Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2013 жылғы 12 тамыздағы № а-8/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № а-10/239 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қарашада № 4448 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № а-2/27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 17.02.2016 № а-2/27 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 3799 тіркелді, 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 36 "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланды) 2013 жылғы 12 тамыздағы № а–8/174 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) он екі айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.".
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады