Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 20.05.2015 № 464 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 560 бұйрығымен
бекітілген
«Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды
жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері
1. Жалпы ережелер
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Заң газетінде 2012 жылғы 16 қарашада № 174 (2356), «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409(27227-27228) жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келеді.
2. СБШ біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шкаласын, біліктіліктердің сәйкестігін айқындайды және кәсіптік стандарттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандардың біліктілігін сәйкестікке растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
3. СБШ әртүрлі топтағы пайдаланушыларға (жұмыс берушілерге, білім беру органдарға, азаматтарға) арналған және:
1) кәсіптік және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандар мен білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін сәйкестікке растау мен оны берудің бағалау материалдарын және рәсімдерін әзірлеуге;
3) тиісті біліктілікке ие болуына алып келетін мансаптық өсуін, біліктілік деңгейінің артуын жоспарлауға мүмкіндік береді.
4. СБШ-да пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институттық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік.
5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
5. СБШ осы СБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.
СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
1) білім (қызметтің ғылымды қажет етуі) – білімге талаптарды айқындайтын кешенді көрсеткіш және келесі кәсіби қызмет ерекшеліктеріне байланысты:
пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
білімнің инновациялығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы).
Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқалығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі.
Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
басшылықтың қол астындағы қызмет;
қызметті өз бетінше орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды(жұмыскерлерді, жұмысшыларды) ынталандыру).
6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
7. Біліктілік деңгейі белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар мекемелерде оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
Жеке білім беру траекториясының қалыптасуы қызметкердің білімі мен практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын есепке ала отырып жүзеге асырылады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ға 2-қосымшаға сәйкес біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу және оларды жою саласындағы салалық біліктілік шеңберінің
құрылымы
ҰБШ деңгейі |
СБШ деңгейі |
Кәсіби қызмет саласы: Кәсіби қызмет саласы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. |
||
Білімге талаптар |
Білік пен дағдыға талаптар |
Жекелеген және кәсіби құзыретке талаптар |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1.1 |
Дербес: тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекет. |
Белгілі жағдайларда стандартты практикалық тапсырмаларды орындау. Қарапайым тапсырмаларды орындау үшін базалық дағдылардың шектелген көлемі пайдаланылуы мүмкін. |
Нұсқамадан өту немесе жұмыс орнында оқу процесінде алынған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы еңбек пәні туралы базалық жалпы білім. |
|
1.2 |
Дербес: тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекет. |
Төтенше жағдайлар саласындағы жұмыс шарттарына сәйкес өз іс-әрекеттеріне түзете біледі. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында пайдаланылатын кейбір қарапайым авариялық-құтқару құрал-саймандары мен жабдықтары, сондай-ақ оларды қолдану саласы туралы базалық білім |
|
1 |
||||
2.1 |
Дербес: Белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет, болжанатын нақты дербестік дәрежесі. |
Стандартты және біртекті тәжірибелік міндеттерді шешу және қойылған нәтижелерге қол жеткізу |
Кәсіби даярлау процесінде және (немесе) өз бетінше алған білім. |
|
2 |
2.2 |
Дербес:шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет. |
Нұсқаулықта берілген алғышарт бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау және жұмыс жағдайларының шарттарына сәйкес іс-әрекетті түзету. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы негізі және қарапайым авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтарын, жұмыс процесінің рәсімдерін білу. |
3.1 |
Дербес: Белгілі бір дербестік дәрежесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет Өзін-өзі оқыту, жоспарлау. Нормадан ауытқыған жағдайда кәсіби қызмет процестерін жақсарту бойынша идеялар ұсынады. |
Стандартты және қарапайым біртекті практикалық міндеттерді, еңбек процесін және олардың нәтижелерін өзіндік жоспарлау, орындау және бағалау контексіндегі дағдыларды шеше білу. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында кәсіби дайындық процесінде және (немесе) өз бетінше алынған практикаға бағытталған кәсіби білім. |
|
3.2 |
Дербес: Белгілі бір дербестік дәржесін болжайтын басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет. Кәсіби саладағы жаңалыққа алғырлық. Орындалған жұмыстардың нәтижесіне, өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарына, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету. Қиындық: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасындағы ұзақ жұмыс, қол және механикаландырылған жабдықтарды пайдалану |
Білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі іс-әрекет тәсілдерін таңдау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескере отырып, қызметті түзету. |
Еңбек қызметінде пайдаланылатын құрал-саймандар мен жабдықтарды, материалдарды пайдаланудың, оларға техникалық қызмет көрсетудің, орнын ауыстырудың, сақтаудың және жинаудың негізгі қағидаттарын білу. |
|
3 |
3.3 |
Дербес: Кәсіби саладағы жаңалыққа алғырлық, соңғы нәтижеге бағттаушылық. Өз жұмысын немесе командада мақсатты ұйымдастыру қабілетінің дамуы. Орындалған жұмыстардың нәтижесіне, өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өрт сөндіру-техникалық қару-жараққа, авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтар мен жарақтарға, арнайы агрегаттарға техникалық қызмет көрсету. Қиындық: тыныс алуға қолайсыз жоғары температурадағы жұмыс, қол және механикаландырылған жабдықты пайдалану. |
Қойылған міндеттерді орындаудың дербес тәсілдерін, еңбек пәнін және құралдарын, бағалау қағидаттарын, өлшеу әдістерін айқындайды. |
Еңбек қызметіндегі өнімдерді және басқа да материалдарды қолдану қағидалары мен талаптарын білу. Еңбектің жоспарлауды және ұйымдастыруды, заттың өрнектеулері технологияларын білу. |
4 |
4.1 |
Дербес: басшылықпен тапсырмаларды іске асыру бойынша орындаушылық-атқарушылық қызмет. Командада жұмыс істей білу. |
Жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін дербес талдауды талап ететін әртүрлі практикалық үлгілерді шешу. |
Кәсіби білім процесінде және (немесе) өз бетінше алған практикалық тәжірибесі негізінде қызметті жүзеге асыруға арналған білім. |
4.2 |
Дербес: Қойылған міндеттерді есепке ала отырып, қызмет міндеттерін айқындау және жоспарлау. Төтенше жағдайлардағы жұмыс кезінде туындаған міндеттерді шешу. |
Қызметтерді жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында пайдаланылатын негізгі құрал-саймандар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен жабдықтарға, материалдарға техникалық қызмет көрсетудің, оның орнын ауыстырудың және сақтаудың қағидаттарын біледі. Жұмыс процесі, рәсімдерді бақылау, сапасы, құжаттау және есепке алу бойынша білімнің кең спекторын меңгерген. |
|
4.3 |
Дербес: жұмыс процесін басқара білу, логикалық ойлау қабілетін пайдалана отырып, проблемалардың шешімін табу. |
Қызметке ағымдағы және қорытынды бақылау және түзету. |
Кәсіби міндеттерді, этика нормаларын және психологиялық қарым-қатынастың әдістерін, қағидаттары мен тәсілдерін, еңбек мотивациясы мен ынталандыру тәсілдерін, заңнамалық нормаларды біледі |
|
5 |
5.1 |
Дербес: Нақты жұмыс учаскесінде қызметкерлер тобының іс-әрекеті нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, оларға басшылық ету. Жұмыс барысын қадағалап, нақты және нәтижелі нұсқама береді. |
Әртүрлі шешу тәсілдерін болжайтын практикалық міндеттерді шешу және таңдау. |
Кәсіби (практикалық және теориялық) білім мен практикалық тәжірибе (немесе кәсіби саладағы практикалық және теориялық білім диапазонының кеңдігі). |
5.2 |
Дербес: төтенше жағдайлар кезіндегі жағдайды талдау әртүрлі факторларды тереңінен бағалауды талап ететін, қиын тапсырмалармен жұмыс істеуді болжайтын орындаушылық-басқару қызметі. |
Шығармашылық тәсіл (немесе білу және дағды) теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну. |
Кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу. |
|
5.3 |
Дербес: Қойылған міндеттерді есепке ала отырып, дербес жоспарлау және ортаның кейбір болжап болмайтын ортасындағы құрылымдық туындаған мәселелерді шешу. Қойылған міндеттерді шешудегі дербестік. |
Ағымдағы және қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету. |
Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушы шешімдерді қабылдау тәсілдері, адамзат ресурстарын басқару, кәсіби қызмет шеңберінде нәтижелерді стратегиялық жоспарлау туралы жан-жақты білім игерген |
|
6 |
6.1 |
Дербес: бөлімшенің нақты жұмыс учаскесіндегі нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерге (топқа) басшылық. |
Шешудің әртүрлі тәсілдерін және таңдауды болжайтын белгілі білім саласына жататын технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу. |
Арнайы (практикалық және (теориялық) білім (оның ішінде инновациялық) мен практикалық тәжірибенің синтезін талап ететін қызмет. Көзқарастар коммуникацияларын және келісу әдістерін айқындайды. |
7 |
7.1 |
Дербес: бөлімше немесе ұйым деңгейіндегі нәтижеге жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің (топтың) қызметіне басшылық. Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды. |
Жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді (оның ішінде инновациялық) пайдалануды талап ететін технологиялық және әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу. |
Кәсіби немесе ғылыми білімді (оның ішінде инновациялық) және белгілі салада және/немесе облыс және сала торабындағы тәжірибені синтездеу. |
7.2 |
Дербес: ғимараттар мен құрылыстардың сәулет ерекшеліктерін білуді болжайтын орындаушылық-басқарушылық қызмет. Персоналдың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды. |
Бөлімшенің немесе ұйымның қызметін түзету. |
Тар шеңбердегі мамандандырылған кәсіби қызметтерді орындау үшін талап етілетін технологиялық, заттық және адамзат ресурстарының табиғатын, қолданысын және қаржылық салдарын түсінеді. |
|
7.3 |
Дербес: Құрылымсыз, болжап болмайтын ортада бөлімшелер немесе ұйымдар деңгейінде нәтижеге деген жауапкершілікті қабылдай отырып, бөлімшелердің немесе ұйымдардың болжанатын және айқындалатын ұйым қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. |
Мақсат қоюды ғылыми негіздеу және оларға қол жеткізудің әдістері мен құралдарын таңдау білігі мен дағдысы. |
Стратегиялық тәсілдерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды шешу тәсілдерін айқындайды Қалай өлшеуді, қалай мейлінше азайтуды және тәуекелді қалай басқаруды түсінеді. |
|
8 |
8.1 |
Дербес: стратегияны айқындау, ірі төтенше жағдайлар деңгейінде шешім қабылдаумен және жауапкершілікпен қызметті басқару. |
Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу. |
Ғылым және кәсіби қызмет саласында ең озық деңгейдегі білім. |
8.2 |
Дербес: Болжап болмайтын және құрылымсыз орта шарттарындағы ірі төтенше жағдайлар деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процестерді және қызметті басқару стратегиясын айқындауды болжайтын басқарушылық қызмет. |
Синтездеу мен бағалауды қоса алғанда, зерттеулердегі және/немесе жаңалықтардағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және бар білімді немесе кәсіби тәжірибені қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін дағды мен білім. |
Қызметті дамыту үшін қажетті ақпаратты бағалау және іріктеу. Инновациялық-кәсіби қызмет саласындағы әдістемелік білім. |
|
8.3 |
Дербес: өзгерістерді басқару қабілетінің дамығандығы, белгісіз жағдайларда жұмыс істеу, қиын шешімдерді, сондай-ақ деректерді жеткіліксіз кезде шешімдерді жылдам қабылдау, тұрақты көшбасшылықты көрсету. |
Ауызша немесе жазбаша түрде кәсіби дискуссияларға қатысу, соңдай-ақ халықаралық академиялық басылымдарда зерттеулердің бастапқы нәтижелерін жариялау. |
Корпоративтік жүйелердің қалыптасу табиғатын түсінеді және әлеуметтік және экономикалық жүйелермен өзара іс-қимылды, модельдеуді және басқаруды түсінеді |
|
8.4 |
Дербес: ұзақ мерзімді және қиындық келтіретін міндеттерді шеше білу, әртүрлі ақпаратты талдау, мотивацияны жоғалтпай және сапаға зиын келтірмей қауіп-қатерді таразылау. Әртүрлі деңгейдегі командаларды қалыптыстырып, дамыта білу. |
Идеялар ойлап табу, инновациялық қызметтiң нәтижелерiн болжау, кәсiби және әлеуметтiк салада кең ауқымды өзгерiстердi жүзеге асыру, күрделi өндiрiстiк және ғылыми процестердi басқару дағдылары. |
Кәсіби қызмет саласындағы терең және толық білім |
Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Біліктілік деңгейі |
Біліктіліктің тиісті деңгейіне жету жолдары |
1 |
Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар. |
2 |
Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) |
3 |
Негізгі орташа білім беру базасында практикалық тәжірибесіз жалпы орташа білімі немесе техникалық және кәсіби білім болған кезде кәсіби дайындық (бір жылға дейін немесе кәсіпорында оқу). |
4 |
Жалпы орта білім, жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық)6 практикалық тәжірибе. |
5 |
Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, практикалық тәжірибе, немесе жоғары білім. |
6 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. |
7 |
Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. |
8 |
Осы біліктілік деңгейінде жоғары білім «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін алынған жоғары білімді, сондай-ақ осы заңда белгіленген білім деңгейіне сәйкес айқындалған жоғары білімнен кейінгі білімді қамтиды. |