РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) он екі айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
4) маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 20.10.2014 № а-10/239 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосымша нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі | А.Тайжанов |