Кербұлақ ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 355 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 қарашада N 2-13-143 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірде N 72 қаулысымен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық әкімдігінің 15.04.2013 N 72 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және 9-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
       2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
       3.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
       4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады