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен күш құрылғылары) басқаруда - 5-разряд;

      балласттау машинасын, балласт тығыздау машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу-өңдеу машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу рихталау машинасын, звено құрастыру және звено бөлу машинасын, қазандық қазатын, тал шыбық кесетін машиналарды, клемді және салма болттарды бекіту және майлау машинасын, звенолық қалау, тиеу және тасымалдау машиналарын, кюветтерді өңдеу және кесу машиналарын, жол рельстерін өңдеу машиналарын, жол рельстерін пісіру машинасын, кең жолақты жол салғыш, рельс тегістеу поездын, рихталау машинасын, өзі жүретін жол жөндеу машинасын, балласттарды жоспарлау және бөлу машинасын, өзі жүретін рельс тазалау машиналарын, өзі жүретін қар тазалайтын машинаны, шпал ауыстыратын машинасын, электр жетекті жұмыс органдары машиналарын, қар тазалайтын поездарды, балласттарды тиеу және тасымалдау, механикалық түрде түсіру арнайы құрамын, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда - 6-разряд;

      тартатын энергетикалық машинаны, өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған және автоматталған басқару жүйесі бар машиналарды: түзету-қағу-өңдеу машинасын, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, қиыршық құм тазалайтын машинаны, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда - 7-разряд;

      лазер құрылғылармен және микропроцессорлы бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды: түзету-қағу-рихталау машинасын, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жолды жөндеу машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу машиналарын, рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күрделі жөндеу қиыршық құм тазарту машинасын басқаруда – 8-разряд.

      64. Ескерту:

      Теміржол-құрылыс машинасын басқаруға рұқсат берілген жағдайда - машинистінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.

      Теміржол-құрылыс машинасын басқаруға рұқсат берілмеген жағдайда - басшылығында істейтін машинистен екі разрядқа кем тарифтеледі.

      19. Зумпфты агрегат машинисі

      1-параграф. Зумпфты агрегат машинисі, 4-разряд

      65. Жұмыс сипаттамасы.

      Цистернаны вакуум сорғылы зумпфты агрегатпен және қолмен тазалауды басқару. Агрегатты, оның құрылғыларын және жабдықтарына қызмет көрсету және дұрыс жағдайда күту. Су төгетін құрылғының лас жинағышын тазалау. Вакуум сорғына бақылау-өлшеу құрылғысымен жөндеу және реттеу. Цистернаның автоматты дабыл беру жабдығын және толуын шектеуді реттеу. Агрегаттың, лас жинағышты, су төгетін құрылғыны, шлангты лас қойыртпақты ағызып шығаруға дайындығын тексеру. Тексеріс нәтижелерін арнайы журналға жазу. Агрегат электр қуатын, насос құрылғысының автоматикасы мен дабыл беру жабдығын қосу және сөндіру. Метрополитен туннеліндегі лас жинағыш пен су төгетін құрылғыда жиналған лас қойыртпақтарды ағызып шығару. Сусіңгіш қайта айдау құрылғысы жұмысын тексеру және жөндеу. Агрегатты транспорттық жағдайға дайындау. Цистернаны лас қойырпадан қолмен тазалау және белгіленген орынға шығару.

      66. Білуге тиіс:

      вакуум сорғылы зумпфты агрегаты құрылғысы, бақылау-өлшеу құрылғысы, метрополитен жолындағы сусіңгіш қайта айдау құрылғысы (су төгетін құрылғының лас жиниғышы) және жұмыс режимі;

      уақытша кабельді электр қуаты көзіне қосу және өшіру тәртібі;

      агрегатты тексеру және жоспарлы-ескертпе жөндеуді жүргізу тәртібі;

      гидравлика негіздері, электр техникасы.

      2-параграф. Зумпфты агрегат машинисі, 5-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы.

      Қоқыс пульпасын механикалық және гидравликалық түрде түсіретін және вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқару.

      Тұндырғыштарды тазалауда сорғы агрегаттарын басқару. Бақылау-өлшеу аспаптары мен іске қосылуын реттейтін аппаратураның жарамдылығын тексеру.

      Цистерналардан пульпаны түсіру механизмдерін басқару, баптау және реттеу.

      Айдау жұмыстары шарттарына байланысты цистерналарды толтыруға қажетті уақытты есептеу.

      Түрлі үлгідегі вакуум сорғыларды реттеу және сынау.

      Бекітілген агрегаттарға, машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жарамды қалыпта ұстап отыру.

      68. Білуге тиіс:

      механикалық және гидравликалық түсіретін зумпфты агрегаттар мен ил соратын агрегаттардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері;

      зумпфты агрегаттарда қолданылатын түрлі үлгідегі вакуум сорғылардың техникалық сипаттамалары;

      аспаптар мен айлабұйымдар;

      цистерналарды механикалық босататын жабдықтар.

      Өнімділігі сағатына 740 м (3) және одан жоғары, 100 КПА және одан жоғары бәсеңдету деңгейін қамтамасыз ететін 150-57-0-384-290-С-00 үлгісіндегі ротациялық су сақиналы вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқаруда - 6-разряд.

      20. Жуатын құрылғы машинисі

      1-параграф. Жуатын құрылғы машинисі, 2-разряд

      69. Жұмыс сипаттамасы.

      Трамвай вагондарын, троллейбустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды жуу және ысқылауға арналған жуатын құрылғылар мен аппаратураларда қызмет көрсету.

      Қолданылатын жуатын ерітінділерді әзірлеу.

      Пайдалану процесінде құрылғылар мен аппаратуралардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

      70. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін аппаратура мен құрылғының жұмыс принципі;

      жуатын ерітінділерді әзірлеу тәсілдері мен жолдары.

      2-параграф. Жуатын құрылғы машинисі, 3-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы.

      Локомотивтерді, жолаушы және жүк вагондарын, қазандардың сыртқы бетін, цистерналарды, жақтау, арба жаны, электр поезд вагондарын, дизель-поездарды;

      метрополитен тоннельдерін жуатын машиналарды, метрополитен вагондарын жуу және кептіру машиналарын;

      метрополитеннен қоқысты шығаруға арналған контейнерлерді шаю құрылғыларын;

      жылжымалы құрам бөлшектері мен тораптарын шаю машиналарын;

      суды хлорлау құрылғыларын жуатын құрылғыларға қызмет көрсету.

      Қолданылатын ерітінділерді әзірлеу.

      Бақылау-өлшеу аспаптары арқылы қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың жұмыс режимін реттеу.

      Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

      Вагон кузовтарын, локомотив және олардың бөлшектерін жуу сапасын тексеру.

      72. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналар мен құрылғылардың құрылымы;

      бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы;

      метрополитен тоннелін жуу тәртібі;

      қолданылатын ерітінділердің қызметі мен құрамы, жуатын материалдарды қолдану ережесі;

      локомотивтерді, вагондарды, метрополитен тоннельдерін, контейнерлер мен жылжымалы құрам бөлшектерін жууға қойылатын талаптар.

      3-параграф. Жуатын құрылғы машинисі, 4-разряд

      73. Жұмыс сипаттамасы.

      Метрополитеннің жол жиектерінде шаю жөніндегі теміржолмен жүретін мрамор жуатын машинаға;

      Дөңгелекті жұп, томалау мойынтірегі, ауатаратқышты шаю және ысқылау машиналары мен құрылғыларына;

      жылжымалы құрамды шаю және ысқылау машиналары мен құрылғыларына қызмет көрсету.

      Механизмдердің дұрыс жұмыс істеуін сыртқы белгілері бойынша тексеру.

      Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      Шаю сапасын тексеру.

      Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

      74. Білуге тиіс:

      теміржолмен жүретін мрамор машина және автоматты ағынды конвейерлі желідегі жылжымалы құрамды шаю және ысқылау құрылғыларының құрылымы;

      метрополитен қабырғаларын қаптау материалдарының қасиеті;

      электр техника негіздері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жолдары.

      21. Мотовоз машинисі

      75. Жұмыс сипаттамасы.

      Мотовозды басқару.

      Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, жұмысшыларды тасу және материалдарды тасымалдау жұмыстарын орындау. Станцияларда, түйін жинау базаларында маневрлік жұмыстарды орындау, жол машиналары қозғалысы, жол машиналардың жарамды бөліктері қуаты.

      Газ баллон және газ генератор мотовоздарына қызмет көрсетуде дизельді, электр жабдықтарын, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, сигнал беру және жүретін бөлшектерін, оның көтергіш жабдықтары мен газ тарату механизмін жарамды қалыпта ұстап отыру.

      Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.

      Прицеп платформалардағы жүктің дұрыс тиелуін және бекітілуін қадағалау.

      Дизель механизмдерінің, бактардың, салқындату жүйесі мен мотовоз бөлшектерін майлау және толтыру.

      Мотовозды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

      76. Білуге тиіс:

      мотовоз құрылымы және оны жүргізу ережесі;

      мотовоз механизмдерінің жұмысындағы ақаулық себептері, олардың алдын алу және жою тәсілдері;

      жанар-жағармай материалдары сипаттамасы және қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

      бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен құрылымы;

      мотовоз тораптарын, дөңгелек жұптарын және оның кран жабдықтарын техникалық байқау, жөндеу және куәландыру ережесі, түрлері, мерзімдері;

      тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі мен тәсілдері;

      адамдар мен жүктерді мотовозда тасымалдау ережелері;

      электр техникасы, механика және гидравлика негіздері.

      Кең рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталмаған тар рельсті теміржолдарда жұмыс істейтін мотовозды басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд;

      орман және шымтезек таситын тар рельсті уақытша теміржолдарда істейтін мотовозды; кең рельсті теміржолдарда істейтін көтергіш кранмен немесе арнайы құрылғылармен жабдықталған мотовозды басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;

      электростанция мотовоздарын; күштеуші генераторлармен, крандармен немесе басқа дизельді қозғалтқыш қуаттылығы 220 кВт дейінгі арнайы құрылғылармен жабдықталған мотовоздарды басқару мен қызмет көрсетуде - 6-разряд.

      77. Ескерту.

      Мотовоз машинисінің көмекшісі басқарып отырған машинисттен бір разряд төмен тарифтеледі.

      22. Теміржол су жабдығының насос құрылғысы машинисі

      78. Жұмыс сипаттамасы.

      Насостық-күш беретін жабдықты, іштен жанып қозғалтқыш, бу қазаны және басқа да насос станциясының жабдықтары: іске қосу, қозғалтқыш пен насостар жұмысы режимін реттеу және тоқтату, насос станциясының құбыры жүйесінде қайта қосу.

      Бақылау-өлшеу аспаптарын бақылау.

      Насос станциясының жабдықтарын ағымдық жөндеу.

      Хлорлау құрылғысы жұмысын басқару.

      Суды хлорлау үшін реагенттерді дайындау.

      Суға қалған хлорға анализ жасау.

      Теміржол станциясының су жабдығы құрылғысына қызмет ету және дұрыс жағдайда күту: арматуралы қысымды ажыратқыш су құбыры жүйесін, су бөлетін кран және құрылыс.

      Бұлақтағы су деңгейін және гидротехникалық құрылыс жұмысын бақылау.

      Санитарлық аймақтарды тиісті жағдайда күту.

      Теміржол станциясының су құбырларын қысқы жұмысқа дайындау.

      Теміржол станциясының поездарын және басқа да техникалық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерін сумен үздіксіз қамтамасыз ету.

      79. Білуге тиіс:

      Насостар мен қозғалтқыштар құрылғысы, қызмет ету принципі, пайдалану ережесі, резервтік энергия жабдығы, насостық станцияның агрегаттарын автоматты басқару;

      Сору, қысымды, ажыратқыш құбыр сызбасы, арматураның құрылымы және құбырға әсері;

      Жолаушылар поезды вагондары, адамдар эшелоны, тасымалданатын жануарлар суаты вагондарына су құю үшін және жылжымалы құрамды жуу үшін теміржол станцияларының, артезиан ұңғымасының, гидротехникалық және суайдауыш құрылысының, су бөлетін мұнара және крандардың су жабдығының қалған элементтері құрылғысы.

      Күніне 500 куб.м.-ге дейін су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;

      күніне 500-100 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

      күніне 1000-2000 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;

      күніне 2000-2500 куб.м. су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;

      Күніне 2500 куб.м.-ден жоғары су беретін насос станциясына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.

      80. Ескерту.

      Теміржол су жабдығы насос құрылғысының аға машинисті өзі басшылық ететін жоғары дәрежелі мамандықты машинисттен бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

      23. Паровоз машинисі

      81. Жұмыс сипаттамасы.

      Паровозды басқару және теміржол қатынас жолы пішінен, поезд салмағынан тәуелді, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықпен поезды енгізу және паровозды басқару.

      Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

      Көмір және мұнай өнімдерінің минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.

      Паровозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

      Паровозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Паровоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.

      Паровоздың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, паровоз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау. Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Паровоз машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес паровозға техникалық қызмет көрсету.

      Бу машинасы, қазан және оның гарнитурасы мен темір арқауын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, оттыққа көмір жіберу немесе мұнай өнімдерін жіберу жабдығын, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Паровоздың механикалық бөлігінің, тұрғызу тораптарының, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаған кездегі жағдайын тексеру.

      Паровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде паровозды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Паровоз машинисті көмекшісін, сонымен қатар, "Паровоз машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды паровозды күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      82. Білуге тиіс:

      Паровоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      паровозды пайдалану кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

      теміржол қатынас жолы сызбасы;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      паровозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      Бу машинасы, қазан және оның гарнитурасы, электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық, тежегіш құрылғысы, көмір жіберу немесе мұнай өнімдерін отыққа жіберу жабдығы ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер; стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы, жылу техникасы, теориялық механика негіздері.

      83. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      24. Құм жіберетін құрылғы машинисі, 2-разряд

      84. Жұмыс сипаттамасы.

      Белгіленген жұмыс режимін сақтай отырып тәулігіне 20 м3-ке дейінгі өнімділіктегі құм жіберетін құрылғыны басқару.

      Құм кептіретін пешті толтыру, кептіру және құм тарататын бункерлерге құм жіберу.

      Компрессор және оның электр қозғалтқышын тексеру.

      Құрылғы механизмдерінің бөлшектерін майлау.

      85. Білуге тиіс:

      құрылғыны қолдану принципі, жұмыс режимдері, басқару және күту ережесі;

      құрылғы бөлшектерінің ерте тозуы себептері мен олардың алдын алу тәсілдері;

      қолданылатын майлау материалдарының түрлері мен сапасы;

      майлау режимдері;

      локомотивке салынатын құмға қойылатын талаптар.

      өнімділігі тәулігіне 20-40 кубометр (бұдан әрі мі-ке) дейінгі құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде - 3-разряд;

      өнімділігі тәулігіне 40 мі-ден асатын құм жіберетін құрылғыны басқару және қызмет көрсетуде - 4-разряд.

      25. Көпір бұру және көтеру машиналарының машинисі, 4-разряд

      86. Жұмыс сипаттамасы.

      Жұмыстың берілген режимдерін сақтай отырып қуаттылығы 100 кВт-қа дейінгі көпір бұру және көтеру машинасы механизмдерін басқару.

      Машина жұмысындағы кемшіліктерді айқындау және оларды жою.

      Машина механизмдерінің бөлшектерін майлау.

      87. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен жұмыс режимдері;

      машина жұмысындағы ақаулық себептері, басқару және күту ережелері;

      электр техника негіздері.

      Қуаттылығы 100 кВт-тан жоғары көпір бұру және көтеру механизмдерін басқаруда - 5-разряд.

      26. Рельстік автобус машинисі

      88. Жұмыс сипаттамасы.

      Рельстік автобусты басқару және теміржол қатынас жолы пішінен тәуелді, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықпен рельстік автобусты басқару.

      Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және рельстік автобустың сақталуын қамтамасыз ету.

      Дизельдік отынның минимум шығынында рельстік автобусты енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.

      Рельстік автобусты қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

      Рельстік автобусты жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Рельстік автобустың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, рельстік автобус қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Рельстік автобус машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес рельстік автобусқа техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Рельстік автобус жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Жолаушылардан рельстік автобус қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

      Рельстік автобустағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – рельстік автобус тұрған теміржол аумағын рельстік автобустың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде рельстік автобусты тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Рельстік автобус көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.

      Рельстік автобусты пайдалану кезінде оған қызмет көрсететін жұмысшылар жұмысын басқару, қызметтерін бақылау.

      Рельстік автобус машинисті көмекшісін, сонымен қатар, "рельстік автобус машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды рельстік автобусты күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      89. Білуге тиіс:

      Рельстік автобус құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      рельстік автобусты пайдалану кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      рельстік автобусына ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелерінің негізгі тәртібі;

      дизельдік отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары міндеті және орнатылуы;

      тораптар мен дөңгелек жұптарын техникалық тексеру, жөндеу, куәландыру ережесі, түрлері және мерзімі;

      электр техникасы, радиобайланыс негізі;

      гидро хабар жұмысы принципі және негізгі функциялары;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі.

      90. Кәсіптік дайындық пен рельстік автобусты басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      27. Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі

      91. Жұмыс сипаттамасы.

      Кірме және таразылау жолдары шегінде оларды жылжыту кезінде өзі жүретін салмағын тексеретін вагонды және өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды басқару.

      Кран балканың көмегімен жолдағы өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларды түсіру және орнату.

      Өзі жүретін салмақ тексеретін арбаларға үлгілік гирлерді салу.

      Вагон таразыларын, бақылау-таразы платформалар мен тауар таразыларын тексеру.

      Электр станция қозғалтқыштарына, көтергіш-көлік жабдықтары мен жетектеріне қызмет көрсету.

      Салмақ тексеретін вагон қозғалтқыштары мен жабдықтарын баптау және реттеу.

      Үлгілік гирьлердің жарамдылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тексеру таңбаларын тексеру.

      Салмақ тексеретін вагондардың жабдықтары мен құрылғыларын жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу.

      Поезд құрамына қосқаннан кейін оны өз бетінше жылжыту және тоқтату кезінде вагонның салмағын өлшейтін вагон механизміне қосу.

      92. Білуге тиіс:

      салмақ тексеретін вагон құрылымы;

      салмақ өлшейтін вагон құрылымы және пайдалану ережесі өлшейтін вагонды техникалық тексеру, жөндеу және куәландыру ережесі мен мерзімдері,

      үлгілік жабдықтар мен арбаларды мемлекеттік тексеру және белгі салу ережесі,

      салмақ өлшейтін құрылғыларды салмақ тексеретін вагонның көмегімен тексеру тәртібі мен әдістері,

      салмақ өлшейтін арбаларға гирь салу ережесі мен тәсілдері,

      вагонға, арбаға және көтергіш-көлік жабдықтарын толтырудың шекті жүктемесі,

      айлабұйымдар мен керек-жарақтарды куәландыру мерзімдері,

      электр техника, жылу техникасы және механика негіздері.

      Жүк өлшеуге арналған статикалық жағдайдағы вагон таразыларға қызмет көрсетуде - 6-разряд;

      Қозғалыста жүкті өлшеуге арналған вагондық электр механикалық таразыларға қызмет көрсетуде - 7-разряд;

      Жоғары дәлдіктегі салмақ өлшейтін эталондық және үлгілік салмақ өлшейтін аспаптар мен таразыларға және тіркеудің электронды құрылғыларымен және өлшеу нәтижелерін қашықтықтан беретін электронды құрылғылармен жабдықталған таразыларға қызмет көрсетуде - 8-разряд.

      93. Ескерту:

      Өзі жүретін салмақ өлшейтін вагон машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.

      28. Тепловоз машинисі

      94. Жұмыс сипаттамасы.

      Тепловозды қозғалыс кестесін сақтай отырып, теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді бекітілген жылдамдықпен тепловозды басқару және поезды енгізу. Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жүк пен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

      Пойызды дизельдік отынды минимум шығындау кезінде енгізудің рационалды режимдерімен қамтамасыз ету.

      Тепловозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, торап, электрлік, механикалық, тежегіш және қосымша жабдықтар, бақылау-өлшеу аспабы, радиобайланыс және дөңгелек жұп астына топырақ төсеу құрылғысын қарау және қызметін тексеру.

      Тепловозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Тепловоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.

      Тепловоздың тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинис көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Тепловоз машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес тепловозға техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Тепловоздың механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаға, кездегі жағдайын тексеру.

      Жалпы қолданыстағы және жалпы қолданысқа арналмаған теміржол қатынас жолында маневрлік жұмыстарды орындау.

      Жүк вагондарын Бекітілген жылдамдықта сұрыптау төбешігінен немесе кескінделіп созылған жолдан тарату, вагондарды жүк пен техникалық операцияларды өндіру пунктінде тиеу-түсіру фронттары бойынша орналастыру.

      Тепловоздағы немесе поезд құрамындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Тепловоз көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.

      Тепловоз машинисті көмекшісі, сонымен қатар, "тепловоз машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды тепловозды күту, қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      95. Білуге тиіс:

      Тепловоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      тепловозды пайдалау кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

      теміржол қатынас жолы сызбасы;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      тепловозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      96. Кәсіптік дайындық пен тепловозды басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      29. Тартым агрегатының машинисі

      97. Жұмыс сипаттамасы.

      Тартым агрегатын жолдың сұлбасы мен құрамының салмағына байланысты басқару.

      Поездарды құру станциясында маневрлік жұмыстарды орындау.

      Жүк тиеу және жүк түсіру жұмыстары кезiнде думпкарларды беру.

      Тау-кен массасын разрезден шығару.

      Думпкарларды тіркеу және ажырату.

      Қолдық көрсеткіштерін бұру.

      Поездың жүру кезiнде тежегiштерді басқару.

      Тартым агрегатын жабдықтау және құм жабдығына құм салу.

      Тартым агрегатын қорғайтын бақылау-өлшеу құралдарыныңкөрсеткiштерiн байқау.

      Басқару механизмдерi мен жүріс бөлшектерiн тексеру және сынау.

      Жұмыстағы жүріс бөлігін ақаулықтарды жою.

      Жөндеу жүргiзу.

      98. Бiлуге тиiс:

      Тартым агрегатының техникалық сипаттамаларын, құрылымын, жол сұлбасын, оның жағдайын, станциялар мен аралықтардағы жолдар және дабылдарды нөмiрлеудi;

      жұмыстың әр түрлі жағдайларында локомотивтің (тартым агрегатының) тартым сипаттамаларын, жол схемаларын;

      коммутациялар мен энергиялық қуат көзiн;

      тежегiш құрылғылар жүйесiн;

      бағыттамалы бұрмалар құрылымын;

      поездарды тіркеу және ажырату ережесін;

      рельстан шығып кеткен тартым агрегаты мен думпкарларды көтеру үшін қолданылатын тәсілдер мен құрылғыларды;

      аккумуляторлы батарейлер құрылымын, оларды зарядтау және күтiп ұстayды ережесiн;

      байланыс iлмектерiн жерлендіру ережелерi мен тәсілдерін;

      дабылдар және дабыл беру құралдарының міндеті;

      тораптарды, тартым агрегаты машиналарын қабылдау және оларға

      қызмет көрсету тәртібін;

      майлау жүйелерi мен қолданылатын майларды;

      электротехника және слесарлық ic негiздерiн, жөндеу жүргiзу тәртібін;

      локомотив құрамын тиеу және түсіру ережелерiн;

      поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөнiндегi нұсқаулықтарды;

      лауазымдық нұсқаулықтарын локомотив машинистері үшiн еңбекті қорғау жөнiндегi үлгілік нұсқаулықтарды.

      30. Жинайтын машина машинисі

      99. Жұмыс сипаттамасы.

      Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын механизацияланған жинау кезінде қолданылатын түрлі үлгідегі жинайтын машиналарды басқару.

      Қолданылатын машиналарды техникалық қызмет көрсету.

      Машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

      Жуатын қоспаларды дайындау және машиналарға салу.

      Станцияның вестибюль алды аумағының машиналар кіре алмайтын жерлерін қолмен тазалау.

      100. Білуге тиіс:

      қолданылатын машиналардың қызметі мен құрылымы;

      оларды пайдалану ережесі мен нұсқаулықтары, жуатын құрал қоспаларын әзірлеу технологиясы мен оларды пайдалану ережесі;

      Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын ұстау жөніндегі санитария және гигиена талаптары.

      Метрополитен станциялары мен жолаушылар тасқыны күніне 80 мың адамға дейінгі теміржол вокзалы ғимаратын тазалауда қолданылатын тазалау машинасын басқаруда - 3-разряд;

      Метрополитен станциялары мен жолаушылар тасқыны күніне 80 мың адамнан көп теміржол вокзалы ғимаратын тазалауда қолданылатын тазалау машинасын басқаруда - 4-разряд.

      31. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

      1-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі, 3-разряд

      101. Жұмыс сипаттамасы.

      Сағатына 150 м3-ке дейін су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.

      Жабдықты іске қосу, тоқтату, жұмыстарына қажет параметрлерді ұстап отыру.

      Тартып алынатын сұйықтықтың жіберілуін реттеу.

      Мұнай өнімдерін құюда және оны сақтау немесе тұтыну орнына жіберуде қыздыру.

      Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, сүзгілердің жағдайын, тартатын магистральдардағы қысымды қадағалау және оларды тазалау.

      Цистерналар мен сыйымдылықтардағы мұнай өнімдерін тартып алу.

      Шаятын эстакадалардағы және басқа да шаятын-булайтын станция нысандарындағы жұмыс орындарын үздіксіз цистерна дайындау технологиясы талаптарына сәйкес сумен және ерітінділермен қамтамасыз ету.

      Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен рефрижераторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету.

      Дизель отын, май, тұздық және басқа да құрылғы жабдықтарына арналған тұздық, су және отын сорғыларын, сыйымдықтарын жарамды қалыпта ұстап отыру.

      Аммиак, фреон, пропан-бутан баллондарды және басқа хладагенттерді, қатты отын және ысқылау материалдарын техникалық талаптарға сәйкес сақтауды қамтамасыз ету.

      Жабдық жұмысы туралы журналдағы жазбаны жүргізу.

      102. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін агрегаттардың, аспаптар мен жабдықтардың құрылымы;

      қолданылатын механизмдер, аспаптар, керек-жарақтар мен айлабұйымдар және оларды пайдалану ережесі,

      жалпы және арнайы сыйымдылықтардың, соратын және қысып толтыратын құбыржолдардың орналасу тәсімдері,

      вакуум құрылғылар мен мұнай тұтқыш арқылы өтетін мұнай өнімдерінің атауы мен сұрыптары,

      механизмдердің, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы кемшілік себептері, оларды жою тәсілдері,

      электр техника, гидравлика және механика негіздері;

      коммуникациялық және тарату желілері;

      қысыммен істейтін баллондарға қызмет көрсету ережесі.

      2-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі,

      4-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы.

      Сағатына 150 м3-тен асатын су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.

      Рефрижераторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету.

      Сорғылардың, сыйымдылықтар мен басқа да байыту құралдарының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою.

      104. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикалық тәсімдері мен жұмыс режимдері;

      жанар жағар және ысқылау материалдарының, хладагенттер мен қатты отын сипаттамалары.

      3-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

      5-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы.

      Мұнай өнімдерін және рефрижераторлық жылжымалы құрамды байытуға арналған дизель отынды қабылдауға арналған жоғары дәлдіктегі отын салатын және май құятын колонкаларға қызмет көрсету.

      "Хладон-12" хладагент сыйымдылықтарын вакуумдау және зарядтау құрылғыларына қызмет көрсету.

      Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

      Жоғары деңгейде тазаланған мұнай өнімдерін (реактивтік отын, авиабензин) құятын цистерналарды өңдеу және шаюды қамтамасыз ететін машиналарға, жабдықтар мен аспаптарға қызмет көрсету және реттеу.

      106. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың кемшіліктерін жою тәртібі мен байыту технологиясы;

      жоғары қысымдағы жабдықтармен және байыту құралдарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі;

      электр техника, гидравлика және кинематика негіздері.

      32. Электровоз машинисі

      107. Жұмыс сипаттамасы.

      Электровозды басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді электровозды енгізу.

      Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

      Электр энергиясының минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.

      Электровозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

      Электровозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Электровоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинист көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес электровозға техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Электровоздың механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаған кездегі жағдайын тексеру.

      Деполық және станциялық жолдардағы маневрлік жұмыстарды бекітілген жылдамдықпен орындау.

      Электровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Электровоз көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.

      Электровоз машинисті көмекшісін, сонымен қатар, "электровоз машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды электровозға қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      108. Білуге тиіс:

      Электровоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      электровозды пайдалау кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;

      теміржол қатынас жолы сызбасы;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      локомотивке пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;

      теміржол қатынас жолын техникалық пайдалану ережесі;

      теміржол қатынас жолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулар;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негізі.

      109. Кәсіптік дайындық пен электровозды басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      33. Электр пойызы машинисі

      110. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр пойызын басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді электр пойызын енгізу.

      Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.

      Электр энергиясының минимум шығынында электр пойызын енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.

      Электр пойызын қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.

      Электр пойызын жұмысқа дайындау және жабдықтау.

      Электр пойызының тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.

      Электр пойызы жарығын, жылуын және вентиляциясын қосу және сөндіру.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинист көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Белгіленген дабылдарды беру, пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.

      Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссөздер жүргізу.

      Электр пойызы машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес электр пойызына техникалық қызмет көрсету.

      Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.

      Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Жолаушылардан электр пойызы қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.

      Электр пойызының механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаға, кездегі жағдайын тексеру.

      Электр пойызындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.

      Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде электр пойызын тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.

      Электр пойызы көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.

      Электр пойызын пайдалану кезінде оған қызмет көрсететін жұмысшылар жұмысын басқару, қызметтерін бақылау.

      Электр пойызы машинисті көмекшісін, сонымен қатар, "электр пойызы машинисті көмекшісі" мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды электровозға қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.

      111. Білуге тиіс:

      Электр пойызы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;

      электр пойызын пайдалау кезінде күтім тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;

      теміржол қатынас жолы сызбасы;

      жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;

      электр пойызын пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      электр энергиясын шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;

      электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;

      теміржол қатынас жолын техникалық пайдалану ережесі;

      теміржол қатынас жолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулар;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;

      стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;

      тежегіш башмағын қолдану ережесі;

      поездар қозғалысы кестесі.

      электр техникасы негізі.

      112. Кәсіптік дайындық пен электр пойызын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.

      34. Эскалатор машинисі, 5-разряд

      113. Жұмыс сипаттамасы.

      Тәулігіне 150 мың жолаушыға дейін таситын эскалаторларды басқару және қызмет көрсету.

      Механизмдердің жұмыс режимін олардың жүктемесіне қарай реттеу.

      Эскалаторларды автотелебасқару механизмдері мен құрылғыларды баптау.

      Қызмет көрсетілетін эскалаторларды жарамды қалыпта ұстау және оларды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.

      114. Білуге тиіс:

      эскалаторлардың құрылымы, кинематикалық және электр тәсімдері, баптау тәсілдері;

      барлық үлгідегі эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы;

      жүктемесіне қарай механизмдердің барынша тиімді режимін анықтамасы мен паспорты бойынша айқындау ережесі;

      қызмет көрсетілетін эскалаторлардың ақаулықтарын жою әдістері мен тәсілдері;

      электр жетектерінің жұмыс істеу және эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларын қолдану принципі;

      машинистке белгіленген разрядтан бір разряд төмен көлемде слесарлық жұмыстар.

      Тәулігіне 150 мыңнан 200 мыңға дейін жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету - 6-разряд.

      тәулігіне 200 мыңнан астам жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету; жоғары дәлдіктегі эскалатор электр тәсімдерін аспаптармен тексеру, баптау және реттеу және эскалаторларды басқару тізбектерін бақылау тәсімін жөндеуде - 7-разряд.

      115. Ескерту:

      Эскалатор машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.

      35. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы

      1-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы, 1-разряд

      116. Жұмыс сипаттамасы.

      Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен жеңіл, жүк және арнайы көліктердің шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу.

      Жуатын алаңшаларда су кәріз бұрмаларды ластықтан тазалау.

      Аспап, керек-жарақ, айлабұйым және жуатын алаңдарда тазалықта және жарамды қалыпта ұстау.

      117. Білуге тиіс:

      еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу тәсілдері мен жолдары;

      қолданылатын аспаптың, керек-жарақтар мен айлабұйымдардың қызметі.

      2-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы, 2-разряд

      118. Жұмыс сипаттамасы.

      Өңдеудің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен локомотивтердің, жолаушы вагондарының, электр және дизель поездардың, автобустардың, трамвай және троллейбустардың шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу.

      Көмір салатын жартылай вагондарды тазалау және ыстықтай жуу.

      Еріткіштерді, бензин және керосинді пайдалана отырып теміржол жылжымалы құрамын жөндеу кезінде бөлшектер мен тораптарды тазалау, үрлеу, ысқылау және шаю.

      Жуатын ерітінділерді әзірлеу.

      Қоқыс және көң салатын арнайы пештерде тасымалдау, қалау, биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру.

      Дезинфекциялық-шаятын станциялардың және кешенді вагон дайындау пункттерін жинау.

      119. Білуге тиіс:

      түрлі жуатын ерітінділерді пайдалана отырып шаю және жинау тәсілдері мен жолдары;

      қолданылатын ерітінділердің құрамы және әзірлеу тәсілдері;

      көтергіш-көлік құралдарын пайдалану ережесі;

      қоқыс және көң салатын арнайы пештерде биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру ережесі;

      теміржолдарда жұмыс жасау қауіпсіздігі техникасы ережелері.

      3-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы, 3-разряд

      120. Жұмыс сипаттамасы.

      Дизелді, жүк электрқозғалтқыштарын және жүк жылжымалы құрамының электр жабдығын тазалау, үрлеу, сүрту, жуу.

      Адам, астық және басқа да азық-түлік таситын жүк вагондарын, тірі мал және мал шикізатын салатын вагондарды, рефрижераторлық, изотермиялық және тірі балық салатын вагондардың ішін тазалау, ыстық сумен шаю және дезинфекциялау.

      Механизациялау құралдарын пайдалана отырып тұрып және қатып қалған жүк вагондарын, жолаушылар вагондарының санитарлық тораптарын тазалау.

      Ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, мемлекеттік нан инспекциясы талаптарына сәйкес вагондарды тасуға дайындау жөніндегі технологияда көзделген жұмыстарды орындау.

      Механизациялау құралдары мен жабдықтардың жұмыс процесінде қолданылатын қызмет көрсету.

      Ерітінділерді дайындау, жұмыс, су және бу жіберу режимдерін реттеу, қоқыс тазалау.

      Механизмдер мен жабдықтардың ұсақ ақаулықтарын айқындау және жою.

      121. Білуге тиіс:

      Дизелді, жүк электрқозғалтқыштарын және жүк жылжымалы құрамының электр жабдығын тазалау, үрлеу, сүрту, жуу ережелері;

      жүк вагондарын, жолаушы вагондарының санитарлық тораптарын тазалау, шаю ережесі;

      вагондарды дезинфекциялау ережесі;

      қолданылатын ерітінділердің рецептурасы.

      Ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, мемлекеттік нан инспекциясы талаптары.

      4-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы, 4-разряд

      122. Жұмыс сипаттамасы.

      Теміржол мен метрополитеннің жылжымалы құрамының бөліктерін лас, тот, ескі бояулардан механикаландырылған әдіспен ротациялық құралмен, механизм арқылы тазалау, жоғары қысымды суды пайдалана отырып, сонымен қатар химиялық әдіспен жуу.

      Қолданылатын құралдар мен технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

      123. Білуге тиіс:

      Қолданылатын механизмдер мен құралдарға қызмет көрсету тәртібі;

      жылжымалы құрамды жуу және тазалау кезінде жоғары қысымды су мен химиялық құралдарды пайдаланудың қауіпсіздігі ережелері;

      электр техникасы мен гидравлика негіздері.

      36. Жол жөндеуші

      1-параграф. Жол жөндеуші, 2-разряд

      124. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің өте қарапайым жұмыстарын орындау.

      Балластты жәшігіне норма бойынша толтыру.

      Шпал жәшігіндегі балластты шпал табанына дейін ауыстыру.

      Рельс табанынындағы қалдықтарды алып тастау.

      Ағаш шпалдарды таңбалау.

      Жол және дабыл белгілерін бояу.

      Ескі ағаш шпалдары қатарларға сұрыптау және төсеу.

      Рельс буындарын нөмірлеу.

      Шпалдардағы бұрандама мен бұрандалы шегелерді шөрке кілтпен бекіту.

      Салмалы және клемма бұрандамасын жинақтау.

      Қардан қорғайтын шарбақтың тақталарын алып тастау және төсеу.

      Жолды ажырату және бір сарынға түсіру кезінде қадаларын қағу.

      Бекітпелерді тиеу, тасымалдау және түсіру.

      Жолды қардан қолмен тазалау.

      Шпалдар мен бекітпелерді қолмен жайып салу.

      Шпалдар мен білеулерді антисептикалау.

      Теміржол аралығындағы жол белгілері мен қардан қорғау шарбақтарын орнату және ауыстыру.

      Кюветтерді, су бұрғыш және тау үстіндегі арықтарды тазалау.

      Бекітпелер мен рельстерді лас пен мазуттардан тазалау.

      Жолдарды қоқыстан тазалау.

      Жолдағы өсімдіктерді алып тастау.

      125. Білуге тиіс:

      Жол белгілері мен сигналдар;

      жолдың жоғарғы құрылысын орнату үшін қажет негізгі материалдар түрі;

      жолдың жоғарғы құрылысы мен жер төсемдерін орнату бойынша жалпы ережелер мен оларды пайдалануға қойылатын ережелер;

      жолдың жоғарғы құрылысы мен жер төсемдерінің негізгі элементтері атауы;

      жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау және демонтаждау бойынша қарапайым жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдері.

      2-параграф. Жол жөндеуші, 3-разряд

      126. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің қарапайым жұмыстарын орындау.

      Түйіспелі бұрандаманы бояу және қатайту.

      Шпалдар мен білеулерді, рельстерді және рельс-шпалдық торлама буындарын кран арқылы тиеу, түсіру және жайып салу.

      Шпалдарды эпюра бойынша орналастыру.

      Шпалдардағы саңылауларды электрлік құрал арқылы бұрғылау.

      Рельс-шпалдық торлама элементтерін жеке ауыстыру.

      Жартылай ашық вагондардан балластты түсіру.

      Рельстік саңылауларды гидравликалық екпіндеу аспабымен реттеу.

      Рельс-шпалдық торламаны гидравликалық екпіндеу аспабы тұрғысында реттеу.

      Жолды жолтабан ені бойынша және деңгейі бойынша түзеу.

      Рельстік тораптарды монтаждау.

      Жұмыс өндірісі орындарын дабыл белгілерімен қоршау.

      Балласт призмасын өңдеу.

      Бұрандамаларды қатайту.

      Теміржол аралығындағы балдақтарды қағу.

      Жолдағы және қаттап тастау орындарындағы шпалдарды жөндеу.

      Жырықтар мен қоқыс тіректері құрылғысы.

      Балластты шпал табанынан төмен ауыстыру.

      Рельс-шпалдық торламадағы буындарды жер төсемдеріне жол төсегіш арқылы төсеу.

      Шпал қуаттандырғышты буын жинағыш желісі арқылы күту.

      127. Білуге тиіс:

      Жердің жоғарғы құрылысын орнату үшін қажет материалдар түрлері;

      ағаш шпалды жолдарға қызмет көрсету нормалары;

      жердің жоғары құрылысы орнын реттеу ережесі (жылдамдықты аудандар мен теміржол негізді аудандардан басқа);

      жалпы қолданыстағы электрлендірілген, пневматикалық қол құрылғылары мен гидравликалық аспаптарды қолдану арқылы жұмысты іске асырудың әдіс-тәсілдері;

      гидравликалық құрылғыларды күту ережесі;

      өндіріс жұмыстары орындарын бекітілген сигналдармен қоршау тәртібі;

      жер төсемі құрылысы жұмыстарын қол құрал-жабдықтарын қолдану арқылы іске асырудың әдіс-тәсілдері;

      рельс, пакет, шпал, брус және бекітілген контейнерлерді арқандау әдістері.

      3-параграф. Жол жөндеуші, 4-разряд

      128. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің күрделілігі орташа қарапайым жұмыстарды орындау.

      Рельстерді шпалдар мен брустарға қолмен және балдақ қағатын құрылғымен бекіту.

      Рельстерді төсемдерге клеммалы бұрандамалармен жеке бекітпелермен бекіту.

      Рельстерді электр кескіш станокпен кесу.

      Рельс саңылауларларын электр бұрғысымен бұрғылау.

      Төсемдерді темір бетонды шпалдарға бұрандашегені бекіту мен электр кілтімен бекіту.

      Рельстік саңылауларды гидравликалық екпінді құрылғылармен темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарында реттеу.

      Рельс шпалды торлома орналасуын гидравликалық тегістеуші құрылғымен темір бетонды шпалды жол аудандарында реттеу.

      Қадалар ені мен деңгейі бойынша жолды темір гидравликалық және электрлік құрылғымен және ағаш шпалды аудандарда электрлік құрылғы арқылы өлшеу және түзеу.

      Рельс шпалды торлама элементтерін темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарында жеке ауыстыру.

      Автоматты блокадалаудың рельстік сымдарын жарамды жағдайда күту және жөндеу.

      Аралық және торапты рельстік бекітпені электрлік құрылғы арқылы жинау және бөлшектеу.

      Торап, оқшау рельстік тоғысқан жерлерде және су бұрғыш темір бетонды арнашықтардағы темір бетонды төсемдерді монтаждау және демонтаждау.

      Бағыттамалы бұрмаларды қарау және күту

      Бағыттамалы бұрмалардағы ақауы бар бекітпе бөлшектерін жеке ауыстыру.

      129. Білуге тиіс:

      Темір бетонды шпал, тақта, блокты жол аудандарындағы жолды күту нормалары;

      рельстік сымдары және автоматты блокадалауы бар аудандардағы жолды күтуге ұсынылатын жабдықтар мен талаптар;

      Жолдың жоғарғы құрылысын электрлік, пневматикалық құрылғылар мен механизмерді пайдалана отырып құрылған құрылым орналасуын монтаждау, демонтаждау және реттеу бойынша жұмыстарды өндіру ережесі;

      Электрлі рельс кескіш, электрлі бұрғылау станоктары және электрлік, пневматикалық құрылғыларды пайдалану жабдықтары, ережесі;

      Жолдың жоғары құрылысы құрылымының темір бетонды негізді ауданда орналасуын реттеу ережесі.

      4-параграф. Жол жөндеуші, 5-разряд

      130. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдың жоғары құрылысы құрылымын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің күрделі жұмыстарын орындау.

      Рельстерді ұзындығы бойынша таңдау және оларды бұрыштық және қалып бойынша орналасуын тексеру.

      Бунақсыз жолдағы пісірілген рельсті бунақтардың соңғы орналасуын реттеу.

      Торапсыз жолдағы рельстік бунақты аудандардың ақауларын ауыстыру.

      Рельс шпалды торламаны темір бетонды тақта, блокты жол аудандарында реттеу.

      Қадалар ені мен деңгейі бойынша темір бетонды тақта, блокты жолды өлшеу және түзеу.

      Иірімді орындардағы жолды реттеу.

      Торламасыз жолдағы температураның есептелген аралығына рельстік бунақтарды енгізу.

      Жолдың шөккен жерлерін еселеп дұрыстау.

      Контррельстерді монтаждау және орнату.

      Деңгейлі жабдықтарды монтаждау және демонтаждау.

      Қуып кетуге қарсы құрылғыны монтаждау.

      Рельс шпалды торлама элементтерін торламасыз жол аудандарында жеке ауыстыру.

      131. Білуге тиіс:

      Торламасыз жол мен бағыттамалы бұрма құрылымы, күту нормалары;

      Торламасыз жол монтажын өндіру ережелері;

      Жолдың жоғары құрылысын орналастыру сапасына қойылатын талаптар.

      5-параграф. Жол жөндеуші, 6-разряд

      132. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолдың жоғары құрылысы құрылымын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің аса күрделі жұмыстарын орындау.

      Бағыттамалы бұрма мен олардың шпалдар мен брустарға бекітілген орындарын монтаждау және демонтаждау.

      Жолды жобалы орынға орналастыру үшін жылжытуды есептеу.

      Бағыттамалы бұрма мен бұрмалы механизмді пайдалану кезінде реттеу.

      Релстерді ұзындығы бойынша таңдау және жасанды құрылыстың көпір брустарында бұрыш бойынша орналасуын тексеру.

      Майысу бағыты бойынша имек жолды өлшеу.

      Жолдың айналмалы және ауыспалы қисықтарын жобалы орнына орналастырған кезде нысаналау және ажырату.

      Өсімдіктер өскен кезде және шөккен кезде бағыттамалы бұрма пішінін реттеу.

      Жолдың бұрмалы аудандарына қысқа рельстерді есептеу және таңдау.

      Инвентарлық рельстерді бұрғылау бунағымен ауыстыруға арналған құрылғыны орнату және жанасу тораптарын реттеу.

      Иірімді орындардағы жолды оптикалық аспап арқылы реттеу.

      Түйіндерді түйін жинау желісіндегі жинау станоктарына жинау.

      133. Білуге тиіс:

      Бағыттамыл бұрманы монтаждау және демонтаждау жұмыстарын іске асыру ережелері;

      бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру және реттеу жұмыстарын іске асыру ережелері;

      майысу бағыты бойынша имек жолды өлшеу әдістері;

      жолдың бұрмалы аудандарына қысқа рельстерді таңдау әдістері;

      түйін жинау желісіндегі жинау станоктарының құрылымы және жұмыс жасау принциптері.

      134. Ескерту.

      Күрделі инженерлік геологиясы бар асулы аудандардағы (мари, карсты, батпақ, көмбе мұз, көшкін және басқа), рекуперативті тежегішті аудандардағы жасанды құрылыс пен жер төсеміндегі жолды күту және жөндеумен айналысатын, сонымен қатар сұрыпталатын теміржол станцияларының төбешікті және төбешік асты жолдарында қызмет ететін жол жөндеушілер бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

      37. Айналдыратын дөңгелек моторисі, 2-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы.

      Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивке дейінгі электр немесе пневможетектердің көмегімен айналдыратын дөңгелектерді басқару.

      Айналдыратын дөңгелек фермаларына локомотивтің орнатылуын реттеу.

      Айналдыратын дөңгелек құрылғысына қызмет көрсету, жөндеп ұстау және күту.

      Қызмет көрсетілетін дөңгелекті реттеу және сынау.

      Басқару кабинасында бекітілген магнит жібергіштер мен кнопкалы өшіргіштерді жинау және монтаждау.

      Айналдыратын дөңгелек механизмдерінің бөлшектерін тазалау және майлау.

      136. Білуге тиіс:

      айналдыратын дөңгелектің және оның механизмдерінің құрылымы;

      айналдыратын дөңгелек фермасындағы локомотивті орнату ережесі;

      айналдыратын дөңгелек айлабұйымдары мен механизмдерінің бөлшектерін майлау және күту ережесі;

      дөңгелек жұмысындағы сигнал беру, электр қозғалтқыш режимі.

      Жұмыс көлемі тәулігіне 70 локомотивтен асатын дөңгелекті басқаруда - 3-разряд.

      38. Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис, 3-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы.

      Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай салуға арналған сорғылар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету.

      Паровоз қазандықтарын циркуляциялық салқындату.

      Паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаю және жандырмай толтыру.

      Қазандықты шаюға арналған химикаттарды пайдалана отырып жылы судың берілген температурасын дайындау.

      Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша оның деңгейін және температурасын бақылау және паровоз қазандықтарына су жіберу.

      Паровоз қазандықтарын қысыммен сығымдау.

      138. Білуге тиіс:

      түрлі жүйедегі паровоз қазандықтарының, бу су аккумуляторларының, сүзгілердің, электр қозғалтқыш сорғыларының құрылымы;

      жабдықтарды жөндеу және жарамды қалыпта ұстау ережесі;

      паровоз қазандықтарын жылы күйінде шаж және жандырмай толтыру технологиялық процесі.

      39. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

      1-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы, 4-разряд

      139. Жұмыс сипаттамасы.

      Электрлік, пневматикалық, гидравликалық жол жабдықтарының, рельстерді жөндеуге арналған станок, іштен тұтанатын қозғалтқыштың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу.

      140. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

      қызмет көрсетілетін құрылғыны, станоктарды, ішкі жанып қозғалтқышты баптау және реттеу ережелері;

      ақауларды ескерту және жою әдістері, электр техникасы, пневматика, гидравлика бойынша қажет мәліметтер;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құрал-жабдықтарының міндеті және құрылғысы.

      2-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы, 5-разряд

      141. Жұмыс сипаттамасы.

      Рельстік бунақты, жол өлшеу арбасын тасымалдауға арналған арнайы баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу. Сәйкес бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер ақауларын анықтау.

      142. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы, жол өлшеу арбалары құрылымы;

      оларды баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану ережесі;

      электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика туралы қажет мәліметтер;

      ақауларды ескерту және жою әдістері.

      3-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы, 6-разряд

      143. Жұмыс сипаттамасы.

      Бағыттамалы орындардағы пневмоүрлеу және электрмен қыздыру механизмдерін баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету және алдын ала жөндеу құрылғыларды монтаждау және реттеу, бақылау шкафтары мен электрлі изоляцияларды бақылау және күту, электр жабдықтарын, электр клапандарын реттеу.

      Тораптарды, механизмдер мен жол жоңғыларын, жоңғылы, плугты қар тазалағыштарды, арнайы құрамды басқару жүйесін энергетикалық құрылғылы торапсыз жолдың рельс бунақтарын, құрамдастырылған жолда әмбебап жол машиналарын, қар тазалағыш жоңғыларды, хоппер-мөлшерлегіштер, думпкарларды, жол торларын тасымалдауға арналған машиналарды тасымалдау үшін баптау және реттеу.

      Сәйкес бақылау-өлшеу құрылғысын пайдалана отырып қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер ақауларын анықтау және жою.

      144. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы, қызмет көрсетілетін машинаның электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы туралы қажет мәліметтер;

      ақауларды ескерту және жою әдістері.

      4-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы, 7-разряд

      145. Жұмыс сипаттамасы.

      Тораптарды, механизмдер мен электрлік, пневматикалық, гидравликалық жүйелерді, өзі жүретін жол жөндеу лездемелерін, қар жинайтын поездарды, роторлық қар тазалағыштарды, электрлі балластерлеу, тығыздап жинау машиналарын, жыраларды жөндеу машиналары, жолдағы рельстерді жөндеу машиналары, рельстерді өңдегіш поездар, суаратын поездар, түйіндерді орналастыру машиналары, жол торламасын, бағыттамалы бұрманы, түйін жинағыш, ажыратқыш, шпал жөндеу желісі, ұсақталған тастарды (баластты) тазалағыш машиналары, балдақты қағуға арналған машиналарды, бұта кескіш, рельс пісіргіш машиналары, моторлы-рельсті тасу машинасы, жылжымалы электр станциясын баптау, реттеу, техникалық қызмет көрсету.

      Дефектоскоп параметрлерінің бақылау-құру картасына сәйкестігін тексеру, техникалық параметрлер мен сипаттамалардың техникалық шарттар талаптарына сәйкес жетілдіру және түзеу.

      146. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

      қызмет көрсетілетін машинаның электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы;

      жол машиналары мен дефектоскопты құрылғы ақауларын ескерту және жою әдістері.

      147. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      5-параграф. Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы, 8-разряд

      148. Жұмыс сипаттамасы.

      құрылғылармен, өнеркәсіптік электроника және электронды бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды басқару жүйелерін, жетекті-энегетикалық машиналарды, бұрмаларға арналған түзету-қағу-өңдеу; түзету-қағу-рихталау, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу, кюветтерді өңдеу және кесу; жолды тұрақтандыруға арналған; рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күшейтіп жөндеу машиналарын; клеммді және төсеу болттарын бекіту және майлау машиналарын; балластыны жоспарлау және тарату машиналарын; өзі жүретін рихталау машиналарын; өзі жүретін қар жинайтын машиналарды, қиыршық тасты терең тазалау машиналарын; рихталау агрегаты бар электр балластарды баптау, реттеу және техникалық қызмет көрсету.

      Тораптар, механизмдер, автоматика жүйесі, электроника ақауларын анықтау және жою, жол машиналарын басқару.

      149. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсететін механизмдер құрылғысы;

      электр техникасы, радио техникасы, пневматика және гидравлика аппаратурасы;

      электронды сызбаларда, автоматика, гидравлика құрылғыларындағы ақауларды ескерту және жою әдістері.

      150. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      40. Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы, 6-разряд

      151. Жұмыс сипаттамасы.

      Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратурасын, машина аспаптары мен механизмдерді, түрлі құрылғылар мен дефектоскопты, жол өлшегіш, жол тексеру, габарит зерттеу вагондарын, вагон зертханаларды баптау, реттеу, қызмет көрсету.

      Бақылау-өлшеу вагондарында тұратын бақылау-өлшеу және тіркеу аппаратуралары мен механизмдерінің көмегімен теміржолдар мен басқа да теміржол нысандарының жағдайын бақылау және кемшіліктерді анықтау.

      Бақылау нәтижелері мағынасын ашу.

      Олардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау және пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды жою.

      Техникалық құжаттаманы құрау және жүргізу.

      152. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін аппараттардың, машиналар мен механизмдердің кинематикалық тәсімдері, құрылымы және жұмыс режимдері;

      мемлекеттік стандартта белгіленген құрылым мен жылжымалы құрамның габариттері;

      қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, реттеу және ұстау ережесі;

      ақаулықтарды анықтау және оларды жою тәсілдері;

      бақыланатын нысандарды бақылау нәтижелерін оқу, ақаулықтарын айқындау ережесі мен оларды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағалау нормалары;

      фотохимияны, электр техникасы, электроника, техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.

      Микротәсімдердегі, компьютерлік техникада электронды аппаратураға, электронды акустикалық аппаратураға қызмет көрсете отырып дефектограммаларды оқу жөніндегі жұмыстарды орындауда - 7-й разряд.

      153. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      41. Жолдарды және жасанды ғимараттарды аралап тексеруші

      154. Жұмыс сипаттамасы.

      Қызмет көрсетілетін учаскедегі теміржолдың беткі құрылымын, жер төсемін, жасанды ғимараттарды, опырылған жерлерді, балласты призмаларды, жол жағаларын, су бұратын имараттарды, трамвай жолдарының сыртқы қабатын, ферма алаңдарын, брустарды, перилаларды, көлденең және өтетін бөлік деңгейінде тігінен орналасқан балкаларды, теңдеу құралдарын, көпірдің тірек бөліктерін, портал алдындағы лотоктарды, тоннельдердегі қуыс және камераларды, жол, сигнал беру және тоннель белгілерін, көпір тіректеріндегі белгілерді, қорғалмайтын переездерді, қорғау айлабұйымдарын, алып қашуға қарсы құралдарды, тіректерді, шуруптарды, болттарды, бекітпелерді, бекіту тораптарын, кронштейндерді, рельс саңылауларын, қорғау қабаты қораптарын, контакті рельсін, өртке қарсы керек-жарақты, жұмыс және өлшеу құралдарын, басқа да жабдықтар мен ғимараттарды байқау.

      Жол бетонының және қиыршық тас балласты, кронштейн және контактілі рельс қорғау қораптарының бетін тазалықта ұстау.

      Жасанды құрылыс жағдайына қабырғалары қаптамасын, пилондарды, өтпе тоннельдері үстін, жер үсті станциясы мен вестибюль шатыры жағдайын бақылау.

      Контактілі рельсте жоғары кернеудің жоқ екенін тексеру.

      Деңгейлі рельстер мен рельстік желі араларындағы қалыпты, температуралы, оқшауланған тораптар жағдайын бақылау.

      Контактілі желі, байланыс желісі, өтпелі поездардағы жылжымалы құрам мен жүк сигналдары жағдайын бақылау.

      Поездардың үздіксіз қозғалысына қауіп тудыратын орындарын қоршау.

      Жолда монтерлардың және басқа да жұмысшылардың қатысуын талап етпейтін жөндеу жұмыстары өндірістері ережесіне сәйкес жол және ғимараттардың кемшіліктерінің алдын алу, анықтау және жою.

      155. Білуге тиіс:

      жолдың сыртқы бетінің, жер төсемін, көпір, тоннель және жасанды имараттардың, контактілі рельс және ілетін бөлшектерінің, жоғары кернеуді айқындайтын аспаптардың құрылымы, қызметі және ұстау ережесі,

      жер сілкінгенде, нөсер және тау кен опырылғанда жұмыс өндіруде рельстерді және бекітпелерді қарау, поезд қозғалысы үшін кедергілер табылғанда іс-әрекеттерді, орнату және алып тастау тәртібі;

      бекітпе түйіндер мен қалыпты, температуралы, оқшауланған тораптарды жинау, бөлшектеу әдістері;

      құлау және шөгудің алдын алу;

      Контактілі желіге кернеу беру және алу ережесі, шаруашылық поездарын, жол вагоншесін және арбасын өткізу ережесі;

      жол, жасанды ғимараттардың, контактілі рельстің негізгі ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері;

      байланыс және контактілі желілердің жарамдылығына қойылатын талаптар;

      қызмет көрсетілетін нысандарды байқау тәртібі;

      тоннельдік және басқа да жасанды ғимараттардың құрылымы;

      табиғи және жасанды қоршаулардың құрылым және ұстау ережесі;

      жол және өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану ережесі;

      теміржол қатынас жолы мен жасанды құрылыс аралаушысына, бақылап жүруге қойылған жол жөндеушіге арналған еңбекті қорғаудың типтік нұсқамасы.

      Сағатына 20 поездға дейін қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда - 2-разряд;

      сағатына 20 поездан жоғары қарқынды трамвай қозғалысын байқау және ұстау жұмыстарын орындауда; брутто 12 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жолдарды, метрополитендердегі контактілі рельсті тазалықта және жарамдылықта ұстау жұмыстарын орындауда - 3-разряд;

      метрополитендердегі теміржолда, жасанды имараттарды, брутто 12 млн. ткм-дан 25 млн. ткм-ға дейін теміржол желілерінде немесе класстан тыс стансалары, көпірлері, тоннельдері және басқа да жасанды ғимараттарға ие және қиын жол торапты теміржол тораптарында қызмет көрсетуде, келесіден тұратын:

      үлкен торапты немесе сұрыптау станциясы немесе негізгі деполы станция;

      ұзындығы 50 қума метр көпір, тоннель, басқа да жасанды құрылыстар немесе күшейтілген бақылауды қажет ететін жасанды құрылыс;

      ұзындығы қызмет көрсетілетін аудан ұзындығының 20 % -нан аспайтын, күшейтілген бақылауды қажет ететін ауру жер төсемі немесе өсімдікті жерлер;

      теміржол қатынас жолындағы қызмет көрсетілетін аудандағы жазылмалы ұзындығы 50 % -дан кем емес ұзындықты, бекітілген құлама мен иілмелі кіші радиусты;

      жолдың жазылмалы ұзындығы 10 км-ден артық - 4-разряд;

      1 және 2-класты теміржолды тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын орындауда, теміржолдарға, брутто 25 млн. ткм-нан асатын желілердегі метрополитеннің жасанды ғимараттарын тексеру және қызмет көрсету, немесе электрофицирленген теміржол желілі учаскілерде, түйіспейтін теміржол жолдарында, темір бетонды шпалды теміржол жолдарында қызмет көрсетуде, иілген қіші радиусты, 20 промилле еңісті, контррельсті жол аудандары мен қызмет көрсетілетін аудандағы жазылмалы ұзындығы 25 % -дан кем емес ұзындықты метрополитен жолының күрделі аудандарындағы теміржолды тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын орындауда - 5-разряд.

      42. Дефескопты арба операторы

      156. Жұмыс сипаттамасы.

      Дефескопты арба рельстеріндегі ақаулықтарды анықтау процесін жүргізу.

      Табылған ақаулықтар мен рельс зақымдықтарын егжей-тегжейлі зерттеу және сыныптауышын жүргізу, ақаулықтардың дамуын бақылау, оларды тіркеу және қажетті жағдайларда поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

      Дефескоптарды пайдалану және технологиясы ережелерін сақтай отырып оларды жарамды қалыпта ұстау және техникалық қызмет көрсету.

      Дефескопты арба элементтерін аспаптар бойынша және сыртын тексеріп айқындау.

      Арбаның жеке түйіндері мен механизмдерін бөлшектеу және жинау, оларды жөндеу, қажет болса жаңасына ауыстыру.

      Бақылау тупигіндегі арбалардың жұмысқа жарамдылығын және сезімталдығын тексеру, баптау және реттеу.

      Дефескопты арбаны жөндеуге қатысу.

      157. Білуге тиіс:

      магнитті және ультрадыбысты рельсті дефескоптардың құрылымы мен қызметі;

      рельс ақаулықтарының сыныптауышы мен зақымдықтары және олардың поезд қозғалысына әсері;

      рельстердің қалыпты жұмыс жағдайлары;

      жолдың жоғары құрылысы құрылымы және қызметі;

      электр техника, электроника, металл тану негіздері;

      дефескоптарды ұстау, сақтау және техникалық пайдалану ережесі;

      дефоскоптардың, іздеу құрылғылары мен телефондардың жұмыс қабілетін және шартты сезімталдығын тексеру ережесі;

      аккумуляторлардың құрылымы және олардың алдын алу және қызмет көрсету шараларын жүргізу ережесі;

      жол жұмыстарын жүргізгенде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы.

      Магнит және бір жолды ультрадыбысты дефескопты арбаларда жұмыс орындауда - 4-разряд.

      дефектінің мөлшерін айқындауға арналған электронды сәулелі түтікшемен жабдықталған магнит және екі жолақты ультрадыбысты рельс дефескоп арбаларында жұмыс орындауда - 5-й разряд.

      микропроцессорлық құрылғылы ультрадыбысты және магнитті дефескоп арбаларында жұмыс орындауда - 6-разряд.

      барлық үлгідегі рельсті дефескопты арбаларда жұмыс орындауда және дефескопты теңшеу жұмыстарына қатысуда - 7-разряд.

      158. Ескерту.

      Дефескопты арба жүргізу құқығы бар болса, оператордың басшылығымен жұмыс орындауда дефескопты арба операторының көмекшісі оператордан бір разряд төмен; құқығы болмаса - екі разряд оператордан төмен тарифтеледі.

      43. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

      1-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы, 3-разряд

      159. Жұмыс сипаттамасы.

      Вагон автоматты тежегіштерін орталықтандырылған сынамалаудың басқару пультын жүргізу.

      Поездарды қабылдау және жөнелту кестесіне сәйкес вагон автотежегіштерін тексеру, жөндеу және сынамалау жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындауға арналған техникалық қызмет көрсету пунктімен байланысты ұстап отыру.

      160. Білуге тиіс:

      барлық жүйедегі ауа таратқыш және электр ауа таратқыш жұмысында қолданылатын вагондарды, машинист крандары мен бақылау-өлшеу аспаптарын орталықтандырылған сынамалауды басқару пультының құрылымы;

      вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегішті тексеру және сынамалау техникалық құралдарының орналасу тәсімі.

      2-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы, 4-разряд

      161. Жұмыс сипаттамасы.

      Автоматты қашықтықтан басқару құрылғылары арқылы техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегіштерді сынамалау және поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу.

      Поезд жүріп бара жатқанда жолаушы және жүк вагондарындағы ПОНАБ электронды аспап арқылы букстың қызу деңгейін айқындау.

      162. Білуге тиіс:

      электронды аспаптардың, автотежегіштерді сынамалау поездарының орталықтандырылған қоршау құрылғыларының құрылымы, баптау тәсілдері;

      техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагондардың орталықтандырылған қабылдау-жөнелтуін орналастыру тәсілі.

      3-параграф. Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы, 5-разряд

      163. Жұмыс сипаттамасы.

      Станциялардың мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ, автоматты және ағын депо желілеріндегі жылжымалы құрамды жөндеуді басқару.

      Қызмет көрсетілетін желінің жұмыс істеу режимі мен жүктемесін реттеу.

      Автоматты желі ақаулықтарының алдын алу және жою.

      ДИСК-БКВ-Ц аспаптарында қызмет көрсету және қыздырылған букстарды, жарамсыз дөңгелек жұптарын және сүйретіліп жүрген вагон бөлшектерін анықтау.

      Механизмдерді жөндеуге қатысу.

      Автоматика және вагон жөндеу машиналарын пайдалана отырып вагондар мен контейнерлерді жөндеу жөніндегі өндірістік операцияларды орындау.

      164. Білуге тиіс:

      автоматты желілер мен қосалқы жабдық құрылымдары, пайдалану ережесі;

      жабдықтардың кинематикалық тәсімі және автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті;

      бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, сигнал беру және қызмет көрсетілетін желіні блоктауды пайдалану ережесі;

      вагон және контейнер құрылымдары;

      автоматты желідегі вагондар мен контейнерлерді жөндеудің технологиялық процесі;

      механика және электр техника негіздері.

      44. Жол өлшемдері операторы, 4-разряд

      165. Жұмыс сипаттамасы.

      Жол өлшеу арбасы арқылы кеңдігі мен деңгейіне қарай теміржол жағдайларын тексеру және ақаулықтарын анықтау және рельс өлшеу арбасы арқылы рельстің ұштарындағы тегіс емес жерлерін өлшеу процесін жүргізу. Дұрыс жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған жол өлшеу аппараттарды, рельс өлшеу арбаларын баптау.

      Бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру.

      Рельс ұштарындағы тегіс емес жерлерді тегістеуге қатысу.

      166. Білуге тиіс:

      жол өлшеу, рельс өлшеу арбаларының құрылымы;

      арба аппараттарын баптау ережесі;

      рельс ақаулықтарын айқындау деңгейі мен тозу нормалары.

      45. Орталықтандыру бекеті операторы

      167. Жұмыс сипаттамасы.

      Орталықтандырылған бұрмаларды аудару және орталықтандыру немесе жергілікті басқару пультынан басқару.

      Басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша дұрыс бағдарлауды бақылау.

      Станцияның техникалық-бөлу актілерінде бекітілген ретімен және норма бойынша тежегіш башмақты станциялық жолдағы жылжымалы құрамды бекіту.

      Поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу және маневрлік жұмыс өндірісінде дыбыс және көрінетін сигналдарды жіберу.

      Жолдың бостығын тексеру, орталықтандырылған бұрмаларды курбельмен аудару, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылғанда дұрыс бағдарлауды тексеру.

      Теміржол станцияларының технологиялық жұмыс процесіне және техникалық-тарату актісіне сәйкес маневрлік аудандарда қызмет көрсетілетін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету.

      168. Білуге тиіс:

      сигнал беру, орталықтандыру және блоктау және (СОБ) байланыс құрылғыларының жұмыс істеу принципі, оларды пайдалану ережесі;

      тежегіш башмақтарының құрылымы және оларды пайдалану бойынша ережелер;

      СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы;

      жүк тасымалдау ережесі;

      еңбекті қорғау ережесі мен нормалары;

      теміржол станцияларының тиісті көлемінде техникалық-тарату акті мен технологиялық процесі.

      Бұрма және сигналды орталықтандыру бекетінде қызмет көрсетуде:

      өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында - 2-разряд;

      өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында және магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарында - 3-разряд;

      поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу бағдарларына қатысуда теміржол көлігі магистральды маневрлік аудандарында - 4-разряд;

      магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарда - 5-разряд.

      46. Сұрыптау дөңесінің операторы

      169. Жұмыс сипаттамасы.

      Басқару пультынан механизацияланған және автоматтандырылған сұрыптау дөңесінде құрамды таратуды басқару.

      Сұрыптау паркіндегі құрамды тарату және маневрлік қозғалыс процестерінде ажырату бағдарларын әзірлеу үшін орталықтандырылған бұрмаларды бұру және сигналды басқару.

      Сұрыптау паркіндегі вагондардың арасындағы қажетті интервалды және шекті жылдамдығын қамтамасыз ету үшін вагон тежегіш арқылы вагондардың жылдамдығын реттеу.

      Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша дөңес құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

      Сұрыптау парағы деректері бағдарларына сәйкес қадағалау.

      Ерекше қауіпсіздікті тежегішті талап ететін жүк вагондарын ажырату, құрамды тарату тәртібі туралы ақпаратты жіберу.

      170. Білуге тиіс:

      дөңес құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды өндіруде автоматталған және механизацияланған сұрыптау дөңесінде құрамды тарату және маневрлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығы;

      жүк тасымалдау ережесі;

      еңбекті қорғау ережесі мен нормалары және қауіпсіздік ережесі;

      сұрыптау дөңесі операторының жұмысына қатысты бөліктегі станция жұмысының техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі;

      сұрыптау дөңесі техникалық құрылымының жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесі;

      вагондар нөмірі, сұрыптау дөңесі техникалық құрылымының жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесі.

      Қуаты шағын (тәулігіне 1,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 4-разряд;

      қуаты орта (тәулігіне 1,5 -3,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 5-разряд;

      қуаты үлкен (тәулігіне 3,5 -5,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 6-разряд;

      қуаты үлкен (тәулігіне 5,5 мыңнан астам вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде - 7-разряд.

      47. Вагондарды тексеруші

      171. Жұмыстың сипаты.

      Поездар қозғалысы қауіпсіздігіне, жылжымалы құрам мен әкеле жатқан жүктің сақталуына қауіп төндіретін ақауларды анықтау үшін контейнерлер мен вагондардың үстіне шыға отырып техникалық қызмет көрсету.

      Өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша вагондардың жүру бөлігіндегі, шанағындағы, түйініндегі және бөлшектеріндегі ақауларды анықтау.

      Жүк вагондары мен контейнерлерінің сақталуы, маневрлы жұмыстар мен жүк тиеу, түсіру операциялары кезінде оларға зиян келуінің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру.

      Жолаушылар тасымалдаушы вагондардың электро- радио құрылғыларын техникалық тексерістен өткізу.

      Бүлінген жылжымалы құрамға техникалық құжаттама ресімдеу.

      Контейнерлерге жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету мен олардың герметикалығын анықтау.

      Жөндеуге жататын вагондарға оларды поездардан ағыту арқылы вагондарды шартты белгілеу мен вагондардың сынғаны жөнінде ескерту ресімдеу.

      Поездардан вагонды ажыратып және ажыратпай, алып тасталынатын вагондар жарамсыздығын бормен белгілеп қою және олардың жарамсыздығы туралы хабарлама рәсімдеу.

      Поездардан ажыратпай жоюға арналған вагондар жарамсыздығын бормен белгілеп қою.

      Вагондар мен контейнерлердегі жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау.

      Вагон құрастырушы және вагон жөндеуші кәсіпорындар орындаған жөндеу сапасына бақылау.

      Вагондарды қызмет көрсетілгеннен кейін және жөнделген соң тапсыру.

      Поезды жөндеу кезінде қоршау.

      Поезд вагонының соңын белгілеу үшін дабылды ілу мен ағыту.

      Вагондар мен контейнерлер ақауларын жою бойынша жұмыстарға қатысу.

      172. Білуге тиіс:

      вагондар мен контейнерлер құрылғыларын және оларды техникалық пайдалану;

      вагондар мен контейнерлерге техникалық қызмет көрсету ережелері және оларды жөндеудің жоспарлы түрлерінің мерзімі;

      вагондарды ағытпай жөндеудің ережесі мен технологиясы;

      вагон паркінің сақталуы мәселесі бойынша ереже, нұсқамалық және нұсқау;

      техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесі;

      поездар дабылдарын және жөндеу кезінде поездарды қоршау тәртібі;

      вагондарды тексеру кезінде қолданатын үлгілер, өлшейтін құрал мен оларды қолдану ережелері;

      поездың соңын белгілеу тәртібі.

      Контейнерлік алаңдағы контейнерлерді техникалық қарау және жарамсыздығын жоюда - 2-разряд;

      Контейнерлік алаңдарда, магистральды темір жол көлігінің аралық станциялары мен өндірістік кәсіпорындарының поезд жолдарында орналасқан техникалық қызмет көрсету пункттерінде әмбебап және ірі тонналы контейнерлерге техникалық тексеріс жүргізу мен ақауын жоюда - 3-разряд;

      жүкті тиеу және түсіру станцияларында орналасқан, учаскелік станциялардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарға техникалық тексеріс жүргізу мен ақауларын жоюда және вагондарды жүк тасымалдауға дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыруда - 4-разряд;

      жүкті тиеу және түсіру станцияларында орналасқан, учаскелік станциялардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарға техникалық тексеріс жүргізу мен ақауларын жоюда және вагондарды жүк тасымалдауға дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыруда - 5-разряд;

      жүк түсірудің пневматикалық және механикалық жүйесін тасымалдау мен тексеруді байқау, жөндеу, дайындық кезінде және хоппер (хоппер-мөлшерлеуіш, астық тасымалдаушы вагондар, жентек тасығыштар және тағы басқа) түріндегі вагондарға жүкті бекітуде;

      вагондарға техникалық қызмет көрсету мен ақауды жоюда, жүк тасымалдаушы вагондарды табыстау мен қабылдауда, мемлекет аралық және жол арасындағы табыстау пункттеріндегі басқа жұмыстарды жүзеге асыруда - 6-разряд.

      173. Ескерту.

      Аға вагондарды қараушы өзі басқаратын вагондарды қараушылардан бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

      48. Вагон тексеруші - жөндеуші

      174. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездың қауіпсіз қозғалысына қауіп төндіретін ақаулықтарды анықтау және жою үшін техникалық қызмет көрсету, кузовтарды, раманың жауапты тораптарын, жүріп тұрған бөлшектерін, автотіркегіш құрылғыларды, тежегіштер мен рычагты автореттегіштерді, буксты тораптарды, редукторлы-карданды жетектерді, тоңазытқыш мотор желдеткіш құрылғыларды, электр және радиожабдықтарды, вагон жылыту аспаптарын, едендерді, жабық және изотермиялық вагондардың шатырларын ажыратпай жөндеу.

      Барлық үлгідегі жүк вагондарын жөндеуге арналған күрделі әмбебап құрылғылар мен өзі жүретін машиналарға қызмет көрсету.

      Әмбебап құрылғылар мен машиналардың электр, гидравлика, пневматикалық және көтергіш электр қозғалтқыш жабдықтарын жарамды қалыпта ұстау және жөндеу.

      Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың маневрлік жұмыстарда және тиеу-түсіру операцияларында зақымдануының алдын алу.

      Зақымдалған вагондардың техникалық құжаттамасын ресімдеу.

      Поезд және жекелеген вагондардың техникалық дайындығы туралы ақпаратты жіберу.

      Вагондар мен контейнерлерді техникалық тексеру, жөндеу, жүктің сақталуын қамтамасыз ететін герметикалығын айқындау.

      Наряд, форма, ведомостілерді ресімдеу.

      Жарамсыз вагондар мен контейнерлердің есебіне жүргізу.

      Вагон және контейнерлердің жөндеу жұмыстарының көлемін айқындау.

      Бригада жұмысын ұйымдастыру және басқару.

      Вагондар мен контейнерлердің есебінен шығарылған және зақымдалған керек-жарағына техникалық актілер жасау.

      Поездарды жөндегенде қоршау.

      175. Білуге тиіс:

      вагондар мен контейнерлердің құрылымы;

      бөлшектер мен тораптардың тозу және шекті нормалары;

      жоспарлы жөндеу мерзімі;

      жүкті техникалық тексеру, тасымалдау және сақтау ережесі;

      вагондарды жөндеу ережесі мен технологиясы;

      слесарлық, столярлық және жабын жұмыстарының озық әдістері;

      вагондарды, контейнерлерді жөндеуде қолданылатын өлшеу аспаптары, құралдар мен айлабұйымдар, оларды пайдалану ережесі, жүк сипаттамасы;

      реттеу тәртібінде жіберілетін бос контейнерлерді жолдан жіберу тәртібі;

      өзі жүретін машиналар мен әмбебап құрылғылардың құрылымы, ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері;

      поездарды жөндегенде қоршау ережесі.

      Магистральды теміржол көлігі аралық станцияларында және өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарындағы орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде; контейнерлік алаңшалардағы контейнерлерді техникалық тексеру және жөндеуде - 4-разряд;

      Сұрыптау, учаскелік және аралық станцияларда вагондарға тиеу және түсіру станцияларында орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттарында вагондарды техникалық тексеру және жөндеуде - 5 - разряд;

      Вагондарға жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау, учаскелік сыныптан тыс станцияларында, 1 және 2 сыныпты станцияларда орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде - 6-разряд;

      Вагондарға жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау, учаскелік сыныптан тыс станцияларында, 1 және 2 сыныпты станцияларда орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде - 7-разряд.

      176. Ескерту.

      Аға вагондарды тексеруші жөндеуші өзі басқаратын вагондарды тексеруші жөндеушіден бір разряд жоғары тарифтеледі.

      49. Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы, 2-разряд

      177. Жұмыстың сипаты.

      Вагондар мен контейнерлерге пломбаларды ілу және пломбаларға оттискілер салу.

      Пломбасы бар немесе пломбасыз жүктерді тасымалдауда сым бұрауларын салу, сондай-ақ вагон есіктерін арнайы бекіту құрылғыларымен жабу.

      Пломбаның екі жағынан да оттискілердің анықтығын және сымның бекітілуінің беріктігін тексеру.

      Пломбалау іскенжелерін, пломбаларды, сымдарды сақтау.

      Іскенжелерді күту, оларды майлау, бақылау белгілерін, әріптік және сандық таңбаларды көшіру.

      Пломбалау кітаптарын әшекейлеу.

      178. Білуге тиіс:

      вагондар мен контейнерлерді пломбалау ережесін;

      бұрандарды бекіту ережесін; тетігі мен құралдарын;

      пломбалардың түрлері мен оларды ілу тәсілдерін;

      пломбалау іскенжелері мен пломбалау кітаптарын сақтау тәртібін;

      пломбалау іскенжелерінде бақылау белгілерін көшіру тәртібін;

      пломбамен немесе бұраумен әкелінген жүк түрлерін;

      техника қауіпсіздігін.

      50. Газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекшісі

      179. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды газ турбовозы машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Газ тұрба тасымалдаушыны қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және газ турбовозын жұмысқа даярлау.

      Газ тұрба тасымалдаушыны бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

      Газ тұрба тасымалдауының құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

      Газ тұрба тасымалдаушыны күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ тұрба тасымалдау машинисінің бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында газ турбовозы мен поезды бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекші қайталауын бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Газ тұрба тасымалдаудағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      180. Білуге тиіс:

      Газ тұрба тасымалдаушының қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      газ тұрба тасымалдаушының техникалық сипаттамасы;

      газ тұрба тасымалдаушыны пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері мен көрсеткіштері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      газ тұрба тасымалдаушыны пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      181. Кәсіптік дайындық пен газ турбовозы машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      51. Дизель пойызы машинисінің көмекшісі

      182. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды дизель пойызы машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Дизель пойызын қабылдау және тапсыруға машинистпен бірге қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және газ турбовозындизель пойызын жұмысқа даярлау.

      Дизель пойызын күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша дизель пойызы машинисті бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалысты алдын алу мақсатында дизель пойызын бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, дизель пойызы қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны дизель пойызы машинистімен бірге қайталауын бақылау.

      Дизель пойызы жолаушыларына қалған пункттер мен басқа да ақпараттарды хабарлау.

      Жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Дизель пойыздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      183. Білуге тиіс:

      Дизель пойызының қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      дизель пойызының техникалық сипаттамасы;

      дизель пойызы пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      дизель пойызын пайдалану кезінде ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      184. Кәсіптік дайындық пен дизель пойызы машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      52. Паровоз машинисінің көмекшісі

      185. Жұмыс сипаттамасы.

      Бу машинасы, қазан, механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды паровоз машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Паровозды қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және паровозды жұмысқа даярлау.

      Паровозды бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

      Паровозды құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

      Паровозды күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ турбовозы машинисті бұйрықтарын орындау.

      Оттық және түтіндік қорап пен күлдікті тазалау және толтыру.

      Қазандағы будың қажетті қысымын және судың нормадағы деңгейін қалыпта ұстау.

      Паровозды қысқы жағдайдағы жұмыстарға даярлау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында паровозды бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны паровоз машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Паровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      186. Білуге тиіс:

      Паровоздың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      паровоздың техникалық сипаттамасы;

      паровозды пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні, сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      паровозды пайдалану кезінде ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      бу машинасы, қазан, механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      187. Кәсіптік дайындық пен паровоз машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      53. Рельстік автобус машинисінің көмекшісі

      188. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды рельстік автобус машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Рельстік автобусты қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және рельстік автобусты жұмысқа даярлау.

      Рельстік автобусты күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша газ турбовозы машинисті бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында рельстік автобусты бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны рельстік автобус машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Рельстік автобус жолаушыларына қалған пункттер мен басқа да ақпараттарды хабарлау.

      Жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Рельстік автобустағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      189. Білуге тиіс:

      Рельстік автобустың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      рельстік автобустың техникалық сипаттамасы;

      рельстік автобусты пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      рельстік автобусты пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      190. Кәсіптік дайындық пен рельстік автобус машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      54. Тепловоз машинисінің көмекшісі

      191. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды тепловоз машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Тепловозды қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және тепловозды жұмысқа даярлау.

      Тепловозды бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

      Тепловозды құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

      Тепловозды күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша тепловоз машинисті бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында тепловозды бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны рельстік автобус машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Тепловоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      192. Білуге тиіс:

      Тепловоздың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      тепловоздың техникалық сипаттамасы;

      тепловозды пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      тепловозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      193. Кәсіптік дайындық пен тепловоз машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      55. Тартым агрегаты машинисiнiң көмекшiсi

      194. Жұмыс сипаттамасы.

      Думпкарларға дұpыc тиеудi және габаритiн бақылау.

      Жүк тиеу және түсіру жұмыстары кезiнде машинистпен бiрлесіп думпкарларды беру.

      Тау-кен массасын разрезден шетке шығару.

      Қолдық көрсеткіштерін бұру.

      Поезд соңы коршауының дыбыс дабылы мен жарығына жүргiзiлген электр сымын жөндеу және оған қызмет көрсету.

      Үйiндiлерде думпкарларды түсіру.

      Тартым агрегатын жабдықтау және құм жабдығына құм салу.

      Жүру жолында дизель және электр аппараттарының жұмысын бақылау және қадағалау.

      Локомотивтің құм жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау және қадағалау.

      Жұмыстағы ақаулықтарды жою.

      Жөндеу жүргiзу.

      Локомотивтi жинау және оны мәдени күтiп ұстау бойынша топтамалық жұмыстарын орындау.

      195. Бiлуге тиiс:

      тартым агрегатының техникалық сипаттамаларын, құрылымын;

      жол сұлбасын, оның жағдайын;

      станцияларда және аралықтарда жол белгiлерiн, жолдар мен дабылдарды нөмiрлеудi;

      жұмыстың әр түрлі жағдайларында локомотивтің (тартым агрегатының) жүктердің үлгiлiк сипаттамаларын;

      таразыны тексеру құрылымын, думпкарларды тіркеу және ажырату ережелерiн;

      рельстан шығып кеткен тартым агрегаты мен думпкарларды көтеру үшін қолданылатын тәсілдер мен құрылғыларды;

      аккумуляторлы батарейлердің құрылымын, оларды зарядтау және күтiп ұстay ережесiн;

      дабылдар және дабыл беру құралдарының міндеті;

      тораптарды, тартым агрегаты машиналарын қабылдау және оларға қызмет көрсетудің тәртібін;

      майлау жүйесi мен қолданылатын майлау материалдарын;

      электротехника және слесарлық ic негiздерiн;

      үйiндiде локомотив құрамын түсіру ережесiн;

      жүк түсірген соң автотежегiштердi сынау тәртібін;

      поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулықтарды;

      лауазымдық нұсқаулықтарын тартым агрегаты машинистерінің көмекшiлерi үшiн еңбекті қорғау бойынша үлгiлiк нұсқаулықтарын.

      56. Электровоз машинисінің көмекшісі

      196. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды электровоз машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Электровозды қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және электровозды жұмысқа даярлау.

      Электровозды бірінші вагонға біріктіру: тежегіш магистралінің соңғы жеңіне біріктіру, тежегіш магистралі соңғы крандарын ашу.

      Электровозды құрамнан ажыратып алу: тежегіш магистралі алдын ала ажыратып алынған автоматты біріктіргішті ажырату.

      Электровозды күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша электровоз машинисті бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында электровозды бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны электровоз машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Электровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      197. Білуге тиіс:

      Электровоздың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      электровоздың техникалық сипаттамасы;

      электровозды пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      электровозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      198. Кәсіптік дайындық пен электровоз машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      57. Электрлі пойыз машинисінің көмекшісі

      199. Жұмыс сипаттамасы.

      Механикалық, электрлік, тежегіш, қосымша және басқа да құрылғыларды электровоз машинисінің көмекшісіне арналған нормативтік актідегі бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес техникалық қызмет көрсету.

