Кербұлақ ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 желтоқсандағы N 321 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 23 желтоқсанда N 2527 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 30.09.2016 № 405 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кербұлақ ауданында меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 72 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2013 жылы 13 мамырда 2353 нөмірімен енгізілген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2013 жылғы 17 мамырдағы 20(3665) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Әлиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Кербұлақ аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Айгүл Тұрдахынқызы Диханбаева
      05 желтоқсан 2013 жыл
      "Кербұлақ аудандық жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекемесінің директоры Серік Әлмұхаметұлы Қасаболатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады