Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 24.12.2013 № 5С-25/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы Р. Сахневич
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ғ. Көпеева
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі М. Тақамбаев
Степногорск қалалық
мәслихатының 2012 жылғы
31 қазандағы № 5С-10/3
шешіміне қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізімдері
1. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-106 актісі ретінде тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
2. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-27/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-125 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
3. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 4С-43/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-147 актісі ретінде тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
4. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-165 актісі ретінде тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
Степногорск қалалық
мәслихатының 2012 жылғы
31 қазандағы № 5С-10/3
шешімімен бекітілді
Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ережесі
Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ереже
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Степногорск қаласында, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттерiнде және Қарабұлақ селосында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны төленеді.
2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде белгіленеді.
Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке тұрғын үйде, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің сатып алуға арналған шығыстарға, ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 % мөлшерінде белгіленеді.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр көлемінде белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi.
Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтердің, байланыс қызметтерінің және тұрғын үйді күтіп-ұстауға және олардың өзгерген тарифтерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін электр қуатының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловаттан белгіленсін.
5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды.
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу
6. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыны саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фаздық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
7. Тұрғын үй көмегi аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметіне орташа алғанда отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен шығындары есепке алынады.
Пешпен жылытылатын жеке меншiк үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына 1 рет ұсынылады, отын нормасы бiр рет алынады.
Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерiнде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмiрден аспауы керек.
Көмiрдiң құнын есептеу үшiн статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда қала бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.
Отбасының табыстары, тұрғын үйдi күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде, өкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.
8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші мен қоса берілген құжаттардың негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы) немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
5) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналарының мөлшері туралы шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланған үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыны саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіш құралы құнының түбіртек шоты.
9. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 8 тармақта көзделген құжаттардан басқа:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шотты;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шотты ұсынады.
10. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
Қайта өтініш берген кезде 8 тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
11. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, өкiлеттi орган он күнтізбелік күн ішінде қарастырып, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама өкiлеттi органға келген кезде немесе пошта арқылы беріледі.
12. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындамау туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:
1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылған тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге төлемдер отбасының осы мақсаттарға белгіленген 12 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
2) тұрғын үй иесімен және жалдаушылармен (қосымша жалдаушыларымен) құжаттардың тізбесін толық тапсырмаса.
13. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға жүгінеді.
14. Тұрғын үй иесімен немесе жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындау үшін әдейi жалған мәлiметтер берiлсе, заңсыз алынған соманы қайтаруға бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
15. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн өкiлеттi орган екiншi деңгейлi банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушының жеке өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының жеке шоттарына аударуды жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу
16. Өкiлеттi орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығының негізінде есептеледі.