Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № А-8/174 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қыркүйекте № 3799 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № а-2/27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 17.02.2016 № а-2/27 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) он екі айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 20.10.2014 № а-10/239 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосымша нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады