Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-36/3 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3500 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Сабыров
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ғ.Көпеева
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласы
әкімінің міндетін атқарушы Ә.Күмпекеев
Степногорск қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 5С-25/5 шешімімен
бекітілген
Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету
қағидасы
Осы Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Степногорск қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
Ескерту. Қағиданың кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi қалалық бюджет қаражаты есебiнен Степногорск қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған төлемдердің шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық кірісіне 12 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
3. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы бiр адамға он сегiз шаршы метр болып қабылданады. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы жалғыз тұратын азаматтар үшiн отыз шаршы метр көлемінде белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
Алаңы белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi.
4. Өздері жылытатын жеке меншік үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады.
Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек. Отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда Степногорск қаласы бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.
5. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін электр қуатының шығын нормасы бiр адамға айына 75 киловатт болып қабылданады.
6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi органы болып «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi белгіленді.
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу
7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына орташа алғанда отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен шығындары есепке алынады.
8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініші Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағымен анықталады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 24.12.2014 № 5С-34/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
9. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. Алынып тасталды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 22.10.2014 № 5С-32/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
13. «Степногорк қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi тұрғын үй көмегiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiмді келесi жағдайларда:
1) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған төлемдер отбасының осы мақсаттарға белгіленген 12 пайыз мөлшерiнде шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейінен аспайтын болса;
2) жалған мәліметтер берілетін болса шығарады.
14. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға өтініш жiбередi.
Өкілетті органға Заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындалуына әкелген әдейi жалған мәлiметтер берiлсе, заңсыз тағайындалған соманы меншiк иесi немесе жалдаушы (қосымша жалдаушы) өз еркiмен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
15. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн, тұрғын үй көмегін алушының жеке өтiнiші бойынша, өкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
16. Өкілетті орган тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негiзiнде есептеледi.