      Электрлі пойызды қабылдау және тапсыруға қатысу.

      Түйіндер мен бөлшектерді жабдықтау, бояу және электровозды жұмысқа даярлау.

      Автоматты біріктіру, вагон аралық біріктіргіштерді біріктіру сапасын тексеру.

      Электрлі пойызды күту және жолдағы түйіндер мен агрегаттар жағдайын бақылау бойынша электрлі пойыз машинисті бұйрықтарын орындау.

      Сәйкес нормативтік актілерде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес өзіндік қозғалыстың алдын алу мақсатында электрлі пойызды бекітіп қою.

      Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, пойыз және маневрлік бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, пойыз қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны электровоз машинисті көмекшісінің қайталауын бақылау.

      Бекітілген сигналдарды беру, нормативтік актілерге сәйкес пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар бұйрықтарын оперативті орындау.

      Электрлі пойыздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      Электрлі пойыз жолаушыларына қалған пункттер мен басқа да ақпараттарды хабарлау.

      Жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін бақылау.

      Электр пойызының еріксіз тоқтауы кезінде нормативтік актіде бекітілген жұмыстар тізіміне сәйкес тежегіш башмағын бекіту.

      Электрлі пойызындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жоюға қатысу.

      200. Білуге тиіс:

      Электрлі пойыздың қызмет көрсетілетін құрылғысы және пайдалану ережесі;

      электрлі пойыздың техникалық сипаттамасы;

      электрлі пойызды пайдалану кезінде қызмет көрсету және күту тәртібі;

      тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;

      теміржол қатынас жолы пішіні;

      сигнал белгілері;

      қызмет көрсетілетін ауданда бекітілген рұқсат етілетін максималды қозғалыс жылдамдығы;

      электрлі пойызын пайдалану кезінде ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      электровозды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтар ақауларын шығару және жою тәсілдері;

      жылжымалы құрамды бекіту және ажырату ережелері;

      тежегіш башмақтарын пайдалану ережелері;

      темір жолдарды техникалық пайдалану ережелері;

      поезд қозғалысы және теміржолдағы маневрлік жұмыстар бойынша нұсқау;

      теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;

      қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;

      поездар қозғалысы кестесі;

      электр техникасы негіздері.

      201. Кәсіптік дайындық пен электрлі пойыз машинисті көмекшісі куәлігі қажет етіледі.

      58. Қос дөңгелекті престеуші

      1-параграф. Қос дөңгелекті престеуші, 4-разряд

      202. Жұмыс сипаттамасы.

      Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып локомотивтер мен вагондардың дөңгелектерін сығымдаудан алу, дәлдеу, гидравликалық қиықша саусақтарын сығымдау.

      Сығымдаудан алғаннан кейін дөңгелектердің элементтерін тексеру.

      Гидравликалық сығымдағы локомотив, вагон дөңгелектерін сығымдау, анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен дөңгелектерді сынамалау.

      Дөңгелектерді бұру және орнатуда тельферлер мен кран балкаларды басқару және сығымдағаннан кейін дөңгелек элементтерін сығымнан алу.

      203. Білуге тиіс:

      түрлі үлгідегі гидравликалық сығымдағыштардың жұмыс принципі;

      дөңгелектерді сығымдау техникалық шарттары мен ережесі;

      арнайы айлабұйымдардың қызметі мен орнату тәсілдері;

      негізгі шектеулер мен отырғызу мәліметтері;

      тельферлер мен кран балкалармен жұмыс істеу ережесі.

      2-параграф. Қос дөңгелекті престеуші, 5-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы.

      Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып локомотивтер мен вагондардың дөңгелектерін сығымдау.

      Сығымдаудан алдын дөңгелектердің элементтерін тексеру және іріктеу.

      Көлденең және тік жазықтықтағы сығымдардың дөңгелек осін тексеру.

      Дөңгелектерді сығымдауға қажетті қысымды қамтамасыз ету.

      Дөңгелек осьтеріне дөңгелектерді, ортасын, тісті дөңгелектерді отырғызу.

      Сығым жұмысын реттеу.

      Сығымдауда дөңгелектің орналасуын бақылау.

      Индикатор диаграммасын шешу.

      Индикаторлық диаграмма бойынша сығым сапасын айқындау.

      205. Білуге тиіс:

      түрлі үлгідегі гидравликалық сығым құрылымы мен құрылымдық ерекшеліктері;

      дөңгелектерді сығымдау техникалық шарттары мен ережесі;

      металдардың механикалық қасиеті;

      шектеулер мен отырғызулар;

      өзі жазатын сығым индикаторларының құрылымы және жұмысы.

      3-параграф. Қос дөңгелекті престеуші, 6-разряд

      206. Жұмыс сипаттамасы.

      Локомотивтер мен вагондарды пайдалануда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін дөңгелектерді куәландыру процесінде аса күрделі жұмыстарды орындау.

      Дөңгелек центрінің күпшегі саңылауының конустылығы мен элипсін жою.

      Дөңгелектің белағашқа қайталамалы қатты сығымдау, тісті дөңгелекті қайта сығымдау.

      Әлсіздік белгілері бар тіс, ось, тісті дөңгелекті сығымдауға сынау.

      Стандартты емес (ұзартылған) центр күпшегіне тісті дөңгелекті қатты сығымдау.

      Кондиционерлі ауалы жолаушылар вагонлдарына арналған орталық бөлігі осінен бәсеңдеткішті дөңгелектің центрін асыра сығымдау.

      Оське бәсеңдеткішті тексеру және таңдау.

      Запрессовка центров с одной стороны колесной парой и посадка редуктора с последующей запрессовкой другого цельнокатаного колеса.

      Обеспечение правильного натяга и установленного расстояния между внутренними гранями колесной пары в пределах 1439 мм с помощью специального электроограничителя ходпресса.

      Сығымдау сапасы мен осьтің орталық бөлігіне бәсеңдеткіші бар дөңгелектер сапасын анықтау.

      207. Білуге тиіс:

      Локомотивтер мен вагондар дөңгелектерінің аса қауіпті ақауларын анықтау және жою әдістері;

      металдың термикалық және басқа да қасиеттері;

      центрдің ұзартылған күпшектеріне тісті дөңгелектерді қайта сығымдау, қайталама қатты сығымдау және асыра сығымдау;

      гидравликалық сығымды жөндеу технологиясы;

      оське бәсеңдеткіш ережесі мен таңдау тәртібі;

      жолаушылар вагондарының, шетелдік өндірісті қоса алғанда, бәсеңдеткіш құрылғысы.

      59. Жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы

      208. Жұмыс сипаттамасы.

      Автокөлік, теңіз, өзен, әуе көліктері мен теміржол арқылы тасымалданатын жүк пен багаждарды қабылдау, өлшеу, тиеу, сұрыптау, артығымен тиеу, түсіру, сақтау, беру бойынша жүк және сауда операцияларын ұйымдастыру.

      Жүктерді ашық жылжымалы құрамға жүктерді техникалық шарттары мен жүктерді тасымалдауда сақталуын қамтамасыз ететін жүктерді тасымалдау ережесі мен қозғалыс қауіпсіздік ережесіне сәйкес тиеу және бекітудің дұрыстығын тексеру.

      Жүктің ұйғарынды тиеу габариті шегінен асып кетпеуін өндірістік телевизиялық қондырғы, электрондық-габаритті құрылғы және видео бақылау техникасы арқылы бақылау.

      Вагондарды құру жоспарының талаптарын ескере отырып ұсақ жөнелтулер мен контейнерлерді тиеуді ұйымдастыру.

      Теңіз, өзен, әуе көліктері, вагондар және контейнерлерді жүктерді тиеп, түсірместен бұрын тексеру.

      Жүктерді тасымалдауда сақталмағандығы анықталған жағдайда сауда актілері мен жалпы формадағы актілерді құру.

      Тасымалдау құжаттары мен есеп беруді рәсімдеу, өндірістік жүк операциялары туралы ақпараттарды жеке электрондық-есептеу машинасына енгізу.

      Еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы мен тиеу-түсіру машиналары мен механизмдерін тиімді қолдануды бақылау.

      Жүктердің сақталуын және қойма ауданын тиімді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында жүктерді көлік құрылдарында, қоймада, контейнер аудандарында дұрыс орналастыруды ұйымдастыру.

      Таразылау аспаптары жағдайын, жүк пен багаждарды белгілеуге қажет материалдардың барын, вагондар мен контейнерлерге ілмекті-пломбалау құрылғысын қондыруды бақылау.

      Жүктерді тиеп-түсіру алдында жылжымалы құрамның істі тоқтау мерзіміне азайту бойынша шаралар қабылдау.

      209. Білуге тиіс:

      Жүктер мен багаждарды тасымалдау ережесі, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу тәртібі;

      жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары;

      жүктерді қабылдау-тапсырудың лауазымдық нұсқаулығы;

      көлік құралдарын коммерциялық қарау ережесі;

      станциялық коммерциялық есеп беру нұсқауы;

      жүктерді өлшеу тәртібі мен технологиясы нұсқауы, таразылау аспаптарын күту және техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі, жою тәртібі, апатты жағдайлар;

      станция жұмысының технологиялық процесі;

      әр түрлі тасымалдау құралдарымен жүктерді тасымалдау кезінде тиеу және түсіруді есепке алу нұсқауы;

      аумақты емес жүк пен ауыр салмақты жүктер бойынша нұсқау;

      акті-наразылық жұмыстары бойынша нұсқау;

      жоғалған жүктерді іздеу бойынша нұсқау;

      теміржол жарғысы;

      халықаралық теміржол жүктері қатынасы туралы келісім;

      теміржол көлігінде жүктер мен объектілерді сақтау тәртібі ережесі;

      жүктерді тасымалдау және орау стандарттары мен шарттары;

      еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері.

      Жалпы қолданыстағы теміржол станцияларында ақтарылма жүкпен жұмыс жасау кезінде - 3-разряд;

      вокзалдың бағжал бөлімдерінде, кіріс жолдарында, бекеттерде, айлақтарда барлық жүкпен жұмыс жасау кезінде - 4-разряд;

      жалпы қолданыстағы теміржол станцияларында барлық жүкпен (ақтарылма жүктен басқа) және заңды тұлғалар жолжүгімен жұмыс жасау кезінде - 5-разряд;

      ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттарына сәйкес орналастырылып бекітілетін ұзын өлшемді, ағаш, ірі габаритті, аумақты емес, қауіпті және басқа да жүктермен жұмыс жасау кезінде;

      жүктерді техникалық шарттарда қарастырылмаған сызбалар бойынша орналастыру - 6-разряд.

      60. Поездардағы жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы

      210. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүк және багаждарды қабылдау, тиеу, топтау және оны станцияларда түсіру және тапсыру.

      Қалыптастыру жоспарына сәйкес вагондағы жүк және багажды оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету.

      Ішкі және халықаралық қатынастағы поездарда жүк және багаждарды қабылдауда ілеспелі құжаттарын ресімдеу.

      Жалпы салмағы 500 кг-нан асатын, немесе салмағы 80 кг-дан асатын орын алатын багаж және жүк багажын қабылдау қажеттілігі туралы телеграммамен немесе телефон арқылы хабарлау.

      Поездардың станцияда тұратын уақытында тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету.

      Тасымалдауға жататын және жолда берілген жүк және багаждарды есепке алу.

      Вагондарды жылыту, ылғал және құрғақтай жинауды қамтамасыз ету;

      вагонның техникалық жағдайын қадағалау.

      211. Білуге тиіс:

      жүк және багажды тасымалдау ережесі;

      вагондарға тиеудің оңтайлы тәсімдері;

      ішкі және халықаралық қатынастағы поездарда жүк және багажды тасымалдауды есепке алу және құжаттарды ресімдеу тәртібі;

      багаж вагонының құрылымы және қызмет көрсетілетін жүйе тәртібі;

      теміржол тәсімдері, поезд қозғалысы кестелері және станцияларда тұру уақыты – қызмет көрсетілетін учаске шегінде;

      еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы шаралар ережесі мен нормалары.

      Қала сырты қатынасындағы, атап айтқанда почталық-багаж поездарында жұмыс істеуде - 2-разряд;

      Жергілікті және алыс жақтарға қатынайтын почталық-багаж поездарында жұмыс істеуде - 3-разряд,

      Халықаралық қатынайтын поездарда жұмыс істеуде - 4-разряд.

      212. Ескерту.

      Поездарда жүк пен багажды аға қабылдау-тапсырушы өзі басқаратын поездардағы жүктер мен багажды қабылдау-тапсырушылардан бір разряд жоғары тарифтеледі.

      61. Поездарды қабылдаушы


      213. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүк тасымалдау ережесіне және жүк тиеу және бекіту техникалық шарттарына сәйкес коммерциялық тексеру пункттері жоқ теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттерінде және кірме жолдарында жүк артылған вагондарды коммерциялық тексеруді қабылдау және жүзеге асыру;

      Поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау мақсатында коммерциялық қатынаста поезды қарап шығу, оларды жою жұмыстарын басқару және коммерциялық кемшіліктерді жоюды бақылау.

      Жүктің сақталуын тексеру не қайта жүктеуді қажет ететін анықталған коммерциялық кемшіліктерді хабарлау.

      Жөндеуге келмейтін вагондарды ағыту туралы маневрлік диспетчерге наряд беру.

      Коммерциялық кемшіліктерді жою жұмыстарының көлемін, оларды орындау тәртібін анықтау, вагондар мен контейнерлердегі жүктің бар екендігін және жағдайын анықтау.

      Коммерциялық кемшіліктерді жойғаннан кейін вагондарға пломба ілу, пломбалау кітабына жазу.

      Белгіленген жағдайда жалпы үлгідегі актілерді рәсімдеу және сақталмайтын жүктерге оперативтік жеткізуді дайындау.

      Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу.

      Жылжымалы құрамның тоқтап тұру мерзімін қысқарту шараларын қабылдау және бақылауды жүзеге асыру.

      Коммерциялық кемшілікті вагондарды өткізу жағдайларын тексеруге қатысу.

      214. Білуге тиіс:

      поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі;

      теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі;

      коммерциялық тексеру пункті жұмысының технологиялық процесі;

      түрлі үлгідегі вагондардың жүк бөлігінің құрылымы жүтктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары;

      жүктерді тасымалдау ережесі;

      коммерциялық кемшіліктер мен ақаулықтар туралы актілер мен басқа да құжаттарды ресімдеу тәртібі;

      станция жұмысының технологиялық процесі;

      қауіпсіздік техникасы ережесі.

      Коммерциялық тексеру пункттері жоқ теміржол станциялары кірме жолдарындағы жүк вагондарын қабылдауда - 3-разряд;

      ІІІ-ІІ сыныпты теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда - 4-разряд;

      Электронды құрылғылар және техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған сыныптан тыс және І сыныпты теміржол станцияларын коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда - 5-разряд;

      Электронды құрылғылар және техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған жол аралық және мемлекет аралық теміржол станцияларындағы коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда - 6-разряд.

      215. Ескерту:

      Аға поезд қабылдаушы өзі басшылық ететін поезд қабылдаушыдан бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

      62. Құбырды тесіп-үрлеуші, 2-разряд

      216. Жұмыс сипаттамасы.

      Түрлі жүйедегі паровоз қазандықтарын мен бу крандарының бу шығаратын және қыздыратын құбырларын суықтай және ыстықтай күйде тесу, тазалау және үрлеу.

      Болат щеткамен от қалдықтарынан тазарту.

      Күл салғышты қалдықтардан мен күйген жерлерін тазалау.

      217. Білуге тиіс:

      түтін шығаратын, бу шығаратын құбырларды тесу, үрлеуде қолданылатын аспаптар мен құралдардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

      құбырларды тесу, тазалау және үрлеу ережесі мен тәсілдері;

      құбырларды тесу, тазалау және үрлеу кезектілігі;

      паровоз қазандықтарының құрылымы мен жұмысы, ыстық паровозда жұмыс істеу кезінде отты ұстап отыру ережесі.

      63. Жолаушы вагоны жолсерігі

      218. Жұмыс сипаттамасы.

      Жол сапарында поезд жолаушыларына қызмет көрсету және авариялық жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Вагонның ішкі қауіпсіздігін сақтау және алынбалы керек-жарағын жарамды қалыпта ұстап отыру.

      Жолаушыларды қауіпсіз түсіру және отырғызуды қамтамасыз ету.

      Жолаушыларды олардың жүру құжаттарына сәйкес вагондарға орналастыру.

      Жылыту, жарықтандыру, желдеткіш, тоңазытқыш құрылғылары мен ауаны салқындату аспаптарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

      Вагондарды қысқы уақытта жылыту.

      Еріксіз вентиляция, кондиционерлік ауа құрылғысы, жарық және жылу аспаптары жұмыстарын реттеу.

      БЖБЖ (букстарды жылытуды бақылау жүйесі) аспабының көмегімен электр жабдықтарын, қайнатқыш, букстың қыздырылуын қадағалау, қол тежегішін тексеру.

      Төсек жабдықтарымен және шаймен жолаушыларды қамтамасыз ету.

      Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардың жолаушыларды шаймен, кофе және кондитерлік заттармен тәулік бойы қамтамасыз ету.

      Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардағы балалы, мүгедек және қарт жолаушыларға вагон рестораннан немесе буфетке берген тапсырыстарын өтініштері бойынша жеткізіп беру.

      Қамтамасыз ету бригадасы болмағанда тиісті қоймаларға төсек орындарды, шай жарақтарын алу және тапсыру.

      Алысқа баратын жолаушы және жүрдек поездарындағы ұйықтайтын вагон жолаушыларының талаптары бойынша, ал фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездарда – міндетті түрде төсек орындарын салып, жинап беру.

      Бұзылған немесе құртылған материалдық құндылықтарға актілер жасау және кінәлі адамдардан белгіленген тәртіпте құнын өндіріп алу.

      Жолаушыларды тоқтайтын пункттердің атаулары, поездың тоқтау ұзақтығы туралы хабардар етіп отыру.

      Қажет болғанда жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету.

      Вагондардағы бос және босайтын орындар туралы поезд бастығына уақытында (арнайы бланкілерде) хабарлап отыру.

      Вагонды құрғақ және ылғалдай тазалау (дезерітінділерді пайдалана отырып туалеттерді тазалау).

      Вагондарға реттік нөмірлерін және бағдар тақталарын ілу.

      Қатты отын салу, күлден тазарту.

      Сорғы немесе арнайы айлабұйымдардың көмегімен салқындатылған қайнатылған су дайындау.

      Вагондардың (жолаушы вагондарының жол серігі лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес) ішкі қосымша жабдықтар және алынбалы керек-жарақ тізбесі және накладнойлары бойынша қабылдау және тапсыру.

      Халықаралық қатынастағы поездарда – жол ведомостілерін, кеден декларацияларын ресімдеу, оларды белгілеу үшін кеден органдарына ұсыну, валюта алу және тапсыру, халықаралық қатынастағы қолданыстағы тарифтерге сәйкес жолаушыларға плацкарта сату және квитанцияларды ресімдеу. Жолаушы талаптары бойынша халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарына белгілерді ресімдеу. Шекаралық станциялар арасындағы поездардың жолаушыларына арналған ережелерді бақылау.

      Соңғы вагонға қызмет көрсетуде – артқы сигнал фонарьларының жағдайын бақылауды қамтамасыз ету.

      Поездарды мәжбүр тоқтатылған кезінде оны қоршауды қамтамасыз ету.

      Сонымен қатар, соңғы вагон жолсерігі құрамның жүруін қамтамасыз етуге міндетті, автоматты тежегішті қысқаша сыннан өткізуге қатысуы керек.

      219. Білуге тиіс:

      барлық үлгідегі жолаушы вагондарының, арба жабдықтарының құрылымы; тежегіш жабдықтар;

      автотіркегіш, вагон асты жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі, СКНБ, ӨСЖ (өрт сөндіру сигналының жүйесі) құрылымы, ауаны желдету құрылғылары, жылыту аспаптары, міндетті желдету, электр жабдықтарын, тоңазыту құрылғыларына қызмет көрсету және реттеу тәртібі;

      авариялық ахуалдарда жолаушыларды құтқаруға арналған жабдықтарды пайдалану ережесі;

      жолаушы поезд вагондарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары, еңбекті қорғау ережесі мен нормалары;

      алғашқы көмек көрсету нұсқаулықтары;

      теміржол желілері маңызды станцияларының географиялық орналасуы; жолаушы поездардың қызметтік кестелерін пайдалану тәртібі;

      жолаушы вагондары жол серігінің жұмыс сипаттамасы;

      қолданылатын есептеу және есептілік нысандары, оларды жүргізу және жасау тәртібі.

      220. Халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде білуге тиіс:

      халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде арнайы дайындық бағдарламасында көзделген шетел тілі;

      қызметтік мәселелер бойынша жолаушылармен сөйлесуге қажетті көлемде білуі;

      поезд бағыты бойынша елдердің көлік географиясын;

      жол құжаттамасын жүргізу, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі;

      халықаралық қатынастағы тарифтер;

      поезд бағыты бойынша темір жолдарда қолданылатын поезд және маневрлік сигналдар.

      Вагондар тұратын парктерде және қала сыртына қатынайтын поездардағы вагондарға қызмет көрсетуде - 3-разряд;

      Жергілікті және алыс жақтарға қатынайтын арнайы тағайындалған вагондарға қызмет көрсетуде - 4-разряд;

      Фирмалық поездарда және халықаралық қатынайтын поездардағы вагондарда қызмет көрсету - 5-разряд.

      221. Ескерту.

      Шетел тілін білетін жолаушы вагонының жол серігі халықаралық қатынастағы поездардағы вагондарда қызмет көрсетуде бір разряд жоғары тарифтеледі.

      64. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

      1-параграф. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсеріктер, 3-разряд

      222. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүкті қабылдау және оны вагонға тиелуін қадағалау, баратын жеріне дейін ілесіп бару.

      Тасымалдаудың бекітілген шарттары мен жүкті сақталуын қамтамасыз ету.

      Жүктерді тапсырыс берушілерге белгіленген тәртіппен тапсыру.

      Поездың баратын жолында ақаулықтарын жою шараларын қабылдау.

      Жүру кезінде вагонның күндізгі және түнгі сигналдарының бар екендігін және жарамды екенін тексеру.

      Теміржолдардағы сигнал беру нұсқаулығына сәйкес мәжбүрлі аялдамада поездардың қоршалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Вагонды отын және сумен қамтамасыз ету.

      Вагонды ылғалдап және құрғақтай жинастыру.

      223. Білуге тиіс:

      жүкті қабылдау және тапсыру тәртібі;

      тиеу ережесі;

      вагонға жүкті орналастыру және бекіту;

      оларды тасымалдау шарттары;

      жүк вагондарының құрылымы туралы жалпы мәліметтер, жүкті апару бағыты;

      поездардың өрт қауіпсіздігі ережесі мен қауіпсіздік техникасы;

      жолаушылар вагоны жолсерігі нұсқаулығы.

      2-параграф. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік, 4-разряд

      224. Жұмыс сипаттамасы.

      Арнайы вагонды жүріс жолында техникалық жағдайын бақылау.

      Вагонның ішкі жабдығын, алмалы жабдықтарының дұрыс жағдайын тазалығын және сақталуын қамтамасыз ету.

      Электрлі жарық, су жабдығы, жылу, вентиляция, тоңазытқыш және басқа да құрылғылар жұмысын қамтамасыз ету.

      Анықталған ақауларды түзеу үшін техникалық қызмет көрсету пункттеріне уақытылы өтініш жазу және орындалған жұмыстың сапасын бақылау.

      225. Білуге тиіс:

      Қызметтік-техникалық вагондардың жалпы құрылымы;

      Электрлі жарық, су жабдығы, жылу, вентиляция, тоңазытқыш және басқа да құрылғылар құрылымы және пайдалану ережесі, кішігірім ақауларды жою әдістері.

      65. Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік, 3-разряд

      226. Жұмыс сипаттамасы.

      Жіберуге арналған локомотивтер мен жолаушы вагондарын тексеру, техникалық жағдайын тексеруге қатысу және қабылдау.

      Олардың қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның, құралдардың, керек-жарақтың, қосалқы бөлшектердің, майлау материалдары мен сигнал беру жабдықтарын тізбеге сәйкес сақталуын қамтамасыз ету.

      Локомотивтер мен вагондардың қауіпсіз жылжуына кедергі келтіретін ақаулықтар табылған кезде жақын жердегі жөндеу пунктіндегі локомотивтер мен вагондарды жөнделуін қамтамасыз ету шараларын қабылдау.

      Тежегіш құралдарды қажеттігіне қарай қолдану.

      227. Білуге тиіс:

      локомотивтер, жылжымалы құрам мотор вагондар мен жолаушы вагондарын жіберу тәртібі туралы нұсқаулық;

      электрлендірілген аудандардағы теміржол көлігі жұмысшылары үшін қауіпсіздік ережелері;

      локомотивтерді тапсыру мен қабылдау ережесі.

      66. Паровоз қазандықтарын шаюшы, 3-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы.

      Паровоз қазандықтарын, түрлі жүйедегі кран бу қазандықтарын және қысыммен істейтін паровоз тендерлерін шаю.

      Шаю тығындарын, зәкір, жапсырмалы, тендерлік шаю люктерін тексеру және түзету.

      Арнайы құралдардың көмегімен қазандық жиектеріндегі қалдықтарды тазалау.

      Тығын люктеріне және асбест люктерге арналған паронитті төсем дайындау және отырғызу.

      Люктар мен шаю тығындарын шаю және герметикалығын тексеру.

      229. Білуге тиіс:

      паровоздар қазандықтары мен түрлі жүйедегі бу крандарының құрылымы, шаю ережесі,

      қазандықтардағы қаспақтардың жиналатын жерін;

      су жіберетін су құбырлары мен жабдықтарының құрылымы;

      шаю түрлері;

      қазандықтарды тазалау және шаю жолдары;

      шаю люктарын ашу және жабу, шлангілерді біріктіру ережесі.

      67. Цистерналарды шаюшы-булаушы

      1-параграф. Цистерналарды шаюшы-булаушы, 3-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы.

      Эстакадалардағы, арнайы алаңшалар мен арнайы белгіленген жолдардағы цистерналардан этил бензині мен химиялық өнімдерден басқа қара және ашық түсті мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау.

      Цистерналардың құятын аспаптарындағы қатып қалған клапандарды бумен қыздыра отырып мұнай өнімдері қалдықтарынан тазарту.

      Құю аспаптары клапандарын салу және олардың техникалық жағдайы мен дұрыс жабылуын тексеру.

      Жөндеуге дайындалған цистерналардың сыртын тазалау.

      231. Білуге тиіс:

      құятын аспаптардың және цистерналардың құрылымы;

      мұнай өнімдерін құюға арналған цистерналарды суықтай тазалау талаптары;

      қолданылатын механизмдер, құрал, керек-жарақ және айлабұйымдар, оларды пайдалану ережесі;

      цистерна ішіндегі жұмыстарға арналған қорғау айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану ережесі.

      1-параграф. Цистерналарды шаюшы-булаушы, 4-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы.

      Бу, ыстық су және еріткіштерді пайдалана отырып этил бензині және химиялық өнімдерден басқа мұнай өнімдері мен химиялық өнім цистерналарды өңдеу.

      Вакуум құрылғысын, паросифон және буды пайдалана отырып цистерналардағы қалдықтарды тазалау.

      Цистерналарды суықтай өңдеуде этил бензині қалдықтарын механизациялау түрінде тазалау.

      Брандспойт көмегімен қақпақтар мен клапандарды шаю.

      Цистерна қазандықтарын салқындату және газсыздау, олардың ішкі бөлшектерін кептіру және ысқылау.

      233. Білуге тиіс:

      құятын және жөндейтін цистерналарды дайындауға арналған өңдеу ережесі және техникалық шарттары,

      цистерналарға қойылатын санитарлық талаптар;

      дезинфекциялайтын заттардың қасиеті мен оларды пайдалану ережесі;

      эстакадалар мен арнайы алаңшалардың құрылымы;

      цистерналарды механизацияланған тазалауға арналған аспаптарды, вакуум қондырғыларды, бу сифондарын, жарылғыш фонарларды және басқа да құрылғылар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі,

      құбыржолдардың, төгетін лотоктардың, кәріз желісінің, мұнай тұтқыштар мен басқа да өнім қалдықтарын тазалау имараттарының орналасуы.

      цистерна қазанының ішкі бетін, енгізу және шығару клапандарын жууға арналған механикаландырылған құрылғы құрылысы мен жөндеу, реттеу ішкі қазан қысымы, төменгі ағызу аспабын жөндеу технологиясы.

      Тамақ өнімдері цистерналарын этилді бензиннен, хош иісті топты химиялық өнімдерден, мұнай иісінен, реактивті қозғалтқышқа арнлаған отын ерітіндісінен, Б-70 маркалы авиациялық этилді емес бензиннен, этилді бензиннің барлық маркасынын, 1-2 және 3- топты майлардан, нефрас және басқа да жоғары сапалы мұнай өнімдерінен тазалау; тасымалданатын сұйық жүктің сақталуын қамтамасыз ететін құю аспаптарының төменгі нығыздаушы дөңгелектерін ауыстыру және жетілдіру - 5-разряд.

      Рективті отынды, авиабензин, май және басқа да мұнай өнімдерін жоғары қысым, ыстық су және сәйкес ротациялық аспатар арқылы, цистернаның ішкі бетін тазалап және ысқылай отырып, құюға арналған цистерналарды өңдеу, дайын цистерналарды бақылау органдарына өткізу;

      Құжатсыз цистерналарды ЖБС-на ерте әкелінген жүкті анықтаудың органолептикалық әдісті және өңдеу технологиясын білу; қолданылатын құрылғылар ақауларын жоя білу;

      жоғары қысымды машиналар мен аспаптарды жөндеуге қатысу;

      цистернаны жуушы-булатушы бригадаға басшылық ету кезде - 6-разряд.

      68. Қозғалыссыз теміржол қатынас жолдарындағы локомотивке (локомотивтер тобы) қызмет көрсететін жұмысшы, 3-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы.

      Қозғалыссыз локомотивті деполық теміржол қатынас жолдарында және жалпы қолданысқа берілмейтін теміржол қатынас жолында тепловоз (тепловоздар тобы) дизелін жылыту, қыс мезгілінде (қажет болса - сәйкес нормативтік актіге сай басқа да мезгелдерде) локомотивтің (локомотивтер тобы) (әрі қарай - локомотив) тартылыс күшті электр қозғалтқышты және басқа да электрлік машиналарын жылыту жылыту және кептіру: жұмысты күтіп тұрған локомотивті іске қосу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

      Аккумуляторлық батареяны, басқару шынжырын іске қосу.

      Пневматикалық желіні сыртқы көзден немесе локомотивте орнатылған қосымша (қол) компрессордан сығылған ауамен толтыру.

      Ток қабылдағышты көтеруподнятие токоприемника.

      Құрылғыны, агрегаттарды, жүйелерді – дизль, мотор-винтелятор, мотор-компрессор, жарықты, басқару кабинасы жылуын, өрт сөндіру жүйесін іске қосу.

      Істегі құрылғыны, агрегаттарды, жүйелер жағдайы мен жұмысын көзбен шолу және аспаптар арқылы бақылау.

      Электр энергиясы мен отынды жұмсауды бақылауды қамтамасыз ету.

      Жұмысты, техникалық қызмет пен жөндеуді күтіп тұрған локомотивті істен шығару: істегі құрылғыны, агрегаттар мен жүйелерді бекітілген тәртіпте сөндіру.

      Пневматикалық шынжырды үрлеп тазалау.

      Локомотивті өздігінен болатын қозғалыстан нормативтік актіде бекітілген тәртіп бойынша бекіту.

      Локомотивтің құрылысына сәйкес жинақталуын тексеру.

      Локомотив жабдығының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

      Локомотив терезелерін жабу және кіріс есіктерін бекіту.

      235. Білуге тиіс:

      Локомотивті іске қосу және істен шығару тәртібі;

      жабдықтарды, агрегаттарды және локомотив жүйесі құрылысы және пайдалану ережесі;

      деполық теміржол қатынас жолдарында және жұмысты күтіп тұрған жалпы қолданысқа берілмейтін теміржол қатынас жолында тұрған локомотивтің негізгі техникалық сипаттамасы және күтудің бекітілген тәртібі;

      локомотивтің механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтары жұмысын бақылау тәртібі;

      отынды үнемдеп жұмсаудың негізгі режимдері;

      тежегіш башмақтарын қолдану ережесі;

      теміржолды техникалық пайдалану ережелері;

      теміржолдардағы поезд қозғалысы мен маневрлік жұмыстар нұсқауы;

      теміржолдардағы сигнал беру нұсқауы;

      электровоздар мен тепловоздарға пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

      локомотив шаруашылығын қысқы жағдайда жұмысқа дайындау нұсқауы;

      тепловоз дизелін пайдалану нұсқауы және орындалатын жұмыстар шеңберіндегі басқа да нормативтік актілер;

      локомотивтердің тоқтау жолы жоспары, сол жерге өту тәртібі;

      электр техникасы негізі.

      69. Станция жұмысшысы

      1-параграф. Станция жұмысшысы, 2-разряд

      236. Жұмыс сипаттамасы.

      Станциялық жолдарды, станция алды аумағын, жүк аулалары мен қоймаларын, вокзалды, перрон, жолаушы және жүк платформасын, станциялық қызметтік-техникалық орындарды тазалау.

      Станциялық өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жылыту.

      Бекітілген құрал-жабдықтарды тазалықта ұстау және дұрыс қалыпта күту.

      237. Білуге тиіс:

      Қызмет көрсетілетін станциялық жолдардың, қызмет орындары, платформа және басқа да жұмыс орындарының орналасуы;

      Қолданылатын құрал-жабдықтар, станциялық жолдарда тұрған кезде және жұмыс өндірісі кезінде жеке қауіпсіздік ережелері.

      2-параграф. Станция жұмысшысы, 3-разряд

      238. Жұмыс сипаттамасы.

      Коммерциялық ақауларды жөндеу.

      Жүктерді жылжыған кезде, пломба мен бұрауыш үзілгенде біртіндеп қайта тиеу, жүкті бекіту және жылжымалы құрам аумағынан шығуын болдырмау.

      Ұсақ жөнелтулермен тасымалданатын жүк мен багаждарды тиеу, түсіру және жүк пен багаждарды станция қоймаларына тасу.

      Қолданылатын құралдар мен қарапайым механизация жабдықтарын жүріс қалыпта күту.

      Жол жүру құжаттарын пневматикалық пошта бойынша қабылдап-жіберу пункттерінде қабылдау және жіберу.

      Рельс пен бағыттамалы бұрманы (отралықтандырылған бұрмалардан басқа) тазалау және бояу.

      239. Білуге тиіс:

      Жүктерді ашық жылжымалы құрамда бекітудің жалпы талаптары;

      Коммерциялық ақаулар, жүктер мен багажды тиеу, түсіру және станцияда тасу және қолданылатын құралдар мен қарапайым механизация жабдықтарын пайдалануда жұмыстарды орындау тәртібі;

      пневматикалық поштаға қызмет көрсету тәртібі.

      70. Түнел жұмысшысы

      1-параграф. Түнел жұмысшысы, 1-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы.

      Біліктілігі жоғарылау түнел жұмысшысының басшылығымен орындалатын метрополитеннің түнелдік құрылыстарының ағымдық жұмысы, жөндеу және ұйымдастыру.

      Құрылыстың қапталған бетін, металл торламасын, бұйымдарын және басқа да элементтерін сүрту және сумен жуу.

      Құрал-жабдықтарды тазалықта ұстау.

      Материалдарды, мінбені, қысқа бағаналарды, жеңіл баспалдақты, ағаштарды және құралдарды жұмыс орнына жеткізу және жұмыс біткен соң тазалау.

      241. Білуге тиіс:

      Құрылыс элементтерін тазалықта ұстау ережесі;

      тиеп-түсіру жұмыстары нормасы мен ережесі;

      материалдарды қаттап тастау ережесі және олардың атауы.

      2-параграф. Түнел жұмысшысы, 2-разряд

      242. Жұмыс сипаттамасы.

      Метрополитеннің туннельдің құрылысының ағымдық жұмысы, жөндеу және ұйымдастыру.

      Қаптамадан тұздың орындарын тазалау, сәулеттік беттегін шаңды шаңсорғыш арқылы тазалау.

      Мәрмәрдің тұздан тазарған жерлерін жылтырату. Кірпіш қаптаманы тұз қышқылы ерітіндісімен айқындау.

      Тюбинг пен бұрандамалы құраманы коррозия мен ластан метал щетка мен шүберек арқылы тазалау.

      Материалдарды ерітінді үшін және желімді оқшаулауға даярлау.

      Қаспақтарды қолмен құлату, шеге мен атызды қағу, цемент ерітіндісімен өңдеу.

      Баспа аппараттарын тазалау және жуу.

      243. Білуге тиіс:

      Ерітіндіге қажет материалдар түрі және қаптаманы тазалауға арналған ерітіндіні дайындау әдістері;

      майлау жұмыстары ережесі;

      шаңсорғыш, айдау аппараттарының жұмысы принциптері;

      жұмыс орындарын сигналдармен қоршау ережесі.

      3-параграф. Түнел жұмысшысы, 3-разряд

      244. Жұмыс сипаттамасы.

      Инъекторлы шлангты айдау жұмыстарында монтаждау және демонтаждау.

      Ұңғыманы ерітіндіні айдағаннан кейін өңдеу.

      Оқшаулау қаптама бетін дайындау.

      Қорғасыннан жасалған, қорғасынмен қапталған бауды және басқа да құрамдарды қырқу үшін дайындау.

      Жіктерді қолмен қырқу.

      Битум шайырларды қыздыру, оқшаулау астына цемент жиыстырмасы құрылғысы, бетіне битум шайыр жағу.

      Әр түрлі қоспаларды мөлшерлеу және жасау.

      Бұрғылау мен қырқуды алмастыру, құрылғыны ауа өткізгіш желісіне қосу.

      Құрал-жабдықты тастар мен ағаштарды жинау және бөлшектеу.

      245. Білуге тиіс:

      Ерітіндіні араластырғыш құрылғысы, туннель қаптамасы мен оларды гидрооқшаулау құрылғысы; ерітінділер құрамы және негізгі қасиеттері;

      Айдау материалдары мен қосындылар сапасына қойылатын негізгі талаптар.

      4-параграф. Түнел жұмысшысы, 4-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы.

      Бұрандалы шегелерді бұрғылау балғасымен түнелдер мен шахталарды қаптау кезінде бұрғылау.

      Бұрғылау орындарын тетіктерді жою картасына сәйкес белгілеу.

      Жіктерді кеңеюдегі цемент және пен қорғасын арқылы қырқу.

      Тығындар мен бұрандамалы біріктіргішті алмастыру.

      Жер асты құрылыстары мен тартпаларды біріктіру қабырғаларын шайырда бума материалдармен оқшаулау.

      Ағыдарды аспалы қорап құрылғысымен және түтігімен бұру және құрылысқа өңдеу.

      Ерітіндінің бетіне шығып кетуді жою.

      247. Білуге тиіс:

      Қолданылатын механизмдер құрылысы, бұрандалы шегелердің тиімді орналасу сызбасы;

      туннельдік қаптама түрлері;

      гидрооқшаулағыш жабындардың негізгі құрылысы, шайырды жағу және бума материалдар жапсыру ережесі;

      қырқу жұмыстары әдістері.

      5-параграф. Түнел жұмысшысы, 5-разряд

      248. Жұмыс сипаттамасы.

      Құрылыстағы судың ағуын жою үшін полимерлі материалдарды қоса отырып, бақылау айдауын және цементті ерітінді айдауын жүргізу.

      Түнел асты құрылысын жару және жөндеу.

      Жер асты суының сүзілуін тоқтату үшін эпоксидті қарамай негізінде гидрооқшаулау құрамының қаптамасының ішкі бетіне айдау.

      Металл және бетон қаптаманың кесілген жерін қырқу, сонымен қатар, полимер шайырды қолдау арқылы.

      Қаптамадағы және ауыспалы кесіктері бар орындардағы судың ағуын тотқату үшін оқшаулағышты жапсыру.

      Тюбингті бетіндегі суаағар құрылысы, тюбинг ұяшықтарын су тюбингіне қажетті еңесті қамтамасыз ету үшін құм-цементті еретіндімен толтыру.

      Дренажды лотокты су ағыны үшін берілген еңеске пішіндеу.

      Бетон негізді кен балғасымен отау.

      Лоток бетін берілген еңеске құм-цементті ерітіндімен түзеу.

      Жаңа трубаларды еңіске дәлденген бетон негізді жабық дренажға демонтаждау және орналастыру.

      Кең трубаларды тығындау және қырқу.

      249. Білуге тиіс:

      Цемент жұмыстар технологиясы, айдауға арналған құрам рецептурасы;

      тау жыныстары мен грунттың химиялық бекітпесінің негізгі қасиеттері;

      жікті жөндеу ережесі мен пен жарықтарды өңдеу;

      стандартты емес және күрделі жіктерді қырқу тәртібі мен әдістері;

      түнелдердегі жұмыс пен токсинді полимерлі материалдармен жұмыс жасау тәртібі және қауіпсіздік ережелері;

      түнелдер мен станцияларда сутөкпелерді ұйымдастыру сызбасы, ашық және жабық дренаждарды орнатуда еңістерді бөлу тәртібі;

      кен балғасы құрылысы сызбасы;

      гидооқшаулау сылауын орындау әдістері, полимерлі қоспалы цемент-құм ерітіндісін даярлау.

      6-параграф. Түнел жұмысшысы, 6-разряд

      250. Жұмыс сипаттамасы.

      Метрополитеннің көлбеу эскалаторлық туннелінде судан қорғағыш шатырының көрінісін алмастыру кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау.

      Шатыр көрінісін бекіту және түйіндерді полимерлік материалдармен оқшаулау.

      Түнелдің инъекцияланған бетон және темір бетонды қаптамасын "Гидротон" қондырғысы арқылы жөндеу-қалыпқа келтіру.

      Арнайы шөкпеген цемент пен қоспалар қоспасын таңдау және дайындау (алюминий, силикон және тағы басқа).

      Түнелдік қаптама элементтерін бірітіндеп жару, қалыпқа келтіру, анкерлік бекітпе орнату.

      251. Білуге тиіс:

      Судан қорғағыш шатырын, шатырды бекіту түйіндері құрылысын монтаждау тәртібі және әдісі;

      көлбеу эскалаторлық туннельде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

      перфоратор, бетон сүймені, гидросына құрылысы сызбасы;

      инъекциондық жұмыстар технологиясы, инъекциялауға арналған арнайы құрам, жұмыс сапасын бақылаудың әдіс-тәсілдері;

      метрополитеннің істегі туннельдерінде жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі.

      71. Мұнай өнімдерін таратушы, 5-разряд

      252. Жұмыс сипаттамасы.

      Белгіленген тәртіпке сәйкес мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды қабылдау, сақтау, есепке алу және жіберу.

      Тепловоздарды жабдықтау үшін салқындататын су даярлау.

      Орнатылған насос жабдықтарына қызмет көрсету.

      Өңделген мұнай өнімдерін қабылдау және тапсыру.

      Есеп жүргізілетін материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, түгендеу жүргізуге қатысу.

      Қойма аумағы мен орынжайларын тазалықта ұстау, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтау.

      253. Білуге тиіс:

      мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды сақтау, есепке алу және беру ережесі және тәртібі;

      насос агрегаттары мен өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмысы;

      еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік ережесі мен нормалары;

      өртке қарсы инвентарьді пайдалану.

      72. Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші

      254. Жұмыс сипаттамасы.

      Тежегіш башмақтарды тежеу жолымен вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеу.

      Тежегіш башмақтармен жолда тұрған вагондарды қоршау, бекіту және алу.

      Сұрыптау жолдарындағы вагондарды бекітуге апару.

      Жұмыстарды орындау кезінде қозғалыс қауіпсіздігі, вагондар мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.

      Жолдан тежегіш башмақтарын алу және тежегіш позициясына апару.

      Тежегіш позициясы мен башмақ түсіргішті тазалықта сақтау.

      Жөндеуге келмейтін тежегіш башмақтарын ауыстыру.

      255. Білуге тиіс:

      Поезд құраушысы мен көмекшісінің жұмысы сипаттамасы, жүктерді тасымалдау ережесі;

      Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормасы;

      станция жұмысының өзіне қатысты бөліктерінің техникалық-басқару акті және технологиялық процесі;

      рельстерге орнатуға арналған тежегіш башмақтары мен жабдықтары құрылымы;

      тежегіш башмақтарын рельске орнату және алып тастау ережесі;

      тежегіш позициясы орналасуы, сұрыптау жолы жоспары мен пішіні, олардың қызметі мен сыйымдылығы, вагондардың қозғалыс сапасы, әртүрлі атмосфералық жағдайда ағытылымдар аралығындағы қажет интервалды сақтау үшін және сұрыптау паркіндегі вагондар байланысының мүмкін жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында вагондарды тоқтату тәртібі.

      Өнеркәсіптік теміржол көлігі станциялары жолдарындағы вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде - 1-разряд;

      ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде - өнеркәсіптік теміржол көлігінің сұрыптау станциясындағы құрамды қалыптастыру кезінде - 2-разряд;

      ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде - керме жолдардағы немесе стрелка мойындарда құрамды қалыптастыру кезінде - 3-разряд;

      ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде - керме жолдардағы немесе стрелка мойындарда құрамды қалыптастырудың аз және орташа қуаты кезінде - 4-разряд;

      ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде – керме жолдардағы немесе стрелка мойындарда құрамды қалыптастырудың жоғары және өте жоғары қуаты кезінде - 5-разряд;

      256. Ескерту.

      Вагондардың қозғалыс жылдамдығын аға реттеуші тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген тікелей жұмыстарды орындаудан басқа, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер бригадасының жетекшісі міндетін атқарады және реттеушілерден бір разряд жоғары тарифтеледі.

      73. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

      1-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 2-разряд

      257. Жұмыс сипаттамасы.

      Металл, ағаш, тас, бетон және темір бетон көпірлерді, өтпе жолдарды, виадуктерді, акведуктерді, эстакадаларды, лотоктар мен басқа да жасанды құрылыстарды слесарлық, тойтару, ұсталық және бетон жұмыстарын орындай отырып, жөндеу және техникалық ұстау.

      Жасанды құрылыстарды шаң-тозаңнан, қоқымнан, таттан, қар мен мұздан тазалау.

      Жылжымалы көріктерді толтыру.

      Тойтармаларды қыздыру.

      Арматуралық болатты жазу, тегістеу және кесу.

      Жасанды құрылыстың бетін сырлау үшін дайындау.

      Ағаш материалдарды қолмен өңдеу.

      Шарнирлер мен катоктарды майлау.

      Бетін жоспарлау және тазалау.

      Топырақты қол құралмен қопсыту, тығыздау, тігінен және көлденеңнен ауыстыру, оны зембілмен және арбамен шығару.

      Бүлінген асфальт беттерді сындыру.

      Шағын көпірлер мен құбырлардың тесіктерін жабу және ашу.

      Туннельдегі тоңды ою.

      Тоннель қабырғасындағы алынып жатқан торкрет немесе бетон қабатын жұлып алу.

      Туннельдегі тұзды ағындар мен шорды алып тастау.

      Батпақты жерлерді және судың туннельдің қаптамасына түсуі ықтимал жерлерден тыс кептіру.

      258. Білуге тиіс:

      жасанды ғимараттардың құрылымдық бөліктері мен элементтерінің атауы мен мақсаты;

      қол құралының құрылысы;

      металл, бетон, темір бетон, ағаш және тас беттерді тазалау тәсілдері;

      слесарлық, тойтару, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау тәсілдері;

      арматуралық болатты жазу, тегістеу және кесу тәсілдері;

      қол құралдары мен айлабұйымдарын пайдалана отырып, жұмыстарды орындау тәсілдері;

      бетон қоспасын әперу және тығыздау тәсілдері;

      бетті сырлауға дайындау ережесі;

      ағаш материалдарын қолмен өңдеу тәсілдері;

      жүктерді тасымалдау және қоймалау тәсілдері;

      жасанды ғимараттарды қайта құру және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелері.

      2-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 3-разряд

      259. Жұмыс сипаттамасы.

      Тіреудің бетін жөндеу және техникалық ұстау, сондай-ақ жасанды құрылыстың аралық құрылыстарының жекелеген элементтерін мен әртүрлі материалдардан жасалған жасанды ғимараттардың тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарсыз, слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау арқылы жөндеу.

      Жапсырмалар жасау.

      Жасанды ғимараттардың элементтерінде тойтарма үшін саңылаулар бұрғылау.

      Арматуралық өзектерді суық күйінде ию.

      Жасанды құрылыстардың бетін тегістеу және бояу.

      Жасанды құрылыстар тіреуінің құрылысын бөлшектеу.

      Шұңқырларды, саңылаулар мен сөгілген жерлерді кірпішпен және бетон қоспамен бітеу.

      Бетон және темір бетон құрылыстарды керту және бөлшектеу.

      Бетті сылау және сылақты жөндеу.

      Цемент сылағының құрылысы.

      Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің асфальтбетон қабатындағы жарықтарды тазалау және бітеу.

      Ағаш материалдарын механикаландырылған құралдармен өңдеу.

      Ряж пен мұз ойғыштарды тақтаймен қаптау.

      Тақтай төсемені төсеу және ауыстыру.

      Төсеніштер мен шпал торларды бөлшектеу.

      Ағаш баспалдақтарды жөндеу.

      Дренаж пен кесінділердің бастарының рисберлерінің құрылысы.

      Жылжымалы тірек бөліктерінің қаптамасын жөндеу және ауыстыру.

      Көпір бөренелерін жөндеу.

      Жылжуға қарсы құрылғыларды, контрбұрыштар мен контррельстерді бөлшектеу.

      Шағын көпірлер мен құбырлардың саңылауларын жабуға арналған ағаш қалқандарды жасау және жөндеу.

      260. Білуге тиіс:

      жасанды құрылыстардың түрлері мен типтері;

      оларды ұстау және жөндеу бойынша негізгі ережелер;

      жөндеу ережесі және зақымданулардың алдын алу тәсілдері;

      суық және ыстық тойтару тәсілдері;

      тойтарудың өлшемдері, шектеулер мен орнату;

      болаттың сорттары мен маркалары;

      арматуралық өзектерді түзету және июдің әдіс-тәсілдері;

      ерітінділерді дайындау және мөлшерлеу тәсілдері;

      қалау мен буттың оймалары мен саңылауларын тесу тәсілдері, тас және бут қалауды бөлшектеу;

      цементтің, толтырғыштар мен бетон қоспаның негізгі маркалары;

      асбест бетон қоспалардың, мастикалардың, эмульсиялардың, инертті толтырғыштардың түрлері;

      қорамақалып қалқандарды дайындау тәсілдері;

      ағаш материалдарын өңдеу тәсілдері;

      антисептикалық және оттан сақтағыш құраммен жұмыс істеу және пайдалану ережесі;

      пневматикалық балғалардың, тойтарма шегелердің және басқа да механикаландырылған құралдардың құрылысы;

      ерітінді қыздырғышты және сорғыларды күту ережесі.

      3-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 4-разряд

      261. Жұмыс сипаттамасы.

      Арка, бөрене, ажыратпалы және аспалы көпірден басқа, әртүрлі материалдардан жасалған жасанды құрылыстың, аралық құрылыстарының элементтері мен тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарсыз, слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау арқылы жөндеу.

      Жасанды ғимараттардың элементтерін жасау және олардың тораптарын құрастыру.

      Өткел құрылыстар мен тіреулердің жақтау қоршауларының құрылысы және оларды жөндеу.

      Жекелеген өзектерден, анкерлік болттардан, жапсырма бөлшектерден жасалған арматураны орнату.

      Арматуралық торлар мен тегіс каркастарды құрастыру және монтаждау.

      Құрастырмалы темір бетон құрылыстарды шұбарлау және жіктерін бітеу.

      Бұрын салынған құрылыстың жіктерін ашу.

      Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің темір бетон және металл баспалдақтарын жөндеу.

      Бекіністердің, тартпалар мен қоршаулардың темір бетон бөлшектерін жасау.

      Асфальт бетон қаптамаларды кескіндеу және өңдеу.

      Реттеу және қорғау құрылыстарын жөндеу.

      Қорамақалыпты, ағашты, төсемелер мен шпал торларды орнату.

      Аспа бесіктерді ілу және алу.

      Төсеме тақталар мен шпал торларды құрастыру.

      Кюветтің астындағы және кюветтің сыртындағы құрамалы темір бетон бақылау құдықтарының және су ағар кәрізінің құрылысы, жөндеу және бөлшектеу.

      Су бұрғыш темір бетон лотоктарының құрылысы, оларды жөндеу және бөлшектеу.

      Жасанды құрылыстың металл құрылыстарының элементтеріндегі саңылауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айлабұйымдарды пайдалана отырып бұрғылау.

      Металл өткел құрылыстардың элементтерін және жақтауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айлабұйымдарды пайдалана отырып сырлау.

      Электр орындау құралдарын пайдалана отырып, контррельстерді, контрбұрыштарды, қорғау бұрыштары мен қорғау бөренелерін демонтаждау. Көпір бөренелерін бір рет ауыстыру.

      262. Білуге тиіс:

      жасанды құрылыстар мен жолдың жоғарғы қабатын ұстау нормалары мен тексеру тәсілдері;

      көпірлердің металл бөліктеріндегі жарықтарды анықтау тәсілдері;

      жасанды құрылыстарды өткел құрылыстарын істен шыққан тораптарын ауыстырып жөндеу ережесі;

      арматуралық торлар мен каркастарды құрастыру тәсілдері;

      мастика, эмульсия, асфальт қоспалар мен тұтқыр материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

      беткі қабаттың құрылысы және оны жөндеу;

      тіреудің төсеме тақталарын жөндеу және жасанды құрылыстың құрастырмалы бетон және темір бетон бетін монтаждау тәсілдері;

      ағаштың, төсеме тақталардың және шпал торлардың құрылысы;

      бекіту плиталарының типтері және оларды төсеу тәсілдері;

      цементтеу және бетон бүркуге арналған құрылғылардың типтері мен құрылысы.

      4-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 5-разряд

      263. Жұмыс сипаттамасы.

      Арка, бөрене, ажыратпалы және аспалы көпірдің өткел құрылыстарын ауыстыра отырып, төсеме тақталарды, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарын пайдалану арқылы жөндеу.

      Өткел құрылыстардың элементтерін болтпен бекіту.

      Контрбұрыштар (контррельстер) мен қорғаныш бұрыштарды орнату және бекіту.

      Тегістеу мен домалатын кіргізу аспаптарын монтаждау, демонтаждау, техникалық ұстау және жөндеу.

      Ажыратпалы өткел құрылыстардың механикалық және электр механизмдері мен рельстік жік-кілтін жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

      Балластсыз көпір жаймасын, ағаш бөренедегі және металл көлденеңдегі жайманы жөндеу және ұстау.

      Арматуралық торды салу.

      Төсеме қатарды монолиттеу.

      Жасанды құрылыстардағы жол осін оптикалық аспапты пайдалана отырып визалау және ауытқушылықтарды жою.

      Темір бетон жейделер мен белдіктердің құрылысы.

      Темір бетон және бетон өткел құрылыстардың гидрооқшаулауышын түсіру пакеттерін пайдалана отырып, тексеру және жөндеу.

      Жасанды құрылыстар мен құбырлардың тіреулерінің төсеме тақталарын инъектілеу.

      Бетон бүрку (торкреттеу).

      Тас көпірлердің бұрғыштары мен ағындарының құрылысы және оларды жөндеу.

      Тас нобай мен ұсақ тастан жасалған берік призмалардың құрылысы.

      Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын пайдалана отырып, туннель қабырғаларын өңдеу жіктерін жөндеу және қайта өңдеу.

      Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын, пневмо- немесе құралдарын пайдалана отырып, торкреттің немесе бетонның алынып жатқан қабатын шыңдау.

      Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын пайдалана отырып, тоннель тюбингіндегі кронштейндерді ауыстыру.

      264. Білуге тиіс:

      өткел құрылыстары элементтерінің жанасу тәсілдері;

      беріктігі жоғары болттардың қолданылуымен металл құрылыстарды монтаждау ережесі;

      құлыптардың рельс жіктері құрылымдарының құрылысы;

      оларды жөндеу бойынша өндірістің технологиясы;

      көтеру жабдықтарын және қосымша құрылғылар мен айлабұйымдарды орнатудың әдіс-тәсілдері;

      құрылымның қорамақалыбын құрастыру және қаптамасына бетон қоспасын құю ережесі;

      арка, бөрене көпірлердің, құбырлардың, лотоктар мен бастарының, күмбездің үстіңгі құрылысын табиғи тастан қалау, көпір тіреулерінің сыртқы шақырымдық қатарын жонылған тастан салу ережесі мен тәсілдері;

      көпір жаймасын толық ауыстыру ережесі;

      оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, визалау тәсілдері;

      балластсыз көпір жаймасын құру және ұстау ережесі;

      басып тығыздау және бетон бүрку (торкреттеу) үшін пластификациялық қоспалары бар бетон қоспасын дайындау тәсілдері;

      полимерцемент ерітіндісін дайындау тәсілдері;

      механизмдердің құрылысы мен жұмыс қағидаты.

      5-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 6-разряд

      265. Жұмыс сипаттамасы.

      Тіреуіш бөлігін түзете отырып, аралық құрылыстарды оське көтеру, жылжыту және орнату арқылы жасанды құрылыстарды жөндеу.

      Аралық құрылыстар мен рельс жолдарының планы мен профилін құралдармен түсіру.

      Жасанды құрылыстардың ауқымын өлшеу және бақылау.

      Металл көпірдің элементтерін ауыстыру кезінде түсіру және шаблондарды жасау.

      Жекелеген элементтер мен аралық құрылыстарды тар жерде жасау және ауыстыру.

      Өте берік болттар мен түйреуіштердің тартылуын бақылау.

      Аралық құрылыстар балкаларының белдеулеріндегі өте берік түйреуіштерге арналған плиталар мен саңылауларды орналастыруды белгілеу.

      Плиталарды биіктігі бойынша реттеу.

      Балкалардың профилін жаю.

      Көпір бөренелерін дайындау және ауыстыру кезінде болттарға арналған шұңқырлар мен саңылаулардың орнын белгілеу үшін шаблондар жасау.

      Көпір бөренелерінің жобалық эпюраларын аралық құрылыстарға ауыстыру.

      Көпірдегі рельс жолдарын көтерудің шекті жебесін және көпір бөренелерінің жұмыс биіктігін есептеу.

      Табиғи жонылған тастан мұз жарғышты тас көпірлердің аркалары мен жіктерінде тастарды, табан тірек тастарды таңдай отырып қалау.

      Көпір тіреуіштерінің подфермалық тастарын салу және өсіру.

      Уақытша пакет аралық құрылыстар мен тіреулерді құрастыру және орнату.

      Су ағыны режимін гидрологиялық өлшеу және бақылау.

      Бақылау осін, уақытша шағын көпірлер мен құбырлар элементтері осьтерін бөлу.

      Шағын металл аралық құрылыстарды темір бетонға ауыстыру.

      Тунел жіктері қаптамасының жекелеген тастарын ауыстыру.

      Тунел жіктерін қаптау жіктерін жөндеу және қайта жаңарту.

      Тунел қабырғасын тас және бетон қаптамасын төсеме тақта немесе басқа да қосымша немесе қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, темір бетонмен күшейту.

      Тунелдегі ұзын және қиғаш жарықтарын жою.

      266. Білуге тиіс:

      аралық құрылыстарды құрастыру, жылжыту және орнату тәсілдері;

      аспалы алаңдарда, төсеме тақталарда және аспалы бесіктерде ұсталық жұмыстар мен тойтару жұмыстарын орындау тәсілдері;

      өңделетін материалдарды қыздыру және салқындату режимі;

      айналдырғыштарды орнату, айналдыру және арка, балка жасанды құрылыстары мен құбырлардың жіктерін жөндеу тәсілдері;

      геодезиялық құралдармен жұмыс жүргізу ережесі;

      жолдар мен жасанды құрылыстардың жобасы мен профилін жасау ережесі;

      су өткізетін жасанды құрылыстар жұмысының гидрогеологиялық режимдерінің ерекшеліктері.

      6-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 7-разряд

      267. Жұмыс сипаттамасы.

      Қабырғалардың қаптамасын және туннельдің кері күмбезін қайта қалау арқылы төсеме тақталардан немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарынан пневмо- немесе электрқұралдарды пайдалана отырып жасанды құрылыстарды жөндеу.

      Ерітіндіні туннельдің қаптамасына және қаптамасының сыртына соңғы рет айдау.

      Тунел күмбезіндегі анкерлердің (бурка) дайын саңылауына орнату және бітеу.

      Тунел күмбезінің бетон (темір бетон) қаптамасының бұзылған жерлерін сындыру.

      Тунел қабырғаларындағы стандарт емес және күрделі күмбездерін пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып бедерлеу.

      Байланыс сымынан судың тамуын бұру.

      Тунелдегі тік жарықтарды тоқтату.

      268. Білуге тиіс:

      жұмыстарды төсеме тақталардан немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарынан пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып орындау тәсілдері мен әдістері;

      стандарт емес және күрделі жіктерді бедерлеу кезінде жұмыс өндірісі технологиясы.

      7-параграф. Жасанды құрылыстарды жөндеуші, 8-разряд

      269. Жұмыс сипаттамасы.

      Транспорттық құрылғы көмегімен көлденеңінен алынатын жасанды құрылысты жөндеу.

      Түнел күмбезді деформациясын тарату.

      Түнел қаптамасының жылжуын аспаппен өлшеу.

      Түнел күмбезі төсемін ауыстыру.

      Түнел күмбезінің тас және бетонды қаптамасын күшейту.

      Түнел өлшемдерін жылжымалы төсемлердегі бақылау өлшем рамалары арқылы тексеру.

      Түнел күмбезіндегі жарықтарды жою.

      Кабель желіге жақын жердегі түнел күмбезіндегі және бойындағы стандартты емес және күрделі жіктерді қосымша немесе сақтандыру жабдықтарын пайдалана отырып соғу.

      270. Білуге тиіс:

      Түнел күмбезін күшейту және ауыстыру жұмыстарын қабылдау және жүзеге асыру әдістері;

      түнел өлшемдерін тексеру ережесі мен технологиясы;

      кабель желіге жақын жердегі жұмыстар ережесі.

      74. Сигнал беруші, 4-разряд

      271. Жұмыс сипаттамасы

      Жолда тұрған вагондар мен құрамдарды станцияның техникалық-басқару актінде бекітілген тәртіп пен нормалар бойынша тежегіш башмағымен (тежегіш құрылғысымен) бекіту және оларды алу.

      Жұмыс орнында тежегіш башмағының бар екендігін бақылау және олардың дұрыс жарамдылығын тексеру.

      Жолдың бос екендігін тексеру, орталықтандырылған бағыттамаларды бұру, сигнал беру, орталықтандыру және блокадалау жабдығы жұмысы бұзылған жағдайда поездарды қабылдау, жіберу және өткізу кезінде бағытты дайындау дұрыстығын тексеру.

      Поезд соғын белгілеу үшін сигналдарды ілу және алып тастау.

      Ауыспалы сигнал мен петардаларды орнату және күзету, жол жұмыстарын өндіру орнын қоршайтын сигнал белгілерін орнату.

      Өтіп жатқан поездарды бақылау және жол жұмыстарының басшысына дыбысты және көрінетін сигналдарды уақытылы беру.

      Жол жұмыстары басшысының рұқсатымен қоршау сигналдары мен петарданы алып тастау.

      272. Білуге тиіс:

      Жүктерді тасымалдау ережесі;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесі мен нормасы, жұмысына қатысы бар станция жұмыстарының бөлігінің техникалық-басқару акті мен технологиялық процесі;

      тежегіш құрылғысының жұмысы принципі және оларды пайдалану ережесі, тежегіш башмағы құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

      бағыттамалы бұрма мен оқшаулау аудандарының орналасуы, орталықтандырылған бұрма туралы жалпы мәліметтер және бұру ережесі;

      поезд сигналдары және олар арқылы поезд соңын белгілеу тәртібі;

      ауыспалы, қол және дыбыс сигналдары, сигналды белгілер;

      жол жұмыстарын өндіру және алмалы жылжымалы бірлік орындарын сигналдармен және сигнал белгілерімен қоршау сызбасы;

      сигнал, сигнал белгілері және петардаларды орнату, алу тәртібі;

      ауыспалы телефон байланысын және ауыспалы радио станцияларын пайдалану тәртібі.

      75. Зумпфты агрегат слесары

      1-параграф. Зумпфты агрегат слесары, 3-разряд

      273. Жұмыс сипаттамасы.

      11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдей отырып зумпфты агрегаттарды жөндеу (дәлдіктің 4-5 класына).

      Зумпфты агрегатты көлік жағдайынан жұмыс жағдайына қайта қосу: электр тарату қалқандарынан немесе тоннельдерінен агрегатқа және оның уақытша электрмен қоректендіру желісіне шаң жинағыштарынан вакуумдағы құбыржолдарын алып тастау.

      Құбыржол тәсімдерін агрегат жұмысына дайындау.

      Тоннельде орналастырылған жинағыштардағы лас пульпаны цистернаға жіберілуін реттеу.

      Жылжымалы құрам көлемі шегіндегі барлық құрылғыларды орната отырып агрегаттың көліктік жағдайын ажырату және орнату.

      274. Білуге тиіс:

      дренажды және зумпфты агрегат жабдықтарының құрылымы мен қызмет көрсету ережесі;

      агрегат жұмысының режимдері және қоқыс пульпасының қасиеті,

      жер асты жұмыстарындағы кемшіліктердің себептері мен белгілері, оларды жою тәсілдері;

      құбыр салу тәсілдері;

      дренаж және зумпфты агрегат құбыржолдары мен электрмен қоректендіру тәсімдері;

      электр техника және металл технологиясы негіздері;

      жылжымалы құрам көлемдері;

      қолданыстағы метрополитен тоннелінде жұмыс істеу ережесі.

      2-параграф. Зумпфты агрегат слесары, 4-разряд

      275. Жұмыс сипаттамасы.

      7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдей отырып зумпфты агрегаттарды жөндеу (дәлдіктің 2-3 класына).

      Су құятын құрылғылы жабдықтарын қоқыс жинағыштарды тазалауға дайындау.

      Агрегат электр қоректендіргішін, сорғы құрылғыларының автоматика және сигнал бергішін қосу және ажырату.

      Қоқыс жинағыштардағы зиянды газдарды аспаптар бойынша айқындау және жылжымалы электр желдеткіштердің көмегімен жою.

      Зумпфты агрегат жұмысын басқаруға қатысу.

      Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша мановакуумметр, толтыру деңгейі көрсеткіші, амперметрді бақылау.

      Агрегат жұмыс режимін реттеу.

      Агрегат жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

      276. Білуге тиіс:

      вакуум сорғы, электр қозғалтқыш, бақылау-өлшеу аспаптары, газ талдағыш және айдау автоматикасының құрылымы;

      зумпфты агрегат жұмыс режимін реттеу тәсілдері;

      қоқыс тұндырғыштардың құрылымы;

      майлау материалдарының қызметі;

      гидравлика негіздері.

      76. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

      1-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары, 4-разряд

      277. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру.

      Букс ішектер мен қақпақтарды, моторлық осьтік ішпектердің қалпақтарын, жетек қозғалтқыштарының ілмелерін, тісті қақпақтарды бекіту.

      7-10 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу, жетілдіру.

      278. Білуге тиіс:

      механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың, машиналардың, аппараттардың, аспаптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру технологиялық процесі, құрылымы, техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер;

      локомотив тораптары мен бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістері;

      бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы.

      279. Жұмыс үлгілері.

      Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

      1. Тепловоздар мен дизель поездардың жалюздері, желдеткіштері;

      2. Жетекті қозғалтқыштардың кронштейндері.

      3. Электровоздар мен электр поездары вагондарының жабдықтары.

      4. Тежегіш рычагты берілістер.

      5. Соққы-тіркелетін аспаптар.

      6. Осьтік редукторлар, кардан біліктер, амортизатор корпустары мен реактивтік жетектер.

      7. Жаймалы, винтті рессорлар.

      8. Қорғау қапсырмалары.

      9. Пневматикалық тежегіштер мен тежегіш жабдықтар.

      10. Жылу, май, су жүйелері құбыржолдары, тепловоздар мен дизель поездардың тоңазытқыш секциялары.

      11. Щеткалар – коллектор бойынша реттеу және ысқылау, электрлі машиналардың щетка ұстағыштары мен жетекті қозғалтқыштарының кронштейндері – ауыстыру.

      2-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары, 5-разряд

      280. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру.

      Жөндеу көлемін айқындау.

      6-7 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу, жетілдіру (дәлдіктің 1-2 класына).

      281. Білуге тиіс:

      механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері мен өзара іс-әрекеті;

      техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер;

      локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеу технологиясы мен жөндеу сапасына қойылатын талаптар;

      локомотив тораптарының, бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістері, тораптарды құрастырылуын бақылау және жұмысын реттеу тәсілдері;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы.

      282. Жұмыс үлгілері.

      Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

      1. Жоғары вольтты, төмен вольтты және найзағайдан қорғайтын аппаратура, электровоздардың осьтік редукторлары мен электр поезд вагондары.

      2. Роликті букстар мен жылжымалы ішпектер, жұп дөңгелектер, моторлық-осьтік ішпектер, жетекті қозғалтқыштар, қосалқы машиналар, бас контроллерлер, реверсорлар, тез істейтін қосқыштар.

      3. Ауа таратқыштар, электр ауа таратқыштар.

      4. Жетек генераторлары, жылу сорғылары, отын соратын сорғылар, тепловоздар мен дизель поездардың газ тарату механизмі.

      5. Жетек қозғалтқыш, электр машина коллекторлары.

      6. Тежегіш магистральдары, тежегіш және теңестіргіш цилиндрлер.

      7. Күш механизмдері, қуатты таңдау және жіберу біліктері, клин ременьді жетек тепловоз және дизель поездарының жетектері.

      8. Жылдамдық өлшегіштер, олардың жетектері, датчиктер.

      9. Электровоз және электр поезд ток қабылдағыштары.

      3-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары, 6-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы.

      Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі ерекше күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру.

      Электр шынжырлардағы ақаулықтарды жою.

      Қашықтықтан басқару электр жүйелерін сынау және реттеу.

      Локомотивтерді жөндеу және жұмысқа дайындығы туралы белгі.

      284. Білуге тиіс:

      механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдары мен тексеру және реттеу тәсілдері;

      локомотив жабдықтарының, электр монтажды тәсімдерінің ақаулықтарын анықтау және жою жолдары мен әдістері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тораптар мен агрегаттардың өзара іс-әрекеті мен жөндеу ережесі;

      тексерілетін және жөнделетін локомотивтердің құрама топтарын дұрыс жинақтау.

      285. Жұмыс үлгілері.

      Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

      1. Басқару панелі аппараттары, электр пневматикалық клапандар. Топтық қайта қосқыштар, машинист контроллерлері.

      2. Электр аппараттары.

      3. Бас қайта қосқыштар, электровоздар мен электровоз вагондарының түзету құрылғылары.

      4. Тепловоз дизельдері мен дизель поездары. Бақылау-өлшеу аппараттарының көрсеткіштерін тексеру, аппараттарды реттеу.

      5. Машинист крандары, электр пневматикалық тежегіштер.

      6. Тепловоздардың жылу беруін басқару механизмдері.

      7. Автоматты локомотивті сигнал беру, автостоптар мен радиобайланыс, басқару пульты аспаптары.

      8. Электровоздар мен электр поезд вагондарын басқарудың электр тізбегі тәсімдері.

      4-параграф. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары, 7-разряд

      286. Жұмыс сипаттамасы.

      Локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың техникалық жағдайын жөндеу, тексеру, сынау және реттеу.

      287. Білуге тиіс:

      локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері,

      жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету ережесі бірегей және тәжірибелік жабдықтарды жөндеудің технологиялық процесі.

      288. Жұмыс үлгілері.

      Жарамсыз тораптар мен аппараттардың техникалық жағдайын тексеру, жөндеу, сынау, реттеу және ауыстыру:

      1. Тепловоздың бас генераторы – босағандарын қалпына келтіру, орамдардың тұтастығын тексеру.

      2. Электровоздың жетекті қозғалтқышы.

      3. Жұдырықты контактор.

      4. Айналымның санын реттегіш.

      5. Барлық үлгідегі басқару релесі, жылу релесі.

      6. Серіппелі арбаны асып қою.

      7. Ток қабылдағыштар.

      77. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

      1-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 2-разряд

      289. Жұмыс сипаттамасы.

      Бөлшектері слесарь жөндеуінен өткен және 12-14 квалитет бойынша (дәлдіктің 5-7 класына) қиыстырылып дайындалған жеке тораптарды бөлшектеу және жинау.

      Электр техникалық жабдықтарды тазалау, ысқылау, шаю.

      Қатты және жұмсақ әдіспен қалайылау және пісіру.

      Кабельдерді төсеу, бөлу, ұзарту.

      Металл құрылғыларына (бекітпелеріне) қызмет көрсету және профилактикалық жөндеу және карапайым ақауларды жою.

      Электр-газ дәнекерлеушісімен бірге жұмыс жасау

      Тораптар мен механизмердегі бояуларды ауыстыру.

      Бекітпелерді тазалау және бояу.

      290. Білуге тиіс:

      метрополитен электр механикалық жабдығының жұмыс принципі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтар мен кабельдердің үлгілері;

      сымдарды монтаждау тәсілдері;

      жабдықтар мен металл құрылғыларының (бекітпелер) қызметі принципі және механизмдерінің жұмысы;

      жүкарба мен құрал-жабдықтар құрылымы, пайдалану ережесі;

      бөлшектерді тексеру және қиыстыру әдістері;

      жинақталатын және дайындалатын бөлшектердің жөндеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;

      тотықтың пайда болу себептері және олармен күресу әдістері;

      қолданылатын бояу материалдары қызметі, гидравликалық бекітпелерде қолданылатын сұйықтық қасиеті;

      электр қондырғыларымен қарапайым техникалық танысу, электр техникасы туралы қарапайым мәліметтер;

      монтаждау кезіндегі такелаждық жұмыстарды енгізу ережелері;

      металл құрылғыларының (бекітпелер) жұмыс жасау режимі.

      2-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 3-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы.

      Қол, электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Станциялардағы қол жетегінен басқару жабдықтарын бақылау.

      Жабдықтарды, желілерді, станцияларды жергілікті және кешенді басқаруға қатысу.

      Қол жетекті жабдықтарды ашу және жабу кезіндегі ақаулықтарын жою.

      11-12 квалитеттер бойынша жұмыстарды орындай отырып электр механикалық жабдық тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

      Электр іске қосатын аппаратурасы мен шағын қуатты электр қозғалтқыштың жекелеген тораптары мен бөлшектерін жөндеу.

      Оқшаулау және жерсіндіру кедергісін өлшеу.

      Сүзгілерді ауыстыру, шаю және жөндеу.

      Негізгі желдеткіштерді қоспағанда түрлі қызметтегі сорғылар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.

      Ауа жеткізгіштерді, құбыржолдарды сынауға қатысу.

      Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен аспаптар мен аппараттарды реттеу және түзету.

      Лампа, желілердің кернеулігін және сигнал беру деңгейін өлшеу.

      Телеавтоматика тәсімдері релесін механикалық реттеу.

      Қоректендіру блогын ревизиялау.

      Қол қозғалтқышты бекітпе, электрлі-механикалы қозғалтқышты қарапайым бекітпеге қызмет көрсету, жөндеу, басқару.

      Механизмнің жиналмалы тораптарын 100 атм.-ға дейін қысымда гидравликалық сынау.

      Байланыстырғыш кабельді муфта мен соңғы бекітпелерді монтаждау.

      Электрді үлестіруші шкафтарды, тақталарды, түйістіргілі панельдерді жөндеу, жинау және орнату.

      Монтаждар мен принципиальды тәсімдердің таңбалануын тексеру.

      Оқшаулау материалдарын сызба бойынша өңдеу, кабельдердің зақым келген жерлерін жою.

      Жабдықтар мен аппаратттарды жоғары білікті слесарь-электрик басқармасымен реттеу және дәлдемелеу.

      292. Білуге тиіс:

      жергілікті пульттан басқарылатын такелажды және қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы;

      электр жіберетін аппаратураның, аспаптар мен аппараттардың жұмыс істеу принципі;

      жабдықтарды тот басудан тазарту әдістері;

      жұмыс сызбалары мен электр тәсімдерін оқу ережесі;

      электр техника, механика, гидравлика және металдарды өңдеу технологиясының негізгі мәліметтері;

      құрылымдар мен жабдықтарды жақындату көлемдері;

      жабдықтарды қоректендіру тәсімдері;

      құбыржолдар, ауа жібергіштерді сынау ережесі;

      номинальды кернеу бойынша сақтандырғыштарды таңдау ережесі;

      тұрақты және ауыспалы ток көздері мен тәсімдері туралы жалпы мәліметтер;

      квалитеттер (дәлдіктер кластары);

      қол бекітпелі және қарапайым механикалық бекітпелі металл құрылғылары құрылымы, шарттары, пайдалану ережесі;

      жөнделетін металл құрылғыларын бекіту әдістері;

      металл құрылғы тораптары мен механизмдерінің бөлшектері мен тораптарын жөндеу және жинау;

      көтерме-транспорттық механизмді пайдалану ережесі;

      электр қозғалтқыш, іске қосуды реттеу аппаратурасы құрылысы;

      электр қозғалтқышы жұмысы кезінде мүмкін жүктеме;

      бақылау-өлшеу құрылғылары құрылымы және қызметі;

      электр оқшаулау кедергісін сынау ережесі.

      3-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 4-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Негізгі желдеткіштерге қызмет көрсету.

      Коникалық, ирекше, гидравликалық домкрат редукторларын бөлшектеу, құрастыру.

      7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдей отырып жұмыстарды орындауда ішпектерді, тісті дөңгелектерді ауыстыру (дәлдіктің 2-3 класы).

      Түрлі жүйедегі релелерді, электр жіберетін аппаратура және электр қозғалтқыштарды жөндеу және ауыстыру.

      Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі диодтарды ауыстыру.

      Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі ақаулықтарды жою және басқару тәсімдерінің жарамдылығын қамтамасыз ету.

      Жабдықтарды, желілерді, станцияларды сынауға қатысу.

      Реле қорғау, электр автоматика, телемеханика құрылғыларын ревизиялау және баптау.

      Жөнделетін жабдықтардың ақаулықтарын айқындау және оларды жою.

      Күрделі біріктіру тәсімдерін монтаждау.

      Телеавтоматика тәсімдері кілттерін және релесін бөлшектеу және құрастыру.

      Телеавтоматика құрылғысы.

      Вентиляциялық, станциялық, тоннельдік бекітпелергі қызмет көрсету, жөндеу және басқару.

      Редуктор, трансмиссия, гидравликалық домкраттарды жинау және бөлшектеу.

      Электр қозғалтқыш мен әр түрлі жүйе релесін жөндеу.

      Жабдық, желі, станция сынақтарына қатысу.

      Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен телеавтоматика тәсімдерін баптауды тексеруге арналған сынау тәсімдерін құрастыру.

      294. Білуге тиіс:

      қашықтықтағы пульттан және станциялардан басқарылатын қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы;

      тораптар мен бөлшектердің тозу нормасы;

      түрлі технологиялық режимдердегі жабдықтарды басқару тәсімдері;

      қысыммен істейтін ыдыстарды гидравликалық сынау;

      газталдағыштардың жұмыс істеу принципі;

      жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін демонтаждау және монтаждау технологиялық кезектілігі;

      тораптарды, бөлшектерді пісіру кезінде пайда болатын металдың деформациялануы мен ішкі кернеуліктерді жою және алдын алу тәсілдері;

      электр жабдықтарының сызбалары мен тәсімдеріндегі белгілер, шектеулер;

      жөнделетін аспаптардың, механизмдер, аппараттардың құрылымы мен баптау тәсілдері;

      кедергілерді, күрделі біріктіру тәсімдерін есептеу ережесі, металлдарды өңдеу технологиясы, электр техникасы, гидравлика, механика, электроника негіздері;

      телеавтоматика аппаратурасының принципиалды және монтаждық тәсімдері, электрмен қоректендіру тәсімдері;

      устройство и назначение металлоконструкций шлюзового и других типов, технологическую последовательность монтажа, демонтажа, ремонта и ревизии механизмов и электрооборудования;

      қорғаныс және автоматика құрылғысы;

      әр түрлі жүйе релесі құрылысы;

      металл деформациясы мен дәнекерлеу кезінде ішкі кернеуін ескеру және жою әдістері;

      бекітпелерді дәнекерлеу және монтаждау кезінде туындайтын ақаулар, оларды жою әдістері;

      барлық түрдегі бекітпелерді басқару ережесі, металл құрылғысының қызмет көрсету аумағында орналасуы.

      4-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 5-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы.

      Сорғыларда, желдеткіштерде, клапандарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау.

      Біліктердің, винт тіректердің, коникалық, ирекше реттегіштерін реттеу.

      Жабдықтардың жұмыс соңында жақындату көлемін тексеру.

      Жекелеген тораптарды демонтаждау, монтаждау жөніндегі күрделі такелажды жұмыстарын орындау.

      6-7 квалиттеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. сүзгілерді ауыстыру (дәлдіктің 1-2 класына).

      Фильтрлерді ауыстыру.

      Кабельдерді төсеу және оларды ұштарына және электр қозғалтқыштарға қосу.

      Жергілікті автоматты басқару тәсімдерін жөндеу, реттеу, баптау.

      Түрлі технологиялық режимдегі жабдықтарды басқару.

      Электр өлшеу және реттеу блоктарында жұмыс істеу.

      Түрлі технологиялық режимдерде сынауды басқару және жүргізу.

      Қашықтықтан басқару тізбектерінде қолданылатын түрлі жүйедегі датчиктерді, электронды блоктарды және электр жіберу аппаратурасын жөндеу, баптау, реттеу.

      Электр қозғалтқыштарды және такелажды жабдықтарды сынау.

      Бақылау-өлшеу блоктарын пайдалану ережесі мен оларды теңшеу.

      Аса күрделі және дәлме-дәл аспаптарды монтаждау және түзету.

      Аспаптардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

      Электр аспаптарын өлшеудің басқа да түрлерімен қайта есептеу.

      Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен телеавтоматика аппаратурасының электр сипаттамасын өлшеуді жүргізу.

      Телеавтоматика тәсімдерін тексеру және баптау сынау тәсімдерін құрастыру.

      Телеавтоматика жабдықтарын монтаждау.

      Телеавтоматика аппаратурасын орнататын орнында тексеру арқылы бөлшектерінің тозу себептерін және ақаулықтарын анықтау.

      Телеавтоматика тәсімдері тізбектерін сынау және баптау.

      Релеконтактілі аппаратураны ревизиялау, жөндеу және баптау.

      Барлық түрдегі бекітпелерге, типтік емес бекітпелерден басқа, қызмет көрсету, басқару және жарамды жағдайда күту.

      Басқа қызметтегі тартылған жұмысшыларды бектіпенің барлық түрін басқаруға практикалық оқыту.

      Гидро қозғалтқышты, ілмекті және қорғағыш арматурасын, және реттығын ауыстырып-қосқыш, тез қозғалғыш гидравликалық насосын жөндеу.

      Бекітпелердің жол құрылғыларымен жанасуын тексеру.

      Жөнделген жабдыққа техникалық құжат құру және енгізу.

      296. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері, оларды жасаудың, қабылдау және монтаждаудың техникалық шарттары;

      технологиялық режимдер бойынша автоматика жүйелерін сынау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

      аралас құрылымды жабдықтардың орналасу ережесі, сызбалардағы шектеу, отырғызу және белгілеу жүйесі: сызбаларды оқу;

      қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен пайдалану;

      аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық сипаттамасы, телеавтоматика және телесигнал беру тізбектері принципиалды тізбектері, телеавтоматика жабдықтары мен арналарының электр нормалары;

      күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.

      барлық типтегі бекітпелерді құру, жөндеу, қызмет көрсету ережесі;

      такелажды және қарапайым дәнекерлеу жұмыстарын орындауды қабылдау;

      металл құрылғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі;

      дистанциялық басқару және сонымен сигналдық, орталықтандыру және блокадалау құрылғыларының одақтасуы;

      жол құрылысы; ұсталған бөлшектерді қалыпқа келтіру әдістері;

      гидрокоммуникация сызбасы, дистанциялық басқару сызбасы, блокадалау және электрлі қоректендіру жабдығын орналастыру;

      құрылғы жұмысының ақауларының пайда болу себебі және оларды жою.

      5-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 6-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы.

      Режимдік басқару тәсімдері мен тәжірибелік жабдықтарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау және сынау.

      Қашықтықтан басқару тәсімдерінде, автоматты режимде, автоматты жіберу тәсімдерінде, командалық сигнал беру тәсімдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою.

      Жабдықтардың жұмыс режимін тексеру.

      Барлық үлгідегі күрделі және дәлме-дәл аспаптарды, құрылғыларды, датчиктерді жөндеу, монтаждау, баптау.

      Жабдықтарды кешенді сынау жұмыстарын орындау және сынау барысындағы ақаулықтарды жою.

      Жабдықтардың бірліктестігін реттеу.

      электронды платаларды тексеру.

      Күрделі релелік-контактілі тәсімдерді ревизиялау және реттеу.

      электронды өлшеу аппаратура – осциллографтарды, жоғары жиіліктегі өлшегіштер мен генераторларды жұмыста пайдалану.

      Телеавтоматика жүйесін баптау.

      Үлгілік емес арнайы телеавтоматика аппаратурасын сынау тәсімдерін құрастыру.

      Телеавтоматика аппаратурасының аса күрделі құрылғыларын тексеру. Байланыс арналарының сигнал беру деңгейін реттеу.

      Барлық типті бекітпелерге қызмет көрсету, жөндеу және басқару.

      Басқа кәсіпорындармен бекітпелерді монтаждаудың техникалық бекіту. Тексеру, жөндеу және сынау кезінде жабдықтарды пайдалануда ақауларды шығару және жою.

      Берілген режимде бекітпелерді жөндеу, басқару.

      298. Білуге тиіс:

      телеөлшеу, телесигнал беру, телеавтоматика тәсімдерін баптау ережесі мен тәсілдері;

      электр өлшеу аспаптарының құрылымы, жабдықтардың жұмыс тәсімдері мен режимдері;

      күрделі тәсімдері мен тораптардың тәжірибелік үлгілері, жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдістері, жұмыс істемейтін механизмдер мен бөлшектердің шекті жүктемесі;

      түрлі режимдердегі жабдықтарды кешенді басқару тәсілдері;

      жабдықтардағы ақаулықтарды табу жолдары мен тәсілдері және оларды жою;

      бекітпенің барлық түрі құрылысы;

      жөнделудегі және сынақтағы жабдықтардың техникалық сипаттамасы және құрылысы, және жұмыс режимі;

      автоматика құрылғысын бекіту әдістері;

      бақылау-өлшеу аспабы құрылғысы.

      6-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 7-разряд

      299. Жұмыс сипаттамасы.

      Техникалық қызмет көрсету, күрделі датчиктерді, газ талдағыштарды тексеру және реттеу, датчиктерді, командалық сигнал беру жұмыстарын кешенді баптау және желілерді, объектіні басқару.

      Арнайы аппаратураның көмегімен бейнетерминалдардағы стендтердегі есте сақтау блоктарын тексеру.

      Функционалдық-бағдарлаушы процессордың базасында байланыс тағандарына, телемеханикасы бар жеке ЭЕМ қызмет көрсету.

      Автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу.

      Насостарды, желдеткіш қондырғыларды күрделі жөндеу.

      300. Білуге тиіс:

      телеөлшеу, телесигнализация, телеавтоматика және газ жабдықтарын схемалау ережесі мен тәсілдері;

      микросхемалардың электрмен өлшеу аспаптарының құрылғысы және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс режимі;

      негізгі тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдісі, рұқсат етілетін жүктемелерді және жабдықтарды.

      301. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      7-параграф. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 8-разряд

      302. Жұмыс сипаттамасы.

      Техникалық қызмет көрсету, есептеуіш техника құралдары базасында жасалған тәжірибелі жабдықтарды басқару схемасын, жұмыс орындарын автоматты басқару жүйесін жөндеу, баптау және сынау.

      Есептеуіш техника құралдарын қолданумен жұмыс істейтін автоматика, телемеханика жүйелеріндегі кінәраттарды анықтау және жою.

      Есептеуіш техникалық құралдарды, энергияны есептеу жүйесінің құрылғысын және басқа да күрделі жүйелерді жөндеу, қызмет көрсету және баптау.

      Есептеуіш техниканың жекелеген блоктарын жөндеу, монтаждау, баптау, баспа платтарын жасау.

      Электрондық аппаратураны пайдалану.

      303. Білуге тиіс:

      есептеуіш техниканың, механика мен микропроцессордың күрделі схемалары мен тораптарының озық үлгілері;

      әр түрлі режимде желілерді, объектілерді кешенді басқару тәсілдері, барлық жабдықтардағы кінәраттардың белгілері және оны анықтау, жою тәсілі.

      304. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      78. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

      1-параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 4-разряд

      305. Жұмыс сипаттамасы.

      Электрлі қозғалтқышты жинау машиналарына, тұрмыстық ауа салқындатқышына, тоңазытқыш, мәрмәрді жылтырату станогын, мәрмәр жуғыш машинасын, электрлі шаңсорғыш, бояу пульті, цемент ерітіндісі мен ыстық битумды айдау насостарына, тығындау машинасына, мұнара және басқа да пневматикалық және электрлік әрекетті жабдықтарға қызмет көрсету, жөндеу, жөнді жағдайда күту және жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

      Жабдықтың сақтандыру және орташа жөндеуі.

      Жабдықты бөлшектеу, жөндеу, монтаждауға арналған құрылғыларды әзірлеу.

      Вакуум-сорғы қанатшаларын теңдестіре отырып дәлдеу.

      Қызмет көрсетілетін жабдықтың механикалық тораптарын бөлшектеу, жөндеу, жинау.

      Бөлшектерді 7-10 квалитеттер (дәлдіктің 2 - 3 классы) бойынша слесарлық жөндеу.

      Электр қозғалтқышын, жүргізу аппаратурасын, электр өткізгіш және басқа де механизмдер демонтажы, жөндеу, монтаждау.

      Электр қуаты кабелі мен штепсельді құрамасын тексеру, жөндеу.

      306. Білуге тиіс:

      барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы;

      жинау машиналарын, ауа баптағыштарды, тоңазытқыштарды жөндеу, сынау, реттеу және қабылдау техникалық шарттары;

      бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдар мен жөндеу айлабұйымдарын қолдану ережесі;

      кіру және отырғызу жүйесі;

      барлық үлгідегі сым құрылғылары;

      сымдардың, қорғағыштарды қарапайым есептеу және қоректендіру көздерінің шекті жүктемесі.

      2-параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 5-разряд

      307. Жұмыс сипаттамасы.

      Метрополитен, электр қыздыру құрылғылары мен автоматика және қорғау құрылғыларымен жабдықталған аспаптардың, автоматты зарядтау құрылғылары желілері бойынша жолаушылардың оңтайлы бағдарларының монеталарын айыру, ақша есептеу машиналарын, электронды тәсімдерін жарамды қалыпта ұстау, қызмет көрсету, жөндеу.

      Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және орта деңгейде жөндеу.

      Күрделі жөндеуге қатысу.

      6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. (дәлдіктің 1 - 2 класы).

      Жабдықтарды монтаждау және сынау.

      Жабдықтардың, қорғау құрылғылары мен автоматика құрылғыларын тексеру және жөндеу.

      Электрлік және механикалық жабдық бөліктерінің жұмыс процесіндегі ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

      308. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі;

      жабдықтарды жөндеу және монтаждаудың техникалық шарттары мен кезектілігі, сынау ережесі;

      бөлшектердің ақаулық себептері мен уақытынан бұрын тозу себептерін анықтау тәсілдері;

      жылумен өлшеу электр аспаптарының сыныптауышы, оларды тексеру тәртібі мен пайдалану тәртібі;

      фрезерлік, бұрғылау, сүргілеу станоктарын, өлшеу аспаптары және құралдарын пайдалану ережесі.

      3-параграф. Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 6-разряд

      309. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету, жөндеу және жарамды қалыпта ұстау.

      Қызмет көрсететін жабдықта қолданылатын жартылай өткізетін аспаптардың сипаттамасы, жоғары жиіліктегі электр тәсімдердің қолданылуын тексеру.

      Қолданыстағы электр құрылғылардың оқшаулау кедергілерін, катушкалар мен конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу.

      Импульсті есептегіштерді сынау.

      Реле және магнитті жібергіштердің жұмысын реттеу.

      Контактілерді ауыстыру.

      Қызмет көрсетілетін бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіру және ауыстыру.

      Қызмет көрсетілетін жабдықты алдын ала және орташа жөндеу.

      Күрделі жөндеуге қатысу.

      Жабдықтардың механикалық бөлігін және жартылай өткізгіш жоғары жиіліктегі электр тәсімдерін жөндеу және пайдалану уақытында ақаулықтарды анықтау және жою.

      Жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттерінің электр және механикалық бөліктерін, автоматты, зарядтау-буферлік құрылғылардың электр, ток реттегіштерінің үздіксіз істейтін қайнатқыштарын, тұрмыс кондиционерлерін демонтаждау, монтаждау.

      Фотодатчиктер мен термодатчиктерді реттеу және олардың жұмысын барлық құрылғы жұмыстарымен келістіру.

      Барлық қорғау мен автоматика құрылғыларын тексеру және баптау.

      310. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, электр тәсімдерінің қызметі және пайдалану ережесі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі және пайдалану ережесі;

      жартылай өткізгіш аспаптарының сипаттамасы;

      жоғары жиіліктегі және импульсты тәсімдердің жұмыс принципі;

      геометриялық оптика, инфрақызыл сүзгілер, радиотехникалық және электр техникалық материалдар туралы негізгі мәліметтер;

      реле орау, трансформаторларды есептеу ережесі;

      қолданыстағы электр құрылғыларда жұмыс істеу әдістері мен ережесі, автоматика және автоматты реттеу негіздері.

      4-параграф. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 7-разряд

      311. Жұмыс сипаттамасы.

      Заманауи жартылай өткізгішті фотоаспаптарды қолданып микросхемаларда, құрамында, жинау машиналарын автоматты басқаратын үлкен немесе микро- ЭЕМ бар үлкен интегралды схемаларда (ҮИС) орындалған пластикалық жетондарды идентификациялау және есептеу құрылғыларын жөндеу және ұқыпты ұстау.

      312. Білуге тиіс:

      автоматтық басқарылатын электрондық жүйелердің және микросхемаларда орындалған басқа да құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері, электрлік және кинематикалық схемалары;

      транзисторлардың аспаптарында олардың сипаттамасын айқындап тексеру тәртібі;

      белгіленген электрондық параметрлерге сәйкес электрондық схемаларда транзисторларды ауыстыру және іріктеу.

      5-параграф. Станциялық және туннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 8-разряд

      313. Жұмыс сипаттамасы.

      Электрондық техниканың тәжірибелі үлгілерін әзірлеуге және сынауға, жолаушыларды жіберетін автоматты бақылау пункттеріне арналған микропроцессордың базасында бағдарламалық басқарылатын жабдықтарды жаңғыртуға қатысу.

      Магнитті жеткізгіші бар билеттерді тексеру және тапсыру жөнінде электрондық схемалар мен блоктарға кешенді техникалық қызмет көрсету, баптау, жөндеу, тексеру және пайдалануға тапсыру.

      Билеттер мен жетондарды беру, сондай-ақ жолаушыларды бақылау микропроцестерінің жабдықтарын диагностикалау, станциялық және туннельдік автоматика мен сигнализация аппаратураның есептеуіш кешендерін басқару жүйелерін жөндеу және параметрлік баптау.

      314. Білуге тиіс:

      деректерді тапсыру аппаратураларын бақылау және басқару жүйелерінің электрондық жабдықтарын қайта баптау әдістері мен тәсілдері;

      басқару жүйесінің конструктивтік ерекшеліктері, станциялық және туннельдік автоматика құрылғыларын диагностикалау және кінәраттарды жою әдісі.

      79. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

      1-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 1-разряд

      315. Жұмыс сипаттамасы.

      Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою.

      Эскалаторлардың редукторлары электр қозғалтқыштарын және басқа да бөлшектерін тазалықта ұстау.

      Қажет жағдайда эскалаторларды тоқтату.

      316. Білуге тиіс:

      элементарные сведения по электротехнике и слесарному делу.

      эскалатор тораптарының құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

      эскалаторлардағы жолаушыларды тасымалдау ережесі;

      сигнал лампаларының қызметі мен көрсеткіштері;

      эскалаторларды тоқтату құрылғыларын пайдалану тәртібі;

      қарапайым слесарлық құралдардың атаулары мен қолдану тәсілдері;

      электр техникасы және слесарлық іс жөніндегі қарапайым мәліметтер.

      2-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 2-разряд

      317. Жұмыс сипаттамасы.

      Саты тораптарында, көлік катушкаларында, роликтерде, эскалатор блоктарында қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, ақаулықтарын анықтау және жою.

      Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен ажыратылған блоктау құрылғыларын анықтай отырып коммутатор арқылы блоктау электр тізбегіндегі ақаулықтарды табу.

      Эскалатордың сыртқы ақаулықтарын анықтау.

      Ажыратылған блоктау құрылғыларын қалпына келтіру.

      318. Білуге тиіс:

      эскалаторды қолдану принципі мен механизмдерінің өзара іс-әрекеті;

      сатылардың, ұстағыштар мен балюстрада арасындағы саңылау нормалары;

      электр өлшеу құралдарының қызметі;

      электр слесарлық құралдардың қызметі мен қолдану тәсілдері;

      қолданылатын аспаптың жарамдылығын айқындау;

      жүк көтергіш құрылғылардың қызметі;

      электр техника негіздері.

      3-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 3-разряд

      319. Жұмыс сипаттамасы.

      Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыс, қызмет көрсету.

      Электр қозғалтқыш пен электр жабдық тәсімдерінің жұмысындағы күрделі емес ақаулықтарды анықтау және жою.

      Саты және қолмен ұстағыштардың қорғау құрылғыларындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

      Ажыратылған блоктау құрылғылары арқылы коммутатордың көмегімен электр тәсімдердің ақаулықтарын табу.

      11-12 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеп, қиыстырып жөндеу.

      Эскалаторларды телебасқару құрылғыларын ревизиялау, жөндеу және баптауға қатысу.

      320. Білуге тиіс:

      эскалаторлардың құрылымы және оның негізгі тораптарының өзара іс-әрекеті;

      электр тәсімдердің жекелеген элементтерінің қызметі;

      электр тәсімдердің жұмысындағы ақаулықтарды табу және оларды жою әдістері;

      эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қызметі және олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері;

      эскалаторларды телебасқарудан жергілікті қолмен басқаруға және керісінше аудару тәртібі;

      эскалатор тораптарын монтаждаудағы негізгі шектеулер мен олардың сызбаларда белгіленуі;

      бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметі;

      электр техника, механика және эскалаторларды монтаждау және демонтаждау және металдарды өңдеу технологиясы негіздері.

      4-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 4-разряд

      321. Жұмыс сипаттамасы.

      Эскалаторларды ағымдағы, алдын ала жөндеуде және ревизиялауда орташа күрделіктегі электр монтаждау, слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

      Метрополитен станциялары жағдайында фазалық және қысқа роторлы 100 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалаторлардың электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау.

      Редукторлы электр қозғалтқышты біріктіру және кейіннен реттеу.

      Электр қозғалтқыш жұмысындағы және электр жабдық тәсімдеріндегі күрделі ақаулықтарды анықтау және жою.

      Күш және бақылау кабельдерін бөлшектеп және сынай отырып жөндеу, монтаждау.

      Орнататын жерін белгілей отырып қорғау және жіберу электр аппаратурасын демонтаждау, жөндеу, ревизиялау және монтаждау.

      Электр жабдықтардың күрделі тәсім қоспаларының жекелеген тізбектері мен түрлеріндегі ток кернеуі, күші және кедергісін өлшеу.

      Басқару панеліндегі жабдықтар мен аппаратурасын күрделі жөндеу және тексеру.

      Күрделі емес атқару тәсімдерін, эскиздерін, сызбаларын жасау.

      Электр сым тәсімдерінің қайталама коммутациялық тізбек индикаторларын тексеру.

      Салмағы 2 т-ға дейінгі такелажды жұмыстарды орындау 7-10 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу.

      Монтаждау жұмыстары кезінде механикалық және электр параметрлерінің байланысын сақтау.

      Эскалаторларды телебасқарудың қарапайым элементтерін жөндеу және ревизиялау.

      322. Білуге тиіс:

      түрлі үлгідегі тораптардың, механизмдер мен эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы және өзара іс-әрекеті;

      эскалаторларды монтаждау және іске қосатын және қорғау аппаратурасын реттеу үшін орнатылған нормалар, шектеулер мен саңылаулар;

      эскалаторларды монтаждау ережесі;

      электр қозғалтқыштардың құрылымы мен қызметі;

      фазалық және қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқыштардың жұмыс принципі;

      электр жабдықтарының жұмысында пайда болатын ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері;

      ток электр магнитті реле құрылғысы мен уақыт аралық реле құрылғысының қызметі;

      жүк көтергіш құрылғыларды пайдалану ережесі;

      электр кедергі және ток күшін, кернеулігін өлшеу ережесі;

      эскалаторларды телебасқару құрылғыларының жұмыс істеу принципі мен оларды қолмен басқару байланысы;

      эскалаторларды телебасқару құрылғыларының қарапайым элементтерінің құрылымы мен техникалық сипаттамасы

      5-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 5-разряд

      323. Жұмыс сипаттамасы.

      Эскалаторларды ағымдағы және профилактикалық жөндеу кезінде ерекше күрделі электр монтаждау және слесарлық жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

      Қуаты 100 кВт-тан жоғары фазалық және қысқа тұйықталған роторлы электр қозғалтқыштарды шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалатор электр жабдықтарын жөндеу және ревизиялау.

      Қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеу.

      Шаблондар мен айлабұйымдар жасау.

      Жөнделген жабдықтарды сынау және тапсыру.

      "Үш бұрыш - жұлдыз" электр қозғалтқыш статорын автоматты қайта қосусыз эскалатор электр жетектерінің тәсімдерін демонтаждау, монтаждау, баптау және реттеу.

      Электр жетектері, электр қозғалтқыш, аппараттардың тәсімдерінің пайдалану және жөндеу процесінде ақаулықтары мен зақым келген жерлерін жою.

      Аспаптардың электрлік бөлігін электр тәсімдерін шеше отырып тексеру және жөндеу.

      Эскалаторларды телебасқару күрделі элементтерін жөндеу және ревизиялау.

      6-7 квалитеттер бойынша қиыстыра отырып жинақталатын жабдықтарды слесарлық өңдеу.

      324. Білуге тиіс:

      электр қозғалтқыштардың құрылымы және ішкі қоспаларының тәсімдері;

      басқару жабдықтары мен панель аппаратурасының қызметі және құрылымы;

      машина залы және эскалатор жағдайында кабель төсеу тәсілдері;

      аспап үлгілерінің сыныптауышы; оларды тексеру, сынау ережесі және жұмысындағы ақаулықтарын жою тәсілдері, оқшаулау кедергісі көлемін және қуаттылығы мөлшерін өлшеу тәсілдері;

      электр жетек тәсімдерін күрделі қайта монтаждаудың техникалық шарттары;

      барлық үлгідегі эскалатор электр жабдықтарының тәсімдері;

      түрлі үлгідегі эскалатор электр тәсімдеріндегі ақаулықтарды айқындау әдістері және ақаулықтардағы жұмысты тез қалпына келтіру тәсілдері;

      телевизиялық басқару құрылғыларының жекелеген тораптарын баптау кезінде эскалаторлар мен аспаптардың принципиальды және монтаждау тәсімдері;

      диспетчерлік телеқұрылғыларды пайдалану ережесі.

      6-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 6-разряд

      325. Жұмыс сипаттамасы.

      Фазалық роторы және статорды автоматты қайта қосатын қоспасы бар электр қозғалтқышты шешіп, бөлшектеп, құрастырып және орната отырып эскалаторлар мен электр жабдықтарына қызмет көрсету, жөндеу және ревизиялау.

      Тәжірибелік электр қозғалтқыштарды және оларды сынай отырып электр жетектерді басқару тәсімдерін монтаждау.

      Электр жетектерді басқарудың ерекше күрделі тәсімдерін монтаждау.

      Барлық үлгідегі электр қозғалтқыштар мен эскалатор электр тәсімдерін тексеру, баптау, реттеу және сынау.

      Эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларының ерекше күрделі тораптарын демонтаждау, жөндеу және баптау.

      Жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен құрылғыларды ревизиялау және жөндеу кезінде жұмыс істеу режимін тексеру.

      Ерекше күрделі шаблондар мен айлабұйымдар жасау.

      5 квалитет бойынша қиыстыра отырып жиналатын жабдықтарды слесарлық өңдеу (дәлдіктің 1 класына).

      326. Білуге тиіс:

      барлық үлгідегі эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымдық ерекшеліктері;

      ауыспалы токты қашықтықтан басқару эскалаторларының электр жетектерінің тәсімдері;

      механикалық және редукторлық құрылғы жүйелері;

      жүктемелердің жұмыс істеу және пайдалану сипаттамаларын алып тастау режимдерін тексеру тәсілдері;

      эскалаторлардың электр жетектерінің ерекше күрделі басқару тәсілдерін монтаждау және демонтаждау тәсілдері;

      эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларының құрылымы;

      жөнделген жабдықтың техникалық құжаттамасын жасау ережесі;

      эскалаторлардың электр жабдықтарын сынау, реттеу, қабылдау және тапсырудың техникалық шарттары.

      7-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 7-разряд

      327. Жұмыс сипаттамасы.

      Эскалаторлардың негізгі тораптарына: редукторына, жұмыс тежегішін, авариялық тежегіші бар негізгі білігіне, басқару электр аппаратурасына қызмет көрсету, жөндеу және реттеу.

      Озық электр қозғалтқыштарды және электр жетектерді басқару схемасын баптау және сынау.

      Электронды-есептеу машиналар (бұдан әрі – ЭЕМ) қабысқан эскалаторлардың телемеханика жүйесін тексеру, баптау, реттеу және сынау.

      Жабдықтарды, аспаптарды, механизмдер мен қондырғыларды реттеу және жұмыс істеу режимін баптау.

      Аса күрделі технологиялық жабдықтарды жасау және сынау.

      328. Білуге тиіс:

      эскалатор жетектерінің аса күрделі және негізгі тораптардың, барлық типтегі эскалаторды басқару электр аппаратураларының конструктивтік ерекшеліктері;

      эскалаторларды телемеханикалық электр жетектерінің схемасы және олардың жұмыс істеу принципі;

      ЭЕМ құрылғысы және жұмыс істеу принципі.

      329. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      8-параграф. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, 8-разряд

      330. Жұмыс сипаттамасы.

      Күрделі өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, бір кристалды микро ЭЕМ базасында құрылғыларды тексеру, реттеу және жөндеу.

      Телемеханика байланысының жиілік арналатын теңшеу.

      Эскалаторлы диспетчерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне (бұдан әрі - АБК) техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру.

      Электрондық құрылғыларды (электрондық уақыт релесін, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштерді) жөндеу.

      Эскалатордың электрондық қондырғылары бар электр жетектерін басқару жүйелерін монтаждау және баптау.

      331. Білуге тиіс:

      телемеханика мен автоматика құрылғыларының, оның ішінде бір кристалды ЭЕМ базасындағы құрылғылардың схемасы және жұмыс істеу режимі;

      күрделі электрмен өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі, электрондық уақыт релесінің, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштердің жұмысы;

      фазалық роторы бар электр қозғалтқыштарды жөндеу технологиясы;

      автоматика, телемеханика аппаратурасындағы кінәраттарды іздеу әдістері.

      332. Орташа кәсіптік білім талап етіледі.

      78. Поездарды құрастырушы

      333. Жұмыс сипаттамасы.

      Маневрлік локомотив қозғалысын басқару.

      Маневр жасауға қатысатын қызметкерлердің іс-қимылының дұрыс орналасуын және келісушілікті қамтамасыз ету.

      Вагон құрамы мен топтарын қалыптастыру және тарату.

      Вагондарды поездарға қосу және ажырату, вагондарды тиеу-түсіру және басқа да мамандандырылған жолдарға қою, оларды сол жолдардан шығару.

      Вагондар мен құрамдарды жолдан жолға, парктен паркке орнын ауыстыру, бір станциядан екінші станцияға жіберу.

      Жол тұрған вагондар мен құрамдарды тежегіш башмақтарымен бекіту және қоршау, оларды вагондардан алып тастау.

      Поездардың автоматты тежегіштерін сынауға қатысу.

      Жергілікті басқаруға берілген бұрма бекеттерінің немесе орталықтандырылған бұрмалардың кезекшілері қызмет көрсетпейтін маневрлік орталықтандырылмаған бұрмаларды ауыстыру.

      Сұрыптау бекеттеріндегі құрамдарды тарату кезінде вагондарды ажырату.

      Жүргізу сапасы мен ажырату салмағына байланысты құрамды тарату процесінде қаусырма жылдамдығын реттеу.

      Жылжымалы құрам және жүктің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Радиостанцияларды, сигнал беру жабдықтарын тазалықта және жарамдылықта ұстап отыру.

      334. Білуге тиіс:

      поезд құрастырушысы мен оның көмекшісінің лауазымдық нұсқаулықтары;

      жүк тасымалдау ережесі;

      еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормалары;

      қызмет көрсететін станция жұмысының технологиялық процесі;

      поездарды қалыптастыру жоспары;

      тежегіш башмақтардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесі;

      жергілікті басқаруға берілген орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бұрмаларды аудару тәртібі;

      вагондар мен контейнерлердің құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

      жоспары, кескіні, мамандандыру және сыйымдылығы, қызмет көрсетілетін маневрлік аудандардағы вагондарға тиеу-түсіру пункттерінің орналасуы;

      радиостанциялар мен басқа да байланыс құралдарын сақтау және пайдалану ережесі.

      Өнеркәсіптік теміржол көлігінің шамалы жұмыс істелетін аудандарындағы маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 3-разряд;

      магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін маневрлік аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 4-разряд;

      магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд;

      өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде; шағын және орташа қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде - 6-разряд;

      өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде;

      үлкен және жоғарлатылған қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде - 7-разряд.

      335. Ескерту:

      Поезд құрастырушысының көмекшісі басшылығында істейтін поезд құрастырушысынан бір разряд төмен тарифтеледі.

      81. Жабдықтаушы, 2-разряд

      336. Жұмыс сипаттамасы.

      Локомотивтер мен жолаушы вагондарды сумен, сұйық және қатты отынмен, жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды пайдалана отырып тепловоздарды дизель маймен; жолаушы вагондарын төсек жабдықтарымен жабдықтау.

      Су жіберу башняларын, гидроколонкаларды және олардың жарықтандыру аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру, колонкаларды қатып қалудан сақтау.

      Кептіру пештеріне құмды салу, жіберу.

      Құм түсіретін эстакададан бункер арқылы локомотивтерді құммен жабдықтау.

      Жылыту қоспаларын дайындау.

      Қатты отынды жаңарту және штабельдеу.

      Мұз тұз қоспаларды әзірлеу.

      Дайындалған мұзды бунттарға қалау, тасымалдау және оларды оқшаулау материалдарымен жабу.

      337. Білуге тиіс:

      Тепловоздарға дизельдік отын, май және салқындатылған суды беру үшін қолданылатын колонкалар құрылымы мен пайдалану ережелері;

      локомотивтер мен жолаушы вагондарын сумен және отынмен жабдықтау ережесі мен тәртібі;

      жолаушы вагондары мен су жіберуге арналған электр қыздыру қақпақтарын жылыту, сумен жабдықтау жүйесінің құрылымы;

      су жіберу колонкаларына тармақтарды қосу және вагондардағы бактарды сумен толтыру тәсілдері;

      отын сақтау орны мен оның вагондардағы қорларын толтыру тәртібі;

      көмір және мұнай тарату эстакадаларының, құм кептіру құрылғыларының, транспортерлердің, компрессорлардың, электр қозғалтқыштардың, электр аспаптарының құрылымы және оларға қызмет көрсету ережесі;

      құбыржол тәсімдері;

      су жіберу башнялары мен гидроколонкалардың бекіту және сигнал беру құрылғыларының қызметі мен жұмыс істеуі және оларды күту ережесі;

      локомотивтердегі құмды дайындау, кептіру және жіберу процесі;

      қатты отынды паровоздарға тиеу, штабельдеу және жіберу жұмыстарының жолдары, құм кептіру және жіберу көтеру-көлік механизмдерін, құрылғыларын, локомотивтерді отынмен, вагондарды мұз-тұз қоспаларымен жабдықтау құрылғыларын пайдалану ережесі;

      қолданылатын жабдықтар, құралдар мен керек-жарақтар;

      мұзды қатыру тәсілдері, мұзды су қоймаларында дайындау жолдары мен оны еруден сақтау;

      электр техника жөнінде қарапайым мәліметтер;

      теміржолдарда жұмыс жасауда қолданылатын қауіпсіздік ережелері.

      82. Поезд электр механигі, 5-разряд

      338. Жұмыс сипаттамасы.

      Ауаны электрмен жылытпай немесе салқындатпай вагондардан тұратын жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсету.

      Жүретін бөлшектерінің жұмысында пайда болатын ақаулықтарды, автотіркегіш құрылғыларының, пневмо және электр тежегіш жабдықтарының, роликті ішпектері бар букстың қызуын бақылау жүйесін, редукторлық-кардан жетектерін, аккумуляторлық батареяларды, сумен жабдықтау және жылыту құрылғыларын, вагон ішілік электр және тоңазыту жабдықтарын, электрмен жарықтандыру желісін, генераторларды, ток түрлендіргіштерді, түзулегіштерді, компрессорларды, конденсаторларды, су құю сигнализаторларын, қыздыру аспаптарын, вагон аралық электр қоспаларының, сигнал және отырғызу фонарьларын, радиопункт антенналарының, желдеткіш құрылғыларының, поезд ішілік телефон байланыстары аппаратурасының, барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін вагондардың радиобайланысы мен радиотарату желілерінің техникалық жағдайын тексеру, жұмысын қадағалау, ақаулықтарды анықтау және жою.

      Көлік поездарының құрамын қалыптастыру және айналу пункттеріндегі поезд электр механигінің өтінімі бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының сапасы мен көлемін тексеру.

      Бекітілген құжаттаманы жүргізу.

      Жолаушы вагондарының пайдаланылатын құрылғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларда қауіпсіздік техникасы жөніндегі поезд бригадасы қызметкерлерінің нұсқаулықтары.

      Вагондардың электр жабдықтарын жөндеу.

      339. Білуге тиіс:

      барлық үлгідегі жолаушы вагондарының қызмет көрсетілетін жабдықтары мен құрылғыларының кинетикалық, электр тәсімдері мен құрылымы;

      вагондардың жекелеген бөлшектері мен тораптарының, құрылғылары мен құрылымдарының техникалық сипаттамасы;

      жасаушы зауыт ережесі, техникалық көрсетілімдері, нұсқаулықтары, вагондардың бөлшектері мен тораптарын пайдалану және жөндеуде жол берілетін шектеулер мен нормалары;

      жолаушы вагондарының тораптарына қызмет көрсетуде, жөндеу және сынауда қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, айлабұйымдары мен құралдарының құрылымы мен конструкциясы;

      электр техника және механика негіздері;

      вагондарды рейске техникалық дайындау, құрамды қабылдау және тапсыру тәртібі;

      вагон бөлшектері мен тораптарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, алдын алу және жою тәсілдері;

      жолаушы поездарының вагондарына техникалық қызмет көрсету және жабдықтау пункттерінің орналасуы;

      жолаушы поездарының қозғалысы кестесі;

      жолаушы поездарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулықтары мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары.

      Электр жылытуы бар немесе электр жылытуы жоқ ауа кондиционерінен тұратын вагондар жолаушылар пойызының жолда жүруіне техникалық күтім жасау кезінде - 6-разряд.

      Қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған, микропроцессорлық элементтер базасы бар вагондардан тұратын жолаушылар пойызының жода жүруіне техникалық күтім жасау кезінде - 7-разряд.

      83. Контакті желісінің электр монтері

      1-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 2-разряд

      340. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді жоғары білікті электр монтері басшылығымен кернеу жоқ жағдайда пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау.

      Кернеуді жою жұмыстарын жоғарғы деңгейде орындау.

      Тіректі түзетуге қатысу.

      Арматураларды, құрылымдарды және желідегі тіректерді бояу.

      Тірек котловандарын қазу.

      Ажыратқыштарды дистанциялық және қолмен басқаруға ауыстыру.

      341. Білуге тиіс:

      контактілі желі жекелеген элементтерінің құрылымы;

      қарапайым механизмдер мен агрегаттардың такелажды айлабұйымдарының құрылымы мен жұмыс принципі;

      сымдардың, тростар мен құбыржолдардың маркалары мен кесінділері;

      тірек үлгілері;

      контактілі желі мен жоғары вольтты желілермен жұмыс жасаудағы сақтықтың негізгі шаралары;

      теміржолдарда болу ережелері;

      электр техникасы жөніндегі жалпы мәліметтер.

      2-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 3-разряд

      342. Жұмыс сипаттамасы.

      Контактілі желі тіректеріне, осы желілерде қосылған трансформаторлы кіші станцияларына ілінген тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісіне, жоғары вольтты желілерді монтаждау, демонтаждау, тексеру, өлшеу, жөндеу.

      Тіректі түзетуге қатысу.

      Бригада құрамында биіктіктегі кернеуді жою электр монтаждау жұмыстарын орындау және жерлендіру.

      Тірек котловандарын қазу.

      Станциялардағы жұмыс істейтін жерлерді қоршау

      Электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау.

      Қайта қосқыштарды тексеру және реттеу.

      Бетон араласпасын дайындау.

      Контактілі желі тіректерінің уақытша сигнал белгілерін орнату.

      Түрлі атмосфералық жағдайларда қалпына келтіру жұмыстарын орындау.

      343. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін құрылғылардың зақымдықтары мен қалыпты жағдайдан ауытқу белгілері, және оларды жою тәсілдері;

      дистанцияда қызмет көрсетілетін электр жабдықтау құрылғыларының контактілі желілерін қоректендіру және секциялау тәсімдері;

      барлық қызмет көрсетілетін құрылғы элементтерінің құрылымы мен олардың қызметі;

      сымдардағы шекті жүктеме;

      ток жүргізу бөліктеріндегі оқшаулау қашықтығы;

      сымдарды түйістіру және бекіту тәсілдері;

      контактілі желілердегі жұмыс кезінде қоршау тәртібі;

      Өз міндеттері аясындағы "Контактілі желі құрылымы мен техникалық пайдалану ережелері";

      Теміржол байланысының жұмыс істеу принципі.

      344. Жұмыс үлгілері.

      1. Кабель – қорғау бұрыштарын орнату немесе ауыстыру, төсеу.

      2. Ажыратқыш жетектер – тексеру.

      3. Ішектер, электр біріктіргіштер, монтажды струбциналар – жасау

      4. Компенсаторлық құрылғылар – жұмысын тексеру.

      5. Электр жетекті рельсті шынжырлар – тексеру.

      6. Жерлендіру штангілері – жұмысын тексеру.

      3-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 4-разряд

      345. Жұмыс сипаттамасы.

      Мостты ажырату және біріктіру кезінде трамвай және троллейбус жолындағы котактілі желі сымдары операциясын орындау.

      Орташа анкерлеу арқаның дайындау.

      Құрсауларды тексеру, қатайту және сырлау.

      Габаритті қақпаны тексеру.

      Қызмет көрсетіліп жатқан дистанция (телім) ішіндегі темір жол, трамвай және троллейбус жолындағы ажыратқыш контактілі желіні ауыстыру.

      Тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісін, жоғары вольтты желіні және автоблоктағышты жоспарлы-алдын ала жөндеу.

      Құрамалы тіректерді, икемді көлденең құралдарды, ригельдерді, консельдерді, кронштейндер, фиксаторлар, секциялық изоляторларды және ілме бөлшектерді орнату және ауыстыру.

      Қашықтықтан басқарылатын секциялық ажыратқыш жетектердің, анкерлік тірек созба оқшауларын, ток қабылдағыш жұмысын тексеру.

      Қашықтықтан басқару аппаратурасын орнату және монтаждау. Жоғары вольтты желілердің, автоблоктағыштың, контактілі желі тіректеріндегі толқын жүргізгіш, жеке тұрған тіректерге қызмет көрсету мен жөндеу.

      Қопару және тығыздау тәсілімен сымдарды пісіру.

      Бригада құрамында кернеуге қатысты жұмыстарын орындау. Электр жіберу желілері мен құрылғыларды аралап тексеру, оларды машинистің немесе вагон кабинасынан тексеру.

      Топырағын қазбай іргетастардың, сорғылар мен тірек түптерінің құрылым қалыбын тексеру.

      Тұрақты сигнал белгілерін контактілі желі тіректеріне орнату.

      346. Білуге тиіс:

      контактілі желі және электр жабдықтау құрылғысын қоректендіру және секцияландыру тәсімдері;

      контактілі желі ілмелерінің үлгілері;

      металл, темір бетон тіректердің құрылымы мен үлгілері, оларды орнату тәсілдері;

      ток қабылдағыштардың құрылымы және оларды контактілі сымдарға әсері;

      шықпа орындары мен қоректендіру желісінің нөмірленуі;

      контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілерді, толқын жібергіштерді қоректендіру тәсімдері;

      қопару заттарының қасиеті, қопару арқылы пісіру және термитті пісіру жөніндегі операцияларды дайындау және жүргізу тәртібі;

      такелажды жабдықтардың құрылымы мен оларды ұстау;

      такелажды жұмыс жүргізудегі сигнал беру;

      өз міндеттерінің шеңберінде контактілі желінің мазмұны мен жөндеу ережесі.

      347. Жұмыс үлгілері

      1. Жерленген контуралар – кедергіні тексеру.

      2. Соратын және қоректендіретін желілер – тексеру.

      3. Тіректер, тірек іргетастары – кедергіні және токтың шығып кетуін тексеру.

      4. Контактілі сымдар – станциялардағы тозған сымдарды өлшеу және маусымдық реттеу.

      5. Контактілі желіні ажыратқыштар – қызмет көрсетілетін және жанындағы дистанция шегінде қайта қосу.

      6. Фиксаторлық консольды тіректер – тексеру.

      7. Толқын жіберуге арналған штырьлы траверстер – тексеру.

      8. Көлденең тростар – дайындау және созғылау

      4-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 5-разряд

      348. Жұмыс сипаттамасы.

      Қиық учаскедегі сызбалар мен эскиздерге бөле отырып трамвай және троллейбус желілерінің контактілік желісі жабдықтарын монтаждау, демонтаждау.

      Контактілі желінің, контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілердің барлық құрылғыларын ревизиялау және жөндеу.

      Контактілі желіні көлденеңінен және тігінен реттеу.

      Контактілі желі құрылғыларын күшейту. Икемді көлденең ұстап тұрған тростардың созылуын реттеу.

      Көпірлердегі тарату айлабұйымдарын реттеу.

      Қашықтықтан басқару аппаратурасын баптау, реттеу. Токтан ажыратқышты тексеру.

      349. Білуге тиіс:

      контактілі желі құрылғыларына пайдаланудың техникалық нормалары; контактілі желілердің негізгі және авариялық қоректендіру және секцияландыру тәсімдері;

      контактілі желі зақымдықтары, ақаулықтарын себептері және олардың алдын алу тәсілдері;

      контактілі желіні бойлық және көлденең реттеу әдістері;

      ток қабылдағыш жұмысының шарттары;

      айырып-қосқыш шкафының құрылымы;

      тірекке түсетін ұйғарынды жүктеме;

      көпірлердегі ажыратылмалы құрылым әрекетінің ұстанымы;

      желі және қосалқы бекеттердегі қашықтықтан басқару аппаратурасының сызбасы мен құрылысы;

      контактілі желі сызбаларын және үлгілерін оқу ережелері;

      кернеуді жою және жерге тұйықтау қондыру жұмыстарын орындау қауіпсіздік ережелері;

      қопарылғыш заттарды тұтыну нормасы;

      қопарылғыш материалдарды жою, тасымалдау және сақтау әдістері мен ережесі;

      алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі.

      350. Жұмыс үлгілері.

      1. Қабыстыру бекетін қорғау - тексеру.

      2. Контактілі сым ілмегінің биіктігі, шығарылуы, иректігі – өлшеу.

      3. Топтастыру пунктінің айырып-қосқыштары – токті өлшеу.

      4. Контактілі сымдар және тасымалдауыш сым арқандар – жазып тастау және монтаж.

      5. Шеберлер – орнату және монтаж.

      6. созымтал ішектер, ортаңғы анкеровкілі сым арқандар – монтаж, контактілі желідегі кернеуді жоюсыз ауыстыру.

      7. Фиксаторлар – контактілі желідегі кернеуді жоюсыз ауыстыру.

      5-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 6-разряд

      351. Жұмыс сипаттамасы.

      Трамвай және троллейбус жолындағы контактілі желі құрылғыларын монтаждау және демонтаждау. Контактілі желі тіректерінде ілінген тораптық және сұрыптық станциялардағы барлық жұмыстарды, жоғары вольтты желілердің жұмыстарын техникалық қадағалау және контактілі желіні реттеу.

      Ажыратылмалы көпірдің құрылымының барлық түрін монтаждау және димонтаждау.

      Торап станцияларындағы және түрлі ток және кернеу жүйелерінің түйіскен жерлеріндегі басқарылатын секциялық ажыратқыштарды монтаждау.

      Секциялық ажыратқыштардың және қашықтықтан басқарылатын ажыратқыштардың зақым келген жерлерін анықтау және жою.

      Эскиздер мен сызбаларды алып тастау және құрастыру.

      Электржабдықты контактілі желіні ағымдық күту және жөндеу басшылық жұмысы.

      352. Білуге тиіс:

      контактілі желі тіректерін бөлу тәсілдері мен оларды котловандарға орнату әдістерін;

      тірек іргетастарының құрылымы мен мөлшерін;

      электрленген теміржолдарды электр жабдықтаудың барлық учаскесі шегіндегі контактілі желіні қоректендіру және секциялау тәсімдерін;

      контактілі желі пайдалану және жөндеуде қолданылатын шектер мен нормаларды;

      контактілі желі құрылғыларына қатысты жетек кіші станциялары мен электр жылжымалы құрамның жұмысын.

      353. Жұмыс үлгілері.

      1. Топтық жерлендіру – ревизиялау және жөндеу.

      2. Икемді оқшауланған көлденең қималар – контактілі желіден кернеуден ажыратпай оқшаулағыштың жарамдылығын тексеру.

      3. Контакті сымдар – контактілі желіні кернеуден ажыратпай монтаждау.

      4. Рельс-консоль – токтың шығуына кедергіні өлшеу, әлеуетті диаграмманы алу.

      5. Оқшаулау кедергісі – қалыбын тексеру.

      6. Ауыспалы және тұрақты ток электр жетегін түйістіру станциялары, топтау пункттері – контактілі желі құрылғыларын және жабдықтарды ревизиялау және жөндеу.

      7. Электрлендірілген жолдарға тағы ауа нұсқағышты қалау.

      6-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 7-разряд

      354. Жұмыс сипаттамасы.

      Диагностикалық аппаратура көмегімен (АДО, Филин, Диакор, ИЗС-10Н, УК-14ПМ, ВИКС, Тепловизор) контактілі желі құрылғыларын диагностикалау.

      Өндірістік өлшегіштерді талдау.

      Дербес ЭВМ бағдарламаларына ақпарат енгізу.

      Жоғары қауіптіліктегі жерлерде жұмыс орындауды ұйымдастыру

      355. Білуге тиіс:

      диагностикалау аспаптарының принципиальды тәсімдері мен қолдану принципі және олармен жұмыс істеу әдістемесі;

      құрылғылыр тізімі бойынша жоғары қауіпті жерлерде жұмыс істеу ережесі.

      7-параграф. Контакті желісінің электр монтері, 8-разряд

      356. Жұмыс сипаттамасы.

      Контактілі желіні монтаждау, күрделі жұмыстарды жасау (бірнеше аймақты контактілі желі құрама биригадамен, бірнеше жүк көтергіш машина және басқасы жөндеуші пойыз қолдану), ауа сызығына, ауа сызығының өзгермелі және тұрақты токты жоғары жылдамдықты сызығына және контактілі желініге техникалық күтім жасау және жөндеу.

      Диагностикалау құрылғысының микропроцессорын күйге келтіру.

      Ауыспалы және стационарлық диагностикалық аппаратын микропроцессорлары арқылы контактілі желі құрылғысын өлшеу және сынау жұмыстарын жасау.

      Дербес компьютердің көмегімен алынған ақпараттарды ұғындыру.

      Қауіпті жерлердегі жоғары жылдамдықта қозғалатын пойыздар аумағында контактілі желі құрылғыларына техникалық күтім жасау жұмыстарын жасау

      357. Білуге тиіс:

      диагностиканың микропроцессорлық электрондық құралдарының жұмыс принципін;

      диагностика құралдары мен жүйесіне күтім жасау кезінде жұмыс тәртібін, күйге келтіруді және ақауларды жоюды;

      жоғары жылдамдықты қозғалыс аумағындағы контактілі желіні жөндеу, техникалық күтім жасау, техникалық пайдалану және құрылғы ережесін.

      358. Ескерту.

      Контактілі желі электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда:

      2-разрядты контакті желісінің электр монтері ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасы ережесін;

      3-разрядты – ІІІ топ көлеміндегі;

      4-разрядты – ІҮ топ көлеміндегі,

      5, 6, 7, 8-разрядтар – Ү топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасы ережесін білуге тиіс.

      84. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

      1-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 2-разряд

      359. Жұмыс сипаттамасы.

      СОБ және ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде қосымша жұмыс жасау. Тіректерді орнату, ауыстыру және бекіту жұмыстарды орындау.

      Тіректерді арматурамен, траверстермен, штырылармен жарақтандыру.

      Тіректерді ауыстыру кезінде сымдарды төсеу.

      Сымдарды дәнекерлеу және ілу.

      Сымдарды дәнекерлеу.

      Кабель төсеу трассаларын дайындау, оны монтаждау және жөндеу жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау.

      Қарапайым слесарлық, ағаш және электр өлшеу жұмыстарды орындау.

      360. Білуге тиіс:

      СОБ және ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының ережесін;

      дәнекерлегіш лампа мен термитті дәнекерлегішті пайдалану ережесін және құрылымын;

      бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;

      электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтерді.

      2-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 3-разряд

      361. Жұмыс сипаттамасы.

      СОБ мен ауа желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Жоғары вольтты желілердің зақымданғандарын жою.

      Телеграфты және телефондық аппараттарға қызмет көрсету мен жөндеу.

      Контактілерді, контакторларды, қайта қосқыштарды, шнурларды, штепсельдерді, кнопкаларды, микротелефон тұтқаларын, гарнитураларды қосалқы жабдықтарды жөндеу, тексеру және тазалау.

      Ішкі сым өткізу.

      Жергілікті байланыс кабельдеріне және кабельді арматураларға қызмет көрсету.

      Біріктірілген, тармақталынған және ұшталған муфталарды монтаждау және дәнекерлеу.

      Күрделі емес тәсімдер бойынша ауа және жер асты желілерін ілу және төсеу.

      Кабель трассаларын тексеру.

      Қарапайым электр күшін өлшейтін аспап арқылы тежеу кедергісін және монтаж сызбасын тексеру.

      Құрастырылған қарапайым сызбадағы ақауды анықтау және жою.

      362. Білуге тиіс:

      телеграфты және телефондық аппараттарға қызмет көрсету мен жөндеуді;

      СОБ және ауа байланыс желілерінің қоректену көздерін;

      кабель шаруашылығын;

      шкафтардағы, бокстардағы, кабель жәшіктері мен қораптардағы кабельдерді бөлу тәртібін;

      кабель төсеудің техникалық шарттарын.

      3-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 4-разряд

      363. Жұмыс сипаттамасы.

      Қол және автоматты телефон мен телеграф станцияларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Негізгі коммутаторлық аспаптар мен жабдықтарды тексеру және реттеу, олардың зақымдықтарын анықтау және жою, біріктіру желілері параметрлерін электрмен өлшеу.

      Телефон және телеграф станциялары аспаптарын ауыстыру және монтаждау.

      Телеграф аппаратурасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі профилактикалық жұмыстар, стелеграфты аппараттардағы механикалық және электрлік зақымдықтарды анықтау.

      Дауысы қатты шығатын екі жақты парк байланысы желілік құрылғыларының, электр сағаттардағы, сақтау камераларындағы механикалық және электр ақаулықтарды анықтау және жою, орнату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

      Трансформаторларды, резисторларды, конденсаторларды, электр-механикалық релелерді тексеру және орнату.

      364. Білуге тиіс:

      Сызықты паркті дауыс ұлғайтқыш байланысы мен аппаратураларға қызмет көрсету кезінде, ақаулықтардың негізгі түрлерін анықтау және жою тәсілдерін;

      электрмен қоректендіру жүйесін;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметін.

      4-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 5-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы.

      Аралықтағы талғамалы байланыс пункттерге, дуплексті күшейткіштерге, үйлестіруші құрылғыларға, жолаушылар поезды жүретін платформалы және топты вокзалдағы сілтегіштерге, электр компостерлерге, билет басып шығару машиналарына және автоматты айырбастауға қызмет көрсету және жөндеу.

      Халықаралық кабель магистральдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Тұрақты токпен өлшеу және кабельдерді тот басудан сақтау жұмыстары.

      Кабельдегі ақаулықтардың орнын айқындау.

      Кабельді магистральдардың монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары.

      Берілген тәсім бойынша кірме-коммутациялық құрылғыларды жөндеу.

      Электромеханикалық, радиотехникалық құрылғылар мен аппараттарды электронды және механикалық күйге келтіру, іске бейімдеу және жөндеу.

      Қуат көздерін іске бейімдеу. Күшейткіш блоктарды күйге келтіру және электрлі іске бейімдеу. Магниттік галовканың жаңғырту және оқшаулау кедергісінің жиілік сипаттамасын тексеру.

      366. Білуге тиіс:

      автоматты және қол телефон станцияларының, радиоқұрылғыларының және басқа да байланыс аппараттарының және өлшеу аспаптарының, сондай-ақ кабельдерді электр тотығуының болдырмауда қолданылатын аспаптардың құрылымын;

      аппаратураларды жөндеу мен қызмет көрсету тәртібін, ережесін және нормасын.

      5-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 6-разряд

      367. Жұмыс сипаттамасы.

      Оперативті-технологиялық, пойыздық, станциялық радиобайланыс, аналогты хабарлау жүйесін, сағаттық орталық станция аппараттарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Өнеркәсіптік теледидар құрылғылары арқылы эскалаторлардағы, өтпелі дәліздердегі және платформалардағы жолаушылардың тасымалын бақылау.

      Дыбыс жазатын құрылғыларды механикалық, электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу.

      Қарапайым радиоэлектронды аппараттардың, түйіншектердінң жұмысқа қабілеттілігін толық тексеру. Аппараттар мен құрылғыларды сәйкесінше нұсқаулықпен жөндеу.

      Бөлшектер мен түйіншектерді дайындау және ауыстыру кезінде орташа күрделі қуат көздеріндегі әр түрлі көздерді қалыпты күйге келтіру.

      Баспалы төлемнің жұмысқа қабілеттілігін тексеру, трансляциялық радиотораптарды электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу, күрделі релелерді қалыпты күйге келтіру, магниттік күшейткіштерді тексеру және жөндеу.

      Бақылау-өлшеу құралдарын қолдану арқылы радиоэлектронды аппаратын элементтерін электрлік тексеру, диодтарды іріктеп алуды, блоктағы анық емес жұмыстың себебін анықтау, түйіншектерді ауыстыру кезінде ақауларды жою, магниттік жазба мен жаңғырту аппараттарын іске бейімдеу және жөндеу.

      368. Білуге тиіс:

      оперативті-технологиялық, пойызды, станциялық радиобайланысты, теледидарды, орталықты сағаттық станциядағы құрылғыларға қызмет көрсету ережесін пайдалануды;

      құрылғыларға қызмет көрсету мен жөндеу кезінде туындаған ақауларды ескерту және жою;

      әр түрлі күрделі схема бойынша монтаждау жұмысы әдістерін;

      аппаратуралардың негізгі ақаулар түрін, оларды анықтау тәсілі мен жоюды;

      электрлі қуат көзі жүйесін;

      телемеханика негіздерін.

      6-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 7-разряд

      369. Жұмыс сипаттамасы.

      Байланыс кабель желісіне, тығыздалған сандық хабарласу желісі мен радиоаппараттың сандық және микропроцессорлық техника элементтеріне техникалық қызмет көрсету.

      Радиоэлектронды құралдар мен құрылғыларды нұсқауларға сәйкес механикалық, электрлік қалыпты күйге келтіру және жөндеу, электрлі параметрлердің жұмысқа қабілеттілігін және монтаждын дұрыстығын тексеру, құрылғыларда табылған орташа күрделі ақаулықты жою, нұсқау бойынша электрлі параметрлерді қалыпты күйге келтіру, жартылай өткізгіштік құралдар мен интегралдық сызбадағы блоктарды, блокті басқаруды қалыпты күйге келтіру, әр түрлі типті күрделі күшейткіштерді күйге келтіру.

      370. Білуге тиіс:

      радиоэлектронды құрылғысы мен аппаратура құрылымын және ондағы ақаулықтарды жою тәсілдерін, кабельді байланыс желілеріндегі зақымданған жерлерді анықтауға арналған жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды тәсімдердің құрылымын;

      озық байланыс үлгілерін монтаждау және баптау принциптерін;

      сызбаларды, жұмыс эскиздері мен тәсімдерін жасау ережесін.

      371. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      7-параграф. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, 8-разряд

      372. Жұмыс сипаттамасы.

      Электрлік және механикалық қалыпты күйге келтіру, икемдеу және жөндеу, толық тексеру, аса күрделі электромеханикалық, радиотехникалық құрылғыларды, құралдарды, комплексті және арнайы нұсқау жүйесін сынау және тапсыру.

      Негізгі электрлік аппараттар параметрлерін есептеу.

      Тәжірибелі өңдеу мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

      Аса күрделі радиостанцияны жөндеу, сандық хабарлау жүйесі мен хабарлама коммутациясын икемдеу және қалыпты күйге келтіру.

      Қайта өңделген технологиялық аппаратты, құралдарды және кез-келген күрделі жүйені сынау және қалыпты күйге келтіру сызбасын жасау.

      Талшықты-оптикалық байланыс желісін жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

      373. Білуге тиіс:

      радиоэлектрондық аппаратты, сандық электрондық және квазиэлектрондық телефон станциясын пайдалану құрылғысын жөндеу ретін, қалыпты күйге келтіру және сынау;

      бу аппаратын тығыздау;

      негізгі электрлік аппараттар параметрлерін есептеу;

      қайта өңделген үлгілерді сынау және қалыпты күйге келтіру сызбасын жасауды.

      374. Ескерту.

      бригадаға немесе топқа жетекшілік ететін байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері, өзі жетекшілік ететін электр монтерларынан бір разряд жоғары тарифтеледі.

      375. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      85. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

      1-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, 4-разряд

      376. Жұмыс сипаттамасы.

      Жөндеу-технологиялық телімдегі СОБ құрылғысының бөлшектері мен түйіншектерің сырлау, тазалау, құрастыру, өңдеу.

      Кабель желісін төсеу және монтаждау, бригадалық және индустриялық әдісте станция мен перегондағы СОБ құрылғыларына қызмет көрсету кезінде көмекші жұмыс орындау.

      377. Білуге тиіс:

      жөндеу-технологиялық телімдегі СОБ құрылғысын сырлау және тазалау, құрастыру технологиясы мен ережесін;

      өлшеу аспабы мен құралдарын пайдалану ережесін;

      СОБ сигналды-блоктау кабелін төсеу технологиясы мен шартын;

      жақындау құрылымы мен жылжымалы құрам габариттерін;

      электротехника мен механика негізін.

      2-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, 5-разряд

      378. Жұмыс сипаттамасы.

      Едендік СОБ құрылғысын жарамды күйде ұстау, ағымдағы жөндеу, ауыстыру, қалыпты күйге келтіру, тазалау (бағдаршам, бағыттағыш электр жетекті гарнитуралық бекіту, бағыттағыш, жол аралық және түйіспе біріктіргіш, тұйықтағыш жол және трансформатор жәшігі).

      Тежегішті әдіс пен пневмопошты сұрыптайтын станция үшін ауа желі құбырна техникалық қызмет көрсету.

      379. Білуге тиіс:

      Едендік СОБ құрылғысына, ауа желі құбырына, пневмопоштқа техникалық қызмет көрсету нормасын, ережесін, құрылғыларын.

      3-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, 6-разряд

      380. Жұмыс сипаттамасы.

      Маршрут-бақылау құрылғысын бақылау бағыттағыш құлыпын, электрожезлды жүйесін, жартылай автоматты блоктау, сигнал беру және байланыс ауа мен кабельдік желісі мен бірге жарамды күйде ұстау, ағымдағы жөндеу және ауыстыру;

      Поез жылдамдығын бақылауынан тысқары нүктелі үлгілі және құрылғылы электромеханикалық автоаялға қызмет көрсету;

      СОБ аппаратурасы мен жабдықтарды жөндеу-технологиялық учаскелерде механикалық және электрлік реттеу;

      техникалық құжаттарды жаңарту және көшірмесін жасау.

      381. Білуге тиіс:

      СОБ және байланыс ауа мен кабельдік желісін, электромагнитті жүйенің құралдарының механикалық және электрлік сипаттамасын, маршрут-бақылау құрылғысын, бақылау бағыттағыш құлыпының, электрожезлды жүйесінің, жартылай автоматты блоктау құрылғысын, ережесін, нормасын.

      382. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      4-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, 7-разряд

      383. Жұмыс сипаттамасы.

      Бекітілген кестеге сәйкес автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету;

      жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды СОБ аппаратурасын алғашқы механикалық және электрлік реттеу;

      қорғау құралдарын қызудан сақтау құралдарын тексеру.

      автоблоктау, электр, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулықтарын анықтау.

      384. Білуге тиіс:

      автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету, жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аппаратурасының құрылымы және қолдану принципі;

      құрылғыға қызмет көрсету электрлік жүйесін;

      кодты және электронды аппаратын, артық күш жұмсаудан қорғау құрылғысының механикалық және электр сипаттамаларын.

      385. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      5-параграф. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, 8-разряд

      386. Жұмыс сипаттамасы.

      Автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларында техникалық қызмет көрсету, ақаулықтарын анықтау және оларды жою; реттеу және монтаждау жұмыстарын орындау.

      СОБ құралының әрекеттегі құрылғылардағы аппараттар мен құралдарды ауыстыру.

      Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларындағы электронды аппаратуралар мен микропроцессорлық техника құрылғыларына қызмет көрсету және ауыстыру.

      Вагон баяулатқыштарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу алаңдары мен жолдарда оларды құрастыру және реттеу, вагон баяулатқыштарды сұрыптау төбесінде ауыстыру.

      Жүк құжаттарын жіберу жөніндегі пневматикалық почта агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, реттеу және ауыстыру.

      Автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектеріне қызмет көрсету.

      387. Білуге тиіс:

      автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының, автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектерінің электрлік және монтаждау тәсімдерін;

      қызмет көрсетілетін құрылғылардың ақаулықтарын табу және жою тәсілдері мен әдістері;

      орталықтандырудың қолданыстағы құрылғыларын ажырату ережесі мен байланыстарын тексеруді;

      электронды құрылғылар мен микропроцессорлық техника құрылғыларының жұмыс істеу принципі.

      388. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      86. Кіші жетек станциясының электр монтері

      1-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 2-разряд

      389. Жұмыс сипаттамасы.

      Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен электр құрылғыларындағы шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру.

      Аппаратура контактілерін тазалау және майлау.

      Аспаптарды, айлабұйымдарды, қорғау құралдарын, ауыспалы жерлендіргіштерді, жарықтандыру аппаратурасын, магнит жібергіштерді жөндеу.

      Кіші станция орынжайлары мен аумағын ұстап отыру жұмыстарын орындау.

      Материалдарды алу, қоймалау.

      390. Білуге тиіс:

      кіші станция жабдықтарының құрылымы және қызметі туралы мәліметтін;

      кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың қасиетін;

      шұғыл қайта қосулардың тәртібін;

      электр аспабын пайдалану ережесін;

      қорғау және монтаждау айлабұйымдарының қызметі мен қолдану тәртібі;

      электр техника жөніндегі қарапайым мәліметін.

      2-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 3-разряд

      391. Жұмыс сипаттамасы.

      Кіші жетек станциясының электр қозғалтқыштарын, сорғыларды, ажыратқыштарды, контакторларды және басқа да жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.

      Майды сүзгілеу және сынама алу.

      Асбоцемент қоршауын жасай отырып тез істейтін автоматтардың камераларын іріктеу.

      Кіші станциялардағы электрмен жарықтандыруды монтаждау.

      Изоляторларды армирлеу.

      Дөңгелектерді дайындау және ию.

      Кабельдерді біріктіру, ұштау, дәнекерлеу және қосу.

      Дөңгелектерді, изолятор фланецтерін, кабельдерді, металл корпус құрылымдарын, ажыратқыштарды, тарату құрылғылары камераларын бояу.

      392. Білуге тиіс:

      кіші станция электр жабдықтарының электр және монтаждау тәсімдерін, электр жабдықтарының атаулары мен қызметін;

      орналастырушы құрылғыларды;

      арматуралардың негізгі түрлерін, кіші станцияларда қолданылатын сым және кабель маркаларын;

      негізгі электр құралдарын;

      электроника жөніндегі негізгі мәліметтерін.

      3-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 4-разряд

      393. Жұмыс сипаттамасы.

      Істеп тұрған кіші станциялардағы жабдықтарды монтаждау.

      Жартылай өткізгіштерді профилактикалық сынау.

      Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен қарапайым және орташа күрделіктегі қорғауды тексеруге және баптауға қатысу.

      Электр жабдықтардағы зақымдықтарды анықтау және жою.

      Түзету көпірлерін, электр қозғалтқыштарды, трансформаторларды, сорғыларды жөндеу, жұмысын тексеру және реттеу.

      Аппаратураға май құю.

      Трансформаторлық майды регенерациялау.

      Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсету.

      Шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру.

      Орындалатын жұмыстың техникалық құжаттамасын жүргізу.

      394. Білуге тиіс:

      электр құрылғылардың тәсімдерін және оларды біріктіруді;

      жартылай өткізетін түрлендіргіштердің, май ажыратқыштардың, трансформаторлардың, аккумулятор батареяларының, сүзгі құрылғыларының, қорғау және өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципін;

      электр машиналар мен аппарат тораптарын бөлшектеу және құрастырудың технологиялық процесін;

      аккумулятор батареяларының, электр қозғалтқыштың ақаулықтары мен оларды жою тәсілдерін;

      авариялық жағдайдағы кіші станция жұмысын қалыпты жұмыс режиміне аудару мүмкіндіктерін;

      электр техника және телемеханика негіздерін

      4-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 5-разряд

      395. Жұмыс сипаттамасы.

      Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кіші станция электр жабдықтары және қорғау құралдарын реттеу, теңшеу және сынау.

      Аппараттар мен электр машиналарын кептіру.

      Сымдар мен кабельдерді белгілеу және төсеу.

      Барлық түрдегі өтпелі плиталарды, изоляторларды, ажыратқыштарды, жетектерді, разрядтағышты, күш трансформаторларын орнату.

      Май ажыратқыштардың, тез істейтін автоматтардың, сүзгі құрылғыларының жетек бөлшектерін реттеп және ауыстыра отырып құрастыру.

      Блоктау тізбегі құрылғылары мен жартылай өткізетін түрлендіргіштерді монтаждау.

      Түзеткіштердегі, автоматты және қашықтықтан басқарылатын жабдықтардың ақаулықтарын анықтау және жою.

      Автоматтардың магнит беттерін қырнап тегістеу, магнит сымдарды шихталау.

      Коммутация тізбегі, жартылай өткізетін түрлендіргіш, күш трансформатор тәсімдерін тексеру.

      Электр машиналар мен трансформатор орамаларының оқшаулану жағдайын анықтау.

      Автоматика және телемеханиканың қарапайым құрылғыларын тексеру.

      Реле сипаттамасын жөндеу, реттеу және алып тастау.

      Шкафтар және шиттар басқаруын профилактикалық сынау мен тексеруге қатысу.

      Орташа күрделіктегі қорғауды тексеру және баптау.

      Жүктеме тәсімдерін шешу.

      396. Білуге тиіс:

      жетекті және төмендету кіші станцияларын электрмен жабдықтау тәсімдерін;

      кіші станция жабдықтарының құрылымы мен қолдану принципі, сол жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтар және оларды жою тәсілдерін;

      жабдықтарды жөндеуді жүргізу тәртібін, электр жабдықтарды және қоректендіру желісін қорғауды;

      жерлендіру құрылымы мен тәсімдерін;

      электр жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды пайда болу себептері мен олардың алдын алу тәсілдерін;

      электр жабдықтарды кептіру тәсілдерін;

      монтаждалатын жабдықтардың электр тәсімдері және оларды тексеру тәсілдерін;

      изоляция кедергісін өлшеу тәсілдерін;

      электр өлшеу аспаптарының құрылымы мен қолдану ережесін;

      барлық түрдегі реле құрылымы мен қолдану принципін;

      электр жабдықтарының және қорғау құралдарының техникалық сипаттамасын;

      техникалық училище бағдарламасы көлемінде электр техниканы білу.

      5-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 6-разряд

      397. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр жабдықтарды және кабельдерді жоғары вольтты сынамалау.

      Түрлендіргіш агрегаттарды орналастыру жерін белгілеу.

      Ерекше күрделі аппараттарды, жабдықтар мен аспаптарды монтаждау.

      Реакторлар мен сүзгілеу құрылғыларын орнату және монтаждау.

      Ауыспалы ток ажыратқыштарын орнату және қызмет көрсету.

      Құрама кешенді тарату құрылғылары мен олардың жекелеген блоктары мен траптарын орнату және реттеу.

      Аспаптар мен аппараттардың жұмысын тұрақты ток көздері мен кернеуінен сынама алу және оларды іске қосуға дайындау.

      Алғашқы және қайталама коммутация тізбектерінің автоматика құрылғысын монтаждау.

      Күрделі қорғауды тексеру және баптау.

      Күш трансформаторларын қайта қосу.

      Ашық және жабық тарату құрылғыларындағы кабельдерді фазалау.

      398. Білуге тиіс:

      электр тәсімдерін;

      электр жабдықтарын тексеру және реттеу әдістерін;

      тарату құрылғыларының құрылымын;

      басқару және қорғау қалқанын;

      кіші станция электр жабдықтары мен қорғау құралдарын сынау ережесі мен тәртібін;

      электронды автоматика құрылғыларының, телемеханика және қорғау құрылғыларының принципті тәсімдері мен қолдану принципін;

      токтан қорғау, кесу, дифференциальды және қашықтықтан қорғау, жермен қорғау, газ, салқындату, ауаның жылуынан қорғау құралдарының монтаждау тәсімдерін;

      орамды біріктіру тобы мен схемасын және қорытынды белгілерді;

      кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі мемлекеттік стандарт деректерін;

      кабельдің, сым, материалдар мен май трансформаторлардың шығын нормасын.

      6-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 7-разряд

      399. Жұмыс сипаттамасы.

      Жаңа үлгідегі жабдықтарды, аппараттарды, аспаптарды монтаждау және қызмет көрсету.

      Алғашқы және қайталама коммутациялар мен электронды қорғау тізбектерінің күрделі құрылғыларын монтаждау және тексеру.

      Арнайы бағдарламалар бойынша жоғары вольтты жабдықтар мен күш кабельдерін сынау.

      Жоғары вольтты вакуумды ажыратқыштарды орнату, реттеу және тексеру.

      400. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және жөндеу технологиясын;

      күрделі автоматика мен электронды қорғау құрылғыларының монтаждау және принципиальды тәсімдерін;

      жоғары вольтты жабдықтар мен кабельдерді сынау нұсқаулығы мен әдістемесін;

      вакуумды ажыратқыштардың құрылымы және реттеу тәсілдерін.

      401. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      7-параграф. Кіші жетек станциясының электр монтері, 8-разряд

      402. Жұмыс сипаттамасы.

      Тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау.

      Микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларын монтаждау және тексеру.

      403. Білуге тиіс:

      тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау тәсілдерін;

      микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларының принципті монтаждау тәсімдерін.

      404. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      405. Ескерту.

      Кіші жетек станциясының электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 2-разряд ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасының ережесін;

      3-разряд – ІІІ топ көлемінде;

      4-разряд – ІV топ көлемінде;

      5, 6, 7, 8-разрядтар – V топ көлемінде, қауіпсіздік техникасының ережесін білуге тиіс.

3-тарау. Автомобиль және қалалық электр көлігі

      87. Автомобиль жүргізушісі

      1-параграф. Автомобиль жүргізушісі, 4-разряд

      406. Жұмыс сипаттамасы.

      Барлық үлгідегі жеңіл автомобильдерді, жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) барлық үлгідегі жүк автомобильдерін, ұзындықтары 7 метрге дейінгі автобустарды басқару.

      Самосвалдың көтеру механизмін, автокранның кран құрылғысын, автоцистерналардың сорғы құрылғыларын, рефрижератордың тоңазытқыш құрылғыларын, тазалау-жинау механизмдері мен басқа да мамандандырылған автомобиль жабдықтарын басқару.

      Автомобильдерге май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю.

      Желіге шығар алдында автомобильдің техникалық жағдайын тексеру және қабылдау, оны тапсыру, автошаруашылыққа қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою.

      Автомобильдерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, автомобиль кузовына жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау.

      Механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін желілердің жұмыс уақытында пайда болған ұсақ ақаулықтарды жою.

      Радиоқұрылғыларды пайдалана отырып автобус жүргізушісінің аялдама пункттерін және жолақы тәртібін хабарлап отыру, компостерлер орнату, аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

      Сапарлар құжаттарын рәсімдеу.

      407. Білуге тиіс:

      агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсететін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс принципін;

      автомобильдердің қозғалыс және техникалық пайдалану ережесін;

      автомобильді пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды табу және жою тәсілдерін;

      автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау ережесін;

      аккумуляторлы батареялар мен автомобиль дөңгелектерді пайдалану ережесін;

      жаңа автомобильдерді күрделі жөндеу ережесін;

      тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін, автомобиль басқару қауіпсіздігіне ауа райы жағдайларына әсерін;

      жол көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін;

      радиоқұрылғылар мен компостер құрылғыларын;

      жолаушыларды отырғызу және шығару үшін автобустарды жіберу ережесін, жол-көлік оқиғалары кезіндегі жолаушыларды көшіру тәртібін;

      қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алатын құжаттарын толтыру ережесін.

      2-параграф. Автомобиль жүргізушісі, 5-разряд

      408. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 40 тоннаға дейін барлық үлгідегі жүк автомобильдерін (автопоездарды – автомобиль және принциптің жүк көтергіштігі бойынша), ұзындығы 7-12 метр автобустарды, сондай-ақ арнайы дыбыс және бағдарлы сигналдармен жабдықталған автомобильдерді басқару.

      Механизмдерді бөлшектеуді талап ететін қызмет көрсетілетін автомобильдің желіде жұмыс істеу уақытында ақаулықтарын табу және жою.

      Техникалық көмек болмаған жағдайда дала жағдайында реттеу жұмыстарын орындау.

      409. Білуге тиіс.

      агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсетілетін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс істеу принципін;

      ақаулықтардың себептері, белгілері, айқындау және жою тәсілдерін;

      автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының көлемін, кезеңділігін және негізгі орындау ережесін;

      автомобильдің жөндеу аралық жүруін көбейту тәсілдерін;

      дала жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін;

      аккумуляторлық батарея қызметінің мерзімі мен автомобиль дөңгелектерінің жүруін арттыру тәсілдерін;

      радиобайланыс құралдарын пайдалану ережесін;

      қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктерін.

      3-параграф. Автомобиль жүргізушісі, 6-разряд

      410. Жұмыс сипаттамасы.

      Барлық үлгідегі өрт автомобильдерін, шұғыл медициналық көмек автомобильдерін, жүк көтергіштігі 40 тоннадан асатын (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) жүк автомобильдерін, ұзындығы 12-ден 15 метрге дейінгі автобустарды басқару.

      411. Білуге тиіс:

      тасымалдаудың құнына автомобиль көрсеткіштерінің әсерін;

      автомобильдерді жоғары өнімді және экономикалық пайдалануды қамтамасыз ету тәсілдерін;

      қызмет көрсететін автомобильдердің негізгі техникалық-пайдалану сапасы және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін.

      Габаритті ұзындығы 15 метрден асатын автобустарды – 7-разряд басқарады.

      412. Ескерту:

      Келесі жағдайларында автомобиль жүргізушілері бір разряд жоғары тарифтеледі:

      2-3 түрлі автомобильдерде (жеңіл, жүк, автобус) жұмыс істеу;

      ұйымдарда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мамандандырылған қызметі болмаған жағдайда автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін орындау.

      88. Мотокөлік құралдарын жүргізуші, 3-разряд

      413. Жұмыс сипаттамасы.

      Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып мотонарттарды, мотоцикл, мотороллер және де басқа мотокөлік құралдарын басқару.

      Мотокөлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру және желіге қабылдау, оларды тапсыру және оларды желіден қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою.

      Мотокөлік құралдарына май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю.

      Мотокөліктерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау.

      Желіде жұмыс уақытында туындаған ұсақ ақаулықтарды жою.

      Жол құжаттарын ресімдеу.

      414. Білуге тиіс.

      мотокөлік құралдарының құрылымы, қолдану және қызмет көрсету принципін;

      мотокөлік құралдарын пайдалану кезінде туындайтын ақаулықтардың белгілері, себептері, салдары және оларды жою тәсілдерін, жол қозғалысы ережесін;

      мотокөлік құралдарын жүргізу қауіпсіздігіне ауа райының әсерін;

      жазатайым оқиғаларда дәрігерге дейін көмек көрсету жолдарын;

      мотокөлік құралдарының жұмысын есепке алу құжаттарын толтыру тәртібін.

      89. Трамвай жүргізушісі

      1-параграф. Трамвай жүргізушісі, 3-разряд

      415. Жұмыс сипаттамасы.

      Шаруашылықта қолданылатын трамвай поездарын депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару.

      Буксирлеу поездарын басқару

      Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеуді бақылау.

      Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру.

      Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау.

      Желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды жөндеу.

      Жылжымалы құрамның ақаулықтарын ресімдеу және жоюға өтінім беру.

      Аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

      416. Білуге тиіс.

      трамвай вагондары мен оның жабдықтарының құрылымы, қолдану принципін;

      трамвайлардың жол қозғалысы және техникалық пайдалану ережесін;

      желіде туындаған қарапайым ақаулықтарды айқындау және жою әдістерін;

      трамвай айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібін;

      радиоқұрылғы мен компестер құрылымын;

      электр энергиясын үнемдеу нұсқауларын;

      трамвайларды тексеру және жөндеу кезеңдерін;

      жол жүру билеттерінің нысанын;

      жол жүру құжатын ресімдеу тәртібін.

      2-параграф. Трамвай жүргізушісі, 4-разряд

      417. Жұмыс сипаттамасы.

      Жаңа үлгідегі трамвай поездарын, біріктірілген трамвайлар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін трамвайларды басқару.

      Трамвайлардың тежегіш жүйелерін реттеу.

      Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып трамвайларды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

      418. Білуге тиіс.

      трамвайлардың барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымы, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтарын;

      қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

      жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымын;

      авариясыз жұмыс істеу әдістерін.

      3-параграф. Трамвай жүргізушісі, 5- разряд

      419. Жұмыс сипаттамасы.

      Барлық үлгідегі трамвай поездарын, барлық түрдегі жабдықтарды басқару, реттеу.

      Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып депода жөндеу түрлерін жүргізу.

      420. Білуге тиіс:

      трамвайлардың барлық түрдегі жабдықтарын реттеу ережесін, олардың тозу сипатын, себептері мен нормаларын;

      депода жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, монтаждау айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылымын;

      қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

      трамвай жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістерін.

      90. Троллейбус жүргізушісі

      1-параграф. Троллейбус жүргізушісі, 4-разряд

      421. Жұмыс сипаттамасы.

      Шаруашылықта қолданылатын троллейбустарды депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару.

      Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау.

      Буксирлеу троллейбустарын басқару.

      Жұмыс кезінде желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды анықтау және жөндеу.

      Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеу ережелерінің сақталуын бақылау.

      Ақауларды ресімдеу және жоюға өтінім беру.

      Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру, компостерлер орнату.

      Аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

      422. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін троллейбустардың қызметін, құрылымын, ықтимал ақаулықтарын;

      троллейбустарды қозғалыс және техникалық пайдалану ережесін;

      троллейбус айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібін;

      электр энергиясын үнемдеу нұсқаулығын;

      жол жүру билеттерінің нысанын;

      жол жүру құжатын ресімдеу тәртібін;

      троллейбустарды тексеру және жөндеу кезеңін.

      2-параграф. Троллейбус жүргізушісі, 5-разряд

      423. Жұмыс сипаттамасы.

      Жаңа үлгідегі троллейбустарды, біріктірілген троллейбустар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін троллейбустарды басқару.

      Троллейбустардың тежегіш жүйелерін реттеу.

      Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып троллейбустарды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

      424. Білуге тиіс.

      троллейбустарды барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымын, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтарын;

      қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін;

      жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымын;

      троллейбус жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістерін;

      авариясыз жұмыс істеу әдістерін.

      3-параграф Троллейбус жүргізушісі, 6-разряд

      425. Жұмыс сипаттамасы.

      Барлық үлгідегі троллейбустарды басқару, оларға орнатылған барлық түрдегі жабдықтарды реттеу.

      Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып жоспарлы тексеруді жүргізу.

      426. Білуге тиіс.

      қызмет көрсетілетін троллейбустарда орнатылған жабдықтардың барлық түрлерін реттеу ережесін, оның тозуының сипатын, себебін және нормасын;

      паркте жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтарды, монтаждау айлабұйымдарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдары құрылымын;

      қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктерін.

      91. Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы, 5-разряд

      427. Жұмыс сипаттамасы.

      Желіге шығатын және желіден тұрақтайтын жеріне қайтатын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуден кейін автомобильдердің, прицептердің, мотоциклердің, мотороллерлердің, мотонарттардың, эрошаналардың, трактор, жол машиналарының базасында монтаждалған механизмдердің техникалық қалыбын бақылау және тексеру.

      Бекітілген техникалық және нормативтік ақаулық құжаттарын және оларды жөндеу өтінімдерін ресімдеу және оларды тиісті түрде тіркей отырып ақаулықтарын жою. Көлік құралдарын күрделі жөндеуге тапсыруға құжаттар жасау.

      Техникалық талаптарда көзделген барлық жұмыстарды орындай отырып жөндеп, түпкілікті құрастырғаннан кейін қызмет көрсетілетін автомотокөлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бақылау, қабылдау.

      428. Білуге тиіс:

      автомобильдердің, прицептердің, мотоциклердің, мотороллерлердің, мотонарттардың, аэрошаналардың, жол машиналары мен тракторлар базасында монтаждалған механизмдердің құрылғыларын;

      автомотокөлік құралдарының құрылымын, желіден қайтқан және жөндеу өткізгеннен кейін олардың тораптары мен агрегаттарын қабылдау ережелері мен қойылатын техникалық талаптарды;

      көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, тораптар мен агрегаттарды жөндеу сапасына жарнамалық құжаттарды ресімдеу

      92. Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы, 5-разряд

      429. Жұмыс сипаттамасы.

      Кесте бойынша немесе техникалық ақаулықтары себептерімен паркке қайтып келген трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау.

      Желідегі жылжымалы құрамға келтірілген ақаулықтарға оның себептері туралы поезд бригадасы қызметкерлерінен алынған түсініктемелерді есепке ала отырып актілер ресімдеу.

      Ақаулықтарды жою өтінімдерін арнайы журналға немесе парақтарға тіркеу.

      Трамвай вагондары, троллейбустардың, жылжымалы құрам тұратын орындарын жүргізушілерге көрсету.

      430. Білуге тиіс:

      қауіпсіздік техникасы ережесі; трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау ережесін;

      актілерді ресімдеу тәртібін.

4-тарау. Теңіз және өзен көлігі

      93. Боцман

      431. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеменің палуба бөліктерінде орналасқан корпус, палуба, надстроек, рангоут, такелаж, тұрмыстық және палубалы қызметтік бөлме, су танкісі мен горловині, өлшеу және ауа құбыры, басқыштар, дауыл басқышы, жүк, якорлы, бекіту арқаны, буксир және құтқарушы құрылғы, өртке қарсы, авариялық, құтқарушы құралдары, құрал-жабдықтары және материалдары жұмыстарын жасау.

      Кеменің палуба жұмыстары жоспарын құру.

      Кеменің палубалық жұмысын жасау кезінде өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау.

      Бұзылған техникалық құралдарды және табылған ақауларды жоюға кеме мамандарын тарту, дайындаушы нұсқауы және техникалық пайдалану ережесі бойынша палубалы техникалық құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету.

      Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тиеу және түсіру жұмыстарына қатысу, жүк операцияларына трюмдар мен жүк комплекстерін дайындау

      Кеменің жүзіп кетуі мен дауылда жүзуіне палуба бөліктерін дайындау, палуба мүліктерін, жабдықтарын, жүктерін бекіту.

      Кеменің материалдық-техникалық жабдықтауын қамтамасыз етуге сұраным жасау.

      Тұрмыстық және қызметтік бөлме тазалығын қадағалау.

      Кемеге қайта палуба команда мүшелесі болып түскендерге кіріспе нұсқамалық өткізу.

      432. Білуге тиіс:

      кеме құрылғылырын және құрылғыларды техникалық пайдалану ережесін;

      сырлау, такелажды және тағы басқа жұмыстар технологиясын;

      апаттан құтқару және өртке қарсы құрал-жабдықтар мен мүліктерді пайдалану ережесін;

      ішкі дабыл және байланыс жүйесін пайдалану тәртібін.

      Кемеде қуаты 300 ден 550 кВт дейін болтын басты қозғалтқышпен жұмыс орындау кезінде - 5-разряд;

      Кемеде қуаты 550 кВт жоғары болтын басты қозғалтқышпен жұмыс орындау кезінде - 6-разряд.

      94. Жағалау боцманы

      1-параграф. Жағалау боцманы, 2-разряд

      433. Жұмыс сипаттамасы.

      Айлақтарды жүйелі түрде тексеру және олардың ұсақ жөндеуін жүзеге асыру.

      Қысқы және өрт майна кезеңінде өртке қарсы керек-жарақты, өрт поездарын әрдайым дайындықта ұстау.

      Қажетті құралдар және жұмыс керек-жарағымен қамтамасыз ету.

      Кемелерді шваттау кезінде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.

      434. Білуге тиіс.

      кеменің болат арқаны бойынша жұмыстарды орындау ережесі мен тәртібі;

      кемені болат арқанмен байлауда (швартовкалауда) такелажды, инвентарьды және материалдарды қолдану ережелерін;

      шкипердің мүліктері мен басқа да материалдардың түрлері, маркаларының өлшемдері және оларды сақтау ережелерін;

      такелаждың міндетін; такелаж жұмыстарының барлық түрлері, шкипер мүліктерінің заттарын (маттар, крандар және тағы басқа) жасау және жөндеу тәсілдерін;

      техникалық қауіпсіздік ережелерін.

      2-параграф. Жағалау боцманы, 3-разряд

      435. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемені болат арқанмен байлауға айлақтардың дайындығын тексеру.

      Кішкене жүзу құралдарының айлақтағы қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету.

      Шкипер мүлігін және басқа да материалдарды қабылдау, сақтау, тапсыру және есеп жүргізу, оларды алу үшін өтінім мен талаптар жазу.

      Жолдың техникалық учаскелерінде, теңіз арналарында, жол аралығында және гидрографикалық базаларда: кішкене жүзу құралдарын ағымдағы жөндеуден өткізу және оларды сырлау;

      Болат арқанды байлау жұмыстары мен шкипер мүлігін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде жағадағы матростар мен жұмысшыларға басшылық ету.

      436. Білуге тиіс:

      кемені болат арқанмен байлау бойынша жұмыстарды орындау ережесі мен тәртібін;

      кемеден және жағадан берілетін командалар мен сигналдар техникалық қауіпсіздік ережесін;

      жүк көтеру механизімін пайдалану ережесін;

      ағаш ұсталық, слесарлық және сырлау жұмыстарын орындау ережесін;

      қол лоттары мен өлшегіш арқандарды топтастыру және таңбалау ережесін, аспалы және моторлы қайықтарды (шлюпкаларды) басқару ережесін;

      қызмет көрсететін жүзу құралдарында тасымалдауға болатын шекті жүк салмағы және жолаушы сыйымдылығын;

      кіріс-шығыс құжаттамасын тапсыру ережесін.

      95. Зерттеу арна партиясының бригадирі, 4-разряд

      437. Жұмыс сипаттамасы.

      Далалық іздестіру жұмыстарындағы және арналық зерттеулердегі іздестіруші партия жұмысшыларын басқару.

      Далалық жұмыстардың дайындық және қарапайым түрлерін орындау.

      Дала жұмыстарына шығуға дайындалу.

      Орман-тоғай жолын шабу.

      Өлшенген және гидрометриялық жармалар қою.

      Белгілер салу және жоспарлық негіздеу орталықтарын қалау.

      Биік реперлер орнату.

      Су өлшейтін қадағалау орындарын салу.

      Ұсақ бұрғылау.

      Брандвахтаны тіркеу дайындығымен байланысты жұмыстарға қатысу.

      Моторлы қайықты (катерді) жүргізу, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату.

      Моторлы қайықтың (катердің) корпусы мен қозғалтқыштарына алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу.

      Далалық іздестіру жұмыстары мен арналық зерттеулерді өндіруге арналған құралдарды, аспаптар мен ұсақ жабдықтарды сақтау.

      438. Білуге тиіс:

      өзендер, көлдер және жасанды су жолдары, су режимі мен арналы процестер, жолдың габариттері, оларды қалпында ұстау және кеменің жүзу жағдайларын жақсарту туралы жалпы мәліметтер;

      кеменің жүзу жағдайын, оның міндетін және жағдайды білдіретін белгілер қою ережесін;

      геодезия, топография, гидрография және гидрометрия жөнінде қарапайым элементтер;

      далалық іздестіру жұмыстары мен арналық зерттеулерді орындау кезінде қолданылатын қарапайым құралдар мен аспаптарды пайдалану ережесін;

      құралдар мен аспаптарды сақтау ережесін;

      іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және құрылғысын;

      іздестіру жұмыстарын жүргізу, кемені болат арқанмен байлау және такелаждарды пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі.

      439. Курстық желіде арнайы дайындығы болуы керек.

      96. Кеме қатынасы күзетінің бригадирі, 4-разряд

      440. Жұмыс сипаттамасы.

      Күзеттегі жұмысшылардың жұмысын басқару.

      Қызмет көрсететін учаскеде кеме жолының тереңдігі мен көлемін өлшеу, кеме жүзетін жағдай белгілерін орнату әрі қайта орналастыру және өлшеу нәтижелері бойынша тереңдікті көрсететін маңдайшаларды өзгерту.

      Күндізгі және түнгі уақытта жүзетін және жағадағы жағдайдың дұрыстығын қадағалау.

      Қызмет көрсететін учаске бұрылыстарында жолдың нақты габариттері туралы күнделікті хабарлау.

      Кеме жүзетін трассаны үнемі тралдау арқылы оның тазалығын тексеру, табылған кедергілерді тазалау немесе белгілермен қоршау.

      Жағдай белгілерінде жарық беретін сигнал аппаратураларын орнату және олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

      Кеме жүргізушілерінің талабы бойынша кемелерді өткізуге көмек көрсету.

      Апат болған жағдайда кемеге шығу және апат жөнінде акт жазуға қатысу.

      Моторлы қайықты (катерді) басқару, қозғалтқышты қосу және тоқтату, қайықтың (катердің) корпусы мен қозғалтқышына алдын алу жөндеу жасауға қатысу.

      441. Білуге тиіс:

      кеме жүзетін трассаға қойылатын негізгі талаптар, кеме жүзетін жағдайдың мақсаты, қызмет көрсететін учаскедегі кепілдік берілген және сараланған жол габариттерін;

      жағдайдың жағалық және қалқыма белгілерін қою ережесін;

      электротехника мен оптика жөнінде жалпы мәліметтер;

      жарық беретін сигнал аппараттарын пайдаланудың міндеті мен ерекшеліктерін;

      бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану ережесін;

      іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципін және құрылғысын;

      кеме жүзетін жағдайға жанасатын бөліктегі ішкі су жолдары бойынша жүзу ережесін;

      дыбыс және жарық сигналдарын;

      радиостанцияны пайдалану және оны теңшеу ережесін;

      кеме жүзетін жағдайға қажетті көлемде ағаш ұсталық және сырлау жұмыстарын.

      442. Бір жылдан кем емес (навигация) қарауыл тәжірибесі және арнайы курстық дайындық болуы қажет.

      97. Бункерші

      443. Жұмыс сипаттамасы.

      Жұмыстарды өндіру технологияға сәйкес отын, майлағыш материалдарды мұнай бункерлік станцияның құрылғылары мен механизмдерін қабылдауға, жіберуге дайындау.

      Сақтау және жіберу жанармайларының қабылданған өлшемдерінің дұрыстығын тексеру.

      Алынған материалдардың сапасы мен санын тексеру және есеп журналын жүргізу.

      Қоршаған ортаның ластануын, зақымданушылықты ескерту бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету.

      444. Білуге тиіс:

      мұнай бункерлеуші станция құрылғылары мен механизмдерін техникалық пайдалану ережесін;

      мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және жіберу ережесін.

      Жүк көтерілімдігі 100 тоннаға дейінгі мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 2-разряд;

      жүк көтерілімдігі 100-ден 200 тоннаға дейінгі мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 3-разряд;

      жүк көтерілімдігі 200 тоннадан жоғары мұнай бункерлеуші станцияда жұмыс жүргізу кезінде - 4-разряд.

      98. Аэрошана жүргізушісі, 3-разряд

      445. Жұмыс сипаттамасы.

      Адамдар мен жүкті қар және суда тасымалдау кезінде аэрошананы басқару.

      Аэрошаналарға техникалық қызмет көрсету: рейстің алдында, рейстен кейін және бағдарда тексеру.

      Регламент жұмыстарын, ағымдағы, апаттық жөндеуді орындау және күрделі жөндеуге қатысу.

      Аэрошаналардың бұзылмауын және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      Радиостанцияны пайдалану және қызмет көрсету.

      Тиеу жұмыстарында аэрошаналарда жүктің дұрыс орналасуын қадағалау.

      Аэрошаналарда формулярды жүргізу, қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу, тасымалданатын жүктің құжаттамасын ресімдеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      446. Білуге тиіс:

      аэрошаналардың жабдықтарының, қозғалтқышы мен аспаптарының құрылымын;

      радиоқабылдау және радиоөткізу аппаратурасының құрылымы мен қолдану принципін;

      аэрошаналарда жұмыс істегенде пайдалану нұсқаулықтары мен қауіпсіздік техникасын;

      отын және майлаудың техникалық шарттары;

      жабдықтардың ақаулықтарының негізгі себептері мен оларды жою тәсілдерін;

      жол қозғалысы, ішкі су жолдарында жүзу ережесін;

      формулярларды, тасымалданатын жүк пен почтаға, қабылдау-тапсыру құжаттарын, жол парақтары мен басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін.

      99. Порттың су таратушысы, 3-разряд

      447. Жұмыс сипаттамасы.

      Су сорғылау станциясында кезекшілік.

      Тапсырыс бойынша кемелерге су жіберу мен қажетті құжаттаманы рәсімдеу; су насосы станциясы жабдықтарының жағдайын тексеру және жеңіл жөндеу жүргізу.

      448. Білуге тиіс:

      техникалық сипаттаманың құрылымы мен суды сорғылау станциясының басқа да құрылғыларын пайдалану ережелерін;

      3-разрядты слесарь жөндеушінің көлемінде слесардың жұмысын;

      су жіберу бойынша құжаттарды рәсімдеу ережелері.

      100. Тәулік кезекшісі, 2-разряд

      449. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеме командашылар құрамы коютасын, қызмет бөлмелерін, кеме дәліздерін, асхана бөлмесін тазалау, кеме экипаж мүшелеріне азық қабылдауға бағытталған.

      Асханада азық тарату.

      Ыдыстарды, киім-кешектерді және басқа да мүліктерді алу және де олардың сақталуын қамсыз ету.

      450. Білуге тиіс:

      инструкции по эксплуатации рабочего инструмента и оборудования по своему заведованию;

      үстел ыдысын даярлау және тамақты тарату ережесін;

      алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесін;

      өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесін.

      101. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор)

      1-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор), 1-разряд (4-класс)

      451. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың (дірілдеткіш, дірілқопсытқыш, вагон аударғыш, люк көтергіш, магниттік сепаратор, қайта тегістеу станциясы және т.с.с. технологиялық құрылғылар механизмі) бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

      бір топтағы крандар;

      электртиегіштер, автотиегіштер;

      жүкарбалар (жүк көтергіштер);

      тасымалдағыштар (конвейерлер, шнектер, норий);

      трюмдық, вагондық, қоймалық және басқа да электр жетекті машиналар;

      жүк лифтілері.

      Қолданылатын көтерме-көлікті және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

      Қызмет көрсетіліп жатқан машиналарды, механизмдерді тазалау және сырлау және де бейімделу.

      Қоймалардағы және көлік құралдарындағы жүктерді бекіту және жасыру.

      Ауыстырылатын жүктің салмағы мен көлеміне сәйкес қажетті арқан жіптерді таңдау.

      Арқан жіптердің жарамдылығын анықтау.

      Жүк ұстағыш құрылғыларды орнату және ауыстыру.

      Жүктерді буып тию және байлау.

      Басқыштар мен қалқандарды тасымалдау.

      Жұмыс процессі кезінде вагондарды дайындау (тасып шығару).

      Жылжымалы құрам люктерін, борттарын, есіктерін ашу және жабу.

      Жүк түсіріліп біткеннен кейін жылжымалы құрамды тазалау.

      Коммерциялық операциялардың орындалуына қатысу.

      452. Білуге тиіс:

      жұмыс принципін, құрылғылар туралы мәліметтерді, қызмет көрсетіліп жатқан көтерме-көлікті, жүк тиетін машиналар, механизмдер мен бейімделулер шектік жүктеме нормасын;

      жылжымалы құрам туралы мәліметтер;

      жүктердің атауын;

      ауыстырылатын жүктің салмағын көзбен шолу арқылы анықтауды;

      жүк тиеу, түсіру, шамадан артық тиеу және строптау ережелері мен әдістерін;

      жүк ғимаратындағы құрылғыларды;

      буып-түю және таңбалау түрлерін;

      ашық темір жол жылжымалы құрамы мен автокөліктерге жүктерді тиеу және темір жол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды қат-қабат қалау мүмкін габаритін;

      жүкті тиеу, түсіру жерін және қоймалар орнын;

      қызмет көрсетіліп жатқан аумақта технологиялық жүйелілікті және өндірістік тапсырмаларды орындау операцияларын;

      өндірісте тиеу-түсіру кезінде қауіпсіздік техникасының және шартты сигнал беру жүйесінің ережелерін;

      негізгі коммерциялық операцияларды жүргізуді.

      453. Ескерту.

      4-класс біліктілігі кешенді бригадаларының механизаторлар (докер-механизаторлар) біліктілігінен класс жоғары механизаторлардың басқаратын ауыр салмақты мен ұзындық өлшеуіш жүктердің, металл құрылымдардың строптау мен кері строптауды жұмыстарды орындайды.

      2-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор), 2-разряд (3-класс)

      454. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

      бір топтағы крандар;

      жүк көтерімділігі 5 тоннаға дейінгі автотиегіш;

      жарты вагонды тарқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштары);

      тракторлы тиегіштер (бульдозерлер);

      бір топтағы экскаваторлар;

      стаккерлер, реклаймерлер;

      арнайы жүк тиегіш (түсіретін) кеме машиналары;

      тартқышы іштен тұтанатын қозғалтқышты (одан әрі – ІТҚ) трюмдық, вагондық, қоймалық арнайы машиналары;

      порталды пневмоперегружателдер;

      контейнерлі көтеру-түсіру.

      Қолданылатын көліктер мен жүк тиелетін машиналарды және механизмдерді басқару.

      Машиналар, механизмдер және бейімделулер жұмыстарының ақаулықтарын анықтау.

      Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы және басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларда (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою.

      Жылжымалы құрам және қойма ғимараттары сыйымдылығы мен жүк көтерімділігін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

      Ұсақ топтамлы тасымалдауда, жүктерді іріктеп алу және толымдау, және де жылжымалы құрамға беру орнына орналастыру және орыны-орнына қою.

      Строповка и увязка всех грузов.

      Әр түрлі жағдайда жүктердін орнын ауыстыру мен буып тиюдын тез және қауіпсіз тәсілін таңдау.

      Арқан жіптерді әр түрлі түйін байлау және тұсау.

      Сигналшы міндеттерін орындау.

      Жүктерді буып тию және байлау.

      Басқыштар мен қалқандарды тасымалдау.

      Жұмыс процессі кезінде вагондарды дайындау (тасып шығару).

      Жылжымалы құрам люктерін, борттарын, есіктерін ашу және жабу.

      Жүк түсіріліп біткеннен кейін жылжымалы құрамды тазалау.

      Коммерциялық операциялардың орындалуына қатысу

      455. Білуге тиіс:

      қолданылатын машиналар, механизмдер және бейімделулер тобының құрылғыларын және әрекет принципін белгілеудішектік;

      аумақта жүктерді асыра істеу технологиясын;

      жүкті тиеу, түсіру, шамадан артық тиеу және бекіту техникалық шарттарын;

      ауыстырылатын жүктің салмағын көзбен шолу арқылы анықтауды;

      арқандау ережесін;

      барынша ыңғайлы арқандау орнын;

      арқанның жүк көтерімділігін мен пайдалану мерзімін;

      жүк қармау құралының жұмыс принципін;

      механикадан, электротехникадан, материал жүргізуден және слесарлық жұмыстардан негізгі мәліметтерді;

      темір жол қатынас жолдарында және темір жол сигнал беру өткелдерінде жүру ережесін;

      тиеу-түсіру жұмысын жасауға ұсынылатын, мемлекеттік техникалық бақылаудың негізгі талаптарын.

      3-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор), 3-разряд (2-класс)

      456. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

      екі әр түрлі топтағы крандар (порталды және мобилді) немесе экскаваторлар;

      әр түрлі екі топтағы крандарды немесе экскаваторларды көтеру-көлікті машиналар немесе механизмдер түрлерінің бірне байланыстыру:

      жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштер, жартытиегішті тартқыштар, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар), тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, порталды пневмо артық тиеулер;

      жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштерге байланысты көтерме-транспортты машина немесе механизмдер түрлерінің бірі:

      тракторлы тиегіштер (бульдозерлермен), автоконтейнер тасулар, ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар);

      жүк көтерілімділігі 10 тоннаға жоғары автотиегіштер және контейнерлі тиегіштер;

      стакерлер, жарнамашылар, арнайы кеметиегіш (түсіргіш) машиналар;

      порталды пневмо артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар;

      тракторлы тиегіштер (бульдозерлер) және контейнерлі артық тиеулер.

      Қолданылатын көтеру-транспортты және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

      Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы және басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларды (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою, басқа да әр түрлі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулерге қатысу.

      Жоғары сақтықты талап ететін жүктерді арқандау және буып-түю.

      Арқандардың шетін түйіндеу.

      457. Білуге тиіс:

      қолданылатын машиналар, механизмдер және бейімделулер тобының құрылғыларын және әрекет принціпін белгілеудішектік;

      машиналар, механизмдер және бейімделулер бөлшектерін мерзімінен бұрын тозуы және апаттар себебін анықтау тәсілдерін;Жоғары сақтықты талап ететін жүктерді арқандау және буып-түю тәсілдері мен ережелерін;

      такелажды және жүкқармауыш құрылғыларды пайдалануды және дұрыстығын тексеруді, іріктеп алу ережелерін;

      сынау мерзімін және ережелерін, брактау нормасын.

      4-параграф. Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор), 4-разряд (1-класс)

      458. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемелерде, вагондарда, автокөліктерде және басқа да жылжымалы құрамда барлық түрлердегі жүктерді келесі машиналардың бірі арқылы тиеу, түсіру және шамадан артық тиеу:

      әр түрлі үш топтағы крандар;

      әр түрлі екі топтағы крандар және бір топтағы экскаваторлар;

      бір топтағы крандар және әр түрлі екі топтағы экскаваторлар;

      көтеру-көлікті машиналар немесе механизмдер түрлерінің бірне байланысты әр түрлі екі топтағы крандарды немесе экскаваторларды:

      жүк көтерілімділігі 28 тоннаға дейінгі автотиегіштер, жартытиегішті тартқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар) және жүк көтерілімдігі әр түрлі автотиегіштер, тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, порталды пневмо артық тиеулер;

      жүк көтерімділігі әр түрлі автотиегіштерге байланысты бір топтағы крандар немесе экскаваторлар;

      бір топтағы крандар, жүк көтерімділігі әр түрлі автотиегіштерге немеме тракторлы тиегіштерге (бульдозерлер) байланысты бір топтағы экскаваторлар;

      бір топтағы крандар, тракторларға, бульдозерлерге (вагондар дизельді тартқыштар) немесе тракторлы тиегіштерге (бульдозерлерге) байланысты жүк көтерілімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштер;

      бір топтағы крандар, порталды артық тиеулер, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар;

      бір топтағы крандар немесе экскаваторлар, жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштерге немеме тракторлы тиегіштерге (бульдозерлер) байланысты контейнерлі артық тиеулер;

      жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі автотиегіштер, тракторлы тиегіштер (бульдозерлер), контейнерлі артық тиеулер;

      көтеру-көлікті машиналар немесе механизмдер түрлерінің біріне байланысты жүк көтерімділігі 10 тонна және одан жоғары автотиегіштер:

      тартқыштар (тракторлар) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар), ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, порталды контейнер тасушылар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық және қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тракторлы тиегіштер және бульдозерлер;

      тракторлы тиегіштер (бульдозерлермен), автоконтейнер тасулар, ер-тоқымды құрылғысы бар порттық тартқыштар, тартқышы ІТҚ трюмдық, вагондық, қоймалық арнаулы машиналар, контейнерлі артық тиеулер, тартқыштар (тракторлармен) және бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар)

      стакерлер, жарнамашылар, арнайы кеметиегіш (түсіргіш) машиналар, тартқыштар (тракторлар), бульдозерлер (вагондар дизельді тартқыштар).

      Қолданылатын көтеру-көлікті және жүк тиетін машиналар мен механизмдерді басқару.

      Машиналар, механизмдер, жүкқармаушы және басқа да бейімделулерге ай сайынғы техникалық қызмет көрсету кезінде туындаған ақауларды (егер жоғары білікті маманды тарту талап етілмесе) жою, басқа да әр түрлі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулерге қатысу.

      Күрделі жүктерді арқандау және буып-тиеу.

      459. Білуге тиіс:

      машиналар (механизмдер) электр жабдығының принциптік құрылғыларын;

      көтергіш-көлік және жүк тиелетін машинаны (механизмды), жүкқармаушыны және басқа да бейімделуді жөндеу ережесін;

      машиналар және механизмдер жөндеуден кейінгі сынау, күйге келтіру және түйіндер тәсілдерінің техникалық шарттарын;

      тозған бөлшектерді нығайту және қалпына келтіру тәсілдерін.

      102. Кеме қатынасын хабарлаушы, 3-разряд

      460. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеменің жүру жолындағы жағдайдың белгіленген учаскедегі қарауыл жұмысшыларынан кеменің жүру жолының тереңдігін тәулік сайын өлшеу нәтижелері бойынша кеменің жүру жағдайындағы белгілердің орналасуының өзгерісі және кемемен техникалық форттың (жерден көсіп алатын снарядтар, корчекрандар т.б.) орналасқан жері сондай ақ іздестіру қалыбы және тегістеу партиялары жөнінде күнделікті мәлімет жинау.

      Телефон, радио немесе басқа тәсілмен жолдың техникалық учаскесінде (гидротехникалық шоғырлану ауданында) өңдеу және жеткізу.

      Жолдың техникалық учаскелеріндегі жерден көсіп алатын және түбін тазалайтын снарядтар, іздестіру қалыбы және түзету партиялары мен басқа да өндірістік бірліктер жағдайлық бригадалар командирлер жарлықтар мен тапсырмалар беру.

      Радио – телефон аппаратуралары мен көліктің бекітілген құралдарының сақталуы мен дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету.

      461. Білуге тиіс:

      Жағдайлық белгілердің барлық түрлердің мағынасы, кеменің жүру жолының тереңдігі мен енін өлшеудің тәсілдері мен тәртібі, қызмет көрсетуші учаскедегі кепілдік берілген және сараланған жоспарлы жолдың шектік көлемін;

      кеменің жүру жағдайына қатысты ішкі су жолдары мен жүзу ережелерін, көру және есту сигналдарын;

      радиостанцияны пайдалану ережелері және өндірістік бірліктермен байланыс графигін.

      4-разряд — интенсивті кеме жүру және өндірістік жерден көсіп алу, түбін тереңдету жұмыстары учаскелеріндегі жұмысты орындау барысында.

      103. Лебедкашы-моторшы

      462. Жұмыс сипаттамасы.

      Жер снарядтарындағы (топырақ сорғыш) технологиялық жұмыс процестерін басқару;

      Қолданыстағы тетіктер, оларға меңгерілген бекітілген кесте бойынша техникалық қызмет.

      Жұмысшы зәкірлерін тарату және алып қою.

      Палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыларды жұмыспен басқару.

      Такелаж, арқан байлағыш, слесарлық - жөндеу жұмыстарын орындау.

      Такелаж мүліктерін, инструменттерін және бұйымдарын сақтаумен және есеппен қамтамасыз ету.

      463. Білуге тиіс:

      палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыларын тағайындау, әрекет ету қағидалары;

      палубалық қосалқы механизмдар және жүк көтергiш құрылғыдарын техникалық пайдаланудың ережесi.

      Жер снарядарында (топырақ сорғыш) жұмысты орындауда өндірімділік 700 м3/сағ дейін - 5-разряд;

      жер снарядарында (топырақ сорғыш) жұмысты орындауда өндірімділік 700 м3/сағ жоғары - 6-разряд.

      104. Матрос

      464. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеме кестесі бойынша қозғалмалы және аялдамалық вахта жұмысын атқарту.

      Палубалы механизмдерді, кеменің құтқару жабдықтарын басқару.

      Жүк бөлмесін, жуу құрал-жабдықтарын тиеуге және түсіруге даярлау.

      Палубаны, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерін тазалау.

      Корпус құрылысына, палубалы механизмге, құрал-саймандарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Трюм есігін ашу, жабу, жүкті тиеу, түсіру, бекіту, ажырату.

      Суағардағы су деңгейі өлшемдерін алу.

      465. Білуге тиіс:

      Кеме құрылысы;

      кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілер талаптары;

      апатты-құтқару құрал-жабдықтарын пайдалану ережесі;

      ішкі байланыс және дабыл жүйесін пайдалану тәртібі;

      такелаж, майлау, байлау, тиеп-түсіру жұмыстарын орындау технологиясы.

      Қуаттылығы 300-550 кВт-дейінгі негізгі қозғалтқышты кемедегі жұмыстарды; өнімділігі 700 м3/сағ.-дейінгі балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-дейінгі қозғалтқышты қалқыма кранындағы жұмыстарын орындау кезінде - 3-разряд;

      Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ. жоғары балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-жоғары қозғалтқышты қалқыма кранында; барлық түпті тазалау снарядтарында жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

      Кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда және кеме көтеру жұмыстарын орындау кезінде - 5-разряд.

      105. Жағалау матросы, 1-разряд

      466. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемені айлаққа, кеме бортына, дебаркадерге болат арқанмен байлау бойынша жұмыстарды орындау; шлюпка немесе катердің көмегімен болат арқанның шетін бөшкеге жеткізу, орнату.

      Айлақтан кемеге өтетін өтпелі кішкене көпірлер (баспалдақтар) орнату және жинау.

      Болат арқандарды (шетін) лақтыру.

      Айлақты және оған жанасып жатқан аумақтарды тазалау.

      Инвентарды жөндеуге және сырлауға, айлақты жайластыруға қатысу.

      Шкиперлік мүліктерді жөндеу кезіндегі жұмыстарды орындау (маттар, кранцтар және басқалары).

      Айлақтарды және құтқаратын құралдарды жүйелі барлау, ұсақ жөндеулерді жүзеге асыру.

      Айлақтарда өрт сөндіру жолдарын, өртке қарсы құрал-жабдықтардың әрдайым даярлықта ұстау.

      Кеме байлауын байлауға айлақтардын даярлығын тексеру.

      Өлшеу арқандары мен қол лоттарын таңбалау және ажырату.

      Айлақтағы және құтқару құралдарының жарамдылығын қадағалау.

      Суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету шараларын қолдану.

      467. Білуге тиіс:

      кемені болат арқанмен байлау бойынша іс-әрекеттерді орындау ережесі мен тәртібін, кемеден және жағадан берілетін командалар мен сигналдар;

      такелаждың, инвентардың, болат арқанмен байлау кезінде пайдаланылатын құралдардың міндеті және пайдалану ережесін;

      айлақта (учаскеде) қызмет көрсетіліп өңделген кеменің келу және кету уақытын;

      қарапайым сырлау және ағаш ұсталық жұмыстарды жүргізу тәртібін;

      кемені болат арқанмен байлау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін;

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету ережесін.

      Боцман міндетін орындау кезінде - 2-разряд.

      106. Кеменің қазанды қондырғысы (кочегар) машинисі, 4-разряд

      468. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеменің қазанды қондырғысы мен оған қызмет көрсетуге арналған техникалық жабдықтарға эксплуатациялық және техникалық қызмет көрсету.

      469. Білуге тиіс:

      Кеме және кеменің қазанды қондырғысы құрылысы;

      Кеме жүйесінің қазанды бөлігіндегі құбырлар мен арматуралардың орналасуы және қызметі;

      Ішкі байланыс пен сигнал беру жүйелерін пайдалану ережесі;

      Апатты - құтқару және өртке қарсы құрал-жабдықтарды пайдалану ережесі.

      107. Помпалы машинист (донкерман), 4-разряд

      470. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүк, тазалау сорғысы және құбырына, сорғылы балласт жүйесіне, жүкті өлшеу жүйесінің механикалық бөлігіне, газ өткізу, құбыр және арматура жүйелеріне, клапандарды басқарудың дистанция жүйесіне және басқа да өзінің меңгерушілігіндегі техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.

      Техникалық құрылғылар жұмысының ақаулары мен бұзылуларын жою.

      өзінің меңгерушілігіндегі техникалық қызмет көрсету мен техникалық құрылғылар жұмыстары жоспарын құру.

      Жаға және кеменің мамандандырылған қызметтері орындайтын жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау.

      471. Білуге тиіс:

      Кеме құрылысы;

      өзінің меңгерушілігіндегі техникалық құрылғылар құрылысы және орналасуы;

      өзінің меңгерушілігіндегі кеменің техникалық құрылғыларын техникалық пайдалану ережелері;

      алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі;

      өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі.

      Қуаттылығы 300-550 кВт-дейінгі негізгі қозғалтқышты кемедегі помпалы құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;

      Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемедегі помпалы құрылғыға техникалық қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.

      108. Кеме қатынасы монтері-моторшы, 3-разряд

      472. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматтарды монтаждау, теңшеу.

      Қоректендіру көзін белгілеу және ауыстыру, аккумуляторды зарядтау, электролит дайындау және аккумуляторлы элементтерді құю.

      Жарық беретін сигнал аппараттары мен автоматтарын тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізу, бақылау үшін учаскелерді аралау және жағдай белгілеріндегі жарық беретін сигнал аппаратураларының монтажын әрі жұмыс істеуін тексеру.

      Моторлы қайықты басқару, қозғалтқышты қосу және тоқтату, моторлы қайықтың корпусы мен қозғалтқышына ұсақ және алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу.

      473. Білуге тиіс:

      кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде қолданылатын жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматының міндетін;

      автоматтарды монтаждау схемасы және кінәратты анықтау және жою тәртібін;

      кеменің жүзу жағдайы белгілеріндегі жарық беретін аппаратураларда қолданылатын линзалардың, сәуле түсіргіштердің, жарық фильтрлердің оптикалық қасиетін;

      кеменің жүзу жағдайындағы белгілеріне жарық түсіру үшін қолданылатын қышқыл және сілтілі аккумулятор батареяларының құрылғысы мен міндетін;

      қайық қозғалтқышын қосу, басқару және тоқтату тәртібін;

      электр техника бойынша негізгі мәліметтер.

      Учаскелерде интенсивті кеме жүзу жұмыстарын орындаған кезде - 4-разряд.

      109. Моторшы (машинист)

      474. Жұмыс сипаттамасы.

      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу:

      кеменің басты және көмекші қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне;

      кеме құрылғыларына (рульді, зәкірлі, швартовкалы, буксирлі, тізбекті, шлюпкалы, бұратын, қозғалтатын);

      кеме жүйелеріне (су құятын, кептіретін, балласты, өрт сөндіргіш, ағынды-фонды, сумен жабдықтаушы, жылытушы, желдетуші).

      Шағын және қосалқы кемелерді басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Жерсорғыштың, түбін тазалаушы снарядтың, жер снарядтың және басқа да ыдыстардың барлық механизмдері мен жабдықтарына техникалық күтім көрсету.

      Аспаптардың көрсеткіштерін есептеу және оларды кеменің тиісті журналдарына тіркеу.

      Рульді және шлюпкалы құрылғыларды техникалық тексеру.

      Вахта бастығының басшылығымен кеменің қол, электрлік және гидравликалық рульді жетектерді басқару.

      Капитан (командир) белгілеген уақытта вахтаны атқару.

      Машина бөлімшесінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

      Тұрақтарда капитан-механиктің нұсқаулығы бойынша машина, палуба бойынша жұмыстарды (тазалау, сырлау, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстар) орындау.

      Жүк таситын кемелерде жүк тиейтін трюмдарды тазалауға, жолаушы кемелерінде – жолаушыларды отырғызуға-түсіруге қатысу.

      Руль рубкасында, жүретін кішкене көпірде, тент палубасында тазалықты сақтау.

      475. Білуге тиіс:

      жүзу ережесін, жүзу ауданының арнайы лоциясы, лоцман картасын;

      барлық кеме механизмдерінің, машиналардың, жүйелердің, құрылғылардың, навигациялы аспаптардың конструктивтік сипаттамасы мен міндетін;

      кемедегі қызмет жарғысы, дабыл кестесі;

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

      Қуаттылығы 550 кВт-дейін негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ.-дейін балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-дейін қозғалтқышты қалқыма кранында жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

      Қуаттылығы 550 кВт-жоғары негізгі қозғалтқышты кемеде; өнімділігі 700 м3/сағ. жоғары балшық сорғыш кемеде (топырақ сорғыш); қуаттылығы 300 кВт-жоғары қозғалтқышты қалқыма кранында; түпті тазалау снарядтарында жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

      Кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда және кеме көтеру жұмыстарын орындау кезінде - 6-разряд.

      110. Рефрижераторлы қондырғы моторшысы (машинисі)

      476. Жұмыс сипаттамасы.

      Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

      Кеме кестесіне сәйкес вахта жұмысын атқару.

      Рефрижераторлы қондырғыға қызмет көрсететін техникалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу.

      477. Білуге тиіс:

      Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесі құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

      рефрижераторлы қондырғыға техникалық қызмет көрсететін техникалық жабдықтарды пайдалану ережесі;

      өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі.

      Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұқсатын қосымша рәсімдеусіз, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде - 4-разряд;

      Рефрижераторлы қондырғының тоңазытқыш машиналарына және ауаны кондициялау жүйесіне, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұқсатын қосымша рәсімдеу арқылы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде - 5-разряд.

      111. Моторшы-матрос

      478. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемені вахта басшысы жетекшілігімен басқару.

      Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеу.

      Механизмдерге меңгерушілік кестесі бойынша техникалық қызмет көрсету.

      Танкідегі су өлшемін, жүк бөлмелеріндегі температураны, су қоймасы тереңдігін қол лоты арқылы жүргізу.

      Палубалы механизмдерді, еспелі құтқару шлюпкасын және моторлы қайықтарды басқару.

      Кеменің такелаж жұмыстарын, майлау, байлау, слесарь-жөндеу жұмыстарын орындау.

      Зәкірді серпу және іріктеу, шлюпканы палубаға көтеру және суға түсіру.

      Палубаны, қызметтік палубалы және тұрмыстық бөлмені тазалау.

      479. Білуге тиіс:

      Кеме техникасын техникалық пайдалану ережесі;

      негізгі энергетикалық қондырғы және қосымша механизмдер құрылысы және техникалық қызмет көрсету ережесі;

      энергетикалық қондырғы жұмысының нормативтік эксплуатациялық-техникалық көрсеткіштері;

      кеме техникасын техникалық пайдалану ережесі;

      жүзу ережесі;

      кеме жүйесінің құбырлары мен арматурасының орналасуы және қызметі;

      су құбырлары мен олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуы;

      танкідегі су өлшемін, жүк бөлмесіндегі температураны жүргізу, тереңдікті қол лотымен тексеру ережесі;

      өз мекемесінің жабдықтары көрсеткіштерін алу ережесі;

      көз және дыбыстық сигналдарды қабылдау, жіберу ережесі.

      Қуаттылығы 850 кВт - дейінгі кемені; өнімділігі 700 м3/сағ.- дейінгі жер снарядтарын (топырақ сорғышты) басқару кезінде - 5 разряд;

      қуаттылығы 850 кВт - жоғары кемені; өнімділігі 700 м3/сағ. - жоғары жер снарядтарын (топырақ сорғышты) басқару кезінде - 6 разряд.

      112. Моторист - рульші

      480. Жұмыс сипаттамасы.

      Кеме техникаларына қызмет көрсету, өз уақытында механизмдерге кестеде бекітілген меңгеру бойынша техникалық қызмет көрсету.

      Курс берілгенде кеме ұстап тұру, курс көрсеткіші және басқару қондырғысын жұмысқа бақылауын жүзеге асыру.

      Тұрған және қозғалыстағы кемелерге сигналмен, сигнал діңгегіндегі тереңдік көрсеткішін, навигациялық құрылғылардағы жағалау белгілері және жүзулерді бақылау.

      481. Білуге тиіс:

      бас энергетикалық қондырғылар, қосалқы механизмдер және олардың қызмет етуін ретінің құрылымы;

      нормативтік энергетикалық қондырғының жұмыстарының техникалық-пайдалану көрсеткіштері;

      кеме техникасының техникалық қолдануларының ережесі;

      кеме жүйесінде арматуралар және құбырларды белгілеу және орналастыру, сонымен қатар оларды басқару ережесі;

      кемелердің жүзуін реттеуші арнайы лоциялар мен ережелер;

      кеме сапар жасайтын аудандарда жүзу ережесі;

      рульдік құрылғы таяз суда алдыңғы және артқы жүзу жүрісінде, толқында, желде, арқандауда, берілген зәкір және басқаларда двигательдің жұмысында рульдік комплекстің әрекет ету принципі;

      рульдік құрылғының және авторульдік әртүрлі жүйеде жұмыс ережесі;

      қолдық, бумен, элетрикалық, гидравликалық рульдік қозғалтқышты пайдалану ережесі;

      қолдық басқарудан автоматты түрге көшу ережесі;

      кемеде негізгі двигательмен жұмыс істегенде қуалаттылығы 850 кВт дейін, жер снарядтарында (топырақ сорғыш) өндірімділік 700 м3/сағ дейін - 5-разряд;

      кемеде негізгі двигательмен жұмыс істегенде қуалаттылығы 850 кВт жоғары, жер снарядтарында (топырақ сорғыш) өндірімділік 700 м3 сағ жоғары - 6-разряд.

      113. Гидротехникалық құрылымдарды бақылаушы, 4-разряд

      482. Жұмыс сипаттамасы.

      Құламаға ыңғайлы арналардың жағдайына, шек бағдарлаушы және қорғаныс дамбалары, бөгет және басқа ұқсас олардың құрылғыларымен гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жалпы көзбен шолып бақылау және оларды қирату және су шайып кету көлемін анықтау.

      Еңістегі ыза суларды жұқаруға, құлама оқиғаларды пайда болуға, жаға бекіткіш отырғызулардың ақуалына бақылай жасау.

      Табылған қиратулар бойынша схемалық салған суреттерді және актілерді құрастыру.

      Ағымдағы және апаттық гидроқұрылыстардан жоғары санап шыққан жөндеу жұмыстарына қатысу, сонымен қатар апаттық және қақпаны бөгеуші, су жіберулер, дюкер.

      483. Білу керек:

      негізгі гидротехникалық құрылымдарды құрылғы және тағайындау;

      гидрология бойынша негізгі мәліметтер;

      топырақ гидроқұрылыстардың бекіту тәсілдері;

      құламалар, дамбалар және басқа құрылыстарға ағымдағы жөндеу жүргізгендегі техникалық қауіпсіздік ережелері;

      484. Курстық жүйеде дайындықты білу керек.

      114. Жер снаряды арнаулы құрылғыларының операторы

      485. Жұмыс сипаттамасы.

      Өзі жүретін жер снарядтары, палубалы көмекші механизмдер мен жүккөтергіш құрылғыларының жұмысын технологиялық процесін басқару.

      Жұмыс зәкірлерінің орналасу және басқа жерге салу бойынша жұмысты орындау.

      Такелаж, арқан байлағыш, жөндеу жұмыстарын орындау.

      Қолда бар такеллаж мүлігі, аспап және мүліктерді есептеу.

      486. Білуге тиіс:

      өзі жүретін жер снарядтарын пайдалану құрылымы мен ережесі;

      өрт сөндіру құрылғыларын, дара және ұжымдық құтқару құрылғыларын қолдану ережесі

      апатты сигнализация мен ішкі байланыс құралдарын пайдалану ережесі;

      өзі жүретін жер снарядтарының жұмысының техникалық процесі;

      жер снарядтарында жұмысты орындау кезінде өнімділік 700 м3 /сағ дейін - 4-разряд;

      жер снарядтарында жұмысты орындау кезінде өнімділік 700 м3/сағ жоғары - 5-разряд.

      115. Кеме аспазшысы, 4-разряд

      487. Жұмыс сипаттамасы.

      Суда азықтың дайындаудың экологиялық есебімен кеме экипаж мүшелеріне азықты дайындауын қамту.

      Азықтар, шикізаттарға мәлімдеме, мәзір құрастыру.

      Тиiстi шикiзат және дайын өнiмнiң шығуын есептеу.

      Түскен шикізат және жартылай фабрикаттарға және оларға сәйкесінше көлемі, сапасы және ассортименті бойынша мәлімдеме, тіркеме қағаздарына бақылау.

      Актiлердiң салмақтың жеткiлiксiздiгi, ұрыс, ақау, шартқа сәйкес емес өнiмдерiне ресiмдеу.

      Тағамдарды дайындау кезінде келесідегідей операцияларды орындайды: бұйымдарды сүзу, араластыру, ұнтақтау, қалыптау, фаршталу.

      Тұтынылатын шикiзатты есеп, тауарлық есеп берудi жүргiзу.

      Тағамды қабылдау үшін орнатылған уақытта тарату.

      Кемеде наубайшы болмаған жағдайда оның міндетін атқарады.

      488. Білуге тиіс:

      кеме экипаж мүшелеріне азық дайындауын қамтамасыз ету ретіне қатысты ұйымдастыру – басқарушы және нормативтік құжаттар;

      қоректенудiң физиологиясының негiзi;

      тамақ өнiмдерiнiң тауартануын негiзі;

      қоғамдық қоректенудiң гигиенаны және тазалық сақтауы;

      аспаздықты;

      кемелерде амбуздар және қоғамдық қоректену кәсіпорындарының құрылғыларымен мүліктерін пайдалану ережесі;

      санитарлық талаптарын ережесі;

      дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережесі;

      өрт сөндіру құрылғыларын, дара және ұжымдық құтқару құрылғыларын қолдану ережесі.

      116. Шкипер көмекшісі, 3-разряд

      489. Жұмыс сипаттамасы.

      Корпусты бөлігіндегі шығын материалдары және корпусты бөлігі бойынша тұрмыстық жұмыс жасауда, материалды-техникалық құрал жабдықтарын жабдықтауда ауысымды-қосалқы бөліктерін (жөндеу қажетті болған жағдайда) қабылдау, беру, есеп және сақтау.

      Корпусты бөлігі және тұрмыстық қызметіне материалды техникалық құрал жабдығына мәлімдемелерді құрастыру.

      Кеменің текелажы және сырлау жұмыстың орындауы, сонымен қатар машина жайында.

      Вахтаны атқару.

      490. Білуге тиіс:

      кеме құрылғысы;

      кеме құрылғысын пайдалану ережесі;

      такелажды және сырлау жұмыстарын өңдеу ережелері;

      материалдық құндылықтарды есептен шығару және есепке алу ережесі;

      навигациялық және сигналды оттықтар сипаттамасы;

      дыбыстық және жарықтық сигналдар;

      кемелердің соқтығысуларына ескерту ережелеріне бұлтарыстарды нұсқауға келісу;

      палубалық тетіктер, өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын қолдану ережелері;

      тұщы суды қабылдау жүйесін пайдалану ережесі;

      апатты сигнализация мен ішкі байланыс құралдарын пайдалану ережесі;

      117. Су көлігіндегі жол көрсетуші, 2-разряд

      491. Жұмыс сипаттамасы.

      Жолаушылар каютасын, дәліз және ортақ қолдану орнын тазалау, бекітілген кесте бойынша меңгеру.

      Жол жүру билеттері бар жолаушыларды келген кемелерге каюталар бойымен орналастыру.

      Бос жолаушылар орындарын есепке кіргізу.

      Жолаушылардың белгіленген орынға келгенін хабарлау.

      492. Білуге тиіс:

      кеменің құрылғысы;

      апаттан құтқаруларды және өртке қарсы мүліктер мен құрал саймандарын пайдаланудың реті;

      апаттың ескертпе дабылы;

      ішкі байланыс жүйесін және дабыл бойынша сигнализациясын пайдаланудың реті;

      құтқару шлюпкаларымен салдарды орнына орналастыру;

      кесіп-пішу кестесіндегі дабыл бойынша жолаушыларды көшіру жолы;

      жолаушыларды және жолжүктерді тасымалдау ережесі;

      судтағы жолаушыларға қызмет көрсету ережесі.

      118. Жағалау жұмысшысы, 2-разряд

      493. Жұмыс сипаттамасы.

      Навигациялық жабдықтың құрал жабдықтарын дайындау, консервациялау, қойылымға қатысу және алу.

      Барлық арқанды байлау жұмыстарын орындау.

      Жүзу құралындағы аспаптарды орнату, тереңдікті өлшеу, жағажай белгілеріне қорек көздерін жеткізу.

      Жүзу құралындағы әртүрлі жүктерді тиеу және түсіру.

      Навигациялық жабдықты жағалаудағы арықтарына қалпына келтіру және щұңқырлар қазу.

      Лотлиня және өлшем арқанын тасу, бөлу және таңбалау.

      Адамдарды тасымалдауда қайықты басқару.

      Жұмысшы инструменттерін жөндеу.

      Нивелир тақтайшасымен жұмыс және қою.

      Берілген құрам бойынша бетон қоспасын дайындау.

      Ағаш ұсталық, ағартушы, слесарь және такелаж жұмыстарын орындау.

      Ескекшiнiң мiндеттерiн орындау.

      494. Білуге тиіс:

      құрылғы және жүккөтергіш пен такелаж құрылғыларын пайдалану ережесін;

      жүктерді тиеу, жылжыту, түсіру және қалаудың тәсілдерін;

      ағаш ұсталық, слесарь және сырлау жұмыстарын орындалуы тәсілдерін;

      жұмысшы және өлшеуіш құралдарын қолдану ережесін;

      соттарды арқанмен байлау бойынша жұмыстардың орындалуының тәртібі мен ережесін;

      көрермен және дыбыстық сигналдарды қабылдау және тарату ережелерін;

      жер жұмыстарының өндiрiсiнiң негiзгi ережелерiн;

      бетон қоспаларын дайындау тәсілін;

      суда өндіру жұмыстарын және қайықты басқару ережесін;

      119. Зерттеу арна партиясының дала (жол) жұмысшысы, 2-разряд

      495. Жұмыс сипаттамасы.

      Далалық іздестіру жұмыстар мен арналық орындау кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің немесе партия бригадирінің басшылығымен түрлі қосалқы операцияларды орындау.

      Жоспарлы-жоғары тұғырдағы пункттердегі ағаш белгілерді дайындау.

      Брандвахталарды даярлау және буксирлеумен, жүзетін құралдарды және басқа да керек-жарақтарды жөндеумен байланысты жұмыстарға қатысу.

      Бояу және сүргілеу жұмыстарын орындау.

      496. Білуге тиіс:

      дала iзденiс жұмыстары зерттеулер және арналы зерттеулердi тағайындау туралы ортақ мәлiметтер өндiру тәсiлдерi;

      дала жұмыстары туралы жалпы мәліметтер, зерттеу жұмыстары тәсілдері, кемелерді зерттеу жұмыстары, такелажды қолданған кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесі.

      Су өлшеу бекеттері құрылғылары, белгілерді салу және жоспарлы орталықтарды салу жұмыстарын орындауда, өлшеу және геометриялық қақпақтарды салу - 3-разряд.

      120. Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

      1-параграф. Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы, 2-разряд

      497. Жұмыс сипаттамасы.

      Күндізгі және түнгі кезде бекетте кезекшілік ету және кеменің жарамды қалыпта тұруын қадағалау.

      Кеме жүрісінің тереңдігі мен енін өлшеуге, кеме белгілерін қоюға және орнатуға, тральды және жағаларды тазалау жұмыстарына қатысу.

      498. Білуге тиіс:

      жүзетін және жағалау белгілердің мағынасы мен орналастыру ережесі, өлшеу және тральды жұмыстарды жүргізу тәртібі;

      кемеге, дыбыс және жарық белгілеріне қатысты бөліктердің ішкі су жолдары бойынша жүзу ережесі.

      2-параграф. Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы. 3-разряд

      499. Жұмыс сипаттамасы.

      Күндізгі және түнгі кезде бекетте кезекшілік ету және кеменің жарамды қалыпта тұруын қадағалау.

      Кеме белгілерінің жарық сигнализациясының жарамды қалыпта ұстау және қызмет көрсету.

      Жарық сигнал беру аспаптарындағы электр лампаларды қоректендіру көзін ауыстыру, кеме белгілерінің белгілерін жөндеу және бояу.

      Корпусты ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу және моторлы қайықты басқару.

      500. Білуге тиіс:

      кеме белгілерінің мағынасы мен орналастыру ережесі;

      жарық сигналы аппаратурасы мен автоматтарды пайдалану, теңшеу және орналастыру ережесі,

      іштен жанатын қозғалтқыш құрылғысын қолдану принципі;

      дыбыс және жарық сигнализациясы;

      қоректендіру көздері туралы негізгі мәліметтер мен оларды пайдалану ережесі;

      электр техника және оптика жөніндегі қарапайым мәліметтер.

      Интенсивті кеме қатынасы учаскелерінде жұмыстарды орындауда – 4-разряд.

      121. Траль бригадасының (жол) жұмысшысы-моторшы, 3-разряд

      501. Жұмыс сипаттамасы.

      Қатты және жұмсақ тральмен, траль тіркеспен, жүзетін букстау кемесі немесе өзі жүзетін кеменің жүруін тұтас тральдау жұмыстарын шебердің басшылығымен орындау.

      Табылған су аты заттарды буйкалармен бекіту және оларды белгілей отырып зерттеу.

      Мотор қайықты басқару, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату.

      Мотор қайық корпусы мен қозғалтқышын профилактикалық жөндеу.

      502. Білуге тиіс:

      өзен арнасы және қажетті көлемді кеме туралы жалпы мәліметтер, өзен арнасындағы су аты бөгеттерінің түрлері, олардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері;

      ішкі жандыру қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен құрылымы, тральды жұмыс істеуді ұйымдастыру ережесі және қауіпсіздік техникасы Интенсивті кеме қатынасы учаскесінде жұмыстарды орындауда – 4-разряд.

      122. Рульші, 5-разряд

      503. Жұмыс сипаттамасы.

      Кемені қол, электрлі және гидравлмкалық рульдік жетектерімен басқару, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Вахтаны атқару.

      Аз өлшемді және көмекші кемелерді басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      Кеменің рульдік тартпаларын және шлюпкалардың құрылғыларын техникалық бақылау.

      Кеменің приборларындағы көрсеткіштерді сәйкесінше журналдарға тіркеу.

      Палубада бояу, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстарды орындау.

      504. Білуге тиіс:

      кеме жабдығы;

      ішкі су жолындағы бассейндерде кемелердің тұрағы және қозғалысының ерекшелігі;

      әр түрлі рульдік жүйелердің құрылғыларын пайдалану ережесі;

      кемелердің жүзуін реттемелеуші арнайы лоциялар мен ережелер;

      апатты-көмек және өртке қарсы мүліктер мен жабдықтарды қолдану ережесі;

      жүйелік ішкі байланыс пен дабыл бойынша сигнализацияны пайдалану ережесі.

      123. Маяк бақылаушы, 3-разряд

      505. Жұмыс сипаттамасы.

      Маяк аппаратурасы құрылғылары мен механизмдерін қадағалау.

      Маяктағы және аралас жағалау және сол маякқа қатысты жүзетін белгілердің, оттардың жануын қамтамасыз ету.

      Маяктардағы, оның құрылымы мен жабдықтарындағы ақаулықтар мен зақымдықтарды анықтау және оларды жою шараларын қабылдау.

      Маяктың материалдық-техникалық құралдарын сақтау және есептеу, жабдықтарды қысқы сақтау және жөндеуге дайындау.

      506. Білуге тиіс:

      маяк аппаратурасының, аспаптар мен жабдықтардың қызметі, құрылымы;

      жарық көздерін және жарық сигнал беру көздерін фокусирлеу тәртібі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

      электр техника және оптика жөніндегі негізгі мәліметтер, маяктарда қолданылатын жанатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттері;

      керек-жарақтар мен жабдықтарды қысқы сақтауға дайындау тәртібі;

      ішкі су жолдарында жүзу ережесі, дыбыс сигналдары, қауіпсіздік техникасы ережесі.

      507. Курс желісінде арнайы дайындығы болуы талап етіледі.

      Басшы міндетін орындауда - 4-разряд.

      124. Оттарды бақылаушы, 3-разряд

      508. Жұмыс сипаттамасы.

      Оттың дұрыс жануын және жарық оптикалық фонарьдың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету.

      Ацетилен баллондар мен аккумуляторларды, жанып кеткен электр лампалар мен газ жарық түтіктерін ауыстыру.

      Жарық оптикалық аппаратураны күту.

      Навигациялық жабдық құралдарын пайдалануға дайындау және оларды күзгі кезеңде консервациялау.

      Вехалардың, буйлардың, белгілердің және басқа да навигациялық құралдарды орнатуға және алып тастауға қатысу.

      Тереңдікті лотпен өлшеу.

      Ацетилен баллон және жарық оптикалық аппаратураны сақтау орынжайларының желдеткіші мен тазалық қадағалау.

      Белгіленген жерлердегі навигациялық жабдық құралдарының тұрағын қадағалау.

      Адамдарды тасымалдағанда ескекті және мотор қайықты басқару.

      509. Білуге тиіс:

      жарық оптикалық аппаратураның, жылтырақ автоматтардың үлгілері мен маркалары, газ баллондардың құрылымы, пайдалану және сақтау ережесі;

      балташылық, слесарлық және такелажды жұмыстарды орындау жолдары;

      өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

      қол лоты мен өлшеу тросын бөлшектеу және таңбалау ережесі;

      ұқыптылықты қажет ететін жүктерді тиеу, түсіру және қалау тәсілдері, ескекті;

      мотор қайықты басқару ережесі;

      дыбыс сигналдарын жіберу және қабылдау ережесі;

      электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер.

      125. Кеме жіберуші, 4-разряд

      510. Жұмыс сипаттамасы.

      Шлюз камерасындағы кемелерді шлюздеу және орналастыру барысын қадағалау.

      Жүзетін заттардан шкаф бөліктері мен жұмыс қақпаларын уақытында тазалауды қамтамасыз ету.

      Кірме арналарындағы кемелердің тұруын, камералардағы, шлюз аумақтарындағы акваторий тазалығын қадағалау.

      Шлюзді орталықтан басқару пультінен берілетін команда кемесі бастығының командаларының дұрыс және уақытылы орындалуын бақылау.

      Шлюзде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      511. Білуге тиіс:

      шлюздің және оның жабдықтарының, техникалық ғимараттарының негізгі элементтерінің құрылымы, қызметі және техникалық пайдалану ережесі;

      жылжымалы рамалардың, қорғау құрылғыларын қолдану принципі;

      кемелер мен плоттарды шлюз арқылы өткізу тәртібі;

      кемелер мен шлюздарда қабылданған жарықтық және дыбыстық сигнализация;

      жұмыс қақпасындағы және имараттардың жекелеген бөлшектеріндегі майна жабдықтарын қолдау тәсілдері;

      ішкі су жолдарында жүзу ережесі;

      техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережесі;

      өртке қарсы кесте.

      512. Курс желіде арнайы дайындығы болу талап етіледі.

      Қарқынды кеме қатынасы учаскесінде жұмыс орындаған кезде:

      2-топтағы кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда - 5-разряд;

      1-топтағы кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарда - 6-разряд.

      126. Тальман, 3-разряд

      513. Жұмыс сипаттамасы.

      Трюмдерде, теңіз және өзен кемелерінің палубасында, жағалау және жүк қоймаларында экспорттық-импорттық, карботажды, жергілікті жүктер мен багажды қабылдау және тапсыру, оларды тиеуге және түсіруге қатысу.

      Жүк қабылдаушыға жүкті тапсыруда, сондай-ақ одан әрі тасымалдау үшін жүкті жіберерде бақылауды жүзеге асыру.

      жүк пен багажды маркалау және ішкі жағдайын тексеру.

      Жағалаулардағы жұмыс орындарының даярлығын тексеру.

      Вагондар мен контейнерлердің жүк тиеуге даярлығын тексеру.

      Берілген тапсырмаға сәйкес жүктерді сұрыптау және іріктеуді ұйымдастыру.

      Тиеу-түсіру жұмысы, жүкті қоймалау, қауіпсіздік техникасы ережесі процесінде жүк тиеу, түсіру және сақтау ережесін порт жұмысшыларының сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

      Орындалған жұмыстың нарядын, тасымалдау, жүк пен багажды қабылдау және жіберу құжаттарын ресімдеу.

      514. Білуге тиіс:

      теміржол су қатынастарымен жіберілетін жүктерді қоса алғанда, эскпорттық-импорттық, каботажды, жергілікті жүктер мен багаждарды қабылдау және тапсыру тәртібі;

      ыдыс және орау түрлері;

      жүктерді орыс және шетел тілдерінде таңбалау түрлері;

      жүктің қасиеті, оларды тиеу, түсіру, қоймалау және сақтау ережесі;

      жүктерді есептеу тәртібі мен жолдары;

      түрлі жүйедегі таразыларды пайдалану ережесі;

      тиеу-түсіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру негіздері мен ережесі;

      жүк кеме орынжайлары мен теміржол жылжымалы құрамының құрылымы;

      үлкен жүк контейнерлерін өңдеу ережесі;

      жүктерді орналастыру, сепараттау, бекіту және таңбалау ережесі;

      жүк құжаттарын, коммерциялық актілерді және жалпы үлгідегі актілерді ресімдеу нысандары мен ережесі;

      порт жұмысшыларының нарядын ресімдеу тәртібі;

      ыдыс және ораудың мемлекеттік стандарттары.

      Сцена бойынша аға тальманның міндеттерін орындауда - 4-разряд.

      127. Кран электригі

      1-параграф. Кран электригі, 3-разряд

      515. Жұмыс сипаттамасы.

      Қарапайым қол бейімділігі мен құралдарды қолдану арқылы қарапайым тораптарды, аппараттарды, электр жарығы арматураларын сұрыптау, жөндеу мен жинау.

      Кранның электро жабдықтары приборлары мен бөлшектері тазалау, жуу, сүрту және сығылған ауамен үрлеу.

      Қиын емес детальдарды дайындау.

      Электро машинаның электро аспаптардың бөлшектері мен тораптарын қарапайым электро монтажды схемамен жинау.

      516. Білуге тиіс:

      кранда бар электр машина, электр аспаптар мен электр аппараттардың жұмыс істеу принципі мен міндеті;

      орташа қиындықтағы анағұрлым таралған әмбебап және арнайы бейім мен бақылау өлшегіш құралдарын қолдануды белгілеу мен қолдану ережелерін;

      сымдарды орналастыру тәсілдері;

      қарапайым электр монтажды схемалар;

      электр аспаптары мен машиналар іске қосу мен өшіру ережелері;

      электр техника негіздері;

      кемедегі қызмет жарғысы (жүзгіш кран жұмысы кезінде);

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету бойынша басшылық.

      2-параграф. Кран электригі, 4-разряд

      517. Жұмыс сипаттамасы.

      Жүзу крандарындағы, сондай-ақ портты кранды терминалдардың электро жабдықтарындағы аспаптар мен электр құрылғылап тораптары және көмекші машиналардың, электро аспаптардың, зәкір, шлюпка, шығырлы электр жабдықтар мен басқа да құрылғылары мен механизмдердің орташа деңгейдегі қиындықтағы бөлшектердің сұрыптау, жөндеу мен жинау.

      Электро аспаптар тораптары мен бөлшектерін және қадағалаушы жүйені жалғау.

      Кран электр жабдықтарын техникалық күтім мен тексеруден өткізу.

      Ақау ведомосын жасау, кран электр жабдығын тексеру бойынша журнал толтыру.

      518. Білуге тиіс:

      кран электро жабдығы құрылысы мен тағайындауды;

      күрделі электр машиналары, электр аспаптарының конструктивтік сипаттамасы мен жұмыс параметрі;

      кемедегі қызмет жарғысын (жүзу краны жұмысы кезінде);

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

      3-параграф. Кран электригі, 5-разряд

      519. Жұмыс сипаттамасы.

      Қуатты және қосалқы машиналардың күрделі бөлшектері мен тораптарын, қалқыма крандағы, зәкірлік, шлюпкалы, шығырлы және басқа да құрылғылар мен механизмдерің электр аспаптарын, электр жабдықтарын, сондай-ақ терминалдардың портты крандарының электр жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

      Кранды күрделі жөндегеннен кейін электр жабдықтарды реттеу және сынау.

      Осы электр жабдықтың жұмысында анықталған ақауды тікелей кранда жою.

      520. Білуге тиіс:

      ерекше күрделі электр жабдықтардың құрылғысы және тораптардың өзара іс-әрекеті, тобы мен схемасы;

      кран электр жабдықтарын бөлшектеу, ұсақ жөндеу және ерекше тораптарын, топтары мен схемаларын құрастыру тәсілдері;

      кранды электрмен қамтамасыз ету жүйелерін қадағалайтын және қайталайтын ерекше күрделі схемаларды жүзу жағдайында жөндеу тәртібі;

      кран электр жабдықтарын жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар мен құжаттамалық;

      қалқыма кранда жұмыс істеу кезінде Кемеде қызмет ету жарғысы;

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

      521. Жұмыс үлгілері:

      1. Қуатты электр қондырғылар (дизель-генераторлар, электрмоторлар), насостардың, компрессорлардың, тоңазытқыш қондырғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, шығырлардың, зәкірлік швартовкалы, шлюпкалы және басқа да құрылғылардың және жүйелердің электрлік жетекті машиналары – тексеру, техникалық күтім көрсету, ток түсіргіш және ток қабылдағыш құрылғыларды, басқару, қорғау және қайталау жүйелерін жөндеу.

      2. Барлық өлшемдегі қорғағыштар – қызмет көрсету және қайта зарядтау.

      3. Барлық типтегі электрлік машиналардың мойынтіректері – престеу.

      4. Қосалқы жабдықтардың, құрылғылардың, насостардың электр машиналарын біріктіруші муфталар – тексеру, өзара іс-әрекетін реттеу.

      128. Кеме электригі

      1-параграф. Кеме электригі, 4-разряд

      522. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр кеме құрылғыларының, қосалқы машиналардың, электр аспаптарының, рульді, буксирлі, швартты, зәкірлі, шлюпті және басқа да кеме құрылғыларының электр жабдықтарын, пальпионажды шығырлар мен жүк көтеру жабдықтарының орташа күрделіктегі бөлшектерін, аппараттары мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

      Бөлшектер мен электр жетектері және олардың жұмыс істеу жүйесімен қадағалап, қосу.

      Кеме электр қондырғыларын қадағалау және техникалық күтімге келтіру.

      Кеме электр қондырғыларын тексеруге арналған ақау тізімін құрастыру, кезекші журналға толтыру.

      Вахтаны белгіленген тәртіпте атқару.

      523. Білуге тиіс:

      кеме электр жабдықтарының құрылымы және тағайындауы;

      конструкивтік сипаттамаларымен басқару тұтқасы кешеніне және кеменің беретін электр қондырғыларының жұмыс параметрі;

      буксир электрприборы, арқан байлағыш, зәкір, қайық және басқа құрылғылары мен механизмдері;

      пальпионаждық жүкшығырлар және жүккөтеру жабдығы;

      қалқыма кранда жұмыс істеу кезінде кемеде қызмет ету жарғысы;

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

      524. Жұмыс үлгілері:

      1. Кемеге күш беретін электр қондырғылары және қосалқы құрылымдар, машиналар, тетіктердің электроприборлар жинағышын тексеру, техникалық күтім жасау және жөндеу.

      2. Аппаратурамен панель, қалқандарды - алу, қою.

      3. коллектор электромашиналары (қоюлар, құрылғылар) зәкiрлердiң пластинасы - балапан қораздарды дәнекерлеу.

      4. Басқару және апаттық жүйесі – қызмет көрсету және жөндеу.

      5. Электромашиналардың iшпектерi - сылаумен жуу және толтыру.

      6. Әр түрлi, автоматты ажыратқыштар және ауыстырып қосқыш - жөндеу.

      7. Өндiргiштер және басқа электр машинистардың бiлiктерiнiң қосуларын жалғастырғыш - бөлшектеу, құрастыру, реттеу.

      8. Аккумуляторлық батарея - электролиттiң тығыздығының тексеру, тексеру және реттеуi.

      2-параграф. Кеме электригі, 5-разряд

      525. Жұмыс сипаттамасы.

      Электр кеме құрылғыларының, қосалқы машиналардың, электр аспаптарының, рульді, буксирлі, швартты, зәкірлі, шлюпті және басқа да кеме құрылғыларының электр жабдықтарын, пальпионажды шығырлар мен жүк көтеру жабдықтарының орташа күрделіктегі бөлшектерін, аппараттары мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

      Қысқы жөндеуден кейін кеме электр жабдықтарын реттеу және сынау.

      Тікелей кеменің ішінде электр жабдықтардың жұмысында табылған ақаулықтарды жою.

      526. Білуге тиіс:

      кеме электр жабдықтарының құрылымы, топтары және тәсімдері;

      электр жабдықтарының ерекше күрделі тораптарын, топтары мен тәсімдерін бөлшектеу, ұсақ жөндеу және құрастыру тәсілдері, кемені электрмен қамтамасыз етудің ерекше күрделі тәсімдерінің кеме жағдайларында жөндеу тәртібі;

      кеменiң электрмен жабдықтауының байқаушы және қайталайтын жүйелерi күрделi сұлба (жүзуде) кеме жағдайларында жөндеудiң ретi ерекше;

      кеме электр жабдықтарын жөндеу және сынау техникалық шарттары мен құжаттамасы;

      кемеде қызмет ету жарғысы;

      суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету нұсқаулығы.

      527. Жұмыс үлгілері.

      1. Кеме электр құрылғылары (дизель – генераторлар, электрмоторлар), сорғы, компрессор, тоңазыту құрылғыларының, жүк көтеру механизмдерінің, пальпионажды шығырлардың, буксир, зәкір, швартты, қозғалту-рульді, шлюпті және басқа бас құрылғылар мен жүйелердің электр жетек машиналары – токтан алу және ток қабылдау құрылғыларын, қорғау және қайталау тәсімдерін тексеру, техникалық күту, жөндеу, басқару.

      2. Барлық үлгідегі қорғағыштар – қызмет көрсету және қайта зарядтау.

      3. Электр машина ішпектері – сығымдау.

      4. Қосалқы жабдық электр машиналарының, құрылғылардың, сорғылар мен басқалардың біліктерін біріктіру муфталары – өзара іс-қимылын тексеру, реттеу.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(52-шығарылым) 1-қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

р/н

Жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

бет

1

2

3

4

I.

I-Бөлім. "Теміржол көлігі және метрополитен"

1.

Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының (босатылған) бригадирі

5-8

2

2.

Теміржол көлігі кәсіпорындарының (босатылған) бригадирі

5-8

3

3.

Дрезина жүргізуші (көмекші)

2-6

4

4.

Көлік-жинау машинасының жүргізушісі

3

5

5.

Локомотив және поезд бригадаларын шақырушы

2

6

6.

Польстер қылқалам тоқушы

2-3

6

7.

Көшу жөніндегі кезекші

2-4

7

8.

Жол бұру постының кезекшісі (аға)

2-5

8

9.

Тасымалдау құжаттарын жеткізуші

2

9

10.

Сорғытушы

2-3

10

11.

Жүк поездарының кондукторы (бас)

2-7

11

12.

Автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы

24

12

13.

Теміржол қатынас жолы жағдайын бақылаушы

5-8

13

14.

Депо паровоздарының кочегары (аға)

3-4

14

15.

Автомотриса машинисі (көмекші)

4-7

14

16.

Газ тұрбасын тасымалдау машинисі




15

17.

Дизель пойыз машинисі




17

18.

Теміржол - құрылыс машиналарының (жол) машинисі (көмекшісі)

3-8

19

19.

Зумпфты агрегат машинисі

4-6

21

20.

Жуатын құрылғы машинисі

2-4

22

21.

Мотовоз машинисі (көмекші)

3-6

24

22.

Теміржол су жабдығының насос құрылғысы машинисі (аға)

2-7

25

23.

Паровоз машинисі




26

24.

Құм жіберетін құрылғы машинисі

2-4

28

25.

Көпір бұру және көтеру машиналарының машинисі

4-5

28

26.

Рельстік автобус машинисі




29

27.

Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі (көмекші)

5-8

31

28.

Тепловоз машинисі




32

29.

Тартым агрегатының машинисі




34

30.

Жинайтын машина машинисі

3-4

35

31.

Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

3-5

35

32.

Электровоз машинисі




37

33.

Электр пойызы машинисі




39

34.

Эскалатор машинисі (көмекші)

4-7

41

35.

Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы

1- 4

42

36.

Жол жөндеуші

2-6

44

37.

Айналдыратын дөңгелек моторисі

2-3

49

38.

Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис

3

49

39.

Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

4-8

50

40.

Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы

6-7

52

41.

Жолдарды және жасанды ғимараттарды аралап тексеруші

2-5

53

42.

Дефескопты арба операторы (көмекші)

2-7

55

43.

Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

3-5

56

44.

Жол өлшемдері операторы

4

58

45.

Орталықтандыру бекеті операторы

2-5

58

46.

Сұрыптау дөңесінің операторы

4-7

59

47.

Вагондарды тексеруші (аға)

2-7

60

48.

Вагон тексеруші – жөндеуші (аға)

4-8

62

49.

Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы

2

63

50.

Газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекшісі




64

51.

Дизель пойызы машинисінің көмекшісі




65

52.

Паровоз машинисінің көмекшісі




66

53.

Рельстік автобус машинисінің көмекшісі




68

54.

Тепловоз машинисінің көмекшісі




69

55.

Тартым агрегаты машинисiнiң көмекшiсi




70

56.

Электровоз машинисінің көмекшісі




71

57.

Электр пойыз машинисінің көмекшісі




72

58.

Қос дөңгелекті престеуші

4-6

74

59.

Жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы

3-6

76

60.

Поездардағы жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы (аға)

2-5

77

61.

Поездарды қабылдаушы (аға)

3-7

78

62.

Құбырды тесіп-үрлеуші

2

79

63.

Жолаушы вагоны жолсерігі

3-6

80

64.

Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3-4

82

65.

Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3

83

66.

Паровоз қазандықтарын шаюшы

3

84

67.

Цистерналарды шаюшы – булаушы

3-6

84

68.

Қозғалыссыз теміржол қатынас жолдарындағы локомотивке (локомотивтер тобы) қызмет көрсететін жұмысшы

3

86

69.

Станция жұмысшысы

2-3

87

70.

Түнел жұмысшысы

1-6

89

71.

Мұнай өнімдерін таратушы

5

92

72.

Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші (аға)

1-6

92

73.

Жасанды құрылыстарды жөндеуші

2-8

93

74.

Сигнал беруші

4

101

75.

Зумпфты агрегат слесары

3-4

102

76.

Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

4-7

103

77.

Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-8

106

78.

Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-8

114

79.

Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

1-8

118

80.

Поездарды құрастырушы (көмекші)

2-7

124

81.

Жабдықтаушы

2

125

82.

Поезд электр механигі

5-7

126

83.

Контакті желісінің электр монтері

2-8

128

84.

Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

2-8

134

85.

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

4-8

138

86.

Кіші жетек станциясының электр монтері

2-8

141

II.

II-Бөлім. "Автомобиль және қалалық электр көлігі"

87.

Автомобиль жүргізушісі

4-7

146

88.

Мотокөлік құралдарын жүргізуші

3

148

89.

Трамвай жүргізушісі

3-5

149

90.

Троллейбус жүргізушісі

4-6

150

91.

Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5

152

92.

Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы

5

152

III.

III-Бөлім. "Теңіз және өзен көлігі"

93.

Боцман

5-6

153

94.

Жағалау боцманы

2-3

154

95.

Зерттеу арна партиясының бригадирі

4

155

96.

Кеме қатынасы күзетінің бригадирі

4

156

97.

Бункерші

2-4

157

98.

Аэрошана жүргізушісі

3

157

99.

Порттың су таратушысы

3

158

100.

Тәулік кезекшісі

2

158

101.

Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор)

1-4

(4-1 класс)

159

102.

Кеме қатынасын хабарлаушы

3-4

164

103.

Лебедкашы-моторшы

5-6

165

104.

Матрос

3-5

166

105.

Жағалау матросы

1-2

166

106.

Кеменің қазанды қондырғысы (кочегар) машинисі

4

167

107.

Помпалы машинисі (донкерман)

4-6

168

108.

Кеме қатынасы монтері-моторшы

3-4

168

109.

Моторшы (машинисі)

4-6

169

110.

Рефрижераторлы қондырғы моторшысы (машинисі)

4-5

170

111.

Моторшы-матрос

5-6

170

112.

Моторист – рульші

5-6

171

113.

Гидротехникалық құрылымдарды бақылаушы

4

172

114.

Жер снаряды арнаулы құрылғыларының операторы

4-5

173

115.

Кеме аспазшысы

4

173

116.

Шкипер көмекшісі

3

174

117.

Су көлігіндегі жол көрсетуші

2

174

118.

Жағалау жұмысшысы

2

175

119.

Зерттеу арна партиясының дала (жол) жұмысшысы

2-3

176

120.

Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

2-4

176

121.

Траль бригадасының (жол) жұмысшысы - моторшы

3-4

177

122.

Рульші

5

178

123.

Маяк бақылаушы

3-4

178

124.

Оттарды бақылаушы

3

179

125.

Кеме жіберуші

4-6

179

126.

Тальман

3-4

180

127.

Кран электригі

3-5

181

128.

Кеме электригі

4-5

183

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(52-шығарылым) 2-қосымшасы

Қолданыста болған БТБА-ның 2010 жылғы басылымдағы 52-ші
шығарылымында "Теміржол көлігі және метрополитен" тарауда
қарастырылған жұмысшылардың кәсіптері атауларының тізбесі

р/н

Осы бөлiмде орналастырылған жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2010 ж басылымдағы БТБА бөлімі және қазіргі шығарылым бойынша жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

БТБА шығару нөмері

Бөлімдегі қысқартылған атаулар

1.

Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының (босатылған) бригадирі

5-8

Жолдар мен жасанды құрылыстарға ағымдық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының (босатылған) бригадирі

Ескертуді қара

52

Теміржол көлік және метрополитен

2.

Теміржол көлігі кәсіпорындарының (босатылған) бригадирі

5-8

Теміржол көлігі кәсіпорындарының (босатылған) бригадирі

Ескертуді қара

52

Теміржол көлік және метрополитен

3.

Дрезина жүргізуші (көмекшісі)

2-6

Дрезина жүргізуші

3-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

4.

Көлік-жинау машинасының жүргізушісі

3

Көлік-жинау машинасының жүргізушісі

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

5.

Локомотив және поезд бригадаларын шақырушы

2

Локомотив және поезд бригадаларын шақырушы

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

6.

Польстер қылқалам тоқушы

2-3

Польстер қылқалам тоқушы

2-3

52

Теміржол көлік және метрополитен

7.

Көшу жөніндегі кезекші

2-4

Көшу жөніндегі кезекші

2-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

8.

Жол бұру постының кезекшісі (аға)

2-5

Жол бұру постының кезекшісі

2-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

9.

Тасымалдау құжаттарын жеткізуші

2

Тасымалдау құжаттарын жеткізуші

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

10.

Сорғытушы

2-3

Сорғытушы

2-3

52

Теміржол көлік және метрополитен

11.

Жүк поездарының кондукторы (бас)

2-7

Жүк поездарының кондукторы

2-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

12.

Автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы

2-4

Автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы

2-3

52

Теміржол көлік және метрополитен

13.

Теміржол қатынас жолы жағдайын бақылаушы

5-8

Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

14.

Депо паровоздарының кочегары (аға)

3-4

Депо паровоздарының кочегары

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

15.

Автомотриса машинисі (көмекші)

4-7

Автомотриса машинисі

5-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

16.

Газ тұрбасын тасымалдау машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

17.

Дизель пойыз машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

18.

Теміржол - құрылыс машиналарының (жол) машинисі (көмекшісі)

3-8

Теміржол - құрылыс машиналарының (жол) машинисі

3-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

19.

Зумпфты агрегат машинисі

4-6

Зумпфты агрегат машинисі

5-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

20.

Жойылған

4-5

Мұз таситын машина машинисі




52

Теміржол көлік және метрополитен

21.

Жуатын құрылғы машинисі

2-4

Жуатын құрылғы машинисі

2-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

22.

Мотовоз машинисі (көмекшісі)

3-6

Мотовоз машинисі

4-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

23.

Теміржол су жабдығының насос құрылғысы машинисі (аға)

2-7

Теміржол су жабдығының насос құрылғысы машинисі

2-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

24.

Паровоз машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

25.

Құм жіберетін құрылғы машинисі

2-4

Құм жіберетін құрылғы машинисі

2-4

-52

Теміржол көлік және метрополитен

26.

Көпір бұру және көтеру машиналарының машинисі

4-5

Көпір бұру және көтеру машиналарының машинисі

4-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

27.

Рельстік автобус машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

28.

Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі (көмекші)

5-8

Өзі жүретін салмақ тексеретін вагон машинисі

6-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

29.

Тепловоздың машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

30.

Тартым агрегатының машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

31.

Жинайтын машина машинисі

3-4

Жинайтын машина машинисі

3-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

32.

Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

3-5

Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі

3-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

33.

Электровоз машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

34.

Электр пойызы машинисі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

35.

Эскалатор машинисі (көмекші)

4-7

Эскалатор машинисі

5-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

36.

Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы

1-4

Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы

1-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

37.

Жол жөндеуші

2-6

Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

38.

Айналдыратын дөңгелек моторисі

2-3

Айналдыратын дөңгелек моторисі

2-3

52

Теміржол көлік және метрополитен

39.

Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис

3

Паровоз қазандықтарын жылы сумен шаятын моторис

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

40.

Жойылған

2

Бiлiкшелер және сүзгiлердiң толтырушысы

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

41.

Теміржол–құрылыс (жол) машиналары мен механизмдерін баптаушы

4-8

Жол машиналары мен механизмдерін баптаушы

4-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

42.

Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы

6-7

Бақылау-өлшеу вагондарын баптаушы

6-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

43.

Жолдарды және жасанды ғимараттарды аралап тексеруші

2-5

Жолдарды және жасанды ғимараттарды аралап тексеруші

2-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

44.

Дефескопты арба операторы (көмекші)

2-7

Дефескопты арба операторы

4-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

45.

Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

3-5

Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

3-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

46.

Жол өлшемдері операторы

4

Жол өлшемдері операторы

4

52

Теміржол көлік және метрополитен

47.

Орталықтандыру бекеті операторы

2-5

Орталықтандыру бекеті операторы

2-5

-52

Теміржол көлік және метрополитен

48.

Сұрыптау дөңесінің операторы

4-7

Сұрыптау дөңесінің операторы

4-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

49.

Вагондарды тексеруші (аға)

2-7

Вагондарды тексеруші

3-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

50.

Вагон тексеруші – жөндеуші (аға)

4-8

Вагон тексеруші – жөндеуші

4-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

51.

Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы

2

Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

52.

Газ тұрба тасымалдау машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

53.

Дизель пойызы машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

54.

Паровоз машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

55.

Рельстік автобус машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

56.

Тепловоз машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

57.

Тартым агрегаты машинисiнiң көмекшiсi




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

58.

Электровоз машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

59.

Электр пойызы машинисінің көмекшісі




Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

60.

Поезд электр механигі

5-7

Поезд электр механигі

5-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

61.

Қос дөңгелекті престеуші

4-6

Қос дөңгелекті престеуші

4-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

62.

Жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы

3-6

Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

63.

Поездардағы жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы (аға)

2-5

Поездардағы жүк және багаждарды қабылдау-тапсырушы

4

52

Теміржол көлік және метрополитен

64.

Поездарды қабылдаушы (аға)

3-7

Поездарды қабылдаушы

3-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

65.

Құбырды тесіп-үрлеуші

2

Құбырды тесіп-үрлеуші

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

66.

Жолаушы вагоны жолсерігі

3-6

Жолаушы вагоны жолсерігі

3-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

67.

Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3-4

Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

68.

Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3

Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

69.

Паровоз қазандықтарын шаюшы

3

Паровоз қазандықтарын шаюшы

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

70.

Цистерналарды шаюшы – булаушы

3-6

Цистерналарды шаюшы – булаушы

3-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

71.

Қозғалыссыз теміржол қатынас жолдарындағы локомотивке (локомотивтер тобы) қызмет көрсететін жұмысшы

3

Жаңа кәсіп




52

Теміржол көлік және метрополитен

72.

Станция жұмысшысы

2-3

Станция жұмысшысы

2-3

52

Теміржол көлік және метрополитен

73.

Түнел жұмысшысы

1-6

Түнел жұмысшысы

1-6

52

Теміржол көлік және метрополитен

74.

Мұнай өнімдерін таратушы

5

Мұнай өнімдерін таратушы

3

52

Теміржол көлік және метрополитен

75.

Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші (аға)

1-6

Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші

1-5

52

Теміржол көлік және метрополитен

76.

Жасанды құрылыстарды жөндеуші

2-8

Жасанды құрылыстарды жөндеуші

2-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

77.

Сигнал беруші

4

Сигнал беруші

4

52

Теміржол көлік және метрополитен

78.

Зумпфты агрегат слесары

3-4

Зумпфты агрегат слесары

3-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

79.

Жойылған

2-4

Слесарь-көпірші

2-4

52

Теміржол көлік және метрополитен

80.

Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

4-7

Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

4-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

81.

Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик слесарь-электрик

2-8

Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

82.

Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-8

Станциялық және тоннельдік метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

83.

Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

1-8

Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

1-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

84.

Поездарды құрастырушы (көмекші)

2-7

Поездарды құрастырушы

3-7

52

Теміржол көлік және метрополитен

85.

Жабдықтаушы

2

Жабдықтаушы

2

52

Теміржол көлік және метрополитен

86.

Контакті желісінің электр монтері

2-8

Контакті желісінің электр монтері

4-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

87.

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

4-8

Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

4-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

88.

Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

2-8

Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

2-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

89.

Релелік қорғау және автоматика аппаратурасына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтері

2-6

Электр монтер-релеші

2-6

09

Электростанция және желіні жөндеу

90.

Кіші жетек станциясының электр монтері

2-8

Кіші жетек станциясының электр монтері

2-8

52

Теміржол көлік және метрополитен

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(52-шығарылым) 3-қосымшасы

Қолданыста болған БТБА-ның 2010 жылғы басылымдағы 52-ші
шығарылымында "Автомобиль және қалалық электр көлігі" тарауда
қарастырылған жұмысшылардың кәсіптері атауларының тізбесі

р/н

Осы бөлiмде орналастырылған жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2010 ж. басылымдағы БТБА бөлімі және қазіргі шығарылым бойынша жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

БТБА шығару нөмері

Бөлімдегі қысқартылған атаулар

1

2

3

4

5




6

1.

Автомобиль жүргізушісі

4-7

Автомобиль жүргізушісі

4-7

52

Автомотокөлік

2.

Мотокөлік құралдарын жүргізуші

3

Мотокөлік құралдарын жүргізуші

3

52

Автомотокөлік

3.

Трамвай жүргізушісі

3-5

Трамвай жүргізушісі

3-5

52

Автомотокөлік

4

Троллейбус жүргізушісі

4-6

Троллейбус жүргізушісі

4-6

52

Автомотокөлік

5

Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5

Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5

52

Автомотокөлік

6

Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы

5

Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы

5

52

Автомотокөлік

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(52-шығарылым) 4-қосымшасы

Қолданыста болған БТБА-ның 2010 жылғы басылымдағы 52-ші
шығарылымында "Теңіз және өзен көлігі" тарауда қарастырылған
жұмысшылардың кәсіптері атауларының тізбесі

р/н

Осы бөлiмде орналастырылған жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2010 ж. басылымдағы БТБА бөлімі және қазіргі шығарылым бойынша жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

БТБА шығару нөмері

Бөлімдегі қысқартылған атаулар

1.

Боцман

5-6

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

2.

Жағалау боцманы

2-3

Жағалау боцманы

2-3

52

Теңіз және өзен көлігі

3.

Зерттеу арна партиясының бригадирі

4

Зерттеу арна партиясының бригадирі

4

52

Теңіз және өзен көлігі

4.

Кеме қатынасы күзетінің бригадирі

4

Кеме қатынасы күзетінің бригадирі

4

52

Теңіз және өзен көлігі

5.

Бункерші

2-4

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

6.

Аэрошана жүргізушісі

3

Аэрошана жүргізушісі

3

52

Теңіз және өзен көлігі

7.

Порттың су таратушысы

3

Порттың су таратушысы

3

52

Теңіз және өзен көлігі

8.

Тәулік кезекшісі

2

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

9.

Кешенді бригаданың тиеу-түсіру жұмыстарындағы механизаторы (докер-механизатор)

1-4

(4-2 класс)

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

10.

Кеме қатынасын хабарлаушы

3–4

Кеме қатынасын хабарлаушы

3-4

52

Теңіз және өзен көлігі

11.

Шығыр-моторшысы

5-6

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

12.

Матрос

3-5

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

13.

Жағалау матросы

1-2

Жағалау матросы

1-2

52

Теңіз және өзен көлігі

14.

Кеменің қазанды қондырғысы (кочегар) машинисі

4

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

15.

Помпалы машинисі (донкерман)

4-6

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

16.

Кеме қатынасы монтері-моторшы

3–4

Кеме қатынасы монтері-моторшы

3-4

52

Теңіз және өзен көлігі

17.

Моторшы (машинисі)

4–6

Моторшы (машинисі)

4–5

52

Теңіз және өзен көлігі

18.

Рефрижераторлы қондырғы моторшысы (машинисі)

4–5

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

19.

Моторшы-матрос

5-6

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

20.

Моторист – рульші

5-6

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

21.

Гидротехникалық құрылымдарды бақылаушы

4

Гидротехникалық құрылымдарды бақылаушы

4

52

Теңіз және өзен көлігі

22.

Жер снаряды арнаулы құрылғыларының операторы

4-5

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

23.

Кеме аспазшысы

4

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

24.

Шкипер көмекшісі

3

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

25.

Су көлігіндегі жол көрсетуші

2

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

26.

Жағалау жұмысшысы

2

Жағалау жұмысшысы

2

52

Теңіз және өзен көлігі

27.

Зерттеу арна партиясының дала (жол) жұмысшысы

2-3

Зерттеу арна партиясының дала (жол) жұмысшысы

2-3

52

Теңіз және өзен көлігі

28.

Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

2-4

Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

2-4

52

Теңіз және өзен көлігі

29.

Траль бригадасының (жол) жұмысшысы - моторшы

3–4

Траль бригадасының (жол) жұмысшысы - моторшы

3-4

52

Теңіз және өзен көлігі

30.

Рульші

5

Жаңа кәсіп




52

Теңіз және өзен көлігі

31.

Маяк бақылаушы

3-4

Маяк бақылаушы

3-4

52

Теңіз және өзен көлігі

32.

Оттарды бақылаушы

3

Оттарды бақылаушы

3

52

Теңіз және өзен көлігі

33.

Кеме жіберуші

4–6

Кеме жіберуші

3–5

52

Теңіз және өзен көлігі

34.

Тальман

3-4

Тальман

3-4

52

Теңіз және өзен көлігі

35.

Кран электригі

3–5

Кран электригі

3–5

52

Теңіз және өзен көлігі

36.

Кеме электригі

4–5

Кеме электригі

4–5

52

Теңіз және өзен көлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады