Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 05.11.2013 N 321 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 355 "Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылдың 28 қарашада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-13-143 нөмірімен енгізілген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2011 жылғы 9 желтоқсанда 49(3590) нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Жантілеуов
КЕЛІСІЛДІ:
"Кербұлақ аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Айгүл Тұрдахынқызы Диханбаева
15 сәуір 2013 жыл
"Кербұлақ аудандық экономика
және бюджетті жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов
15 сәуір 2013 жыл