Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2017 № 265 және ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. "Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 113-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 147 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4243 нөмірмен тiркелген "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 16 маусымда № 109-110 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
3) бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде жариялау үшін қағаз және электронды тасығышта жолдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Б.О. Ақшолақовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жариялануға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатыныстарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов
2013 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.06.2016 № 275 және ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Бөгде ұйымдарға тиесілі магистральдық мұнай құбырларын пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету.
2. Құйып алу кезінде мұнайды жылыту.
3. Депрессорлық қоспаны енгізу үшін мұнайды қосымша жылыту.
4. Мұнай айырбастау.