Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 наурызда N 314 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 158-653 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.04 2017 № 158-653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11-бабына және 16-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 29-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы Әкімдігінің 2012.20.04 N 158-467 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырсын.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы Әкімдігінің 2005.06.28 N 3-1-459қ , өзгерту енгізілді - 2009.07.03 N 23-625қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      3. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-459қ қаулысымен .
      4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 3-1-285қ "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 ақпанда N 245 болып тіркелген; 2003 жылғы 1 наурызда N 29 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 4 наурыздағы N 25 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

Астана қаласының әкімі
 

      
      Визалар:
      Келісілді
      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы
      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

  Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 20 ақпандағы
N 3-1-550қ қаулысымен
бекітілді

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар
отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету
Қағидасы

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент", "Департаментке" деген сөздер тиісінше "басқармасы", "Басқарма", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы Әкімдігінің 2009.07.03 N 23-625қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 21.02.2014 № 158-280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган болып табылатын "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жүргізеді және көмек ретінде үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына беріледі (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-459қ қаулысымен .
      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесі медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің куәландыру көшірмесі азаматтардың әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдіруі үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы Әкімдігінің 2009.07.03 N 23-625қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-ананың біреуіне немесе оған теңестірілген адамның (қорғаншы немесе қамқоршының) өтініші бойынша тағайындалады және төленеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Әкімдігінің 2009.07.03 N 23-625қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу тоқсан сайын жыл бойы жүргізіледі.
      5. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыру көзі тиісті қаржылық жылына арналған Астана қаласының бюджеті болып табылады.

2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      6. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Басқармаға мына құжаттарды ұсынған жағдайда жүргізіледі:
      1) Астана қаласындағы банктер бөлімшелеріндегі жеке есеп-шотының нөмірін көрсетумен әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;
      2) баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
      4) Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің тәрбиелеу немесе оқыту мерзімінің көрсетілуімен мүгедек баланы үйде тәрбие және/немесе қажеттілігі туралы анықтама;
      5) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесінің медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі берген мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқа тәрбие және/немесе);
      6) алынып тасталды - Астана қаласы Әкімдігінің 2008.18.04 N 23-427қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7) өтініш берушінің жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі).
      Ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі - бір жыл.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.28 N 3-1-459қ ; 2008.18.04 N 23-427қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2009.07.03 N 23-625қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 18.02.2013 № 158-209(алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 29.04.2014 № 158-711 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
      6-1. Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-не дейін Басқармаға алдағы тоқсанға мектептер бөлігінде үйде тәрбиеленетін мүгедек балалардың тізімін ұсынады.
      Ескерту: Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы 2008.18.04 N 23-427қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      7. Қамқор кісінің (қамқоршы) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш қамқорлық (қамқоршылық) белгілеу туралы тиісті орган шешімінің көшірімі қоса беріледі.
      8. Алынып тасталды - Астана қаласы Әкімдігінің 2008.18.04 N 23-427қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      9. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Басқарма жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия қабылдайды.
      10. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мөлшері 6, 5-айлық есеп көрсеткішін құрайды және отбасы табысына қарамастан тағайындалады.
      11. "Астана қаласының Бiлiм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттiлiгi туралы қорытындысында көрсетiлген мерзiмде, бірақ оны алуға құқығының пайда болған уақытынан бұрын емес, әлеуметтiк көмектi тағайындауға хабарласқан айдан бастап жүзеге асырылады".
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 21.02.2014 № 158-280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      12. Әлеуметтік көмекті төлеу Астана қаласы банкілерінің бөлімшелері арқылы алушылардың дербес есеп шоттарына және есеп карточкаларына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      13. Алынып тасталды - Астана қаласы Әкімдігінің 2008.18.04 N 23-427қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      14. Астана қаласы банкілерінің бөлімшелері төленген әлеуметтік көмек сомаларына салыстыру актілерін дайындап, тоқсан сайын оларды Басқармаға ұсынады.

Астана қаласы Қаржы
 
департаментінің бастығы
 
Астана қаласы Еңбек, халықты
 
жұмыспен қамту және әлеуметтік
 
қорғау департаментінің бастығы
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады