Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № А-10/539 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/347 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қазанда № 3818 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № а-3/117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 17.03.2016 № а-3/117 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № А-10/539 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-104 болып тіркелген, "Степногорск ақшамы", "Вечерний Степногорск" газеттерінде 2009 жылғы 20 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Степногорск қаласының әкімі

М.Тақамбаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады