Кербұлақ ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 72 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 13 мамырда N 2353 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 05 желтоқсанда N 321 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 05.11.2013  N 321 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 355 "Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылдың 28 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-13-143 нөмірімен енгізілген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2011 жылғы 9 желтоқсанда 49(3590) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Кербұлақ аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Айгүл Тұрдахынқызы Диханбаева
      15 сәуір 2013 жыл

      "Кербұлақ аудандық экономика
      және бюджетті жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов
      15 сәуір 2013 жыл

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освободивщихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Кербулакском районе

Постановление акимата Кербулакского района Алматинской области от 15 апреля 2013 года N 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 мая 2013 года N 2353. Утратило силу постановлением акимата Кербулакского района Алматинской области от 05 декабря 2013 N 321

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кербулакского района Алматинской области от 05.12.2013 N 321.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 и Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Кербулакский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Кербулакского района от 03 ноября 2011 года N 355 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Кербулакском районе" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов в Департаменте юстиции Алматинской области от 28 ноября 2011 года N 2-13-143, опубликованного в районной газете "Кербұлақ жұлдызы" за N 49(3590) от 9 декабря 2011 года).
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Кербулакского района" обеспечить направление лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно - исполнительной инспекции, а также лиц,освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с установленной квотой.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима района.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Н. Жантылеуов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел занятости и
      социальных программ
      Кербулакского района"                      Диханбаева Айгуль Турдахуновна
      15 апреля 2013 года

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел экономики и
      бюджетного планирования
      Кербулакского района"                      Тулегенов Шалкыбай Молдахметович
      15 апреля 2013 года