Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 17.03.2016 № а-3/117 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының
31 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № А-10/539
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-104 болып тіркелген, "Степногорск ақшамы", "Вечерний Степногорск" газеттерінде 2009 жылғы 20 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі |
М.Тақамбаев |