"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 06.09.2013 № А-9/347 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Мүгедектер үшін жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № ә-6/214 "Степногорск қаласы бойынша мүгедектерді жұмасқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-90 тіркелген, 2008 жылдың 04 шілдеде № 23 (105) "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Степногорск қаласының әкімі | А.Никишов |