Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 09.12.2013 № С-22/4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № С-4/5 «Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-155 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Вести» газетінде және 2012 жылдың 5 мамырында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
2 тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының ұсынған тізіміне сәйкес облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есебінен ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтердің шығыстарына:
сумен жабдықтауға, кәрізге, газбен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, электрмен жабдықтауға және телефон байланысының қызметтеріне абоненттік төлем қызмет берушілер ұсынған тізілімдеріне сәйкес алушының өтініші бойынша қызмет берушілердің шоттарына немесе алушылардың жеке шоттарына.
Жылу беру маусымы мерзімінде қатты отынға арналған шығыстар Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектерінің нақты тұру орны бойынша қатты отын сатып алуға ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі».
2. Осы шешім 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы А.Шәріпова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Скирда
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев