"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына, "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 314 болып тіркелген, 2004 жылғы 30 наурызда № 41 "Астана хабары", 2004 жылы 30 наурызда № 35 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасында:
6-тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;".
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми жариялауды және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім | И. Тасмағамбетов |