Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 09.02.2015 № 49-251 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы
сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексiнiң 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2013-2014 жылдарға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Сарқан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы "Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012 жылға белгілеу туралы" (Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 13 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-17-109 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 19 қаңтарда N 4 (8951) "Сарқан" газетінде жарияланған) N 54-317 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық
мәслихатының кезектен тыс
сессиясының төрағасы: Қ.Кильчабаев
Сарқан аудандық
мәслихатының хатшысы Қ.Абдрахманов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарқан ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ахметжанов Мырзахара Жұнісұлы
10 қаңтар 2013 жыл
Сарқан аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қаңтардағы
"Сарқан ауданы бойынша
жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2013-2014 жылдарға
белгілеу туралы" N 13-74 шешiмiне
қосымша
Сарқ
ан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін 2013-2014 жылдарға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкалары
N |
Салық салынатын объектiнiң атауы |
Бiрыңғай белгiленген |
1 |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге |
1 |
2 |
Бiреуден артық ойыншылардың |
1 |
3 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелi |
3 |